Иерархиялықжелілер. Егер жергілікті желіде ерекшеленген компьютер – сервер болса, онда желі иерархиялықдеп аталады.
Серверлер, әдетте, параллель жұмыс істейтін бірнеше процессорлары, сыйымдылығы үлкен винчестерлері, жоғарғы жылдамдықты желілік картасы (100 Мбит/с және одан да көп) бар жоғары өнімді компьютерлер болып табылады.
Серверде ақпаратты ұйымдастыру және сақтау тәсілін арнайы адам – желіәкімібелгілейді. Бірлесіп пайдаланатын информацияның сақталуы үшін жауапкершілік те оның мойнында.
Жергілікті иерархиялық желілерде деректерді қңдеу екі объект: клиент пен сервер арасында бөлінген. Клиент, жоғарыда айтылғандай, жұмыс станциясы; бұл сөзбен жұмыс станциясын пайдаланушыны да есепке алуға боалды. Бірақ, сонымен бірге жұмыс станциясынан сервердің ресурстарына қатынас құруды жүзеге асыратын арнайы компьютерлік программа да «клиент» деп аталады. Деректерді өңдеу кезінде клиент қандай да бір күрделі немесе мамандандырылған процедураларды орындау үшін серверге сұрату дайындайды, мысалы файлды шығарып оқу жазбаларды іздестіруді жүзеге асыру және т.б. Сервер өз кезегінде клиенттен түскен сұратуды өңдеп, оны орындайды да, қорытындысын клиентке қайта жібереді.
Әдетте, сервер жалпы пайданудағы деректерді сақтауға, оларға қатынас құруды ұйымдастыруға және деректерді клиентке жолдауға жауап береді. Деректерді алған клиент оларды өңдеп,, өңдеу нәтижесін пайдаланушыға ыңғайлы түрде ұсынады.
Кейде деректерді өңдеуді сервер де орындайды.
Иерархиялық желілердің жұмысын басқаратын программалық жабдықтама екі бөліктен тұрады:
серверде орнатылатын желілік операциялықжүйеден;
жұмысстанциясындағы программалық жабдықтамадан, жұмыс станциясында орнатылған операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін программалар жиынынан. Сонымен қатар, әр түрлі жұмыс станцияларында бір желіде әр түрлі ОЖ орнатылуы мүмкін.
Үлкен иерархиялық желілерде желілік ОЖ ретінде UNIX пайдаланылады. Қазіргі кезде орта көлемдегі желілерде Windows NT желілік ОЖ-сі қойылады. Бұл жағдайда серверде Windows NT Server деп аталатын оның серверлік бөлігі, ал жұмыс станцияларында Windows NT Workstation клиенттік бөлігі орнатылады, немесе клиенттің программасы ретінде Windows XP пайдаланылуы мүмкін.
Серверді иерархиялық желілерде пайдалану тәсілдеріне байланысты серверлердің келесі типтерін ерекшелеуге болады:
файлдықсервер– бірлесіп өңдейтін файлдарды, бірлесіп пайдаланатын программаларды сақтайтын және оларға пайдаланушылардың қатынас құруын қамтамасыздандыратын компьютер;
деректербазаларыныңсервері– деректер базасы файлдарын басқару, сақтау, өңдеу және жұмыс станциясынан келіп түскен сұрату бойынша ақпараттар беру функциясын орындайтын компьютер;
баспа сервері – желіні пайдаланушыға мүмкін және қолайлы баспа құрылғылары қосылатын компьютер, ол басылым сұратуларына қызмет етеді және оларды орындау кезегін ұйымдастырады;
поштасервері– онда жергілікті желі бойынша да сырттан модель бойынша да жіберілетін және алынатын ақпараттар сақталатын компьютер. Оны пайдаланушы адам кез келген өзіне ыңғайлы уақытта атына келіп түскен ақпаратты қарап шығып, пошталық сервер арқылы өзінің хабарын жібер алады. (21 –30)
Бақылаусұрақтары: 1. Компьютерлік желі нені білдіреді?
2. Аймақтық тарату бойынша желілерді қалай ажыратуға болады?
3. Ведомстволық тарату бойынша желілерді қалай ажыратуға болады?
4. Құрал-саймандар бойынша желілерді қалай ажыратуға болады?
5. Ақпаратты беру жылдамдығы бойынша желі қалай бөлінеді?
6. Беру ортасының типі бойынша желі қандай жағдайда бөледі?
7. LAN дегеніміз не?
8. WAN дегеніміз не?