О-антигенінің сарысуын агглютинацияға ұшыратпаса К-термолабилді антигенін бұзу үшін 30 минут қайнату
2. Серологиялық әдіс: ПГАР, ИФР, КБР
3. Аллергиялық әдіс:
дизентерин (Флекснер мен Зонне шигелласының белокты фракциясы). Реакцияны 24 сағаттан соң бағалайды. Егер гиперемия, инфильтрат 10-20 мм болса оң болып саналады.
САЛЬМОНЕЛЛАЛАР Салмонеллалар Enterobacteriaceae тұқымдастығына жатады. Туыстастық атауға АҚШ ғалымы Д. Сальмонның құрметіне (1885 жылы) ие болды. Жіктелуі мен номенклатурасы 1987 жылға дейін әртүрлі ғалымдармен өзгертіліп, қарастырылып келді. Іш сүзегі мен А және В парасүзектері - сәйкесінше Salmonella typhi, Salmonella paratyphi, Salmonella schottmuelleri тудыратын жұқпалы аурулар, олардыі патогенетикалық және клиникалық бeлгiлepi ұқсас, ішектің лимфа жүйесінің зақымдалуымен, айқын интоксикациямен сипатталады.
Сальмонеллалар – энтеробактериялардың үлкен тобы. Адамға патогенділігіне байланысты антропонозды (іш сүзегі мен паратиф А және В қоздырғыштары) және зооноздар (сальмонеллездер) деп бөледі.
Таксономиясы. Тұқымдастығы : Enterobacteriaceae
Туыстастығы : Salmonella
Tүpi: Salmonella typhi; Salmonella paratyphi A, В, S
Морфологиясы Salmonella – қозғалғыш-перитрих, спора, капсула түзбейді, Грам теріс таяқша. Салмонеллалар ете ұсақ, грам тepic, ұшы жұмырланған таяқшалар. Жағындыда шашыранды орналасқан. Спора түзбейді, микрокапсуласы бар перитрихтар.
Патогенезі. Қоздырғыштар ауыз арқылы ағзаға түсіп, ащы ішекке жетеді, оның лимфа түйндерінде көбейіп, канға түceдi, бактериемия дамиды. Қан арқылы ағзаның барлық мүшелеріне таралып,паренхиматозды мүшелерге енеді (көкбауыр, бауыр, бүйрек, сүйек кемігі), макрофагтарда, ет қабында көбейеді.Аурудың екінші аптасының соңында қоздырғыш организмнен несеп, ана cүтi, сілекей арқылы бөліне бастайды. Бактериялар бұзылғанда интоксикация тудыратын эндотоксин бөлінеді. Салмонеллалар ұзақ, тіпті өмip бойы сақталатын ет қапшығынан, олар ащы ішектің лимфа түйіндеріне қайта түседі Салмонелланың қайта түсуінің нәтижесінде лимфа түйіндерінің некрозымен бейнеленетін аллергиялық реакция пайда болады. Салмонеллалар ағзадан зәр және нәсіс арқылы шығарылады.