доминант ұғымын басым, басым-
дық, басымдылық баламасымен бергенді жөн санаймыз. Біздің
бұл пайымдауымызды қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде
берілген анықтама нақтылай түскендей: Басым сын. 1.Мол,
көп. 2.
Үстем, күшті, мығым. Басымдық зат. Артықтық, көптік,
күштілік. Басымдылық зат. Басым болушылық [19; 20,141].
Басымдық деген терминді қолданған ғалым Ә.Хасенов.
Ол кісі «тілдерді типологиялық типтерге бөлгенде, ең алдымен
ол тілдің грамматикасы қалай құрылған, ол тілде грамматикалық
тәсілдің қай-қайсысы басымдық етеді деген мәселе басшылыққа
алынады» [21,39], дейді де ойын: «тілдерді құрылымы мен
құрылысына қарай топтастыруда басшылыққа алынатын негізгі
белгілер: ең алдымен тілдердің грамматикалық жүйесінің қалай
құрылғандығы, белгілі бір тілдердегі грамматикалық тәсілдердің
қайсысы басымдық (доминант Е.Ж.) ететіні, сол тілдердегі
сөздердің өзгеру, түрлену жолдары, ерекшеліктері, қысқасы,
қайталап айтсақ, белгілі тілдердің құрылымы мен құрылысы»
[21, 389], - деп аяқтайды.
Сонымен, әрбір тілде, тілдің типологиялық табиғатында,
ерекше басым грамматикалық тенденциялар болады. Тілдегі
типологиялық басымдылық кез келген тілді өзге тілдерден
ерекшелендіріп тұрады және ол басымдылық тілдің бүкіл
жүйесіне әсер етеді. Мәселен, қазақ тілінде ерекше көзге түсетін
типологиялық басымдылық - сөздерге аффикстер жалғанғанда,
сөздің морфологиялық құрамы күрделенгеніне қарамастан,
сөздің түбірінің дыбыстық құрамы, негізінен алғанда, өзгермей,
сол қалпында қалуы.
Лингвистиканың өзекті мәселелері
132
Біздің зерттеуіміздің негізі ретінде типологиялық
басымдылық ұғымымен қатар қолданылатын тағы бір ұғым
бар. Ол - «белгілер кеңістігі». «Белгілер кеңістігі» ұғымы өте
күрделі ұғым. Оның көпөлшемді тілдік жүйені терең талдауға
септігі тиеді.
Е.С.Кубрякованың айтуынша, «белгілер кеңістігінің»
көмегімен ғылыми ұғымдарды анықтау мәселесінің ескі
классификациялау принципінен жаңаға өту мүмкіншілігі зор
[23,281].
Әрбір тіл құрылымы мен қызметі бар, бүтін (тұтас) жүйелі
құбылыс ретінде өмір сүреді. Дегенмен, жүйе құрылымнан ғана
тұрмайды. Әрбір жүйе өзіне тән және бір-бірімен байланысты
үш түрлі атрибуттың - құрылым мен субстанцияның және
қызметтің ұштасып келуінен және олардың диалектикалық
бірлігінен құралып, өмір сүреді, дамиды. Сонымен қатар, тіл -
тек жүйе ғана емес, жүйелердің жүйесі. Ол бір белгіні ғана
қамтымайды, бірнеше белгілердің жиынтығы болып табылады.
Бұл жерде қандай да бір тілдік құбылыс классификацияланып,
сараланып, сипатталып қана қоймайды, сонымен бірге,
«белгілер кеңістігінің» өзіндік орны көрсетіледі.
Тілдік құрылым әр тектес элементтердің арақатынасынан
және бірлігінен тұрады. Ол элементтер мыналар: 1)дыбыс
(фонема), 2)морфема, 3)сөз, 4)сөйлем, 5)мәтін. Бұл
элементтердің арасындағы айырмашылықтар – сапалық
айырмашылықтар. Демек, аталған элементтер бір-бірінен
сапасы жағынан ажыратылады. Әрбір элементтің сапасын оның
қызметі айқындап тұрады [24,62 ].
«Белгілер кеңістігі» әрбір тілдің негізгі құрылымын
көрсететін нақты тілдік категориялардың қызметтерінің жалпы
сипатын анықтайды және бір-бірімен байланысты тілдік
құбылыстардың түрленуінің сапалық айырмашылықтарының
таралу диапазонының ауқымын айқындайды.
«Басым белгі» және «белгілер кеңістігі» ұғымдарының
бір-бірімен тығыз байланыстылығына күмән жоқ. Өйткені,
тілдің қандай-да бір деңгейінің қызметі мен ерекшелігін
133
Лингвистиканың өзекті мәселелері
анықтайтын белгілер жиынтығының ішінен бір белгі басым
келеді. Ол басымдылық белгілі деңгейде ерекше сипатқа ие
болып, басқа белгілердің көрінуіне ұйтқы болады және тілдің
бүкіл жүйесіне әсерін тигізеді.
ҚазХҚжӘТУ хабарлары
Достарыңызбен бөлісу: |