Тапсырма №2 Бір реттік жанама өлшеулерін өндеудің әдістемесі.
Жанама өлшеулер – бұл өлшеулер кезінде шаманың ізделген мәнін табу үшін сол шаманың және тура өлшеулерге жататын шамалар арасындағы белгілі тәуелділікке негізделген У = f (х1, х2, ..., х,… , хm), х – тура өлшеулер барысында анықталады. Басқа сөзбен айтқанда, физикалық шаманың ізделген мәні өрнекпен есептелінеді, ал өрнекке кіретін шамалардың мәндері тура өлшеулер барысында анықталады.
Мысалы, актив қуатын өлшеу өрнегі бойынша есептеп табуға болады, ал ток 1 және кедергі R амперметрмен және омметрмен өлшенеді; тығыздылықты дененің көлемі мен массасы арқылы; кедергіні – кернеу мен ток арқылы, т.с.
х шамалары тәуелсіз болса, онда өлшеу нәтижесінің қателіктері бастапқы шамалардың қателіктері арқылы келесі өрнектермен анықталады:
а) абсолюттік қателігі
;
б) салыстырмалы қателігі
.
№3 есеп
Шығынды калориметрлік шығын өлшеуішпен өлшегенде, қыздырғыш қуатын өлшеуі амперметр және вольтметрдің көрсетімдері арқылы жасалынады. Дәлдік кластары Кл=1,0 осы екі аспап қалыпты жағдайда жұмыс істейді және олардың шкалалары 0-5 А және 0-50 В. Ток күшінің және кернеудің номиналды мәндері 3,5 А және 10 В.
Қуатты өлшеу қателігін бағалау керек. Өлшеу нәтижесін дөңгелектену
ережелеріне сәйкес жазу керек.
Шешімі: Қыздырғыш қуатын W өлшеу қателігін келесі формуламен жанама өлшеу қателігі ретінде бағалаймыз.
Өлшеу құралдарының дәлдік класынан басқа метрологиялық мінездемелері жоқ болғандықтан, дәлдік класына (Кл) және аспаптың өлшеу диапазонына (Uж- Uт) сәйкес қателіктің рұқсат етілетін мәндердің шектерін анықтауға болады
Қуат W = IU = 3,5∙ 10 = 35 Bm келесідей есептелетіні белгілі, және
Қуатты өлшеудің абсолюттік қателігінің рұқсат етілетін шегі
Қуатты өлшеудің салыстырмалы қателігінің рұқсат етілетін шегі
Жауабы: ∆W=± Bт, δW=±%
Өлшеу нәтижесі: W = (35±) Bт .
Дөңгелектегенде, W = (35,0 ±) ) Bт.