Есеп №1 Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды


Қандай микроорганизмнің болуын болжауға болады? Осы микроорганизмнің патогендік факторларын сипаттаңыз?



бет31/55
Дата18.04.2022
өлшемі107,16 Kb.
#31312
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
Байланысты:
СС микрош рк1

Қандай микроорганизмнің болуын болжауға болады? Осы микроорганизмнің патогендік факторларын сипаттаңыз?

Тұқымдасы :Pseudomonadaceae

Туыстығы:Pseudominas

Түрі:P. aeruginosa

Патогенділік факторлары:P. aeruginosa-ның әр түрлі патогенділік факторлары бар, олар көк іріңдік инфекция дамуына қатысады. Солардың арасынан ең маңыздылары деп келесі факторларды атауға болады.Адгезиялық және колонизациялық факторлар IV типті пилилер (фимбриялар және P. aeruginosa-ның жасушадан тыстық (экстрацеллюлярлық) шырышы.Токсиндерi. P. aeruginosa-ның жасушалық қабатының сыртқы мембранасының ЛПС-і эндотоксиндік қасиетке ие және ол дене қызбасы,олигоурия, лейкопения дамуына қатысады.

Көк ірің таяқшасының А экзотоксині цитотоксин болып табылады, олжасушалар мен тіндерде нәруыз синтезделуін басып тастау нәтижесінде жасушалық метоболизмнің терең бұзылыстарын қоздырады. Дифтериялық токсин секілді ол АДФ-рибозилтрансфераза болып табылады. Ол EF-2 элонгациялау факторын ингибирлейді, сондықтан нәруыз синтезделуінің бұзылысын қоздырады. Сонымен қатар, экзотоксин А протеазамен бірге иммундыглубулиндердің синтезделуін тежейді және нейтропенияны қоздырады. Экзотоксин А протоксин тәріздес

белсенусіз түрде өндіріледі, организмдегі әр түрлі ферменттердің қатысуымен белсенділігі күшейеді. Экотоксин А протективті қасиетке ие, яғни, оған қарсы пайда болған антиденелер иесінің жасушаларын оның зақымдаушы әсерінен қорғайды және бактериемиямен және көк

іріндік сепсис дамуына кедергі жасайды.Экзотоксин S (экзоэнзим S) көк ірің таяқшасының жоғарғы вирулентті штамдарында ғана табылады. Оның жасушаға зақымданушы әсер етуінің механизмі әзірге айқын емес, дегенмен, көкірің таяқшасының ЭКЗЭНЗИМ S-өндіруші шатамдарын қоздырған инфекциялар жиірек өлім-жітіммен аяқталатыны белгілі болды. А және S экотоксиндер фагоциттердің белсенділігін бұзады.Лейкоцидин да адам канның гранулоциттеріне айқын улы әсер ететін цитотоксин болып табылады.Энтеротоксин және өткізгіштік факторлар көк іріңдік инфекцияның ішектік түрі кезінде жергілікті тіндік зақымданулар дамуында тиісті қызмет атқарады, нәтижесінде су-тұзды алмасу бұзылысқа ұшырайды.Агрессиялық ферменттер. P. aeruginosa гемолизінің екі типін өндіреді:термолабилді фосфолипаза С және термостабильді гликолипид. Фосфолипаза С өкпенің альвеолярлық беткейлеріндегі сурфактанттардың құрамындағы фосфолипидтарды бұзады, нәтижесінде респираторлы арнаның патологиялары кезінде ателектаздар (бронхоэктаздар) дамуын Нейраминидаза да көк іріңдік этиологиясы бар өкпе бронхылық аурулардың және муковисцидоздың патогенезінде маңызды рөл атқарады, өйткені респираторлы арна муцинін колонизациялауға қатысады.Эластаза және де көк ірің таяқшасының басқа протеолитикалық

ферменттері және экзотоксин А қан кету (геморрагиялар), көз ауруларын, пневмония, көк іріңдік септицемия кезінде зақымданған ошақтарда тіндердің деструкциясын және өлі еттенуін (некроз) қоздырады.қоздырады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет