Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет16/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

басқаруды
барлық деңгейдегі субъектілердің білім беру 
жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын ұйымдастыруға бағытталған мақсатты 
қызметі деп түсіндіреді. Зерттеушінің ойынша, басқару қызметінің ерекшелігі - 
бірқатар объективті факторларды: қоғам жағдайын, басқару объектісінің даму 
ерекшеліктерін, адам мінез-құлқының заңдылықтарын түсінумен байланысты. 
Типі бойынша кәсіби басқару қызметі әлеуметтік-мәдени түрге жатады және ол 
«жалпыадамзаттық» құндылықтарға негізделеді. Басым құндылықтары ретінде 
әділдік, адалдық, абырой мен еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттері болуы тиіс 
[77]. 
Г.К. Ахметова мен З.А. Исаева басқару қызметін – адамның 
қажеттіліктері мен қызығушылықтарын іске асырып, қанағаттануға 
бағытталған іс-әрекеттерінің жиынтығы ретінде ұсынады [21, б. 9]. 
Д.Н. Кулибаева «басқару» ұғымын тек жекелеген шағын жүйелер 
процестерін қамтыған ғана емес, сондай-ақ түпкілікті нәтиже беретін кең 
ауқымды тұтас жүйелерді де жан-жақты қамтуға қабілетті кең мағыналы 
қолданыстағы ұғым деп санайды, бұл мультифакторлық және интеграцияланған 
барлық ішкі және сыртқы жағдай, факторлар мен процестердің өзара 
байланысы бойынша жоспарланып, басқарылады [78]. 
И.Б Гроссман «басқару» ұғымы бойынша бірнеше түсініктеме береді: 

объектінің бір қалыптан басқа қалыпқа ауысқан процесін көрсететін 
категория;

адамдарды басқару бойынша қызмет түрі, функция; 

басқарушылық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыруға машықтану 
барысында қалыптасатын, қоғамдық қатынастар мен өзара қарым-қатынастар 
жиынтығын ұйымдастырудың мақсатты әдісі; 

басқарылатын жүйенің оңтайлы қызмет етуі мен дамуын қамтамасыз 
ететін басқарушылықтың түрлі деңгейіндегі субъектілердің мақсатты іс-
әрекеттері, оны жаңа, сапалы, жоғары деңгейге ауыстыру [79]. 
В.Я. Назмутдинов пен И.Ф.
 
Яруллин 
«басқару»
терминін үш ұстаным 
бойынша қарастырады:
1. Басқару – іс-әрекет ретінде анықталады 
(Й. Кхол, В.С. Лазарев, 
Л.И. Суворов, Г.X. Попов, М.М. Поташник және т.б..). 
Өйткені, кезінде 
А. Файоль 
басқару процесін ұйымның мақсаттарын жүзеге асыратын қызмет 
ретінде қарастырған болатын. Осындай анықтама «мектепті басқаруға» да 
қатысты қолданылады. Бірақ бұл жерде қызмет құрамындағы ерекшеліктердің 
белгілері бекітіледі: қызметтік құрам (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және 
басқару), мақсатты белгілеу (оқу процесіне қатысушылардың бірлескен 


27 
қызметін ұйымдастыру және оны білім беру мен мектепті дамытудағы 
мақсаттарға жетуге бағыттау) және қызмет субъектілері. 
Мұндай анықтамалар басқаруды, ең алдымен, негізгі нәтижеге жетуді 
мақсат еткен әлеуметтік қызмет түрлерінің бірі ретінде айқындау тұрғысынан 
маңызды. Бұл жерде оқу процесіне қатысушылардың субъекті тәжірибесі 
қызметіндегі өзгерістерге назар аударылмайды. 
2.
 
Басқару бір жүйенің басқа жүйеге, бір адамның басқа адамға немесе 
топқа «ықпалы» ретінде қарастырылады. 
(В.Г. Афанасьев, Л.Б. Ительсон, 
О.В. Козлова, М. Майков, А.А. Орлов, Н.С. Сунцов, Н.Д. Хмель, А.В. Филиппов 
және т.б.). 
Бұл позицияны қолдаушылар басқаруды – субъектінің объектіге, 
нәтижесінде өзгеріске әкелетін мақсатты әсер етуі немесе басқа субъектіні 
өзгертуге ықпал етуші мақсатты процесс деп санайды. Басқарудың бұл 
тәсілінде оның «пәндік-тақырыптық сипаты» есепке алына бермейді, өйткені 
басқарушының ғана белсенділігі есептеледі, ал бағынушы белгіленген норманы 
қатаң ұстанатын пассивті орындаушы ретінде ғана қабылданады. 
3. Басқару – субъектілердің өзара қарым-қатынасы (А.Т. Абрамов, 
В.Г. Афанасьев, П.И. Третьяков, Т.К. Чекмарева, Т.И. Шамова, Д.В. Юдин және 
т.б). Философияда өзара қарым-қатынас тараптардағы өзгерістер, өзара 
байланыспен ғана емес, сонымен бірге өзара шарттылықпен болатын күрделі 
әрі алуан түрлі процесс ретінде түсіндіріледі. (А.Н. Аверьянов, Н.И. Жбанкова).
 
Оның мәні – бір-біріне әсер етуші субъектілер өзгерістерінің табиғи үйлесуі 
мен тікелей және кері әсердің үздіксіздігінен тұрады. Сонымен қатар өзара 
қарым-қатынас – толық, ішкі дифференцияланған, өздігінен дамитын жүйе 
болып табылады. (А.И. Уемов, Б.М. Кедров және т.б.). Басқарудың мәнін 
көрсететін өзара қарым-қатынастың бұл ұғымы, басқарушы мен бағынушының 
өзара өзгеруін бағамдайды. 
Соңғы нұсқадағы мектептегі басқаруды түсіндіру көбінесе шынайы 
басқарушылық тәжірибеге сәйкес келеді [80]. 
Ғалымдар басқару қызметінің бірнеше деңгейін қарастыру қажеттігін 
атап көрсетеді.
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет