С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті
Математика кафедрасы
ЕСЕП
психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибе бойынша (іс-тәжірибе түрі)
6В010900 – «Математика» БББ бойынша
ҚБТ қолдануымен ЖБ негізінде күндізгі оқу түрі 1 курс білім алушысы
Абылхакова Ажар Мураткановна (білім алушының А.Ә.Т.)
Іс-тәжірибе өткен орны:
Үржар ауылы «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ (Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы)
Іс-тәжірибе мерзімі:
2020 ж. «30» қарашадан бастап 2020 ж. «11» желтоқсанына дейін
Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) іс-тәжірибе жетекшісі:
Буламбаев Ерлан Турсынгазыевич, 9 «А» сыныбының сынып жетекшісі/пән мұғалімі _________________
(А.Ә.Т., лауазымы) (Қолы)
М.О.
С.Аманжолов атындағы ШҚУ
психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибе жетекшісі ____________________ Аубакирова Айнур Давлеткановна
(қолы) Қорытынды баға: _____________
Өскемен, 2020 ж.
Педагогикалық іс-тәжірибе бойынша есеп
Педагогикалық іс-тәжірибе болашақ мамандар үшін оқу үрдісінің маңызды бөлімі болып саналады. Мен ағымдағы жылдың 30-қарашасы мен 11-желтоқсан аралығында Үржар ауылы «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ-нде психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеден өттім.
Үржар ауылы «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ – қазақ мектебі. Мектепте барлығы 650 оқушы білім алуда.
Менің тәжірибемнің мақсаттары мен міндеттері:
- университетте оқу кезінде математика пәні бойынша және педагогика мен психология бойынша меңгеріп жатқан теориялық білімімнің практикада қалай қолданылатынын көру, бекіту және менің кәсіби қалыптасуыма ықпал ететін дағдылар мен қасиеттерді қалыптастыру;
- сабақтарға қатыса отырып мұғалімінің кәсіби міндеттерін орындауға қажет дағдыларды қалыптастыру, іс-тәжірибе жинақтау (теориялық білім негізінде педагогикалық дағды мен құзіреттілікті қалыптастыру);
- мектепте оқытылатын математика пәнінің ерекшелігін ескере отырып, білім беру үдерісін жүзеге асырудың кәсіби құзыреттілігін көре отырып, түсіну, болашақта кәсіби міндеттерімді орындау үшін кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыру және бекіту;
- сабақтарға, сынып сағаттарына қатысып, психологиялық-педагогикалық талдау жасау;
- оқушыға психологиялық мінездеме беруді үйрену;
- іс-тәжірибеден өту кезіндегі есеп күнделігін және басқа да есептік құжаттарды дайындап үйрену.
Іс-тәжірибеден өту барысында алған қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді деп ойлаймын.
Іс-тәжірибеден өту барысында отандық телеарналарда өткен математика, алгебра, геометрия сабақтарының көрсетілімдерін күнделікті бақылап, қатысып отырдым. Бірақ теледидардан өтетін сабақтардың бір кемшілігі, кең көлемді материал өте аз уақытта беріледі, әртүрлі сабақтар арасында бірінен екіншісіне назарларын аудару қиындық тудырады және оқушылар жаңа тақырыптарды меңгеріп үлгермей жатады. Телеарнадағы сабақтарда көрнекіліктер пайдаланылғанымен, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс әлсіз болатын сияқты. Бұл сабақтар мектеп мұғалімдеріне тек көмекші материал ретінде ғана пайдалы деп ойлаймын. Сондықтан теледидардан көрген сабаққа емес, қашықтықтан оқыту кезі болса да, оқушылар қатысып, жауап беріп, тапсырма орындап отырған шынайы сабаққа талдау жасауды жөн көрдім.
Іс-тәжірибе барысында «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі әрі сынып жетекші Буламбаев Ерлан Турсынгазыевичпен танысып, іс-әрекетін, атқаратын жұмыстарын бақылап, зерделедім. Практика уақытында Ерлан Турсынгазыевичтың барлық сабақ беретін сыныптарындағы пән бойынша жоспарларымен танысып, WhatsApp мессенджері арқылы сабақтарына қатыстым, 9-сыныпта өткен алгебра сабағына талдау жасадым. Сабақтарға қатыса отырып мыналарды байқадым:
сабақтың мазмұны стандарт талаптарына сәйкес келді;
мұғалімнің қойған мақсаты бағдарлама талаптарына, материал мазмұнына, білім алушылардың білімі мен іскерлігінің қажетті деңгейіне сәйкес болды;
сабақтың нәтижелері мұғалім қойған сабақтың мақсатына сәйкес келді;
мұғалімнің көмегімен балалар сабақтың міндеттерін қоюға, оларды жүзеге асыру жолдары мен түпкілікті нәтижеге жақындады;
сабақ мұғалім ұсынған жоспарға сәйкес құрылған;
сабақтың қарқыны оқушылар үшін оңтайлы;
сабақтың барлық кезеңдері оқушылардың өзіндік ойлауын, белсенді оқу әрекетін, танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға ықпал етті;
сабақтың құрылымы оқушылардың бұрын алған білімдерін қолдану қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
Сабақта АКТ қолдану (презентация) білім беру процесін жеделдетуге, сол арқылы балалардың жұмыс істеу қарқынын арттыруға мүмкіндік берді. Сыныптың барлық білім алушылары сабақта белсенді жұмысқа тартылды.
Балалардың зерттеу іс-әрекетінің әдісін қолдану мұғалімге сызықтық функцияның графигін салудан, оның орналасуын анықтау мәселесіне оңай ауысуға мүмкіндік берді. Жаңа материалды зерделеу кезінде проблемалық оқыту элементтері бар түсіндірме-иллюстрациялық әдіс қолданылды. Сабақ сызықтық функцияның графигін зерттеу тақырыбына арналған интерактивті тақтада жобаланған презентация көмегімен жүзеге асырылды. Презентация проблемалық мәселелер негізінде құрылғаны байқалды. Физика пәнімен пәнаралық байланысты ұйымдастыру сабақтың құндылығын арттырды деп ойлаймын.
Сабақ барысында мұғалім оқушыларға көз жаттығуларын жасатып, дене бітімі туралы ескертулер жасады. Қашықтықтан оқып жатқан балаларға бұл өте пайдалы болды деп есептеймін. Сабақта жұмыс істеу кезінде мұғалім сөйлеу нормаларын сақтады, паразит сөздерді пайдаланған жоқ. Видеосабақ болмағандықтан мұғалімнің сырт бейнесіне баға беру мүмкіндігі болмады.
Мұғалімнің материалды түсіндіруі проблемалық мәселелерді қамтыды. Сабақ барысында ауызша жауап, дәптерге жазбаша жауап, карточкалармен жұмыс сияқты әдістер мен тәсілдер қолданылды, оқушылар тапсырма шарты бойынша сызбалар жасады, өз тұжырымдарын негіздеді.
Сабақты қорытындылау және рефлексия мақсатында оқушылар:
- Сабақтан не үйрене алдың?
- Сабақта қарастырылған материал түсінікті болды ма?
- Немен жұмыс жасау керек?
- Сабақта не ұнады?
- Не ұнамады? – сұрақтарына жауап берді.
Мұғалім оқушылардың сабақтағы жұмысына баға беріп, түсініктеме берді және үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқаулық өткізді. Сабақтың барлық кезеңдері өзара байланысты, логикалық дәйекті. Сабақтың басталуы мен аяқталуын ұйымдастыру байқалды.
Мектеп әкімшілігі тарапынан маған 9 «А» сыныбы бөлініп берілді. Бұл сынып өз ұйымшылдығымен, бірлігімен ерекшеленетін сынып екенін айтты. Сынып жетекшісі Буламбаев Ерлан Турсынгазыевичпен байланыс орнатып, сынып туралы, оқушылар жайлы ақпарат алдым, тәрбие жоспарымен таныстым.
9 «А» сыныбында барлығы 19 оқушы бар, оның ішінде 8 ұл, 11 қыз бала. Сыныптағы оқушылардың жастары 14 пен 15 жас аралығы. Сынып жекекшісімен тілдесу нәтижесінде сынып жайлы жақсы пікір қалыптастырдым. Жалпы алғанда сыныптың оқушылары жауапкершіліктері қалыптасқан, ұжымдық, топтық, жұптық жұмыстарды орындап, бағалау әрекеттерін орындай алатын жағдайда. Сынып оқушылары өте белсенді, өнерлі оқушылар да бар екен. Оқушылар бір-бірімен өте тату, бір-біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Сынып оқушыларының барлық пән мұғалімдерімен қарым-қатынасы жақсы, өздерін ұстау мәдениеттері жоғары.
Осы сыныпта өткен екі тәрбие сағатына қатыстым. Соның бірі - 1 желтоқсанда аталып өтетін Тұңғыш президент күніне арналған сынып сағаты болды. Сол сынып сағатына талдау жасауды жөн көрдім.
Сынып сағаты «Ел таңдаған Елбасы» деп аталып, Тұңғыш Президент күніне орайластырылған.
Сынып сағатына сынып жетекшісінің де, оқушылардың да дайындықтары жақсы. Сынып сағаты Зум бағдарламасы арқылы өтті. Оқушылар сынып сағатына уақытынан кешікпей қосылды, мектеп формасын сақталған. Екі жақ та аса жауапкершілікпен қарағаны басталғаннан-ақ көрініп тұрды. Мұғалім презентация жасап, оқушылар да белсенділік танытып, білімдерін ортаға салып отырды.
Сынып жетекшісі сынып сағаты барысында өзін-өзі сенімді ұстады, оқушылардың көңілін өзіне қарата алды, сынып сағатының мақсатын және міндеттерін оқушылардың алдында нақтылап айтып, ашып бере алды.
Сынып сағатының мазмұны оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болды. Сынып жетекшісі алдын ала оқушыларды екі топқа бөліп қойған екен. Оқушылар «Географиялық эрудит», «Мен Мемлекеттік рәміздерді білемін», «Сіз өз еліңіз туралы не білесіз?» деген бөлімдерден тұратын викторинада Қазақстан туралы сұрақтарға жауап беріп бақтарын сынады. Сынып сағаты қашықтықтан өткеніне қарамастан оқушылардың белсенділігі өте жоғары болды. Кейін Елбасымыздың балалық және жастық шағы, еңбек жолы туралы презентация тамашалады. Кейін президент болу үшін, өз елінің лайықты азаматы болу үшін не істеу керек екендігі туралы ойларын ортаға салып, қорытынды жасады. Екі топтан бір-бір оқушы жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сынып сағатының соңында мұғалім жеңімпаздарды марапаттап, барлығын келе жатқан айтулы мерекемен құттықтады.
Сынып жетекшісінің көпжылдық ұстаздық еңбегінің нәтижесінде педагогикалық шеберлігі шыңдалған екендігі бірден көрініп тұрды. Оқушылармен қарым-қатынасы өте жақсы, оқушылар арасында сыйлы, сыпайы, салмақты, дауыс көтермейді, сырт бейнесі эстетикалық нормаларға сай, берілген аз уақыттың өзін тиімді пайдаланды.
Сынып сағатын барысында сыныпта ынтымақтастық, өзара көмек атмосферасы орнады және балалар еркін, өз ойлары мен болжамдарын ашық айта алды. Іс-шара үлкен танымдық, тәрбиелік және дамытушылық мәнге ие деп санаймын, іс-шараның мақсатына қол жеткізілді. Оқушылар еліміз туралы, Тұңғыш Президентіміз туралы көп мәліметтерді білді, оқушыларға елбасымыздың ел үшін жасаған ерен еңбегі жайында да сөз қозғалды. Оқушылар болашақта да өз Отанына құрметпен қарап, өз елінде болып жатқан оқиғаларды бақылауға тырысады деген ойдамын. Оқушыларға тәрбиелік мәні зор мәліметтер айтылып, оларды патриоттыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында тақырып толық ашылып баяндалды.
Сынып жетекшісінің жұмысын жетілдіру бойынша нұсқаулар жоқ. Сынып сағатында оқушылардың ұжым болып қалыптасқаны, бір-біріне деген достық көңілдері көрінді. Қашықтан оқыту кезінде интернеттің жылдамдығына байланысты біраз қиыншылықтар туды. Бір-екі оқушыда байланыс нашарлау болды. Бұл презентация көрсету кезінде және оқушыларға жауап беруде қиындық туғызып, оқушыларды тең емес жағдайға қалдырды. Жалпы алғанда, сынып сағаты жоғары деңгейде өтті деп айтуға болады.
Педагогикалық практика үрлісінде игерілген білім, іскерлік және дағдылар:
- қазіргі меңгеріп жатқан теориялық білімімнің практикада қалай қолданылатынын көрдім;
- сабақтарға қатыса отырып мұғалімінің кәсіби міндеттерін орындауға қажет дағдыларды қалыптастырдым, іс-тәжірибе жинақтадым, құзіреттіліктер қалыптастырдым, мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін көріп, оған баға бердім.
- мектепте оқытылатын математика пәнінің ерекшелігін түсіндім, болашақта кәсіби міндеттерімді орындау үшін кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастырдым;
- сабақтарға, сынып сағаттарына қатысып, психологиялық-педагогикалық талдау жасауды үйрендім;
- оқушыға психологиялық мінездеме беруді үйрендім;
- іс-тәжірибеден өту кезіндегі есеп күнделігін және басқа да есептік құжаттарды дайындауды үйрендім.
Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымның практикантқа деген қарым-қатынасы өте жақсы. Практика басталған күннен бастап, олар практикаға қажетті ақпаратпен, құжаттармен бөлісті, кеңестер берді және өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибе болашақ педагогтың жеке басын қалыптастыруда өте маңызды деп санаймын. Теориялық алған білім сол білімді қолдануды үйренумен ұштасуы қажет. Тәжірибемен бекітілген теория әрқашанда тиімді болады. Болашақ педагог мамандардың педагогикалық қызметті меңгеруі тек теориялық оқу мен практикалық тәжірибе өзара байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асады. Кәсіби компоненттердің іскерлігі мен дағдыларын теорияны ғана, яғни өткен ұрпақтың жинаған тәжірибесін, оқи отырып қалыптастыру мүмкін емес.
Студенттердің іс-тәжірибесі жоғары оқу орындарында теориялық оқу барысында алған білімін нығайтуға және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруге бағытталады.
Педагогикалық практикадан өту кезінде студент-практикант қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды.
Педагогикалық практика болашақ мамандардың кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақ педагогтардың кәсіби қалыптасуында үлкен және маңызды рөл атқарады. Практикадан өту барысында студенттердің теориялық білімдері тереңдетіледі, кеңейеді, нығайтылады. Студенттердің кәсіби білік-дағдылары мен кәсіби-тұлғалық қабілеттері қалыптасып, педагогикалық ойлауы, шығармашылық белсенділігі мен дербестігі дамиды.
Қазіргі шектеу шаралары уақытында практика өту өте қиын болды. Себебі, біріншіден, жолдама берілмеген себепті мектеп әкімшілігі тарапынан түсініспеушіліктер туындады, екіншіден, оқушыларды қашықтықтан танып білу оңай емес болса да, уақыт өте аз бөлінген, үшіншіден, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен сабақтардың тәжірибе жинаудағы маңызы мектептегі сабақтармен салыстырғанда анағұрлым аз болды деп ойлаймын.
Заманауи педагог өзгермелі әлеуметтік жағдайда тез бейімделіп, ойлау қабылеті жоғары, педагогикалық жүйенің болашағын дұрыс жоспарлап, кәсіби іс-әрекетінің жеке-шығармашылық стилін құруға бағытталған, оқушылармен серіктестік құруға дайын тұлға болуы керек. Сондықтан, қандай жағдай болмасын, ең алдымен, өзгерістерді қабылдай алатын, өзгерістерге тез бейімделетін, өзгеруге икемді тұлға болуы керек.