Әсет мұҚашбеков


Дене бітімінде От бар адам ұзақ ашығуға болмайды, оған



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#9523
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Дене бітімінде От бар адам ұзақ ашығуға болмайды, оған 2-3 күндік ашығу 
жетіп  жатыр.  Ең  дұрысы  аптасына  24-36  сағат  ашығу.  Бұларға  алысқа 
жүгіруге,  ауыр  салмақ  салуларына  болмайды,  оларға  жеңіл  гимнастикалық 
жаттығулар жетіп жатыр. Жеңіл жүгіріс 5 минуттан артық емес, ең пайдалысы 
малту,  ол  мамыражай  қалыпқа  түсіреді.  Оларға  суық  сумен  құйыну  пайдалы. 
Дене  бітімінде  От  бар  адамның  ас  қорту  мүшелері  керемет,  тәбеті  тамаша, 
сондықтан  да  тамақты  артық  жеп  қоятындықтан  запа  шегеді.  Осы  адамдар 
тамақтану алдында артық отты сөндіру  және мөлшерсіз тамақ жеп қоймаулары 
үшін бірнеше жұтым су ішкендері дұрыс. 
 
Ізденуші Әсет Ризаұлының алтыншы толғауы.  
ТақырыбыДене бітімінде Су ерекшеліктері бар адамдарды анықтау сұрағы. 
Дене  бітімдерінде  су  ерекшеліктері  бар  адамдарды  басқалардан  қалай 
ажыратамыз?  
 
Он адамның тоғызы – өзін өзі өлтірушілер. Бенджамин Франклин 
 
Сұрақ:  –  Әсет  Ризаұлы,  дене  бітімдерінде  су  ерекшеліктері  бар 
адамдардың басқалардан қалай ажыратамыз?  
Жауап:  –  Су  ерекшеліктері  және  оның  сапасы:  (шырыш,  су),  суық, 
ылғалды, жұмсақ, сұйық, қою, ауыр, ақырын, майлы, ылай. 
 
Дене бітімінде Су ерекшеліктері бар адамдарды анықтау сұрағы: 
Сұрақтар 
Орташа 
Бұл мен 
1. Дене бітімі: үлкен, еңгезердей 
 
 
2. Салмағы. Ауыр 
 
 
3. Терісі: ақ, қоңырқай, суық, ылғалды, 
мамық 
 
 
4. Шашы: қалың, әдемі, толқынды, майлы 
 
 
5. Тістері: біркелкі, әдемі, онша үлкен емес 
 
 
6. Көздері: үлкен, қара, қой көз, көк, 
жанарлы, қастары ұзын, қабақтары жақсы 
білінеді 
 
 
7. Ұнататын дәмі: ащы, қоймалжың 
 
 
8. Тәбеті: біртіндеп ашылады 
 
 
9. Дәреті: мол, жұмсақ, іш қату мен дәрет 
жүрмей қалуға бейім емес 
 
 

 
101 
10. Ұйқысы: қатты, ұзақ 
 
 
11. Ақылы: шорқақ, баяу 
 
 
12. Сөзі: жай 
 
 
13. Жүрісі: еріншек, баяу 
 
 
14. Ақша жағдайы: өте үнемшіл, жинайды, 
өте бай болулары мүмкін 
 
 
15. Ылғалды суық ауа райын 
жақтырмаймын 
 
 
16. Мен өте шыдамдымын, шаршауды 
сезбеймін 
 
 
17. Біреуге қарыз беруді қаламаймын 
 
 
Жиыны: 
 
 
Барлығы: Су 
 
 
 
 
Осы  сұрақтардың  бәріне  жауап  беріп  болғаннан  кейін,  басқалармен 
салыстырғанда  қай  саныңыз  көп  болса,  онда  сіздің  бірінші  бітіміңіздің 
ерекшелігі  осы  болғаны.  Егер  бірінші  жинаған  саныңыздан,  екінші    жинаған 
саныңыздың  арасында  көп  алшақтық  жоқ  болса,  онда  бұл  сіздің  бітіміздің 
екінші  ерекшелігі.  Мысалы,  сандарды  санағаннан  кейін,  жинаған  ұпайыңыз 
үшеу болады. Ауа – 99, От – 82, Су – 18, онда бұл жағдайда сіздің дене бітіміңіз 
Ауа-От болғаны. Егер де Ауа ұпайы 99, От – 23, ал Су – 17 болса онда сіздің 
бітіміңіз жеке не жаңғызлікті болғаны, ал егер жинаған ұпайыңыздың үшеуі де 
тең болса онда сізді үш ерекшеліктердің бәрі де бар – дене бітіміңіз өте сирек 
кездесетін, үш ерекшелікті адам болғаныңыз. 
 
Дене бітімінде Су ерекшеліктері бар адамның мінездемесі 
 
Дене  бітімінде  су  ерекшеліктері  бар  адамның  денесі  үлкен,  еңгезердей,  
батыр  тұлғалы  адамдар.  Кеуделері  шығыңқы  жалпақ,  екі  иығына  екі  кісі 
мінгендей,  тіпті  әйелдердің  өздері  де  кеуделері  үлкен,  жамбастары  жуан, 
салмақтары  ауыр  болады.  Денелерінде  топырақ  пен  су  элементі  көп  болады, 
сондықтан тіпті тамақ туралы ойлағанның өзінде-ақ толуға бейім, денелерінде 
су жинай алады. Терілері жұмсақ, ылғалды, суық, көпшілігінің тәндері жүндес 
келеді. Сүйектері шығып тұрмайды, тіндері, майлар  мен бұлшық еттері жақсы 
жетілген.  Қолдары  суық,  ылғалды.  Тістері  біркелкі,  әдемі,  аппақ.  Шаштары 
ұзын,  қара,  қалың,  қайратты.  Қабағы  қалың,  қасы  ұзын,  көздері  үлкен,  анық. 
Еріндері  толық,  сезімтал,  жұмсақ.  Көздері  қой  көзден  көк  көзге  дейін.  Жақсы 
көретін  дәмдері:  өткір,  ащы,  қоймалжың.  Тәбіті  тұрақты,  бірақ  біртіндеп 
ашылады.  Таңертең  ұйықтағанды  ұнатады,  кешке  жай  жатады.  Денедегі  оты 
оянғаннан  кейін  біртіндеп  тұтанатындықтан,  таңғы  уақытта  тәбеті  онша  емес. 
Дене бітімінде су ерекшеліктері бар адамдардың өмірлік күші, шыдамдылығы, 
кешірімпаздығы, байсалдылығы, салмақтылығы, ауруға жеңдірмейтіндігі жақсы 
дамыған.  Олар  өте  сирек  ауырады  және  өте  шыдамды.  Тамақты  біртіндеп 

 
102 
қортандықтан, іш қату, дәрет жүрмей қалу деген болмайды, үлкен дәреттері көп 
мөлшерде  жұмсақ  болады.  Ақылдары  шорқақ,  баяу.  Мектепте  балалар  түске 
дейін  өздерін  қолапайсыз  сезінеді,  мұғалімді  жөнді  тыңдамайды,  жанып 
тұрмайды,  мүмкіндік  болса  қалғып  алғанды  ұнатады.  Бірақта  түстен  кейін 
денесіндегі  от  лапылдап  жана  бастағанда  қимылы  ширап,  жандана  түседі. 
Олардың  еске  сақтау  қабілеті  керемет,  бірақта  ақпаратты  қабылдауы  ауыр, 
ұққан  нәрселерін  қартайғанда  да  ұмытпайды.  Ұйқылары  қатты,  әсіресе  таңға 
таман. 
Таңғы  6-дан  10-ға  дейін  олар  қоршаған  ортамен,  табиғатпен  үндесіп 
кететіндіктен осы аралықта ұйқыдан ояту қиын болады. Сөздері үзік-үзік баяу, 
сүреңсіз,  байсалды.  Жүрісі  ауыр,  байсалды,  нық  және  бірқалыпты.  Олар 
өздеріне  сенімді,  еш  уақытта  асықпайды,  ұсақ-түйекке  бола  тыртыңдамайды.  
Денесінде  су  бітімі  бар  адамның  басым  бөлігінде  тұрмысы  жақсы,  өздері 
дәулетті  болады,  ақшаны  бекерге  шашпайды,  үлкен  дәрежелі  қызметтерде: 
кәсіпкер, саясаткер, әкімшілікте, үкімет құрамында қызметтер істейді. Өздерінің 
жан  дүниесімен,  психологиясымен  кешірімпаз,  жүрегі  сүйіспеншілікке  толы, 
бірақта  денесіндегі  тепе-теңдік  бұзылса  тойымсыз,  дүниеқоңыз,  өте  аямшақ 
«Шығайбайға»  айналып  шыға  келеді.  Сенімсіздік,  сақтық  сезімі  ұшқырланып 
ұзақ  мерзім  күйзеліс  шегеді.  Бұлар  жаңбырлы  суық  ауа  райын  жақтырмайды, 
осы күндері жігері құм болып, зерігіп, шамшыл, мазасыз болып кетеді. Бұларды 
бірқалыптан шығару өте қиын, ал егер ашуланса тау қопарады. Дене бітіміндегі 
су  өз  арнасынан  асып  кетсе,  топан-су  қаптап,  жолындағының  бәрін  жайпап 
өтеді. Олар ескі заттарды, қоқыстарды шоғырлап жинай беруге әуес, өздерінің 
ақшаларын  қандай  пайдалы  іске  салу  керектігін  жақсы  біледі  және  асығыс 
шешім  қабылдамайды,  беретін  жауапты  сағызша  созып  жүріп  алады.  Дене 
бітімінде  су  ерекшеліктері  бар  адамда:  тәттіге,  аштыға,  тұздалған  дәмдермен 
әуестенбеуі керек. Тәтті дәм ауырлатып, денені суытып, бітеп тастайды, ал ащы 
дәм мен тұз шөлдетіп суды денеге жинағандықтан бұл адамдардың көбінесе қан 
қысымдары  жоғары,  сусамыр  (диабет),  бітеліп  қалу,  кеудесіне  шырыш 
шоғырлануы,  ісініп  кетуі,  ал  әйел  адамдардың  гинекологиялық  ауруларға 
шалдығуы  мүмкін.  Осы  адамдардың  мүшелерін  су  мен  шырыш 
бақылағандықтан,  бұзылу  ылғалды  қабаттардан  басталады.  Бұның  белгісі 
ылғалды  суық  ауа  райында  ерекше  байқалады.  Ай  толғанда,  қоршаған  ортада 
және  жан  иелерінің  бәрінде  де  ылғал  мөлшері  көбейгенде,  дене  бітімінде  су 
ерекшеліктері  бар  адамдар  адамдар  денесіндегі  артық  ылғалдын  запа  шегеді. 
Олардың  қан  қысымы  жоғарлап,  баспасы,  кеудесінің  сырылы  (астма)  қозып, 
өздерін  ұйқы  басып,  күйзеліске  ұшырап,  ағзасына  су  жиналып  қалады.  Осы 
кезеңде,  ең  бастысы  бұл  адамдарға  үнемі  қатты  іс-қимылдарымен 
шұғылданулары  керек,  ал  егерде  денелеріне  тынымсыздық  бермесе,  онда 
олардың  желкелеріне  жалқаулық  мініп  алады  да,  өмірге  қызығушылығын 
жойып  алады.  Жалқаулық  –  ең  басты  жауы.  Олар  үшін  алысқа  жүгіру,  ауыр 
атлетика,  малту  т.б.  спорттың  ауыр  түрлері  ең  жағымды  нәрсе.  Егер  денесіне 

 
103 
тынымсыздық  бермесе,  онда  ағзасына  су  жинала  береді.  Қозғалыс  пен 
тынымсыздық  ішіндегі  отты  маздатып  түтікшелерді  шырыштан  тазалайды. 
Бұндай  адамдар  денсаулықтарына  зиян  келтірмей  ұзақ  ашыға  берулеріне 
болады,  бірақта  қалған  уақытта  күніне  екі  қабаттан  артық  тамақ  жеулеріне 
болмайды,  әсіресе  жатар  алдында  тамақтанбаулары  шарт.  Бірінші 
тамақтанулары  күндізгі  11-12-ден  ерте  болмауға,  екінші  тамақтануы  5-6  сағат 
өткен соң болғаны жөн. Дене бітімінде су  ерекшеліктері бар адамдардың басты 
қателігі  тамақ  таңдай  алмауында,  бұлар  таза  емес  өлі  тамақтарға  әуес,  ал  бұл 
тағамдар  ағзадағы  көп  суды  одан  сайын  молайта  түседі,  егер  де  осындай 
тамақтарды  тамақ  мәзірінен  алып  тастаса,  бұл  адамдар  аурудың  не  екенін  де 
білмейді.  Оларға  етті,  майды,  жұмыртқаны  шақтап  қана  жеулері  керек,  осы 
тағамдар қан-тамыр т.б. түтікшелерді бітеп тастайды. 
 
Ізденуші Әсет Ризаұлының жетінші толғауы.  
Тақырыбы: Адамның дене бітіміндегі үш ерекшелік туралы түсінік. Ауа, От, 
Су ерекшеліктері – олардың қандай жанама түрлері бар? 
 
 
 
Саулық тілесең – көп жеме.  Әлішер Науаи   
 
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, адамның дене бітімінде болатын үш ерекшелікті 
айта кетсең? 
 
Жауап:  Қастер  Сарқытқанұлы,  адам  өзінің  ауруынан  жазылу  үшін, 
алдымен өзінің денесіндегі  Ауа-От-Су – осы аталған үш ерекшеліктерді түсінуі 
шарт. 
 
Адамның дене бітіміндегі үш ерекшелік туралы түсінік 
Пәндік  әлемде  бес  элемент  қайда  болмасын  бар  (топырақ,  су,  от,  ауа,  эфир), 
осылардың  арқасында,  біз  әр  түрлі  жан  иелері  мен  заттарды  көреміз.  Осы  бес 
элементтердің негізінде, адам болмысының үш ерекшелігі анықталады. Осы үш 
ерекшелік  –  адам  ағзасындағы  болатын  барлық  биологиялық,  психологиялық, 
денедегі  болатын  өзгерістерге,  ақыл-есімізге  жауапты.  Олар  –  табиғи 
қажеттілікті, жеке-дара адамның тамаққа, дәмге, температураға бейімделуіне де 
жауапты,  сондай-ақ  жаңадан  пайда  болуға  (ассимиляция),  зат  алмасуына 
(метаболизм),  ыдырауға  (катаболизм),  қалдықтарды  шығаруға,  мінез-
құлқымыздың қалыптасуына да жауапты. Сонымен, Су-От-Ауа үш ерекшелігі 
– 
біздің  мінез-құлықтық  (психикалық)  және  тәндік  негізіміз.    Барлық  үш 
ерекшелік  зат  алмасу  ағымын  басқарады.  Ауа  –  ыдырауға  (катаболизм, 
диссимиляция),  От  –  зат  алмасуға  (метаболизм),  Су  –  жаңадан  жасауға 
(анаболизм, ассимиляция) жауапты. 
 
Ауа  ерекшелегінің  тепе-теңдігі  бұзылғанда,  зат  алмасу  ағымы  бұзылып, 
ыдырау ағымының қалдықтары көбейеді де ағзадағы тінді бұза бастайды. Жаңа 
жасаушалар  пайда  болып  (анаболизм)  ыдырау  (катаболизм)  бәсеңдегенде  ағза 
қалпына келеді. Жас баланың денесінде 20 жасқа дейін өсу басым, сондықтан да 

 
104 
алған жарақат, кәрі адамдармен салыстырғанда жылдам жазылып кетеді. Оттың 
шектен шығуында да зат алмасу ағымы бұзылады, ал Су тепе-теңдіктен тайқып 
арнасынан  асқан  кезде  жаңадан  жасаушалар  пайда  болады,  тіннің  мөлшерден 
тыс өсуіне жағдай жасалады (ісік, сүйек өседі, май жиналады, артық заттар т.б.). 
Бала жаста өсу тән, ал Судың молаюы тіннің құралуы мен тәннің өсуіне жағдай 
жасайды.    Ересек  адамда  От  қуаты  басым  болғандықтан  зат  алмасу  ағымы 
жақсы жүріп, өмірінің шабытты шақтарына сәйкес келеді. Қартайғанда адамда 
ыдырау  ағымы  жүріп,  сүйектері  бірте-бірте  тозып,  жиі  сынып,  қайта  қалпына 
келуі қиындап, тәні біртіндеп ыдырап, бұзыла бастайды. 
Біз  ауамен  дем  алған  кезімізде  танау  тесіктері  арқылы  бүкіл  тәнімізге 
тарап,  дем  шығарғанымызда  газ  алмасу  ағымы  жүреді.  Біз  тыныс  алған 
кезімізде, ауа қанмен бірге өкпеге барады, осы арада керемет ғажайып болады. 
Оттегі  улы  заттар  еріген,  өлім  әкелетін  көмір  қышқыл  газын  әкетеді.  Біз 
тіршілік  ағымында  уларды  шығарамыз.  Оларды  қан  жинайды,  қан  көмір 
қышқыл  газын  өкпеге  алып  келгенде,  әр  жаңа  жұтылған  оттегімен,  қан  көмір 
қышқылы  газынан  және  оның  құрамындағы  улардан  тазаланады.  Егер  адам 
жеткілікті мөлшерде таза ауа алмаса немесе жеңіл демалғанда кірген оттегінің 
мөлшері шыққан көмір қышқылының газының мөлшеріне сәйкес келмесе, онда 
біз ағзамызды улар мен көмір қышқыл газымен улануына мүмкіншілік береміз. 
Бұл  талай  аурулардың  себебі  болуы  мұмкін.  Ауа  біздің  тәніміздегі  бес 
элементтердің ерекшеліктеріне таралады, әрбір элементтің ерекшелігі тәніміздің 
белгілі бір мүшесіне жауапты. 
Сұрақ: – Ерекшелік дегеніміздің өзі не?  
Жауап: – Ерекшелік: екі элементтің қосындысынан пайда болған нәзік қуат. 
Мысалы,  ауа  мен  эфир  біздің  тәнімізге  дене  ауасын  береді,  немесе  Ауа-
ерекшелігін. Эфирдің элементтері құлақта, танауда, асқазан-ішек жолдарында, 
ауызда,  өңеште,  өкпеде,  сүйектерде,  бас  қуысында  денеміздің  барлық  жерінде 
болып,  бұлшық  еттердің,  сүйектердің,  ішектің,  жүрек  соғысының,  қан 
тамырларының  кеңейіп-кішірейуінің,  қалдықтардың  шығуының  т.б.    жалпы 
біздің іс-қимылымызды басқарады. Сондықтан да: «өмір дегеніміз қозғалыс» – 
деп  тектен-текке  айтпаймыз.  Ауа  қозғалысынсыз  ішкі  мүшелеріміз  бен  дене 
қимылымыздың  жұмысы  тоқтап,  осы  фәни  өміріміздегі  тіршілігімізге  нүкте 
қоямыз. Сондықтан бiз әлi толық зерттелiп болмаған эфир туралы бiраз түсiнiк 
беремiз.  
Эфирдi    адам    өзiнiң  сезiмдерiмен  бiле  алмаса  да  түрлi  нәзiк  құралдар 
арқылы қабылдай  алады. Эфир жан иелерiнiң сыртқы және iшкi болмысымен 
әрекет  жасайтын  кеңiстiк.  Адамның  нәзiк  болмысы  сезiм,  ақыл-есiнен  бастап 
тұрпайы  болмысы  физикалық  тәнi  осы  эфир  кеңiстiгiнде  әрекет  жасайды. 
Мысалы,  ғарыш  кеңiстiгiнде  ұшып  жүрген  ғарышкерлермен  байланыс  эфир 
арқылы болады. Ғарыштық  кеңiстiкте "бос орын" (вакуум) жоқ,   толған эфир.  
Барлық  радио,  электро-магниттік  байланыстар  эфир  арқылы  болады.  Кейде 

 
105 
радиодан  "Әуе  толқынында  –  Қазақ  радиосы"  тәрізді  сөздерді  естиміз.  Бірақ, 
"Эфирде – Қазақ радиосы " десе дұрыс болады.  
Эфирдiң  сезiм  тұлғасы  (объектiсi)  –  дыбыс  (толқын).  Бұл  арада  "дыбыс" 
деген  сөз  дыбыс  толқындарын  ғана  емес,  электромагниттiк,  ультра-дыбыстық 
толқындар  түрiн  бiлдiредi.  Барлық  жан    иелерi  эфирдің  ішінде  және  олардың 
денесінде де эфир бар.  
Қазiргi  ғылым эфирлiк  дененi бiраз зерттеп,  нәтижесiн өмірде қолдана 
бастады.  Адамның  эфирлiк  денесiнiң  мүсiнi  оның  тәнiнiң  мүсiнi  тәрiздi,  тек 
қана  одан  мөлшермен  2-10  мм  шығып  тұрады.  Экстрасенсорлық  қасиетi  бар 
адамдар  оны  көре  де  алады.  Эфирлiк  дене  адамның  сыртқы  ғарыш  әлемімен 
байланысын  қамтамасыз  етедi.  Адамның  сыртқы  әлеммен  энергия  алмасуы 
(әсiресе күн энергиясымен) осы эфирлiк дене арқылы болады.  Ол қарама-қарсы 
екi  полюсi  бар  электромагниттiк  толқындардан  құралады.  Эфир  сырттан 
энергия түрлерiн тартып, тұрпайы (физикалық) денеге беру және оның керексiз 
қалдықтарын сыртқа шығару арқылы тазартып отыру жұмысын атқарады. 
Сұрақ: – «От ерекшелігі» дегеніміз не? 
Жауап:  –  Су  мен  Оттың  қосындасы  тәнімізге  денелік  от  береді,  осы 
қуатты От ерекшелігі деп атаймыз. Денедегі от – жылу мен жарық және қуат 
көзі.  Біздің  ғаламшарда  жарық,  жылу,  от  көзі  күн  болса,  біздің  жүрегімізде  – 
жарық,  жылу,  от  және  қуат  көзі  болып  есептеледі.  От  денемізде  зат  алмасу 
ағымын  реттеп  және  қоректік  заттарды  денеміздің  жеті  қабатына  жеткізіп, 
қанымызды  вирустан,  улардан,  ауру  әкелетін  бактериялардан  тазалайды. 
Денеміздің терісінің қызуын бірқалыпта ұстап, өң беріп, көзімізді нұрландырып 
тұрады.  Көздегі  нұр  денсаулығымыздың  айнасы.  Дененің  қызуы,  ас  қорту, 
ойлау,  ақылдың  жағдайы  бәрі  –  оттың  қызметі.  Барлық  зат  алмасу  ағымдары 
және ферменттік жүйе оттың бақылауында болады. 
От  та  біздің  тәніміздегі  бес  элементтердің  ерекшеліктеріне  таралады, 
әрбір  элементтің  ерекшелігі  тәніміздің  белгілі  бір  іс-қимылына  жауапты.От 
көзде,  теріде,  қанда,  қанның  қызыл  түйіршіктерінде,  жүректе,  майда,  тер 
шығаратын бездерде болады. 
Сұрақ: – «Су ерекшелігі» дегеніміз не? 
Жауап:  –  Су  мен  топырақтың  қосындысы  тәнімізде  дене  суын  құрайды, 
осыны Су ерекшелігі дейміз (су, шырыш). 
Денедегі  су:  қан,  лимфа  және  жасаушаларымыздағы  барлық  сұйықтар. 
Олар сілекей, асқазан сөлі, дененің шырыш қабаты, плазма мен протоплазма. Су 
– 
дене мүшелерінің, жүрек-қан тамырларының, тіндердің іс-әрекеттері үшін өте 
маңызды.  Нәзік  деңгейде  –  нәзік  денелердің  өмір  сүргіштік  қабы.  Су 
ерекшелігін  «биологиялық  су»  деп  те  айтамыз,  олар  дененің  элементтерін, 
тіндерді  бекітіп,  биологиялық  мықтылығына,    тамақты  дененің  жеті  денесіне 
тасымалдауына және ағзаның қорғаныс қабілетіне жауапты. «Биологиялық су» 
сондай-ақ,  буындарды  майлап,  теріні  ылғалдандырып,  жараның  жазылуына, 

 
106 
қуат  пен  тұрақтылыққа,  есте  сақтау  қабілетіне,  жүрек  пен  өкпені  қуатпен 
қамтамасыз етуге, қорғанысты (имунитет) арттыруға жауап береді.  
Топырақ  –  біздің  денеміздегі  бесінші  элемент.  Жер  бетіндегі  тіршілік 
тірісі  бар  өлісі  бар  осында,  топырақ  –  осылардың  және  тәніміздің 
құрылымының  негізі;  сүйегіміз,  тісіміз,  сіңіріміз,  бұлшық  етіміз,  тініміз  (жәй 
етіміз),  теріміз,  тырнағымыз  бәрі  де  –  топырақтан  жаралған.  Біздің  денемізде 
топырақ пен су элементі басым болғандықтан жер шарында туғанбыз. 
Біздің  тәніміз  24  элементтен  тұрады.  Бес  тұрпайы:  топырақ,  су,  от,  ауа, 
эфир  элементтері  біздің  тұрпайы  денемізді  құраса,  19  элемент  нәзік  денемізді 
құрайды.  Осында  біздің  іс-әрекетімізді  басқаратын  бес  тұрпайы  сезім 
мүшелеріміз кіреді: ақыл, өре, сезім, адамның жалған «мені», кірленген сана. 
Топырақ – Танау, мұрын – Иіс сезу – Шығару мүшелері 
Су           – Тіл   
  – 
Дәм сезу – Бала табатын мүше 
От       – Көз   
– 
Көру 
– 
Аяқ 
Эфир     – Құлақ   
– 
Есту 
– 
Бас 
Ауа     – Тері 
 
– 
Жанасу  – Қол 
Жер (топырақ) иіс сезумен байланысқан, осының тұрпайы мүшесі мұрын, 
осы  мүше  арқылы  топырақтың,  жердің,  гүлдің,  тамақтың  исін  сеземіз.  Мұрын 
шығару  мүшелерімен  де  байланысқан.  Мысалы,  ішектің  шығаруы  дұрыс 
болмаса, іш қатып дәрет жүрмей қалса, иіс сезуіміз нашарлайды. 
Су  дәммен  байланысқан,  сусыз  дәм  сезе  алмаймыз.  Біз  құрғақ  жемісті 
тілімізге салғанда, ылғалданбағанша дәмін сезбейміз. 
От  көрумен  байланысқан,  көз  бояудың  түрін  анықтап,  жүруімізді 
басқарады,  сондықтан  да  соқырлар  біреудің  көмегінсіз  жүре,  ал  саңыраулар 
сөйлей алмайды. 
 
Эфир  естумен  байланысқан,  ортада  дауысты  қабылдап  тұрады.  Құлақ 
есту мүшесі ретінде, сөйлеу мүшесі арқылы іс-әрекетті білдіреді.  
Ауа жанасу сезімімен байланысқан. Бұл дегеніміз тері, ал қол – іс-әрекет 
мүшесі. 
 
Сұрақ:  –  Әсет  Ризаұлы,  адамның  дене  бітіміндегі  ерекшеліктерін  және 
олардың  жанама түрлерін талдап  бере аласыз ба? 
 
Жауап:  –  Қастер  Сарқытқанұлы,  сіздің  қойған  сұрағыңыз  өте  ауқымды 
және  өте  күрделі  сұрақ  болғандықтан  кеңінен,  әр  қайсысына  жеке-жеке 
тоқталайын: 
 
 
 
 
Ауа ерекшелігі 
Ауа  ерекшелігі  –  барлық  іс-әрекетімізді  басқаратын  денеміздегі  ауа. 
Микроскоптың  көмегімен  тіпті  бір  жасаушаның  да  қозғалатынын  көреміз. 
Жасауша  бір  жағынан  өмір  сүруі  үшін  өзіне  қажетті  микроэлементтерді 
қабылдап тамақтанып жатса, екінші жағынан ыдырау нәтижесінде пайда болған 
қалдықтарды  ағзадан  шығарып  жатады.  Ауа  тыныс  алуымызды  басқарады. 
Тыныс алу да, тамақтың бір түрі, – біздің ағзамыздың қызметінің негізі. Тамақ 

 
107 
біздің  тәнімізді  қоректендіріп,  тінімізді,  бұлшық  етімізді,  сүйегіміздің  өсуіне 
дағдай  жасаса,  ауа  осыларды  іс-әрекетке  келтіреді,  осының  арқасында 
қозғаламыз, яғни – өмір сүреміз. Ауа сондай-ақ сезімдерімізді: қорқыныш, үрей, 
мазасыздану,  күйгелектену,  ауырғанды  білдіріп  басқарады.  Тәніміздің  кез 
келген  жері  ауырса,  онда  осы  арада  ауа  алмасуы  бұзылып,  ауа  шоғырланып 
тұрып  қалған.  Жәй  ғана  терімізді  шымшысақ  та  ауырады,  осы  кезде  ауаның 
келуін  бөгеп  тастадық,  сондықтан  да  сынғанда,  жараланғанда  ауырады.  Ауа 
денеміздің  барлық  мүшелерінде  бар,  ауа  ағзамыздың  белгілі  бір  мүшелеріне 
шоғырланады: ішек жолдарына,  сүйекке,  жанбастың ойығына, құлаққа, теріге. 
Ауаның  суық,  құрғақ,  құбылмалы,  өткір  ерекшеліктерін  білу  арқылы  оның 
көбею себебін анықтауға болады. Осы ауаның белгілі бір мүшеге шоғырлануы 
оның  тепе-теңдік  қалпын  бұзады,  сондықтан  да  қайта  тепе-теңдік  қалпына 
келтіру үшін, оның қарама-қарсы ерекшеліктерін пайдалану қажет. Мысалы:  
Ауаның сапасы   
(нашарлататыны) 
Қарама-қарсы сапасы 
 
(жақсартатыны) 
 
 
Жеңіл 
Ауыр 
Суық 
Ыстық 
Құрғақ 
Ылғалды 
Өткір 
Жұмсақ 
Құбылмалы 
Тұрақты 
Шалт 
Баяу 
 
 
Сұрақ:  –  Ауа  ерекшеліктерін  тепе-теңдік  қалыптан  шығаратын  қандай 
себептер? 

 
дұрыс тамақтанбау 

 
дұрыс ойламау 

 
қоршаған ортаның нашарлығы 
Жауап: – Дұрыс тамақтанбау дегеніміз, дене бітімінде Ауа ерекшеліктері бар 
адамдар,  осындай  ерекшеліктері  бар  тағамдармен  тамақтануы.  Мысалы, 
Осындай адамдар суық, құрғақ, жеңіл, өткір тағамдарды жеуге тиіс емес. Тамақ 
сіздің  ойыңызбан  тікелей  қарым-қатынаста,  сондықтан  да  жоғарыда  аталған 
тағамдардың  сапасы  ауа  ерекшеліктерімен  сәйкес,  осы  тағамдар  сіздің 
ойыңызды  мазасыздыққа,  ал  сезіміңізді  қорқынышқа,  үрейге,  күйгелектікке 
ұрындырады,  себебі  осының  бәрі  Ауа  ерекшелігінің  сапасына  тән.  Есіңізде 
болсын, біздің ойлау жүйеміз тамақтануымызға тікелей тәуелді!  
Сұрақ: – Қоршаған ортаның әсері қалай? 
Жауап:  –  Қоршаған  орта  да біздің  денеміздегі  Ауа  ерекшелігіне  әсер  етеді. 
Мысалы,  суық  ауа  райында  жылы  киінбесек  дірдектейміз,  аяғымыз  тоңады. 
Егер  қымтанып  жүрмесек  сырттағы  суық,  ішіміздегі  суықты  арттырып,  ішкі 
отымызды сөндіреді, сөйтіп денеміздегі Ауа ерекшелігінің тепе-теңдік қалпын 

 
108 
бұзамыз. Тәніміздегі артық ауа – іштің қатуын, жел кеулеп іштің кебуін, жүйке 
жүйесінің  бұзылуын,  қозғалу  мүшелерінің  ауруын,  сүйектердің  және 
буындардың  қақсауына  ұрындырады.  Ауа  ерекшеліктерінің  тепе-теңдігінің 
бұзылуы – адам ағзасын 83 түрлі ауруға шалдықтырады. 
Сұрақ:  –  Әсет  Ризаұлы,  дене  бітіміміздегі  Ауа  ерекшеліктерінің  өзі  неше 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет