Есеналиева жанар е с е н


  Қазақ  тілі  мен  мәдениетінің  концептеріне  талдау



Pdf көрінісі
бет80/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   97
2.  Қазақ  тілі  мен  мәдениетінің  концептеріне  талдау 
жасаған зерттеулер.    
Концепт» термині орыс тіл білімінде XX ғасырдың 20-30 
жылдары  қоршаған  орта  құбылыстарының  тіл  әлемінде 
бейнеленуін  зерттеумен  байланысты  пайда  болды.  С.  А. 
Аскольдов-Алексеевтің 1928 жылғы «Русская речь» жинағында 
жарық көрген «Концепт и слово» деген еңбегінде концептілерді 
танымдык (познавательные) және көркемдік (художественные) 
түрлеріне  жіктейді,  бірақ  олардың  аралық  шегінің  өзгеріп, 
кейде бір-бірімен астасып отыратынын да жоққа шығармайды.


233
Лингвистиканың өзекті мәселелері
«Концепт» терминінің теориялық негіздері Д.С. Лихачев, 
II.Д.  Арутюнова,  Е.С.  Кубрякова,  А.Н.  Мороховский,  Н.К. 
Рябцева,  В.А.  Маслова,  А.Я.  Гуревич,  А.  Вежбицкаяның 
еңбектерінде әртүрлі қырынан қарастырылды. 
Қазіргі  лингвистикада  концепті  үш  түрлі  бағытта 
талданып,  қарастырылады:  лингвистикалық,  когнитивтік, 
мәдениеттанымдык.
Концептіні лингвистикалық тұрғыдан қарастыруды дұрыс 
деп санайтын зерттеушілер (С. А. Аскольдов, Д. С. Лихачев, В. 
В.  Колесов,  В.  Н.  Телия)  концептіні  сөздің  коннотативті 
элементтерімен  қоса  алғандағы  барлық  мағыналық  әлеуеті, 
концепт сөздің кез келген мағынасында өмір сүреді деп карайды.
Концептіні көптеген зерттеушілер бір тілде сөйлеушілерге 
ортақ концептуалдык ойлау жүйесі, «менталдылықтың негізгі 
бірлігі», «мәдениеттің кілт сөздері», «ұлттық колориті», «ойлау 
мен  қарым-қатынас  құралы  ретіндегі  тілдің  символдық-
мағыналық  қызметі  арқылы  көрінетін  неғұрлым  мүмкін 
мағыналар»  ретінде  қарап,  бір  сөзбен  концепт  дегеніміз 
мазмұндық  формасында  әрі  символ,  әрі  бейне,  әрі  ұғым  деп 
көрсетеді. 
Концептінің  мәнін  когнитивтік  тұрғыда  қарастыруды 
ұсынатын зерттеушілер (З.Д. Попова, И.А. Стернин сондай-ақ, 
«Краткий словарь когнитивных терминов» сөздігінің авторлары 
С.  Кубрякова,  В.З.  Демьянков,  Ю.Г.  Панкрац  концептіні 
менталды ойлаудың бірлігі ретінде қарастырады. З.Д. Попова, 
И.А. Стернин концептіні «ауқымды ойлаудың бірлігі» ретінде 
қарастыра  келіп,  концептінің  тілдегі  фразеологизмдерге,  сөз 
тіркестеріне,  сөйлемдерге,  мәтіндерге,  мәтіндер  байланыс-
тылығына талдау аркылы жан-жақты ашылып түсіндірілетінін 
жазады[1,35]. Концептінің тілдік көрінісін талдау аркылы тілді 
тұтынушының санасындағы концепт мазмұнын тани аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет