17
Лингвистиканың
өзекті мәселелері
араб бөліміне түскендер арасынан екеуі таңдалып құжаттары
жіберіліпті, олар ауысқан жағдайда босаған орынға үміткерлер
қатарында болдым. Тамыз айында ауылға қайтпай хабар күттім.
Қыркүйек айының 12 күні Меңдіқаным Маданова екеуіміз
оқуға қабылдандық. Сол кездегі тәртіп студент атаулы күзде
ауыл шаруашылығы жұмысына жегіліп, оқу кешірек басталады.
Факультет деканы Мишенко студент болғанымды айтып
қуантқан соң ауыл шаруашылығы жұмысына баратындығымды
ескертті. Берілген мекен-жайы бойынша Алматы жанындағы
Талғар ауданындағы “Горный Садовод» совхозына кешігіп
бардым. Біздің алдымызда келген бірінші курс студенттері
жұмысты бастап кеткен. Бәрі баракта тұрады. Ол кезде араб
бөлімі филология факультетінің құрамында болды.
Факультет атынан оқытушы-ұстаздар ретінде тілші ғалым
Мырзатай Серғалиев, әдебиетші Құнипия Алпысбаев бекітілген
екен. Совхоз тау арасында, табиғаты тамаша, жұмысымыз
алма жинау, норма өлшеммен, көбірек тапсырғанға салмағына
қарай көбірек ақша беріледі. Бәріміз Қазақстанның әр өңірінен
келгендер өрімдей жастармыз. Өте көңілді. Әсіресе, Уәлибек
жүрген жер - әзіл-күлкі. Оны Коска дейтінбіз. Арамызда алма
жинаудан оза шыққан Ерлан Күзекбаев, Жанар Есеналиева,
екеуі де тынымсыз, демалуды білмейтін. Ерлан алмаға арналған
корзиналарды толтырумен қатар, екі қалтасына, ішіне дейін
нығыздап толтырып әкелетін. Уәлибектің алға шыққандарды
мазаққа айналдырады, құрдасы Ерланды сөзімен түйреп маза
бермейді.
Сол кезден Жанардың бәсеке жарыста алда жүруге
ұмтылатын қасиетімен көз алдымда қалыпты.
Араб бөлімі Қазақстанда шығыстану мамандықтары
ішінде тұңғыш ашылған, әлі жеке факультет ретінде бөлініп
шыға қоймаған. Кейін оқу басталғанда, сессияны жақсы
тапсыруға ұмтыламыз. Қыздар арасында емтихан алдында
дайындалғандар арасында түнімен ұйықтамайтындар қатарында
Жанар болатын. Ол емтихандарды тек “бестікке” тапсырып,
үздіктер қатарында, оқуды қызыл дипломмен бітірді. Міне ең
19
Лингвистиканың өзекті мәселелері
үшеуі ғылым докторы, бір ғылым кандидаты дәрежесін алыпты.
Бұлардың төртеуінің де ғылыми жұмыстары университетте
алған қос мамандығы - қазақ тілі мен әдебиеті және араб
тілімен тікелей байланысты болды. Жанардың кандидаттық
диссертациясы қазақ тілі мамандығы бойынша болғанымен
араб тілін білуді керек ететін «Абай шығармаларындағы араб
және парсы сөздерінің қолдану ерекшеліктері» атты тақырыпта
қорғады. 2010 жылы «Құрылымы әртүрлі тілдерге тән
типологиялық басымдылық» атты докторлық диссертация
қорғағанда қатысып, тілектестігімді білдірдім. Есеналиева Жанар
Жорабекқызының ғылыми ізденістерінің бағдары құрылымы
әртүрлі тілдерді жүйелі салғастыру мәселелеріне, когнитивтік
лингвистикаға және мәдениетаралық коммуникацияға
арналған. Бұл бағыттар бойынша когнитивтік лингвистика,
мәтін лингвистикасы, лингвомәдениеттану, мәдениетаралық
коммуникация теориясы, әлеуметтік лингвистика, стилистика,
дискурс теориясы және типология сынды теориялық пәндер
бойынша дәрістер оқып келеді.
Мен білетін Жанар оқу, білім, ғылым саласында жетіс-
тіктерге қол жеткізсе, тек табандылығымен, мақсаткерлігімен
жетті деп ойлаймын.
Жанар екеуіміздің өмір жолымыз ұқсас университететтегі
оқуды аяқтаған соң ғылыми мекеме, жоғары білім саласына
арналыпты. Ол - еңбек жолында жетістіктерге жетіп жемісін
жеумен қатар, уақытылы отбасын құрып, ұл-қызды тәрбиелеген
бақытты ана.
Достарыңызбен бөлісу: