Есенова камчат аугажыевна


бойынша қорғауға ұсынылатын қағидалар



Pdf көрінісі
бет11/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

бойынша қорғауға ұсынылатын қағидалар: 
1. Болашақта бәсекеге қабілетті білім беру менеджерлерін дайындаудың 
жаңаша жүйесін жасау үшін «білім берудегі менеджмент» және «білім берудегі 
менеджер» ұғымдарының құрылымы мен мазмұны тұжырымдалды:
Білім берудегі менеджмент
– адам ресурстарын ғылыми негізде басқару, 
экономикалық, қаржылық жағдайлар, ұйым жұмысының тиімділігін 
жоғарылату мақсатында ұйымдастыру заңдылықтарын, жалпы және кәсіптік 
білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында білім беру ұйымдары мен олардың 
бөлімшелерін 
басқарудың 
теориясы 
мен 
практикасы 
саласындағы 
құзыреттілігін қалыптастыру, басқару іс-әрекетін оңтайлы объективті нәтижеге 
бағыттайтын
басқару ғылымының арнайы бір саласы. 
Білім беру менеджері 
– білім беруді басқару саласында арнайы кәсіби 
деңгейде жетілген, ғылыми және теориялық білімге сүйеніп, білім беру 
ұйымдарының жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымнын дамуына 
және бәсекелестігін қамтамасыз етуге бағытталған басқару іс-әрекетін жүзеге 
асыратын маман. 


13 
2. Білім беру менеджерлерін дайындау мәселесін зерттеудегі әдіснамалық 
тұғырлардың өзара байланысы мен иерархиясы негізделді. Білім беруді басқару 
әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде педагогикалық жүйенің бір бөлігі екендігін 
ескере отырып, 
жүйелік тұғырдың
, мәдени негізде білім беру менеджерінің 
адами сапаларын пайымдауға қажет 
мәденитанымдық тұғырдың
, әлеуметтік 
тәжірибедегі ұрпақтан ұрпаққа берілетін негізгі құндылықтарды талдайтын 
аксиологиялық тұғырдың
, білім беру менеджерінің
 
кәсіби құзыретті маман 
ретінде қалыптасуын зерделеу үшін 
құзыреттілік тұғырдың
әлеуеті мен 
үйлесімді өзара байланысы көрсетілді. Білім беру менеджерлерін дайындау 
жүйесін құрудың басқару теориясы, салыстырмалы педагогика, кәсіби даярлау, 
менеджмент пен педагогикалық менеджмент және білім берудегі 
басқарушылық іс-әрекет теорияларын қамтитын психологиялық-педагогикалық 
негіздер айқындалды.
3. Білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін салыстырмалы талдаудың 
теориясы мен практикасы негізінде болашақ менеджерлерді дайындау 
жүйесінің 
моделі 
жасалынды. 
Модель 
мақсаттық

ұйымдастыру-
педагогикалық, мазмұндық-әрекеттік, жобалық-әдістемелік және нәтижелік-
рефлексивтік компоненттерді 
қамтиды. 
Мақсатты компонент
ЖОО-да білім беру менеджерін дайындауды 
жетілдіру және маманның басқару әрекетін қалыптастыру міндеттерін, 
ұйымдастырушылық-педагогикалық компонент
әмбебап және арнайы атты екі 
құрамдас бөліктен тұратындықтан, білім беру менеджерлерін дайындаудың 
кәсіптік даярлыққа бағыталған, м
азмұнды-әрекеттік компонент 
педагогика, 
психология, экономика, бойынша білім көлемін меңгеруге бағытталған және 
білім алушыларға басқару әрекеті саласында теориялық және практикалық 
дағдыларды меңгертетін олардың пәндік дайындығының мазмұнын құрайтын 
қосалқы жүйені, 
жобалау-әдістемелік компонент 
оқыту үдерісін, жобалау 
ерекшеліктерін және білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру кезеңдерін, 
нәтижелік-рефлексивтік компонент –
болашақ білім беру менеджерлерінің 
құзыреттілігі жиынтығы түріндегі күтілетін нәтижелерді қамтиды.
Құрастылған модель болашақ білім беру менеджерлерін дайындауда 
белгіленген мақсат пен олардың басқару құзыреттілігін қалыптастыруды 
жүзеге асыратын нәтижені көрсетеді.
4. Қазақстан мен Литвадағы білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін 
салыстыру параметрлері ретінде: білім беру менеджерлерін дайындау 
жүйесінің заңнамалық базасы; құрылымы және білім беру бағдарламалары; 
білім беру бағдарламаларындағы пәндер мазмұны; оқыту үдерісін ұйымдастыру 
ерекшеліктері; басымдықтар, ұстанымдары және білім беру менеджерлерін 
дайындау жүйесінің моделі; оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі – салыстырмалы 
талданып, ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары жүзеге асырылып, 
тәжірибеге негізілді.
5) Қазақстан мен Литвадағы білім беру менеджерлерін дайындау 
бағдарламаларын салыстырмалы талдау негізінде «7M01105–Педагогика. Білім 
берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасы жасалып, қолданысқа енгізілді. 


14 
Бағдарламаның мақсаты – білім беру жүйесінің ішкі және сыртқы 
мүмкіндіктерін талдауға және білім беру стейкхолдерлерінің әлеуетті 
қажеттіліктерін анықтауға, білім берудің әртүрлі салаларында жобаны 
жүргізудің саяси және экономикалық мүмкіндіктері мен тәуекелдерін 
бағалауға, Стратегиялық жоспарлау, бағдарламаларды моделдеу, бағдарламаға 
инвестициялардың тиімділігін бағалау мақсатында басшылыққа қажетті 
деректерді ұсынуға, бағдарлама сапасына мониторинг жүргізуге қабілетті 
мамандарды дайындау. Бағдарлама негізінде қазіргі таңда 13 магистрант білім 
алуда. 
6. Білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін жетілдірудің келесідей 
ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары дәлелденді:

білім беру менеджерлерін дайындау жүйесінде мотивациялық қолдаудың 
немесе мотивациялық бағдардың болуы;

білім алушылар мен тыңдаушыларда құндылықтар мен құндылық 
бағдарлардың, практикалық және креативті бағдарлардың кіріктірілуі;

оқыту мазмұнының тәжірибеге бағытталып жобалануы;

басқарушылық құзыреттілікті тиімді игеруге ықпал ететін өзіндік 
жобалау мен өзін-өзі жетілдіруді ұйымдастыруы;

болашақ маманның жеке сапаларының дамуын қамтамасыз ететін білім 
беру ортасының шығармашылық компонентінің болуы және дамуға 
ынталандыратын тұлғаға бағытталған үдеріс ретінде оқытудың тәрбиелік 
ортасының болуы;

білім беру үдерісіне бейімделу, жаһандану, интерактивтілік, күрделілік, 
педагогикалық мақсаттылық идеяларын енгізу арқылы білім беру менеджерлері 
үшін оқыту жүйесінің үздіксіздігі мен тұтастығын қамтамасыз етуі.
 
Жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісінде білім беру менеджерлерін 
дайындау жүйесінің табысты қызмет жасауын қамтамасыз ететін 
ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттар түзіліп, білім беру менеджерлерін 
дайындау жүйесі салыстырмалы талдау негізінде ғылыми-педагогикалық және 
кәсіби білім беру бағдарламалары жасалып, олардың тиімділігі тәжірибелік-
педагогикалық жұмыс барысында дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет