235
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Манкеева [6], Қ.Жаманбаева [7] еңбектерінің маңызы зор.
Концепт» терминіне әртүрлі анықтама беру және түсіндіру,
оның екі жақтылығын көрсетеді: біріншіден, тілдік таңба
ретінде (лингвистикалық, мәдени және лингвомәдени бағыттар),
екіншіден, ментальдықты көрсететін тілдің мазмұндық жағы
(когнитивтік бағыт). Бұл бағыттар бірін-бірі жоққа шығармайды,
қайта бір-бірімен тығыз байланыста болып, концепт менталды
құрылым ретінде адам санасында социумның концептосфераға,
одан кейін мәдениетке шығуы болып табылады. Концепт
мәдениеттің ажырамас бірлігі ретінде ұжымдық тәжірибенің
нәтижесі.
Енді екінші топтағы зерттеулерге қайта оралсақ, ол
зерттеулер концепт болғанда, қазақ этносының санасында
материалдық объектілерді көрсететін, образды-ассоциативті
жоғарғы деңгейде бағаланған «қамшы», «домбыра»,
«атамекен», «ұрпақ» сияқты концептер, сонымен қатар, ұлттық
діліміздегі адами қасиеттерді көрсететін «намыс», «сабырлық»,
«қанағаттық», «ағайындық», тағы сол сияқты концептерді
зерттеген жұмыстар.
Достарыңызбен бөлісу: