Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары пәні оның мазмұны



бет3/4
Дата15.11.2023
өлшемі227,83 Kb.
#123625
1   2   3   4
Байланысты:
лекция

Сақиналық топология (2.2 сурет). Желінің сақиналық топологиясында жұмыс стансасы дөңгелек бойынша бір бірімен байланысты, яғни 1 жұмыс стансасы 2 жұмыс стансасымен, 3 жұмыс стансасы 4 жұмыс
стансасы және т.б. ең соңғы жұмыс стансасы біріншісімен байланысты. Коммуникативті байланыс сақина да тұйықталады.



2.2. Сурет ЛВС топологиясының сақиналы құрылымы.
Бір жұмыс стансасынан басқасына дейін кабельдің аралық қабаты күрделі де және қымбат тұрады, егер жұмыс стансасының географиялық орналасуы сақина қалыпынан алыс (мысалы, сызықта).
Хабарлама тұрақты шеңбер бойынша айналыс жасайды. Жұмыс стансасы белгілі ақырғы мекен жайға ақпаратты жібереді, алдын ала сақинадан сұранысты алған соң. Хабарламаны жіберу өте тиімді болып табылады, сол сияқты көптеген хабарламаны кабель жүйе арқылы бірінен кейін бірін «жолға» жіберуге болады. Барлық стансаларға сақиналық сұранысты өте қарапайым жасауға болады. Ақпаратты жіберудің ұзақтығы есептеу желілеріне кіретін жұмыс стансаларының саны пропорциональды артады.
Сақиналық топологияда негізгі мәселесі әрбір жұмыс стансасы ақпаратты жіберуде белсенді түрде қатысады және барлық желінің ең болмағанда біреуі шыққанынан тұрады. Кабельді бірігудің ақаулығын локальдау оңай.
Жаңа жұмыс стансасын қосу үшін қысқа мерзімді желіні өшіру қажет, сол сияқты сақинаны қондыру уақытында ажыратылған болуы керек. Есептеу желісінің ұзындығына шектеу жоқ, сол сияқты соңғы есебінде екі жұмыс стансаларының тек қана арақашықтығын анықтайды.
Сақиналық топологияның арнайы қалыбы логикалық сақиналық желі болып табылады (сурет 2.3). Ол физикалық жағынан қосылуы жұлдыздық топология сияқты құрастырылады. Жеке жұлдыздар арнайы
коммутаторлар көмегімен қосылады (Hub – концентратор).
Жұмыс стансасының санына және жұмыс стансаларының арасындағы кабельдер ұзындығына тәуелді активті және пассивті концентраторлар қолданады. Активті концентраторларға қосымша 4 және 16 жұмыс стансаларын қосу үшін күшейткішті ұстап тұрады. Пассивті концентраторлар тек қана тармақталушы құрылғылар болып табылады. (максимум үш жұмыс стансасына).

Файловый сервер


концентратор


концентратор


концентратор




концентратор


2.3Сурет. ЛВС логикалық сақиналық тізбегінің құрылымы.
Логикалық сақиналық желідегі жеке жұмыс стансаларын басқару сол сияқты қадімгі жай сақиналық желідегідей болады. Әрбір жұмыс стансаларына, оның басқару берілетін (үлкеннен кішіге қарай, және ең кішіден үлкенге қарай) адресіне сәйкес меншіктеледі. Қосылудың үзілуі тек қана төменде орналасқан (жақын жердегі) есептеу желісінің торабы үшін болады, сол сияқты тек кейбір жағдайларда барлық желіде жұмыс бұзылуы мүмкін.Шина топологиясы бір жеткізетін арнаны, әдетте «шина» деп аталатын коаксиаль кабельді пайдаланады.Барлық желілік компьютерлер «шинаға» тікелей қосылады. Мұндай желінің мысалы 2.4суретте бейнеленген. Шина топологиясы бар желіде деректер екі бағытта қатар жүреді. Шина кабельдің екі ұшына арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылады. «Сақинадағыдай» желінің бір жеріндегі қосылу бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі – сақина желісіндегідей оның осал жері, өйткені барлық желінің деректері әрбір желілік компьютер арқылы өтеді.
Деректерді беру жылдамдығымен және сәйкес құнымен өзгешеленетін желіде деректерді берудің түрлі технологиялары (тәсілдері) бар. Олардың кең тарағандары: Ethernet, ARCNET және IBM Token ring.
Ethernet технологиясын 1973 жылы бір топ америкалық зерттеушілер Palo Alto зерттеу орталығында жасады. Ethernet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де құрыла береді. Арна ретінде коаксиаль кабель қолданылғанда, Ethernet желісі шина сияқты үйлеседі. Егер есілген жұп қолданылса, Ethernet жұлдыз сияқты үйлеседі.
ARCNET технологиясын Datapoint Corporation фирмасы 1968 жылы жасаған. ARCNET технологиясының желісі де Ethernet желісі сияқты, екі топология бойынша («жұлдыз» немесе «шина») құрыла алады.
IBM фирмасы жасаған Token Ring технологиясы жұлдыз және сақина топоплогияларының гибриді (қоспасы) болып табылады. Token Ring жұлдыз топоплогиясы бойынша концентратор ретінде «көп пайдаланушылық қатынас құру станциясы» (Multi – ststion Access Unit, MAU) деп аталатын IBM-нің арнайы құрылғысымен жұмыс істейді. Бірақ онымен байланысу үшін әр компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша – қабылдайды. 30 суретте IBM Token Ring желісіндегі деректер маршруты көрсетілген.
Сонымен, Token Ring желісі жалғау тәсілі бойынша сақина секілді, бірақ жұлдызша сияқты безендірілген. Жергілікті желіде ақпарат беру жылдамдығы 5 –тен 100 Мбит/сек-қа дейін жетеді. Жергілікті есептеу желілері біртекті және біртекті емес иерархиялық болып бөлінеді.
Біртекті желі барлық компьютерлері тең құқылы және бірдей қызмет атқаратын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10 – 15 – тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады. Біртекті желілердегі сервер – қазіргі кезде ресурсы басқа компьютерден алынуы мүмкін компьютер, сервер бір уақытта клиент те бола алады, яғни өзі ресурсын ұсынған компьютердің ресурстарын пайдалана алады. Жергілікті ресурстарды жалпыға айналдыруды, ортақ ресурстарға қатынас құруды компьютерді пайдаланушы ОЖ құралдары жасайды.
Қажет болған жағдайда оны пайдалануға арналған парольді орнатады.
Біртекті желідегі ОЖ-лер ортақ ақпараттық ресурстардың оқылуы мен редакциялануын да «бөтен компьютерден» программаларды әске қосуды да қамтамасыз етеді.
Windows XP ОЖ-да компьютерлік жүйесінің желілік мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа бар:
- MS Exchange бұл – желі пайдаланушыларының арасында хабарлар мен файлдарды жіберуді қамтамасыздандыратын почталық алмасу программасы;
- Shedule + программасы, пайдаланушының әрекетін жоспарлау, қажет болғанда оның басқа желі пайдаланушыларымен ұжымдық келісу (мысалы, бірлесіп өткізеін жиналыстарды, бірлесіп істейтін жұмыстардың басталу және аяқталу уақыттарын тағайындау үшін) құралы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет