Оқу жұмыс бағдарламасы
Пән бойынша: Мәтінтану
Пәннің мазмұны
Мәтін лингвистикасы мәтінде қолданылатын түрлі коннотация құралдары (функционалды-стилистикалық, эмоционалды-экспрессивті, бағалаушы) ең алдымен, функционалды стилистикада зерделенетіндіктен стилистикамен, нормаларын білмей қарым-қатынас мәдениетін меңгеру, сауатты және коммуникативті барабар мәтін құрастыру мүмкін болмағандықтан, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланысты.
Шын мәнінде мәтін лингвистикасы (мәтінді лингвистикалық талдау да) бұрын оқылып, болашақ тілші-мамандардың санасында айтылған немесе жазылған сөйлеуге сергек қарауға, оқыған мәтінінің мазмұны ғана емес, терең мағынасына да үңілуге ерекше тілдік (стилистикалық) сезім қалыптастыратын лингвистикалық және әдебиеттану пәндерінің қорытындысын шығаратын жалпы филологиялық пән болып табылады.
Пәннің мақсаты:
Мәтінтану пәні мәтін құрылымын, түрлері мен типтерін, категорияларын, тілдік арақатынастардың өзгерістерін, мәтін ішіндегі олардың динамикасын зерделеп, мазмұн тұрғысында мәтіннің идеялық-тақырыптық және эстетикалық деңгейінде меңгертуді көздейді. Мәтін лингвистикасында мәтіннің негізгі екі объектісі айқындалады:
- тұтас сөйлеу шығармасы – сөйлеудің кең мағынасындағы мәтін, макромәтін;
- күрделі фразалық тұтастық немесе күрделі синтаксистік тұтастық –сөйлеудің тар мағынасындағы мәтін, микромәтін.
Пәнді оқыту міндеті:
- болашақ мамандардың бойына мәтінді (ең алдымен-көркем мәтінді), тілдік және мағыналық ұйымын талдаудың кәсіби дағдыларын сіңіру;
- олардың осы талдаудың теориясы мен әдістемесін меңгеруі.
Мәтін лингвистикасының негізгі мәселелері мен ұғымдары:
- мәтінді талдау;
- мәтін параметрлері;
- мәтін бірліктерін анықтау;
- мәтін категорияларын анықтау;
- мәтін бірліктерін грамматикалық және семантикалық зерттеу.
Мәтінді түрлі қырынан талдай білуге жаттықтыру.
Пререквизиттер:
Постреквизиттер:
Күтілетін нәтиже:
Студенттер білуі керек:
Мәтін лингвистикасының негізгі мәселелері мен ұғымдары:
- мәтінді талдау;
- мәтін параметрлері;
- мәтін бірліктерін анықтау;
- мәтін категорияларын анықтау;
- мәтін бірліктерін грамматикалық және семантикалық зерттеу.
Дағдылану керек:
- мәтін бірліктерін грамматикалық және семантикалық зерттеу.
- мәтінді түрлі қырынан талдай білу.
Меңгеру керек:
- тілдің құрылымдық және жүйелік қасиеттері, сөз таптары, грамматикалық негізгі ұғымдар, фонетика, фонема, лексема, морфема сияқты тілдік бірліктердің мәні мен ерекшеліктерін де студенттің меңгеруі маңызды мәселе болып табылады;
Достарыңызбен бөлісу: |