Есептердің шығарылу тәсілдері (жолдары)



бет3/3
Дата21.09.2022
өлшемі23,77 Kb.
#39782
1   2   3
Байланысты:
Есептердің шығарылу тәсілдері (жолдары).

ІІ тәсіл.

  1. Егер аз санға 15-ті қосса, екі сан тең болады. Қосындысы да 15-ке көбейеді. Сонда екі санның қосындысы 57+15=72 болады.

  2. Үлкен сан – 72:2=36

  3. Кіші сан 36-15=21

Жауабы: 36; 21.
ІІІ тәсіл.
Х-бірінші сан, ал у – екінші сан болсын. Онда есептің шарты бойынша жүйе құрамыз.

Бұл жүйені қосу тәсілі арқылы шығарайық.
+
Жауабы: Бірінші сан – 36, екінші сан – 21 немесе (36; 21).
Осындай есептердің бірнешеуін көптеп келтіруге болар еді. Мақсатымыз осы төрт есеп арқылы қандай тәсілдің ең тиімді екенін түсіндіру болатын.
Өз бетінше шешуге арналған есептер.
№1. 5 қасық пен 2 кесенің бағасы бірдей, 6 қасық пен 1 кесе 34 теңге тұрады. Қасық мен кесенің бағасы қандай?
№2. 5 кг бал мен 8 кг майдың құны бірдей. 1 кг бал мен 2 кг май 900 теңге тұрады. 1 кг май қанша тұрады?
№3. 9 кг ұн мен 6 кг күріштің құны бірдей. 1 кг ұн 1 кг күріштен 14 теңгеге арзан. Күріш пен ұнның 1 кг-мы қанша тұрады?
№4. Дүкенге 3 кг-дық және 15 кг-дық тор дорбаға салынған картоп түсірілді. Барлығы 660 тор дорба 2,5 т болып шықты. Неше 3, неше 5 кг-дық тор дорба болған?

Осы берілген есептерді жоғарыдағы көрсетілген тәсілдермен шығарған соң, қай тәсілдің ең оңай, тиімді тәсіл екеніне көз жеткізесіңдер.


Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер ҰБТ-ға дайындалу кезінде осы айтылған тәсілдерді есеп шығару барысында пайдаға асыра білсеңдер мен мақсатыма жеттім деп есептеймін.
Білімді азамат болып, армандаған оқу орнына түсулеріңе тілектестігімді білдіремін.
Алматы облысы
Іле ауданы
Өтеген батыр кенті
«Прогресс» политехникалық колледжінің
математика пән оқытушысы
Маралбекова Шырайлы Арынқызы
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Математика. Жоғары оқу орындарына түсуші талапкерлерге арналған оқу құралы. Алматы 2009 ж

  2. Арифметика есептері. О.Беркімбаев, А.Беркімбаев. Алматы «Рауан» 1996 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет