Есеп №1 Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды



бет1/55
Дата18.04.2022
өлшемі107,16 Kb.
#31312
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
СС микрош рк1


Есеп № 1

Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды.

  1. Қандай микроорганизмнің болуын болжауға болады? Бұл микроорганизмнің патогенділігінің негізгі факторы қандай?

Тұқымдастығы:Streptococcaceae

Туыстастық аты Streptococcus.

Түрі:S. pyogenes,S.agalactiae, S. mitis, S. pneumoniae, S. mutans,

Патогенділік факторлары.М-нәруыз, капсула, липотейхой қышқылы,пептидогликан, экзотоксиндер, ферменттер. Құрылымы бойынша М-нәруыз грам-теріс бактериялардың кірпікшелеріне ұқсайды,шырышты қабаттардың эпителийлеріне адгезиялану процесіне қатысады. М-нәруыз стрептококтың жасушалық қабатындағы басқа беткейлік нәруыздармен кешенді түрде бірлесіп, комплементті иммундыглобулиндерді тосқауылдайды, антифагоцитарлық қасиетке ие болады. А және С тобындағы стерептококтардын капсуласы гиалурон қышқылынан, ал пневмококтардікі полисахаридтерден тұрады. Капсуланың антифагоцитарлық қасиеті бар, колонизациялық процестерге қатысады. Липотейхой қышқылы М-нәруызбен кешенді түрде стрептококтардың адгезиялануына әсер етеді, кардит, дәнекер тіндер мен бауырға уыттылықпен әсер етеді.

Стрептококтары (S. pyogenes) экзотоксиндердің үлкен тобын өндіреді: эритрогенин, стрептолизиндер, лейкоцидин, цитотоксиндер. Эритрогенин-суперантиген болып табылады, циптокиндердің мол шығуына әсер етеді, дене қызбасын, токсикалық шок синдромын қоздырады. Стрептолизин оттегіне төзімді, эритроциттерді лизистейді.Цитотоксиндер — жасушаларды зақымдайтын пептидтер.Нефритогенді штамдары

бүйрек тіндерін зақымдайтын цитотоксин бөліп шығарады.Стрептококтар гиалуронидаза, ДНҚ-аза, мурамидаза,стрептокиназа ферменттерінің үлкен арсеналына ие. Гиалуринадаза Дәнекер бұлшықеті бойынша стрептококтарды таратуға үлес қосатын инвазиялық фактор.Стрептокиназа фибриндік талшықтарды ерітуді белсендіреді. Стрептокиназа мен стрептодорназа қоспасын клиникада тамыр ішінде пайда болған қан ұйындысын ерітіп жіберу үшін пайдаланады.


  1. Бұл жағдайда диагностиканың қандай әдісі қолданылды және диагностиканың басқа қандай әдістерін қолдану керек?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет