. Химиялық концентрацияға байланысты мәселе есептер
15 литр 10%-тік тұз ерітіндісіне 5%-тік тұз ерітіндісі араластырылып, 8%-тік ерітінді алынған. Қанша литр 5%-тік ерітінді қосылған?
Жауабы: 10 л
20 литр 15%-тік тұз ерітіндісіне 10%-тік тұз ерітіндісі араластырылып, 14%-тік ерітінді алынған. Қанша литр 10%-тік ерітінді қосылған?
Жауабы: 5 л
30 литр 20%-тік тұз ерітіндісіне 15%-тік тұз ерітіндісі араластырылып, 18%-тік ерітінді алынған. Қанша литр 15%-тік ерітінді қосылған?
Жауабы: 20 л
30 литр 30%-тік тұз ерітіндісіне 20%-тік тұз ерітіндісі араластырылып, 26%-тік ерітінді алынған. Қанша литр 20%-тік ерітінді қосылған?
Жауабы: 20 л
50%-тік қышқыл ерітіндісін алу үшін 30 г 15%-тік қышқыл ерітіндісіне 75%-тік сол қышқыл ерітіндісін қосу керек. Қосатын 75%-тік қышқыл ерітіндісінің мөлшерін табыңыз.
Жауабы: 42 г
20%-тік қышқыл ерітіндісін алу үшін 40 г 15%-тік қышқыл ерітіндісіне 40%-тік сол қышқыл ерітіндісін қосу керек. Қосатын 40%-тік қышқыл ерітіндісінің мөлшерін табыңыз.
Жауабы: 10 г
12%-тік қышқыл ерітіндісін алу үшін 30 г 10%-тік қышқыл ерітіндісіне 15%-тік сол қышқыл ерітіндісін қосу керек. Қосатын 15%-тік қышқыл ерітіндісінің мөлшерін табыңыз.
Жауабы: 20 г
Теңіз суының құрамында 5% тұз бар (массасы бойынша). 80 кг теңіз суына, ондағы тұздың мөлшері 4% болу үшін қанша тұщы су құю керек?
Жауабы: 20 кг.
Теңіз суының құрамында 20% тұз бар (массасы бойынша). 40 кг теңіз суына, ондағы тұздың мөлшері 16% болу үшін қанша тұщы су құю керек?
Жауабы: 10 кг.
Теңіз суының құрамында 10% тұз бар (массасы бойынша). 60 кг теңіз суына, ондағы тұздың мөлшері 6% болу үшін қанша тұщы су құю керек?
Жауабы: 40 кг.
36 кг мыс пен мырыш қорытпасының 45%-і мыс. Қорытпада 60%-тік мыс болу үшін, қорытпаға қанша мыс қосу керек?
Жауабы: 13,5 кг
50 кг мыс пен мырыш қорытпасының 12%-і мыс. Қорытпада 20%-тік мыс болу үшін, қорытпаға қанша мыс қосу керек?
Жауабы: 5 кг
22 кг мыс пен мырыш қорытпасының 5%-і мыс. Қорытпада 16,4%-тік мыс болу үшін, қорытпаға қанша мыс қосу керек?
Жауабы: 3 кг
20 кг кептірілмеген саңырауқұлақтың құрамында 40% су бар. Саңырауқұлақтың құрамындағы судың мөлшері 20% болуы үшін неше кг суды буландыру керек? Жауабы: 5 кг
30 кг кептірілмеген саңырауқұлақтың құрамында 20% су бар. Саңырауқұлақтың құрамындағы судың мөлшері 4% болуы үшін неше кг суды буландыру керек? Жауабы: 5 кг
50 кг кептірілмеген саңырауқұлақтың құрамында 30% су бар. Саңырауқұлақтың құрамындағы судың мөлшері 12,5% болуы үшін неше кг суды буландыру керек? Жауабы: 10 кг
Құрамындағы йод 1% болатын 300 г спирт бар. Құрамындағы йод 10%-тен аспайтын болу үшін осы спиртке қанша грамм йод қажет?
Жауабы: 0
Бір ерітіндіде 30% (көлемі бойынша) азот қышқылы, ал екіншісінде 55% азот қышқылы бар. 50%-тік 100 литр азот қышқылының ерітіндісін алу үшін, бірінші және екінші ерітінділерден қаншадан алуымыз керек?
Жауабы: 20 л; 80 л
Құрамында никель 5% және 40% болатын екі сорт болат сынақтары бар. Құрамында 30%никелі бар 140 т болат алу үшін әр сорттан қанша болат алу керек?
Жауабы: 40 т; 100 т
Алтын мен күмістің екі балқымасы бар. Бір балқымадығы бұл металдардың мөлшері 2:3 қатынасындай да, ал екіншісінде 3:7 қатынасындай. Алтын мен күміс 5:11 қатынасында енетіндей 8 кг жаңа балқыма шығарып алу үшін, әр балқымадан қанша алу керек?
Жауабы: 1; 7
Бір бөшкеде спирт пен судың қоспасы 2:3 қатынасындай, ал екіншісі 3:7 қатынасындай. Спирт пен су 3:5 қатынасында енетіндей 12 шелек қоспа алу үшін, әр бөшкеден қанша шелектен алу керек?
Жауабы: 9; 3
Алтын мен күмістің екі балқымасы бар. Бір балқымадығы бұл металдардың мөлшері 3:7 қатынасындай да, ал екіншісінде 3:1 қатынасындай. Алтын мен күміс 3:5 қатынасында енетіндей 24 кг жаңа балқыма шығарып алу үшін, әр балқымадан қанша алу керек?
Жауабы: 20; 4
Алтын мен күмістің екі балқымасы бар. Бір балқымадығы бұл металдардың мөлшері 3:4 қатынасындай да, ал екіншісінде 2:3 қатынасындай. Алтын мен күміс 5:7 қатынасында енетіндей 36 кг жаңа балқыма шығарып алу үшін, әр балқымадан қанша алу керек?
Жауабы: 21; 15
Металдардың суда салмағы өзгеретіні белгілі. 36 г мырыштың судағы салмағы 31 г, ал 23 г қорғасынның судағы салмағы 21 г болды. Массасы 292 грамнан тұратын мырыш пен қорғасынның қорытындысының судағы салмағы 261г. Қорытпада қанша мырыш және қорғасын бар екенін табыңыз.
Жауабы: 108 г мырыш және 184 г қорғасын
Достарыңызбен бөлісу: |