2. Аурудың қоздырғышын анықтау үшін зерттелетін материалдан микропрепараттарды бояудың қандай әдістерін қолдану керек? Дифтерияның спецификалық және спецификалық емес алдын алу.
Микроб жасушасының цитоплазмасына қарағанда волютин дəні аминдік бояғыштарды күштірек қабылдайды. Метахромазия нәтижесінде олар ерекше түске боялады. Волютин дәндерін препаратты Леффлер бойынша метилендік көкпен және Нейссер әдісімен бояу кезінде анықтайды.Люминисцентті микроскопта коринофосфинмен бояп қарағанда
Дәндері қызғылт-сары түске, ал бактерия денесі сарғыш-жасыл түске боялады. Грам әдісі бойынша волютин дәндері табылмайды.
Спецификалық:Дифтериялық гистотоксинді бейтараптандыру үшін спецификалық антидифтериялық жылқы сарысуын қолданады.Дифтерияға күмәнді жағдайда антидифтериялық спецификалық сары-сумен емдеуді бірден бастайды, өйткені, антиденелер тіндерге сіңген токсинді бейтараптай алмайды.Ауру басталғанан 3 күн өткенен кейін сарысу енгізудің ешқандай пайдасы жоқ.Дифтерияға қарсы жылқы сарысуын енгізуден басқа емдеу мақсатында адамдардан алынған антидифтериялық иммундыглобуминді қолданады. Дифтерияға қарсы емдік вакцина «Ко-Дивак» жасалған, ол дифтериялық таяқшаның дезинтегратынан тұрады.Дифтерияға қарсы антитоксиндік сарысумен қатар науқасқа анти-
биотиктермен этиотропты емдеу тағайындау керек.Дифтерияның специфaкалық профилактикасы үшін дифтериялық анатоксинді қолданады, ол келесі ассоциацияланған вакциналардың құрамына кіреді: адсорбцияланған көкжөтел + күл + сіреспелік вакцина
(АКДС-вакцина)адсорбцияланған көкжөтел-дифтерия-сіреспе вакцинасы, (АДС-анатоксин), антигендік құрамына саны азайтылған адсорбцияланған күл + сіреспелік анатоксин (АДС-М-анатоксин, онын франциялық аналогы Имoвaкc Д. Т. Адюльт), антигені азайтылған адсорбцияланған дифтериялық анатоксин (АД-М-анатоксин) және басқалары.Егу күнтізбегіне сәйкес антигендік тұрғыдан толыққұнды препараттар (АКДС, АДС, тетракок және басқалары) енгізудің нәтижесінде балаларда базалық иммунитет қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |