Биохимиялық қасиеті белсенді: Гисс ортасында лактоза мен сахарозаны ыдыратпайды,
Глюкоза, мальтоза, маннитті қышқыл мен газға дейін ыдыратады.
индол теріс, көпшілігі H2S түзеді.
Патогендік факторлары 1.Адгезия мен колонизация факторлары.
2. Жасушаішілік паразиттікке қабілеттілік (фагоцитозға кедергі жасайды, лимфоидты тіндерде көбеюі іш сүзегі мен А және В паратифтерге тән, созылмалы тасымалдаушылыққа жағдай жасайды).
3. Токсиндері:
Эндотоксин (ЛПС).
Энтеротоксин
Цитотоксин
4. Плазмидалардың маңызы жоғары (R – плазмидалар).
5. Vi - антиген сарысулық және фагоцитарлы бактерицидті
факторларды басады.
Сальмонеллалар адамда келесі ауруларды туындатады: іш сүзегі, паратиф A және B
жедел ішек инфекциялары – тағамдық токсикоинфекция немесе жедел
гастроэнтерит
ауруханаішілік инфекция типі бойынша сальмонеллездің токсикосептикалық формасы
Кауфман-Уайт жіктеуі. Антигендік құрылымы О-, Н- және К- антигендер
1934 ж. А.Феликс пен Р.Питт – вируленттік антигенін ашты (үш түрлі фракциядан тұрады, негізінде күрделі полмер N-ацетилгалактозаминоурон қышқылы, жаңа дақылдарда болады, ескі дақылдарда болмайды, 100 гр 10 мин жойылады)
К- антигендер тобына Vi- антигендер(вируленттік антигендер)
Vi антиген беткейлі болғандықтан дақылдардың О агглютинацияға түсуіне кедергі жасайды. Сондықтан Ф.Кауффман іш сүзегін Vi антигенге байланысты 3 топқа жіктеген.
Таза v-форма (нем.viel - көп)
Т аза w-форма (нем.wenig - аз)
Аралық vw-формалар
Кауфман – Уайт серологиялық жіктелу О-антиген бойынша 65 серотоп, араб санымен белгіленеді.
Жиі кездесетін сероптар – АВСДЕ (мысалы: серотип
S.paratyphi A - А серотобына, S.paratyphi В – В серотобына,
S.paratyphi С – С серотобына, S.typhi – D серотобына жатады.
Қалғандары сирек кездеседі).
Н-антиген бойынша сероварға немесе түрге бөлінеді:
Н-антиген 1 немесе 2 фазадан тұрады.
1 - фаза - тек қатаң түрде латын әріптерімен, 2 - фаза-сандармен белгіленеді