3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Диссертациялық жұмыста келесідей мемлекеттік үлгі қалыптарға
сілтемелер жасалды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы: 1995 жылдың 30 тамызда
республикалық референдумда қабылданған.
Қазақстан Республикасының Заңы. Білім туралы: 2007 жылдың 27
шілдесі, №319-ІІІ қабылданған.
"Қазақстан–2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты (ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан).
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
Басқарма төрағасының Бұйрығы. Педагогтің кәсіби стандарты: 2017 жылдың 8
маусымда, №133 бекітілген.
Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Заңы. Педагог мәртебесі туралы: 2019
жылдың, 27 желтоқсаны, №293-VІ ҚРЗ.
4
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар
қолданылған:
Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты
– жоғары білім беру
құрылымын, мазмұнын және жоғары білімнің негізгі бағдарламаларының
көлемін анықтайтын құжат.
Университет
(лат. unіversіtas – жиынтық, жинақ) – жаратылыстану,
қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары
білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте
студенттер жан-жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән
ерекшелік – оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестіріле жүргізілуі.
Білім
– Білім (лат. scientia, ағылш. knowledge) – адамдардың белгілі бір
жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы.
Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: