259
Лингвистиканың
өзекті мәселелері
№44 орыс орта мектебін бітіргеннен кейін шет тілдер
педагогикалық институтының (қазіргі Абылай хан атындағы
халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің)
француз бөліміне түсіп, 1967 жылы бітіреді. Сол жылы институт
жолдамасымен Целиноград қаласына (қазіргі Астана қаласы)
Сәкен Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік
педагогикалық институттың француз тілі кафедрасына француз
тілінің оқытушысы болып жіберіледі.
1971 жылы Баку қаласына (отбасы жағдайына байланыс-
ты) қоныс аударады. Ол жақта В.И.Ленин атындағы Азербайжан
педагогикалық институтының шетел тілдері кафедрасында,
одан соң Азербайжан шетел тілдері институтының француз
тілінің лексикасы кафедрасында дәріс берді.
Лейла Нушревановна 1985 жылы Баку қаласында 10.02.02
- СССР халықтарының тілі (азербайжан тілі) мамандығы
бойынша «Азербайжан тіліндегі француз жалқы есімдері» атты
кандидаттық диссертация қорғады.
Жұмыстың зерттеу нысаны орыс тілі арқылы азербайжан
тіліне енген француз экзогендік ейдонимдерінің ерекшелігін
көрсету болатын. Құрылымы әртүрлі екі тілді зерттеу барысында
эйдонимдік галлорусизмдер көбіне сөздіктердегі белгілері
арқылы салыстырылып, олардың лексикалық ерекшеліктері
айқындалды. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
азербайжан тіліндегі бұрын-соңды зерттелмеген проблеманың
күн тәртібіне қойылуы еді. Диссертация бойынша жасалған
тұжырымдар лексикографикалық практикада сонымен қатар
жалпы және жеке тілдер лексикологиясына қосқан ғалымның
үлесі зор екендігіне дау жоқ.
Ғалым 1999 жылы Мәскеу қаласында Ресей ғылым
академиясының тіл білімі институтында 10.02.20 –
салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл
білімі
мамандығы
бойынша
«Экзогендік
лексика
ассимиляциясы» (азербайжан тіліндегі француз тұрпатты орыс
кірме сөздері материалдары бойынша) деген докторлық
дисертация қорғады. Ғылыми жұмыстың ресми оппоненттері
филология ғылымының шыңына жеткен көрнекі ғалымдар
261
Лингвистиканың өзекті мәселелері
«Социолингвистика» теориялық курсынан дәріс оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: