Есеналиева жанар е с е н


 Категоризациялау  теориясының методологиялық



Pdf көрінісі
бет73/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   97
4.7 Категоризациялау  теориясының методологиялық 
негізі
Категория – обьектілерді концептуалды негізде біріктіру. 
Кез келген категорияның қалыптасуының негізі – нақты концепт 
болып табылады. Концептердің әртүрлілігі категориялардың да 
әртүрлілігінің  айғағы.  Барлық  білім  адамзат  санасында 
категориалды формада сақталады.
Категорияның қалыптасуы туралы үш көзқарас бар: 
• классикалық; 
• «семьялық ұқсастық» категориясы
• прототиптік.
І .Категорияның қалыптасуындағы классикалық көзқарас 
белгілі ойшыл Аристотельден басталады. Оның пайымдауынша, 
әр  категория  өзіне  қажет  және  тануға  жеткілікті  белгілермен 
сипатталады. Классикалық бағыттың ерекшеліктері:
Категорияның  барлық  мүшелері  міндетті  түрде  ерекше 
белгілерге ие;
1.  Категорияның  барлық  мүшелері  өздерінің  белгілері 
бойынша бірдей;
2.  Категориялардың шекаралары анық;
3.  Категорияның  барлық  белгілері  бір-бірімен  бинарлы 
байланыста  болады  (категориядағы    белгілер  оппозициялық 
қатынаста құрылады).
Классикалық  бағыт  лингвистикада  тіл  деңгейлері 
бойынша көрініс тапты:
1.  Фонологияда:  Мәселен,  Р.Якобсон  лингвистикаға 
фонемалардың дифференциалды белгілерін енгізіп, акустикалық 
фонетиканың  нәтижесінде  тілдерде  ұшырасатын  12  түрлі 
қосалқы  ажырату  белгілерін  көрсетті.  Ғалым  ұсынған  бұл 
тұжырым тілдердің фонологиялық жүйесінің типологиясының 
бірден-бір  көрсеткіші  десек  қателеспейміз.  Ол  фонемаларды 
бір-бірінен  айтылу  белгісіне  қарай  (признак  звучности)  және 
тон белгісіне қарай (признак тона) деп, айырудың екі ұстанымын 
көрсетті. Ғалымның ойынша, айтылу белгісіне қарай, тілдердің 
фонологиялық  жүйесі  мына  бинарлы  белгілер  бойынша 
ерекшеленеді:


219
Лингвистиканың өзекті мәселелері
2.  Дауысты –дауысты емес;
3.  Дауыссыз –дауыссыз емес;
4.  Компактты–диффузды;     
5.  Қуатты – қуатсыз; 
6.  Ұяң – қатаң;    
7.  Мұрын қуысты – ауыз қуысты
8.  Ұзақ(үздікті) – ұзақ емес (үздіксіз);
9.  Ашық – күңгірт; 
10. Абруптивті – абруптивті емес.
Ғалым тон белгісіне қарай мынадай қосалқы ажыратушы 
оппозицияларды көрсеткен:
1.Диез тонал – жай тонал;
2.Төменгі тонал – жоғарғы тонал;
3.Бемол тонал –жай тонал. 
Бұл бинарлы белгілер бірде-бір  тілде түгел кездеспейді. 
Олардың ара салмағы әрқалай, бір тілде аз болуы да, көп болуы 
да мүмкін. Алайда олардың көмегімен кез келген тілді сипаттауға 
болады.
Грамматикада: Фонологиядан енді ( өкілдері: Р.Якобсон, 
Н.Хомский)
Трансформациялық  грамматикада  және  генеративтік 
семантикада (Дж Катц, П.Постал, Дж.Форор)
Құрылымдық семантикада:
 компоненттік анализ, семалар, 
компоненттер,  семантикалық  белгілер  туралы    (Ю.Найда,  В.
Скаличка,  Дж.Катц),  семантикалық  қатынастардың  типтері, 
бөлшектің бүтінге қатысы, мәселен, гипероним-гипоним (Дж.
Лайонз)
ІІ.«Семьялық ұқсастық» категориясының негізін салушы 
Л.Витгенштейн. Ғалым  «Ойын» категориясы негізінде бірнеше 
тұжырым жасайды:
• Элементтер  арасындағы  ұқсастықтар  біресе  пайда 
болып, ұлғаяды, біресе жоғалады;
• Элементтер  арасындағы  ұқсастықтар  қиылысу  және 
қиылыспау жүйесі бойынша айқындалады;
• Адамзат категориялар туралы білімді образдар негізінде 
алады. Оны «Ойын» категориясы дейді.


Лингвистиканың өзекті мәселелері
220
Л.Витгенштейннің  «Ойын»  категориясы  екі  бағытта 
дамыды:  1.«Семьялық  ұқсастық»  категориясы  идеясының 
дамуы.  Категорияның  әртүрлі  элементтерінің  арасында 
айтарлықтай айырмашылық болады. Бір категорияға адамның 
психологиялық ерекшелігін көрсететін (егер ол жеке тәжірибенің 
фрагменттерін көрсететін болса) кез келген обьектіні біріктіруге 
болады.
2.Категорияның  орталық,  ерекше  көрінетін  типтік  обра-
зын іздеу.
ІІІ. Прототиптік бағыт:  
4.  Р.Браунның  еңбектерінен  көрінеді.  Әлемді  категори-
зациялаудың  универсалды  принциптерін  іздеу.  Категория 
обьектілердің кез-келген класын біріктіре алады. Категорияның 
негізгі  деңгейі  сана  қызметі  арқылы  белгіленеді  деп 
қарастырылатындықтан 
негізгі 
немесе 
иерархиялық 
байланыстар  ескерілмейді.  Р.Браунның  айтуынша  белгілі  бір 
заттың атауын бергенде адамдар оның категориялық белгілеріне 
сүйенеді.
2.Б.Берлин,  П.Кейдің  еңбектері  –  түр-түс  кеңістігін 
категоризациялау  мәселелерін  біріктіреді.  Олар  эксперимент 
арқылы түр-түсті категоризациялау процесінде фокустық түр 
деген  тірек  ұғымның  болатынын  дәлелдеді.  Бұл  нәтиже 
категория туралы:
а) категорияның барлық элементтері бірдей;
б)  олар  адамға  тәуелді  емес,  -  деген  классикалық 
постулаттарға күмән келтірді.
Фокустық түр: 1.адамның зейінін бірден өзіне аударады; 
2.бірден  танылып, есте тез сақталады; 3.Үнемі атауы болады. 
Фокустық  түр  өз  айналасына  түр-түс  кеңістігін  категори-
зациялайтын табиғи прототип болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет