Есеп №1 Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды



бет3/55
Дата18.04.2022
өлшемі107,16 Kb.
#31312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
СС микрош рк1

Бұл қоздырғыш-менингокок

Тұқымдас: Neisseriaceae

Туыс:Neisseria

Түр:Neisseria meningitidis,N. sicca, N. flavescens, N. muсоѕа,N. gonorrhoeae

Neisseria туыстастығына 10-нан астам түрлер кіреді, олардың ішінен 2 түрі (N. meningitidis және N. gonorrhoeae) адамдар үшін патогенді,қалғандары адамдар мен жануарлардың шырышты қабаттарының қалыпты микрофлорасы. Менингококтар — домалақ пішінді грам-теріс диплококтар. Қозғалмайды. Спора түзбейді. 4 типті пилилері болады. Табиғаты полисахаридті, нәзік капсула түзеді.



  1. Зерттеу үшін қандай материалды алу керек және зертханалық диагностиканың қандай әдістерін қолдану керек?

Зерттеуге алынатын заттар: қан, ликвор, жұтқыншақтың артқы қабатынан алынатын шырышты қан, сарысу. -Бактериологиялық әдіс негізгісі болып табылады.Зерттеу заттарын таңдау инфекцияның түріне байланысты, адам организмінен тыс жағдайда менингококтар шыдамсыз болатындықтан, алынған материалды зертханаға жылы контейнерлерде 35—37 °С-та тасымалдау керек.-Серологиялық зерттеу қосымша әдіс болып табылады. Ол НФТ және коагглютинациялық реакцияның көмегімен ликворда және несепте спецификалық антигендерді анықтауға және қос сарысуларда спецификалық антиденелерді табуға бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет