Есептердің шығарылу тәсілдері (жолдары). Математика есептерінің шығарылу жолдары әр түрлі. Сондықтан оқушылар ҰБТ-ға дайындалғанда есептің ең тиімді тәсілін таңдай білуі және оны тез орындауға үйренуі тиіс. Осы мақсатта пайдасы тиер деген үмітпен есептердің шығару тәсілдерін ұсынып отырмын.
1-есеп. Етік мәсіден 3,5 есе қымбат тұрады. Ал екеуі 657 теңге тұрады. Әр қайсысы қанша тұрады?
І тәсіл. (Арифметикалық тәсіл)
Мәсі етіктен арзан болған соң, мәсінің бағасы 1 бөлік деп алайық. Сонда етіктің бағасы 3,5 бөлік құрайды. Ал етік пен мәсінің бағасы 1+3,5=4.5 бөлік болады.
Жауабы: Етік – 511 тг, мәсі – 146 тг тұрады.
ІІ тәсіл. (Алгебралық тәсіл) Алмастыру тәсілі. Шешуі: х тг – мәсінің, ал у тг – етіктің бағасы болсын. Онда есептің шарты бойынша жүйе құрамыз:
Жалпы жүйені шешудің үш тәсілі бар. Олар қосу, алмастыру және графиктік тәсілдер.
Бұл жүйені алмастыру тәсілімен шығарайық. (2) теңдеудегі у-тің мәнін (1) теңдеуге қойып х-ті табамыз, яғни
Жауабы Етік – 511 тг, мәсі – 146 тг тұрады немесе (146; 511)
ІІІ тәсіл. Қосу тәсілі.
Жауабы: Етік – 511 тг, мәсі – 146 тг тұрады.
2-есеп. 3 кг алма мен 2 кг өрік 96 теңге тұрады. Өріктің килограмы 2 теңгеге арзан. Алма мен өріктің бағалары қандай?
І тәсіл. 3 кг алмаға қанша артық төленді? 2×3=6 (тг)