Лингвистиканың
өзекті мәселелері
198
танымдық қызметіне көп көңіл бөлмейміз. Шын мәнінде,
метафораларды адамдар ғасырлар бойы, ұзақ жасайды.
Метафораларды жасағанда адам санасы үлкен танымдық,
концептуалдық әрекетті іске асырады. Бір нәрсені өзге бір
нәрсеге ұқсату үшін алдымен осы нәрсені тану керек, ол заттың
тілдік бейнесін жасау қажет.
Қоршаған ортаны танудың, әлемді концептуали-
зациялаудың ең ауқымды тараған түрлерінің бірі – концептуалды
метафора. Концептуалды метафора ұғымды, түсінікті, бейнені
категоризациялап қана қоймайды, сонымен бірге, ол жиналған
білімді еске сақтауды да қамтамасыз етеді.
Қазіргі қазақ тілінде метафоралардың зерттелу бағытта-
рын былайша саралауға болады:
• қазіргі метафоралардың тілдік табиғатын ашу, оған
қазіргі
тілге сай ғылыми анықтама беру;
• метафораның түрлерін
айқындау;
• жаңа мағына жасаудағы метафораның танымдық рөлін
көрсету;
• әлемнің тілдегі көрінісін танып білуде метафораның
қызметін көрсету;
• көркем мәтіндегі ұлттық еркешелікті көрсетудегі
метафораның маңызы;
• метафораның концептуалдық қызметі, номинативті
мағына жасау қызметі.
Қазақ тіл білімінде метафораны ұзақ уақыт бір жақты
түсіну орын алып келгенін жоғарыда айттық. Метафора – тек
көркем шығармадағы көріктеу амал-тәсілдерінің бірі ретінде,
бұған дейінгі жазылып, зерттеліп жүрген дүниелердің
барлығында көркем шығарманың тілдік аспектісінде ғана
троптың түрі ретінде, стильдік ыңғайда сөз етіліп келді. Қазақ
ғалымдары да метафораны тек осы тұрғыдан қарастырып,
зерттеді.
Тіл – қоғаммен, оның ой-санасы, қоғамдағы таным-
біліммен бірге өзгеріп, бірге дамып келе жатқан, бірінен бірі
ажырамас құбылыс. Тілдің лексикалық құрамының үнемі жаңа
Лингвистиканың өзекті мәселелері
200
Америкалық тіл білімінде Джордж Лакоффқа дейінгі
ғалымдар метафораларды тек тілдік құбылыс, троптың ерекше
түрі деп есептеді де, көркем-әдеби тұрғыдан ғана зерттеді.
Лакофф алғаш рет метафораларды когнитивтік, танымдық
тұрғыдан зерттеп, үлкен жаңалық ашты. Кітапта тек метафоралар
мен олардың жасалу жолдары туралы ғана емес, концептілер,
концептілердің метафораларда көрініс табуы, метафоралардың
бірізділігі, субъективизм және объективизм туралы да жазылған.
Автордың өзі «кітапта тек тілге деген жаңаша көзқарас қана
емес, өмірдің өзіне, адамның жинаған өмірлік тәжірибесіне
деген тың көзқарас көрініс табады» деп көрсеткен.
«Біз өмір сүретін концептілер» бөлімінде Лакофф мынадай
негізгі постулаттарды атайды:
• Метафорасыз өмір жоқ, өмірдің өзі метафоралық
құбылыс
• Концепт (Лакофф «концепт» және «ұғым» сөздерін
синоним ретінде қолданады) метафоралар арқылы жүйеленеді
• Метафоралар адамның өмірлік тәжірибесін бір жүйеге
түсіруге
көмектеседі
• Концепт метафоралық тұрғыдан жүйеленген, әрекет
метафоралық тұрғыдан жүйеленген, сәйкесінше, тіл
метафоралық тұрғыдан жүйеленген
Мысал ретінде «дау деген – соғыс» концептуалды
метафорасын талдайық. Бұл ретте дау мен соғысты бір нәрсе
деп тұрғанымыз жоқ, дауды соғысқа теңеу орын алып тұр. Бұл
метафорадан мынадай метафоралық бірліктер келіп шығады:
Достарыңызбен бөлісу: