Лингвистиканың өзекті мәселелері
114
кездесетін изоморфизмдер мен универсалийлер анықталады.
Шынында да, жеке тілдерді типологиялық тұрғыдан
зерттей бастасақ, көптеген тілдерге ортақ белгілерді табуға
болады. Мысалы, орыс, поляк, болгар тілдерінен бір түбірден
өрбіген сөздерді көптеп кездестіруге болады. Бұл құбылыс ол
тілдердің барлығы да славян тілдер тобына жататындығының
айғағы. Соған қарамастан аталған тілдер арасынан да
алломорфизмдерді кездестіруге болады. Мәселен, орыс тілінде
алты септіктен тұратын септік категориясы болса, болгар
тілінде септік жүйесі жоқ. Бұл екі тілдің туыстығына қарамастан,
зат есімдер жүйесі де бір-бірінен алшақ.
Қазақ тілі мен қарақалпақ тілінің туыстас тіл екендігі дау
туғызбайды. Бірақ туыстыс тілдердің барлығы да қазақ,
қарақалпақ тілдері сияқты лексикалық, фонетикалық,
грамматикалық жағынан толық сәйкес келе бермейді. Мысалы,
түркі тілдері семьясына енетін қазақ тілі мен чуваш тілін
салыстырып қарайтын болсақ, олардың арасында үлкен
алшақтық бар. Түркі тілдес болса да, чуваш пен қазақ өз
тілдерінде сөйлесе кетсе, бір-бірін түсіне алмайды.
Лингвистикалық типология тілдер құрылымындағы
бірен-саран кездесетін ұқсастықтар мен ерекшеліктерді
қарастырмайды. Оның нысаны жалпылық сипат алатын,
көптеген біртектес белгілердің ауқымын қамтиды.
Бұдан біз типологияда «изоморфизм» ұғымы да ерекше
рөл атқаратынын көреміз. Бұл термин грек сөзі,
Достарыңызбен бөлісу: