Бағалау туралы жалпы түсінік Орындаған: Убайдулла Г. К



Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21051
Байланысты:
бағалау

Бағалау туралы жалпы түсінік

Орындаған: Убайдулла Г.К.

Жоспары:

  • Бағалаудың тарихы.
  • Бағалаудың түрлері.

Бағалау тарихы

  • Бағалаудың алғашқы жүйесі Германияда пайда болған. Ол үш ұпайдан тұрған, әрқайсысы разрядтарды білдірген. Осы разрядтар бойынша оқушылар үздіктер, орташалар және нашарларға бөлінген. Уақыт өте орташа разрядты екі класқа бөледі, өйткені оқушылардың көпшілігі осы разрядта болған. Осылай бес ұпайлық шкала пайда болған.
  • Ресейде алғашқы рет 1737 жылдан бастап білімді бағалай бастаған. Бағалар ол кезде сөздік түрде, «жақсы-жаман» ұғымдары шеңберінде болған. Кейінгі уақыттарда ресейлік бағалау 3-, 5-, 8-, 10-, 12-ұпайлық жүйеден өткен.
  • 1939 жылы сөздік бағалау қайта оралды, «қанағаттанарлықсыз» , «қанағаттанарлық» , «жақсы» , «үздік» бағалары қойыла басталды. 1944 жылы ол сөздерге үйреншікті 1 -ден 5 -ке дейінгі ұпайлар қосылды. Осылай 5 -ұпайлық бағалау жүйесі заңды түрде енгізіліп, бүкіл совет дәуірінде мүлдем жаңартылмады.

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАМАНАУИ БАҒАЛАУ

  • Белоруссияда 2003 жылдан бастап 10 -ұпайлық бағалау жүйесі енгізілген. Молдова, Латвияда да 10 -ұпайлық жүйе, Украинада – 12 -ұпайлық бағалау. 10, 11, 12 ұпайларына оқитын бала бұл жерде үздік болып танылып, мектепті бітіруде алтын медальмен марапатталады. Польшада оқушылар 6 ұпаймен бағаланады.
  • Жапонияның бағалау жүйесі өте қызық. Мұнда 100 -ұпайлық жүйе, бірақ оқушының білім деңгейі жеке бағаланбайды. Тоқсан соңында бүкіл сыныпқа білім сапасының жалпы пайызы мен үлгерімнің орта ұпайы шығарылады. Бірақ соңғы кезде мұндай бағалау шынайы емес деген көптеген пікірлер айтылуда, сондықтан жуырда жапондықтар бұл бағалау жүйесінен бас тартуы мүмкін.

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАМАНАУИ БАҒАЛАУ

  • Францияда 20 -ұпайлық шкала бойынша оқиды, бірақ ең жоғарғы ұпай бұл жерде – 18 ұпай. Француздардың түсінігі бойынша 20 ұпайды тек Алла тағала жинай алса, 19 ұпайды мұғалім мырза жинай алады екен. 14 -16 ұпай керемет нәтиже болып табылады. Француздік жақсы оқитын оқушылардың көпшілігі 10 -нан 12 -14 ұпайға дейін жинайды екен
  • Ұлыбританияда цифрлік бағалаудың орнына сөздік бағалау жүзеге асырылады. Бұл оқушының жұмысын толық және жан-жақты сипаттауға мүмкіндік береді. Бағалау формасының үлгісі: Оқушының аты-жөні. Оқу пәні. Толтыру күні. Сипатталып жатқан уақыт мерзімі (1, 4 немесе 12 апта). Пән бойынша оқушы үлгерімінің жалпы сипаттамасы – мұғалімнің жан-жақты пікірі

Бағалау түрлері

Диагностикалық бағалау – бұл оқушының білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктері қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдеттегідей оқу жылының басында немесе жаңа тақырыптың, бөлімнің, тараудың бірінші сабағында өткізіледі

.

Диагностикалық бағалау – бұл оқушының білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктері қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдеттегідей оқу жылының басында немесе жаңа тақырыптың, бөлімнің, тараудың бірінші сабағында өткізіледі.

Кері байланыс – бұл мақсатқа алып баратын нақты әрекеттер, жағдайлар туралы пікірлерді (комментарийлерді) беру және алу үдерісі. Кері байланыс мұғалімге оқыту үдерісі қалай жүріп жатқаны туралы, оқушылардың жетістіктері мен проблемалары туралы түсінік береді. Кері байланыс екі түрде өтеді:

  • ауызша;
  • жазбаша.

Талаптары:

  • Нақты, түсінікті, дер кезінде және тақырып бойынша болуы тиіс.
  • Жетістіктер мен кемшіліктер туралы ақпараттандыруы керек.
  • Бірін-бірі сыйлау жағдайында өтуі керек.
  • Оқушыға дұрыс жауап беруге, қателерді түзетуге немесе ойлау бағытын өзгертуге уақыт берілуі керек.
  • Жетістікті қамтамасыз етуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет