Конус көлемінің ауырлық центрі. Ыңғайлы болу үшін биіктігі симметрия өсі болатын дөңгелек конусты қарастырайық. Конустың шыңын координатаның бас нүктесі етіп, Oz өсін конустың симметрия өсімен бағыттаймыз (1.36 сурет). Конусты Oz өсіне перпендикуляр элементар жіңішке дискілерге бөліп, қалыңдығы dz және ауданы Sz бір дискіні қарастырайық.
Бұл диск басқа дискілер сияқты конустың табанына ұқсас. Конусты біртекті деп алып, оның zC координатасын (1.8.12) өрнегі бойынша санаймыз:
. (1.8.18)
Қиманың сызықтық өлшемдерінің конус табанының сәйкес өлшемдеріне қатынасы олардың конус шыңына дейінгі ара қашықтықтарына пропорционал, аудандардың қатынасы ара қашықтықтар квадратына пропорционал, яғни
Егер , ал конустың көлемі екенін ескерсек мынаны аламыз:
немесе .
Бұл өрнек кез келген конустың немесе пирамиданың көлемі үшін де орын алады. Демек, біртекті конус немесе пирамида көлемінің ауырлық центрі оның табанынан табан ауданының ауырлық центрін конус немесе пирамидашыңымен қосатын түзудің бөлігінде жатады.
Негізгі әдебиет 2 [I-тарау,2-бөлім,§§3-5,4-бөлім,§1-2,7-бөлім,§6,8-бөлім,§§1-3,.27-30,43-47,88-102-беттер], 3[I-тарау,§§28-35,72-95-беттер]
Қосымша әдебиет 7 [1-том,§7.1-7.4,§8.1-8.4,91-121-беттер]
Бақылау сұрақтары:
Күштің өске қатысты моментін есептеу.
Күштің өске қатысты моментінің аналитикалық өрнектері.
Кеңістіктегі кез келген күштер жүйесінің бас векторы мен бас моменті.
Кеңістіктегі кез келген күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары.
Кеңістіктегі параллель күштер жүйесінің тепе-теңдік шарттары
6.Параллель күштер жүйесін тең әсерлі күшке келтіру.
7.Параллель күштер центрі; оның радиус-векторы мен координаталары.
8.Қатты дененің ауырлық центрі; көлемнің, ауданның және сызықтың ауырлық центрі.
9.Ауырлық центрді анықтау әдістері.
10.Кейбір біртекті денелердің ауырлық центрі.