Есеп және аудит кафедрасы


Топтау әдісі және статистикалық әдістердегі оның алатын орны



бет2/3
Дата16.01.2023
өлшемі42,61 Kb.
#61424
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
2 апта дәріс Статистика Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау (3)

Топтау әдісі және статистикалық әдістердегі оның алатын орны.
Топтау деп зерттеліп отырған жиынтықтың бірліктерін өздеріне тән белгілері бойынша біртекті топтар мен топшаларға бөлуді айтады.
Статистикалық топтау әдісінің көмегімен келесі міндеттер шешіледі:
-құбылыстардың әлеуметтік-экономикалық типтерін анықтау;
- құбылыстардың құрамы мен құрылымдық қозғалыстарын оқып зерттеу;
-құбылыстар арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді анықтау.

Аталған міндеттерге сәйкес топтаудың келесідегідей түрлері ажыратылады: типтік, құрылымдық және талдаулық.
Типтік топтау-әр түрлі жиынтықты біртекті сапалы жеке топтарға бөліп, құбылыстардың экономикалық типін анықтау.
Құрылымдық топтау- қандай да бір вариацияланатын белгісі бойынша біртекті жиынтық құрамын зерттейді.
Талдаулық топтау- зерттеліп отырған белгілер мен құбылыстар арасындағы өзара байланыстарды анықтайды.
Статистикада белгілерді факторлық және нәтижелік деп бөледі. Факторлық белгілер нәтижелік белгілердің өзгеруіне әсерін тигізеді. Факторлық белгілердің өзгеруіне байланысты болатын белгілер нәтижелік деп аталады.
Топтар бір белгісі бойынша құрылған болса, ол қарапайым топтау деп аталады.
Жиынтықты бір немесе бірнеше белгісі бойынша топтарға бөлуді күрделі топтау дейді.
Топтау белгісі деп жиынтықтың бірліктерін жеке топтарға бөлуді айтады.
Егер топтаудың негізінде үзілмейтін сандық белгі болса, жеке топтардың сандық шекаралары-топтаудың ара қашықтықтары туралы сұрақ туындайды.
Ара қашықтықтар тең немесе тең емес болуы мүмкін. Соңғысы өсуі және кемуі бойынша ара қашықтық деп бөлінеді. Ара қашықтықтар ашық және жабық болуы мүмкін. Тең ара қашықтықтар жиынтық ішіндегі белгінің өзгеруі біркелкі болғанда қолданылады. Ара қашықтықтар тең болғанда, шама келесі формуламен есептеледі:


,
Мұндағы , -жиынтық белгісінің ең үлкен мәні;
- жиынтық белгісінің ең кіші мәні;
n-топ саны.
Қарапайым топтау ішінде статистикалық бөлу қатарының орны ерекше.
Бөлу қатары-топтарды (белгінің мағынасы бойынша реттелген, яғни ранжирленген) сипаттау үшін бір көрсеткіш-топ санының қолданылуын атайды.
Атрибуттық белгісі бойынша құрылған қатарлар атрибутты бөлу қатары деп аталады.
Сандық белгісі бойынша құрылған қатар вариациялық қатар деп атайды.
Вариациялық қатар екі элементтен: варианта және жиіліктен тұрады.
Бөлу қатарындағы сандық белгінің реттелген мағынасы варианта деп аталады. Оның мағынасы оң немесе теріс, абсолютті немесе қатысты болуы мүмкін.
Жиілік –бұл абсолютті сан, ол вариациялық қатардағы вариантаның неше рет кездесетінін көрсетеді. Оларды сол сияқты салмақ деп те атайды. Барлық жиіліктердің қосындысы жиынтықтың көлемі деп аталады, және барлық жиынтықтағы бірліктер санын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет