17
«Білім беру менеджерлерін дайындаудың жаңа моделін іске асыру
бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың мазмұны»
атты үшінші
бөлімде білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін жетілдірудің
ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары анықталды; жүргізілген қажетті
сауалнамалар мен сараптамалық
сұрау нәтижелері сараланып, білім беру
менеджерлерін дайындау және қайта дайындау жүйесінде интеграцияланған
оқу пәндері жобаланды; білім беру менеджерлерін дайындаудағы білім берудің
жаңартылған мазмұны, білім беру бағдарламасы жасалып
тәжірибеге енгізілді
және білім беру менеджерлерін дайындаудың перспективасы жобаланды.
Қорытындыда
диссертациялық зерттеу нәтижелері қорытылып, білім
менеджерлері дайындау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.