125
Лингвистиканың
өзекті мәселелері
салғастыруда тілдің жеке (атомарлық) элементтері емес, тіпті
тілдің жеке деңгейлері де емес, тіл тұтас, бүтін жүйе бойынша
салғастырылады.
Тіл аралық қатынастардың дамуына байланысты қазіргі
тіл білімінде салыстырмалы типологиялық әдісті қолдану –
генетикалық жағынан алыс тілдерді бір-бірімен салғастырғанда
аса маңызға ие болады. Бұл әдіспен зерттеу нәтижесінде жеке
тілдерге тән ерекшеліктер мен тіларалық сәйкестіктерді жан-
жақты зерттеуге мүмкіндік туады.
Лингвистер тіларалық сәйкестіктер мен олардың
типологиялық сәйкестіктерінің спецификалық құбылыстарына
байланысты әртүрлі теориялық еңбектер жазды. Тілдерді
салғастыру тәсілдерінің негізгі ұстанымдары ресей және басқа
елдердің тілші-ғалымдарының еңбектерінде молынан кездеседі
[1,2,3,4,5].
Салғастырмалы типология жалпы тіл білімінің қомақты
да маңызды салаларының бірі. Қазақ тілінің құрылымдық
жүйесі басқа тілдермен салғастырылып, олардың тұлғалық
жағынан ұқсастықтары мен ерекшеліктерін көрсететін,
салғастырмалы-типологиялық бағытта орындалған көптеген
ғылыми зерттеулер бар. Осы ретте М.М.Копыленко,
С.С.Құнанбаева,
Э.Д.Сүлейменова,
З.Қ.Ахметжанова,
М.К.Исаев, Н.И.Букетова, К.К.Дүйсекова, Н.А.Сәрсембаева,
Қ.Т.Рысалды, Е.Н.Нұрахметов, Е.К.Сәбитова, С.Ж.Тәжібаева,
Б.Қ.Мұрзалина, Г.С.Сағидолда, Ж.Н.Жүнісова, А.Д.Жакупова
т.б. ғалымдардың іргелі еңбектерін ерекше атауға болады.
Тіл білімінің маңызды саласы – салғастырмалы типология
соңғы жылдары қазақ тілін құрылымы өзге тілдермен салғастыра
зерттеу мәселесінде бірталай жетістіктерге жетті. Мәселен, Т.
Айнабекова, Ш.Аргинзинова, К.Ашинова, А.Бақытов, П.
Дәулетова, Р.Жүсіпова, Р.Атаханова, Г.Карбозова, Ж.Есеналиева,
Т.Қалибекұлы, Б.Мизамхан, Т.Мықтыбаева, Ж.Тұрсынәліқызы
т.б. салғастырмалы зерттеулер жазды.
Лингвистикалық типологияда салғастырылатын материал
жөнінде мынадай екі пікір бар: 1) бүкіл тіл жүйесі бойынша
Лингвистиканың өзекті мәселелері
128
толықтыратын тілдік аспектілерін оқытудың жинақтаушы
нәтижелері тіл табиғаты туралы толық білім беретінін дәлелдеп,
өзіне дейінгі В.фон Гумбольдт, И.И. Срезневский, А.А.Потебня,
И.А. Бодуэн де Куртенэ қолданған синтездеу концепциясын
жалғастырды.
Әлем тілдерін салыстырмалы типологиялық зерттеудің
жоғары деңгейдегі репрезентативті сипатына ғалым
Г.П.Мельниковтың «жүйелі лингвистика» немесе «жүйелі
типология» деп аталатын тұжырымдамасы жатады. Ол
«типологиялық монизм» негізінде құрылған лингвистиканың
бір бөлігі болып табылады.
Г.П.Мельников кез келген тіл өзінше икемді, адаптивті
динамикалық жүйе, тілдің жалпы қасиеті оның жеке
элементтерінің ерекшеліктеріне және тілдік жүйенің
элементтерінің арақатынасына байланысты екенін атап
көрсетеді. Субстанциональды элементтер мен тілдік жүйенің
арақатынасы өзара оптималды түрде тығыз бірлікте болатынына
баса назар аударады.
Тілдік элементтердің ішкі динамикасын, синхрондық
және диахрондық бір-біріне бағыныштылығын, сәйкестілігін
ашып көрсету үшін тілдік жүйенің басымдық сипатын – оның
Достарыңызбен бөлісу: