Сурет 4. Эйлер әдісі бойынша реакцияның графигі
Сурет 5. Рунге-Кутта әдісі бойынша реакцияның графигі
Сурет 6. Екі әдістің айырмашылығының графигі
ҚОРЫТЫНДЫ
Орта мектепте жаратылыстану пәндерінде математикалық есептерді модельдеу оқытудың ғылыми және әдістемелік негіздері мәселесін теориялық зерттеу және практикалық мазмұнды жұмыстар жүргізу нәтижесінде төмендегідей қорытынды және ұсыныстар шығады:
Орта мектепте Жаратылыстану пәндерінде математикалық есептерді модельдеу: математиканың қолдануларының әртүрлі аспектілі математикалық моделін құрастыруға, оны зерттеуге қалыптастыратындығын, оқуға деген қызығушылық, практикалық жұмысқа деген шығармашылық білім, білік дағды қалыптасатындығын, әр түрлі пәндер арасында байланыс пен қолданбалылығы оқушыларға еңбек іс-әрекетін таңдауда үлкен әсерін тигізетіндігі айқындалды.
Жаратылыстану пәндерінде математикалық есептерді модельдеу ұғымдарын енгізу мен қалыптастыруды бастауыш сыныпта функционалдық тәуелділік ұғымына алдын-ала дайындықты жетілдіру, оқушылардың бейнелік ойлауын дамыту, пәнішілік байланыстарды ескеру, пәнаралық байланысты тұрақты түрде жүзеге асыру, қолданбалылық бағытын ашу мектеп математика курсында математикалық анализ элементтерін оқытудың әдістемелік негізі болады.
Жаратылыстану пәндерінде математикалық есептерді модельдеу алгебра мен геометрияны оқытуда қолдану, яғни пәнішілік байланыс орнату білім беру тиімділігін арттырудың негізгі тірегі ретінде қарастырылды.
Жаратылыстану пәндерінде математикалық есептерді модельдеу оқытуда пәнаралық байланысты тұрақты түрде жүзеге асыру танымдық қызмет белсендірілігін арттырып, ойлаудың диалектикалық стилін дамытуға нәтижелі әсерін тигізеді. Осыған байланысты «Жаратылыстану пәндерінде математикалық есептерді модельдеу» әдістемелік құралы әзірленді.
Күнделікті өмір талабына сай мазмұнда оқыту, практикалық мазмұнды есептерді шығару, практикамен жақындасуы, математикалық анализ элементтерін оқытуды тиянақтап, қайталап, бекітуге мүмкіндік туғызады.
Орта мектепте Жаратылыстану пәндерінде математикалық есептерді модельдеу оқыту әдістемесін жетілдіру бағытындағы таңдау және қолданбалы курстар, математикадан сыныптан тыс жұмыстар математиканы оқыту әдістемесінің жалпы деңгейін жетілдіреді, көтереді.
Дайындаған:_______ Ағзам Э.Б.
Тексерген:_________ Жолымбаев О.М.
Достарыңызбен бөлісу: |