Есеналиева жанар е с е н


Когнитивтік лингвистиканың теориялық негізі



Pdf көрінісі
бет34/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

2.3 Когнитивтік лингвистиканың теориялық негізі
Когнитивтік лингвистика заманауй лингвистиканың жаңа 
бағыттарының бірі. Ол үлкен екі ілімнен –жалпы тіл білімі мен 
когнитивтік  ғылымнан  негіз  алады.  Академик  Е.Велиховтың 
пайымдауынша    адам  миы  қызметі  мен    танымның  жоғары 
психикалық қызметін  когнитивтік ғылым зерттейді. Когнитивтік 
ғылым бүгінгі таңда биотехнология, информациялық технология 
және  нанотехнология  сияқты    заманауй  технологиялық 
ғылымдармен    қатар  қарастырылады.  Когнитивтік  ғылымды 
когнитивтік психология мен информатика теориясының қарым-
қатынасының нәтижесі деуге болады. ХХ ғасырдың 60-жылдары  
көрініс  тапқан  «Когнитивтік  төңкеріс»  ғылыми  бағыт  – 
бихевиоризмнің  орнына  жаңа  когнитивтік  психологияның  
дүниеге келуімен байланысты еді.
Бихевиоризм  (ағылш.  behavio(u)rism  -  қылық,  жүріс-
тұрыс)  XX  ғасырдағы  психология  ғылымын  сипаттайтын 
американдық  бағыт.  Ол  адамның  қылығын  жіте  қарастырады 
да,  сананы  негізгі  зерттеу  объектісі  деп  санамайды  [1]. 
Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк (1874-1904). 
XX ғ. американ психологиясының ағымы. Ғылыми зерттеудің 
пәні, сана емес, қылықтың әртүрлі формалары ретінде қараған 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
106
және  организмнің  сыртқы  ортадағы  стимулдарға  реакциясын 
психика  ретінде  түсіндірген.  Бихевиоризмнің  алғашқы  
бағдарламасын  құрастырған  әйгілі  американ  психологі  Д.
Уотсон  болды.  Бихевиоризм  эксперименталды  зерттеулерінде 
басым болған әдістер — байқау және қоршаған ортаның әсеріне 
организмнің  реакциясын  тексеру,  содан  соң  оның  нәтижесін 
математикалық  өңдеп  сипаттау  еді.  Бихевиоризм  ілімін 
жалғастырушы  және  қорғаушы  ғалым,  американ  психологі 
БСкиннер және оның мектебі.
Бихевиоризм  психологиялық  бағыттардың  бірі  негізінде 
туған,  бірақ  психологияның  ой-сана  жайындағы  зерттеулерін 
мойындамайды. Ол жеке  адамдар  мен  топтардың іс,әрекетін  
талдауға  негізделген  әдістемелік  бағыт.Бұл  әдісті  жақтаушылар  
саяси  қызметтің  барлық  түрлерін  адамдардың  іс-әрекеттерін  
талдау  арқылы  түсініп  білуге  болады  дейді.  Психологияның 
мақсаты сананы тану емес, әрекет-қылықты зерттеу деп бiледі. 
Бихевиоризм  теориясын  негiзiнде  адам  мен  хайуанаттардың 
әрекет-қылығы  сыртқы  орта  әсерi  не  (стимул)  болған 
организмнiң  керi  (сөз,  эмоция  арқылы)  жауаптарының 
жиынтығы  деген  түсiнiк  жатыр.  ХIХ-ХХ  ғ.ғ.  тоғысында 
бихевиоризм 
психологиясы 
жануарлар 
психикасына 
эксперимент  жасау  нәтижесiнде  пайда  болды.  Мұнда  адам 
психикасын  зерттеуде  қолданылатын  өзiн-өзi  бақылау  тәсiлiн 
пайдалану  мүмкiн  болмағандықтан,  эксперимент  жасау  әдiсi 
iске  қосылды.  Бұл  әдiстi  бихевиористер  адам  психикасын 
зерттеуге  де  қолданды.  Бихевиоризмнiң  жалпы  әдiснамалық 
алғы  шарты  позитивизмнiң  философиялық  принциптерiнен 
шығады. Осы принциптерге сәйкес ғылым тек бақылау жүргiзiп 
отырған затын баяндауы тиiс, ал бақылауға тікелей берiлмеген 
мәлiметтер  мен  iшкi  механизмдердi  талдау  алдамшы  екенін 
алға тартты. Осыдан барып, бихевиоризм психологиясы сананы 
емес,  әрекет-қылықты  зерттеуi  керек  деген  негiзгi  тезисті 
тұжырымдады [1].    
Бихевиористер  сана  деп  адамның  тек  басынан  кешкен 
субъективтi мағлұматтар жиынтығын айтады. Сана сыртқы дүниенi 


107
Лингвистиканың өзекті мәселелері
бейнелейтiн  мидың  нақты  қызметi  екенiн  олар  мойындамайды, 
психиканың материалдық субстратын құрайтын ми физиологиясына 
қарсы шығады. Бихевиоризм ілімінің  қарсыластарға тап болуы — 
сана, ойлау, ерiк сияқты негiзгi ұғымдарды психологиядан шығарып 
тастап,  психиканың  әлеуметтiк  жағын  ескермеуiнде  болса  керек. 
Бихевиоризм  ─  бұл  прагматикалық    бағыт  және  ол  тез  дамушы 
капиталистік  экономикалық сұраныстарының салдарынан пайда 
болды.  Бихевиористердің  мақсаты  ─  психологияны    «мінез-
құлықты  басқаратын  және  оны  болжайтын  »  ғылым  саласына 
айналдыру [2].
Дж.Уотсонның    1925  жылы  шыққан    «Бихевиоризм» 
кітабының мағынасы мынада:  сыртқы тітіркендіргіштерге  әсер 
ете отырып, кез келген мінез-құлқы бар адамды «жасап шығуға» 
болады. Адамның өзіндік  және туа біткен сенімдері ғана емес, 
оның қатынастары мен көзқарастары да теріске  шығарылды. 
Бихевиоризмнің    бұл  бағдарламасы  адамның  ешқандай 
ерекшеліктерін  ескермегендіктен  антигуманды болды.
Алайда,    30-шы    жылдары  бихевиоризм  идеялары  шайқала 
бастады. Америкада  кезекті экономикалық дағдарыс басталды,  
жұмыссыздық, қайыршылық пайда болды. Әлеуметтік  ортаны 
және  оған  адамның    қатынасын  ескеру  керек  болды:    оның 
сыртқы  реакциясын  ғана  емес,  оның  мотивтерін,  көңіл-
күйін, көзқарастарын. Атақты американдық  психолог  Роберт 
Вудвортс  (1869-1962)  былай  деп  жазды:  «Біз  көп  жағдайда  
адамның аяқтарын, қолдарын  және вокальдық  мүшелерін ─ 
олардың тілектерін басқару арқылы ғана басқара аламыз». Ол 
мотивация  туралы ілімді жасай отырып, бихевиоризм ұсынған  
«стимул-реакция» схемасын ығыстырып, оған аралық бөлімді 
─  ағза    және  оның    бағыттарын  енгізді.  Осылайша  «қатаң» 
бихевиоризм    шайқалып,    мінез-құлық  психологиясын    қайта 
құру басталды. Оны Эдвард Толмен  және Кларк Халл басқарды, 
ал жаңа бағыт «необихевиоризм»  деген атауға ие болды. Олар 
психологиядан  дәстүрлі  ұғымдарды  ─  бейне,  мотив  және  т.б. 
шығарып  тастауға  болмайды  деп  санап,  олар  реакция  мен 
ынтаның  (стимулдың)  арасында  болады  деп  болжады.  Осы 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
108
мақсатпен олар «уақытша-айнымалылар» ұғымын енгізді. Бұл 
ұғым  ретінде,    тікелей  ынталандырулар    мен  жауапты  мінез-
құлық арасында болатын, танымдық және себептік факторлар 
жиынтығы деп түсінілді.Бірақ мұның бәрі адамның үйренуінің 
психологиялық механизмдерін түсіндіре алмады[2].
Бихевиоризмге  қарсыластардың  көзқарастары  әрине, 
өзгеше  еді.  Олардың  ойынша,    адамның  мінез-құлқына  әсер 
ететін сыртқы тітіркегіштер  емес, адамның мінез-құлқына әсер 
ететін  ерекше  физиологиялық,  психикалық,  психологиялық, 
когнитивтік  механизмдер  мен  процестер  және  адам 
когнициясының актив реттеушілері.  Олар адамға туылғаннан 
когнитивтік карта, схема, қабылдау, информацияны өңдеу сияқты 
когнитивтік  қабілеттілік және категориялар тән деп түсіндіреді. 
Когнитивтік ғылым мен когнитивтік лингвистика күн тәртібіне 
ең  алдымен  білім  құрылымы,  адам  когнитциясының  жұмысы 
мен құрылысы, адамның танымдық қабілеті тағы сол  сияқты 
мәселелерді қояды.
Тілді когнитивтік тұрғыдан адами когницияның түрі мен 
формасы,  тіл  мен  сөйлеудегі  психология  бойынша  зерделеген 
ең алғашқы зерттеуші, американ лингвисі Наом Хомский.
Когнитивтік төңкерістің себебі – бихевиорист Скиннердің 
кітабына  деген  сын  және  Наом  Хомскийдің  адамның  тілдік 
және сөйлеу қабілеті туралы айтқан революциялық когнитивтік 
идеялары болды.
Ғылымдағы  когнитивтік  төңкерістің  негізіне  толығырақ 
тоқталатын  болсақ,  30  жылдай  бұрын  гуманитарлық 
ғылымдардың  зерттеу объектілері – когнитивтік құрылымдар 
мен  ол  құрылымдардың  механизмдері  болды.  Кейінірек  бұл 
үдеріс  когнитивтік  төңкеріс  (cognitive  revolution),  когнитивтік 
бетбұрыс  (cognitive  turn)  болып,  когнитивтік  ғылымның  яғни 
когнитологияның, когитологияның пайда болуына  негіз болды. 
Когнитивтік  ғылым  өзінің  алдына:  қабылдау,  категоризация, 
классификация,  әлемді  түсіну,  репрезентация,  білімді  сақтау 
сияқты  процестерді  зерттеуді  қойды  [3,56].  Когнитивтік 
лингвистика:


109
Лингвистиканың өзекті мәселелері
1.  тілді когнитивтік механизм ретінде зерттеді; 
2.  тілдегі когницияға ерекше мән берді.
Когнитивтік  төңкеріс  тілді  жүйе  деп  бір  жақты 
қарастыратын  лингвистикада  бұрыннан  қалыптасқан  зерттеу 
тәсілдерінен  өзгеше  әдістерін  жаңа,  инновациялық    әдіс-
тәсілдермен  алмастырып,  прогрессивті  көзқарастарды 
қалыптастырды.
С.Е.Исабековтің «Когнитивтік лингвистиканың негіздері» 
атты    зерттеуінде  когнитивтік  лингвистиканың    Еуропалық 
негізіне талдау жасайды. Сондай-ақ өз монографиясында ғалым 
қазіргі  когнитивтік  лингвистиканың  екі  бағытын  жіктейді 
[3,85]: 
1.  ментальды-информациялық  немесе  американдық-
батыс еуропалық бағыт.
2. этномәдени немесе мәскеулік бағыт.
Ментальды-информациялық және этномәдени бағыттағы 
когнитивтік  лингвистиканың    қарастыратын  өзекті  мәселесі: 
адам және адамзат тілі. Алайда бұл екі бағыттың ол мәселеге 
көзқарасы әртүрлі.
Ментальды-информациялық  бағыттағы  когнитивтік 
лингвистикада 
1.  адам    -  қандай  да  бір  этносқа,  мәдениетке  қатыссыз 
ақпаратты  қабылдаудың,  сақтаудың  және  тасымалдаудың 
белгілі бір жүйесі ретінде қабылданады, 
2. тіл - ментальдық ерекшелік яғни, адамдық когницияның 
құрамдас  бөлігі  ретінде  қарастырылады.  Ментальды-
информациялық  бағыттағы  когнитивтік  лингвистикада  нақты, 
жеке ұлттық тіл емес жалпы адамзат тілі сөз болады.
Жоғарыдағы  екі  бағыттың  тағы  бір  ерекшелігі  -    олар 
әртүрлі  когнитивтік  құбылыстарды  және  мәселелерді 
қарастырады  және  оларды  әрқалай  түсіне  отырып,  алдарына 
әртүрлі зерттеу міндеттерін қояды. 
Ментальды-информациялық  бағыттағы  когнитивтік 
лингвистика  көбіне  зерделейтін  ұғымдары:  когниция, 
когнитивтік  жүйе,  адамның  психикасы,  адам  когнициясының 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
110
құрылымы  мен  қызметі,  адам  организмінде  болатын 
физиологиялық, психологиялық, когнитивтік  процестер, білім, 
өзін-өзі тану, адамның танымдық қызметі, адамзат тілі т.б. 
Ментальды-информациялық  бағыттағы  когнитивтік 
лингвистиканың  негізгі  міндеті  ретінде  адам  когнициясының 
негізі  -  миды,  нейрондық  жүйені,  жадыны,  жалпы  тілдік 
танымды, ақпаратты өңдеудің құрылымын қояды. 
Ментальды-информациялық  бағыт  негізі  -    информация 
болса,  этномәдени  немесе  мәскеулік  бағыттың  басты  мән 
беретін  ұғымы  –  мәдениет,  баса  назар  аударатын  мәселе, 
бірінші мектеп мәдениет ұғымын мүлде қарастырмайды [4,47].
Ментальды-информациялық  бағыттағы  когнитивтік 
лингвистиканың тағы бір ұғымдарының бірі – «репрезентация». 
Табиғаты жағынан бұл ұғым да ментальды терминімен барабар. 
Шын  мәнісінде  адамның  миы,  адамның  танымы  ментальды. 
Ментальды-информациялық 
бағытта 
бірінші 
орында 
ментальдылық және концептуалдылық тұрады. Бұл әрбір тілдің 
артында концепт, концептуалдық құрылым тұратынын көрсетеді 
және когнитивтік лингвистиканың басты мақсаты – концептердің 
формасы  мен  құрылымын,  жасалу  заңдылықтарын  ашу  және 
көрсету деп С.Е.Исабеков екі бағыттың  ерекшелігін саралап, 
жіктеп, ерекшеліктері мен өзгешеліктерін зерделеп көрсетеді. 
Когнитивтік  (танымдық)  тіл  білімі  –  тілдік  ақпараттарды  
жию,  меңгеру  және  пайдалану  процестерін  зерттейтін  ғылым.  
Қазіргі  кезде  ғалымдар арасында «тіл  когнитивтік  құрылымның  
бейнесі»   «когнитивтік  құрылым  мен  тілдік  құрылымның  
арасында  байланыс  бар»  деген көзқарастар қалыптасқан. Бұл 
адамның тілдік әрекеті ойлау әрекетімен тығыз байланыстылы-
ғын көрсетеді. Когнитивті   тіл   білімі   –   таным   (когниция) 
мен  тілдің  арасындағы  байланысты,  қарым-қатынасты,  
сәйкестікті білдіретін   ғылым. Американдық белгілі лингвист 
Н.Хомский:  «Когнитивтік  төңкеріс  ақыл-ой  мен  мидың 
жағдайын, олардың адамның когнитивті болмысына: біліміне, 
ұғымына,  түсінігі  мен  сеніміне  қалай  ықпал  ете  алатынын 
зерттейді»  (Хомский,1999)  деп  жазды.  Адамның  білімі  мен 


111
Лингвистиканың өзекті мәселелері
түрлі ақпараттарды қабылдауына қатысты процесс когнитивтік 
немесе когниция деп аталады[5,33]. 
Когнитивистикада когницияға ерекше мән беріледі, ол тек 
бақылауға алынған іс-әрекет деңгейінде зерттеліп қоймай, оның 
менталды  репрезентациясы  (ішкі  қабылдау,  модель),  [6,356] 
символы, даму стратегиясы (білім енгізінде жүзеге асатын іс-
әрекет) [7,152], адамның когнитивтік әлемімен қатар қаралады.
Когниция – танымның өзгеше сипаты, ол адамды қоршаған 
шынайы  болмыс  туралы  жан-жақты  мәлемет  беретін  сезім, 
эмоция,  жады,  қиял,  қабылдау,  ақыл-парасат,  сияқты 
әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс ретінде айқындалады. 
Оның   өз  мақсаты,  өз  міндеті,   зерттейтін   өз   нысаны   
мен   өз   әдіс-тәсілдері бар. Когнитивті лингвистиканың мақсаты 
–  тілді  когнитивті  лингвистика  шеңберінде  ғылыми    ұғымдар  
мен  ұстанымдарға  негізделген  әдіс   –   тәсілдер   арқылы 
зерттей  отырып,  тіл  құбылысы  мен  когнитивтік  түсініктің 
сәйкестігін  анықтау.  Адам  басында  пайда  болған  тілдік  сана 
әлемнің  бейнесін  белгілеу.  Ал    когнитивті  лингвистиканың 
міндеті  –  адамдарға  объективті  қоршаған  дүниені таныту.
Когнитивтік  лингвистика  адамның  менталитетімен, 
білімімен  байланысты  болса,  лингвистикалық  мәдениеттану 
мәдениет  пен  тілдің  арақатынасына  көңіл  бөледі. 
Лингвомәдениеттану  тіл  мен  мәдениеттің  өзара  байланысын 
зерттейді.  Оның  негізі  мақсаты  –  халықтың  ойлау  ерекшелігі 
мен  оның  мәдениетін  тіл  арқылы  ашу.  Тіл  мен  мәдениеттің 
ажырамас бөлігі, әрі ол лингвомәдениеттануда рухани болмыс 
ретінде  танылады,  яғни,  тілде  ұлттың  дүниетанымы,  әдет  – 
ғұрпы, дәстүрлері, ұлттық мәдениеттің еркшеліктері – рухани 
өмірі көрініс табады.
Ш.Уалиханов атындагы
Көкшетау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. 
Филология сериясы № 4 /2017 76 -79 66.
Әдебиет
1. http://bigox.kz/bixeviorizm/ 
2. http://kk.wikipedia.org/wiki/


Лингвистиканың өзекті мәселелері
112
3. Исабеков С.Е. Основы когнитивной лингвистики.Астана, 2010 – 
С.381.
4. Исабеков С.Е.Избранные произведения. Усть-Каменогорск, 2013 
– С.186.
5. Карасик В.И. Определение и типология концептов // Этнокуль-
турная концептология. Межвуз.сб.научных трудов. Вып.1.Элиста, 2006.
6. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-
Словарь», 2005 жыл. 
7. Жантану  атауларының  түсіндірме  сөздігі.  —  Алматы:  «Сөздік-
Словарь», 2006. - 384 бет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет