ІІІ тәсіл (қосу тәсілі) Шешуі: х тг – алманың, у тг – өріктің бағасы болсын. Онда есептің шарты бойынша жүйе құрамыз да, жүйені қосу тәсілімен шығарайық.
Жауабы: (20;18).
3-есеп. 7 домбыра мен 2 қобыз 1552 теңге тұрады. Домбыра қобыздан 34 теңге қымбат. Қобыз қанша тұрады?
Шешуі:
І тәсіл. Екі қобыздың орнына 2 домбыра алса, тағы қанша төлейді? 34×2=68 (тг)
Барлығы неше домбыра алар еді? 7+2=9 (домбыра)
9 домбыраға қанша төлеу керек? 1552+68=1620 (тг)
Бір домбыра қанша тұрады? 1620:9=180 (тг)
Қобыз қанша тұрады? 180-34=146 (тг)
Жауабы: қобыз 146 тг тұрады.
ІІ тәсіл. Кілең қобыз алса, 7 домбыраның құнынан қанша ақша қайту керек? 34×7=238 (тг)
Қобыздарға қанша ақша жұмсар еді? 1552-238=1314 (тг)
Неше қобыз алынушы еді? 7+2=9 (қобыз)
Бір қобыз қанша тұрады? 1314:9=146 (тг)
Жауабы: қобыз 146 тг тұрады.
ІІІ тәсіл (қоу тәсілі)
Шешуі: х тг- қобыз, у тг – домбыраның бағасы болсын. Онда есептің шарты бойынша жүйе құрамыз:
Жауабы: қобыз 146 тг тұрады.
ІV тәсіл (алмастыру тәсілі). Шешуі:
Жауабы: қобыз 146 тг тұрады.
4 – есеп: Екі санның қосындысы 57, айырымы 15. Ол қандай сандар?
Шешуі:
І тәсіл. Айырымы 15 болса, бір сан екінші саннан 15-ке артық (не кем) деген сөз. Егер сол 15-ті екеуінің қосындысынан алып тастаса, қалған сан кіші санның екеуіне тең болар еді. Сонымен, кіші санның екеуі 57-15=42-ге тең.