Есеналиева жанар е с е н а



Pdf көрінісі
бет30/81
Дата19.09.2023
өлшемі10,61 Mb.
#108775
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81
информация
болса, этномәдени немесе мәскеулік бағыттың басты мән 
беретін ұғымы – 
мәдениет,
баса назар аударатын мәселе, 
бірінші мектеп 
мәдениет 
ұғымын мүлде қарастырмайды [4,47].
Ментальды-информациялық бағыттағы когнитивтік 
лингвистиканың тағы бір ұғымдарының бірі – «репрезентация». 
Табиғаты жағынан бұл ұғым да ментальды терминімен барабар. 
Шын мәнісінде адамның миы, адамның танымы ментальды. 
Ментальды-информациялық 
бағытта 
бірінші 
орында 
ментальдылық және концептуалдылық тұрады. Бұл әрбір тілдің 
артында концепт, концептуалдық құрылым тұратынын көрсетеді 
және когнитивтік лингвистиканың басты мақсаты – концептердің 
формасы мен құрылымын, жасалу заңдылықтарын ашу және 
көрсету деп С.Е.Исабеков екі бағыттың ерекшелігін саралап, 
жіктеп, ерекшеліктері мен өзгешеліктерін зерделеп көрсетеді. 
Когнитивтік (танымдық) тіл білімі – тілдік ақпараттарды
жию, меңгеру және пайдалану процестерін зерттейтін ғылым.
Қазіргі кезде ғалымдар арасында «тіл когнитивтік құрылымның
бейнесі» «когнитивтік құрылым мен тілдік құрылымның
арасында байланыс бар» деген көзқарастар қалыптасқан. Бұл 
адамның тілдік әрекеті ойлау әрекетімен тығыз байланыстылы-
ғын көрсетеді. Когнитивті тіл білімі – таным (когниция) 
мен тілдің арасындағы байланысты, қарым-қатынасты,
сәйкестікті білдіретін ғылым. Американдық белгілі лингвист 
Н.Хомский: «Когнитивтік төңкеріс ақыл-ой мен мидың 
жағдайын, олардың адамның когнитивті болмысына: біліміне, 
ұғымына, түсінігі мен сеніміне қалай ықпал ете алатынын 
зерттейді» (Хомский,1999) деп жазды. Адамның білімі мен 


111
Лингвистиканың өзекті мәселелері
түрлі ақпараттарды қабылдауына қатысты процесс когнитивтік 
немесе когниция деп аталады[5,33]. 
Когнитивистикада когницияға ерекше мән беріледі, ол тек 
бақылауға алынған іс-әрекет деңгейінде зерттеліп қоймай, оның 
менталды репрезентациясы (ішкі қабылдау, модель), [6,356] 
символы, даму стратегиясы (білім енгізінде жүзеге асатын іс-
әрекет) [7,152], адамның когнитивтік әлемімен қатар қаралады.
Когниция – танымның өзгеше сипаты, ол адамды қоршаған 
шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлемет беретін сезім, 
эмоция, жады, қиял, қабылдау, ақыл-парасат, сияқты 
әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс ретінде айқындалады. 
Оның өз мақсаты, өз міндеті, зерттейтін өз нысаны
мен өз әдіс-тәсілдері бар. Когнитивті лингвистиканың мақсаты 
– тілді когнитивті лингвистика шеңберінде ғылыми ұғымдар
мен ұстанымдарға негізделген әдіс – тәсілдер арқылы 
зерттей отырып, тіл құбылысы мен когнитивтік түсініктің 
сәйкестігін анықтау. Адам басында пайда болған тілдік сана 
әлемнің бейнесін белгілеу. Ал когнитивті лингвистиканың 
міндеті – адамдарға объективті қоршаған дүниені таныту.
Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен
білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану 
мәдениет пен тілдің арақатынасына көңіл бөледі. 
Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын 
зерттейді. Оның негізі мақсаты – халықтың ойлау ерекшелігі 
мен оның мәдениетін тіл арқылы ашу. Тіл мен мәдениеттің 
ажырамас бөлігі, әрі ол лингвомәдениеттануда рухани болмыс 
ретінде танылады, яғни, тілде ұлттың дүниетанымы, әдет – 
ғұрпы, дәстүрлері, ұлттық мәдениеттің еркшеліктері – рухани 
өмірі көрініс табады.
Ш.Уалиханов атындагы
Көкшетау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. 
Филология сериясы 
№ 
4 /2017 76 -79 66.
Әдебиет
1. http://bigox.kz/bixeviorizm/ 
2. http://kk.wikipedia.org/wiki/


Лингвистиканың өзекті мәселелері
112
3. Исабеков С.Е. Основы когнитивной лингвистики.Астана, 2010 – 
С.381.
4. Исабеков С.Е.Избранные произведения. Усть-Каменогорск, 2013 
– С.186.
5. Карасик В.И. Определение и типология концептов // Этнокуль-
турная концептология. Межвуз.сб.научных трудов. Вып.1.Элиста, 2006.
6. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-
Словарь», 2005 жыл. 
7. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: «Сөздік-
Словарь», 2006. - 384 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет