Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы Асқаров Ә. А., жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#960
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Аттанған торғауыттың бiрi қалмай,
Өлсе де, бас тартпайды ендi бұған.
Тағы өлдi қосымша боп Нарботасы,
Басып тұр торғауытты қара тұман.
Аттанған «ендi қайтып келмеймiз» деп,
Дейтұғын «Шерден өлдi» айтып ұран.
Бiреуi жүз кiсiге татитұғын,
Бұлардың батыры көп сайыпқыран.
Мұны бiз жөншiлiкпен қайтармаймыз,
Сөйлессе жүйеге сап, қайқаңдаймыз.
Тағы өлдi Нарботасы қосымша боп,
Бұған бiз жөндi жауап айта алмаймыз.
Саны жоқ адам өлдi бұл соғыста,
Ендi бiз бұл жұмыстан қайта алмаймыз.
«Сегiз күн соғыспаймыз, дем аламыз»
Деймiз де жұрт алдына байпаңдаймыз.
Жиылсын оған дейiн қазақ түгел,
Халыққа әр сөз айтып жалтаңдаймыз.
Тағы қандай бейқұт болар екен,
Хабар ап төңiректен аңыс аңлаймыз.
Мен барып «қазақ көп» деп үркiтейiн,
Қалмақпен қарсы тұрып шабыса алмаймыз.
Қазақты қамданған ел қырып кетер,
Қолма-қол көп жауменен қарыса алмаймыз.
Қай шетте қандай батыр жүргендiгiн,
Хабарсыз жүргеннен соң таныса алмаймыз.
Кiмнiң жау, кiмнiң дұшпан екендiгiн
Бiле алмай екi ортада ырсылдаймыз.
3100
3110
3120
3130

298
298
299
МыРҚы  БАТыР
Солай қып тоқтатамыз елдi басып,
Сегiз күн дем аламыз тыңшы жатып.
Астыртын хабарласып тұрысамыз,
Жұмыстың болып жатқан жөнiн айтып.
Екеумiз екi жақта хабар айтып,
Осы жерден жолығалық кешке қайтып.
Кешке кеп жолығайық оңашалап,
Халықты басқаннан соң арашалап.
Кешке кеп асығыссыз сөйлесейiк,
Отырып, ала келiп iшiп тамақ.
Берейiн достық үшiн сауытымды,
Мырқыжан, көршi,—дедi,—киіп қарап.
Сауытын тыр жалаңаш шешiнедi,
Достыққа көңiлi жұмсап есiледi.
Мырқы алып ақ сауытын киiп алып,
Ағарды екеуiнiң көкiрегi.
Өзiнiң сауытынан тесiк шығып,
Әр жерi тозыңқырап кетiп едi.
Мұныкi алты қабат жаңа сауыт,
Кеудесiн болаттаған күмiс шауып.
Сауытын үстiндегi шешiп бердi,
Бұл емес дүниеден қылған қауiп.
Алмасын белiндегi тағы бердi.
—Мен тағы алармын,—деп,—бiрiн тауып.
Кешке кел осы араға,—дедi дағы,
Мiнiп ап тұлпарына кеттi шауып.
Мырқы да қазаққа кеп араласты,
Соғысты тоқтатпаққа көңiлi ауып.
Адамның өлiп жатқан қисабы жоқ,
Садақтың зырылдап тұр оғы жауып.
«Бiтiстiк, соғысты ендi қойыңдар» деп,
Сөйлестi батырлармен ығын тауып.
Халық жүр қан майданда араласып,
Өлтiрiп бiр-бiрiнiң қанын шашып.
Ол жақты Байынжығал аралап жүр:
3140
3150
3160

300
ТАРИХИ  ЖыРлАР
300
301
—Соғысты қойыңдар,—деп,—жұртты басып.
Екеуi екi жақтан «қой» деген соң,
Бөлiндi екi халық ажырасып.
Соғысты тоқтатады, туын жиып:
—Қойды,—деп,—соғыс не ғып Құдай иiп?
«Бiр-бiрiн алдап жүрiп алмасын» деп,
Жерлерге кiсi қойды биiк-биiк.
Бiр-бiрлеп қазақ, қалмақ жабдықсыз кеп,
Танысып өлiктерiн алды жиып.
Тiптi көп iштерiнде жаралы адам,
Қан болған үстi-басы найза тиiп.
Әр жерде шоғырланып жүрген әскер,
Найзасын басын тартып, қолына iлiп.
Өлi ме келген әскер, тiрi жүр ме,
Мәнiсiн болар емес адам бiлiп.
Кеш болып жұрт басылып, қалды жатып,
ұқтырды Мырқы сөздiң жөнiн айтып.
—Келгенше жұрт жиылып, әдiсi үшiн,
Осындай ойладық,—деп,—үлгi тәртiп.
Сегiз күн қамсыз болмай, дем алыңдар,
Қарауыл қатты қойып, тыңшы жатып.
Баяғы уәделескен орнына
Кезiнде түн ортасы келдi қайтып.
Кеш келдi алданумен Мырқы батыр,
Халықты зорға басып апыр-топыр.
Тұлпарын келiп көрсе байлап қойып,
Қауiпсiз Байынжығал ұйықтап жатыр.
Қасына түсiп жатыр бұл да келiп,
Ойлайды: «Қамсыз-ау,—деп,—мұны көрiп.
Бұл қамсыз жатпас едi мұндай болып,
Жатқан ғой,—деп ойлады,—маған сенiп.
Азырақ сөйлескенше ұйықтасын» деп,
Екi атты қайтып келдi қоя берiп.
—Тұрғын,—деп, келiп, түртiп оятса да,
Былқылдап оянбайды көңiл бөлiп.
3170
3180
3190
3200

300
300
301
МыРҚы  БАТыР
Қаттырақ «тұрсаңшы» деп жұлқып едi,
Жағадан ала кеттi тұра келiп.
Айқайлап үстi-үстiне ақырады,
Бiлмеймiн бiткен екен қандай желiк.
Әр жерден далбасалап бiр ұстайды,
Тұрған жоқ ерегiсiп күшке келiп.
Ойбайлап үстi-үстiне ақырады,
Мойны былқылдап жерге төнiп.
Тас қылып екi көзiн жұмып алған,
Аузынан ағып кеткен қанды көбiк.
«Бар екен қояншығы» деп ойлады,
Iсiнiң қылып жүрген түрiн көрiп.
Мырқының қанжарына жабысып жүр:
—Маған бер, кетемiн,—деп,—қазiр өлiп.
Өзiне далбасалап салатұғын,
Мырқыны жын ұрып па оған берiп?
Қанжарды тартып алып, ол лақтырды,
Өлетiн қоя берсе өзiне ерiк.
Белiнен құшақтап ап айрылмайды,
Шашылып шапан, жабдық, қалды бөрiк.
Болмайды «қой» десе де өкiрiп жүр,
Кетедi онан әрi өрбiп-өрбiп.
Сонымен жағаласып жүрген кезде
Қырық кiсi түсе қалды қалмақ келiп.
Қырық кiсi бiлмей қапты жетiп келген,
Жабысып айрылмай жүр анау белден.
Мырқыны жабылып кеп байлап алды,
Қолына кiсен салып екi жерден.
Тас байлап қол-аяғын алып кеттi:
—Мiнеки, тiрiлдi,—деп,—өлген Шерден.
Артынан ең болмаса қуатұғын
Қазақтың бiрi де жоқ мұны көрген.
Түсiрген қолдарына батырлардың
Үстiне Мырқыны да алып келген.
Қараса Қабанбай мен сонда жатыр
Баяғы шептi бұзған Сұртай мерген.
Үшеуiн Шәуешекке жiбердi
Сенiмдi қажымайтын бес жүз ермен.
3210
3220
3230

302
ТАРИХИ  ЖыРлАР
302
303
Байлаған бәрiн дағы Байынжығал,
Алданып бәрi соның тiлiне ерген.
Дәулеттiң бес қасқыры барған екен,
Үш жүздей кiсi жиып алған екен.
Кездесiп Кербұлақтың бауырында,
Бұлар да талай қырғын салған екен.
Дос болып Байынжығал бұған дағы
Алданып сұмырайға қалған екен.
«Шiркiн-ай, асып күшi алмады-ау» деп,
Мұның да iшi толған арман екен.
Бұл өзi талайларды ұтқан екен,
Бiр залым амалы көп дұшпан екен.
Ақылы қайраты мен бiрдей келiп,
Мойны озып торғауыттан шыққан екен.
Адамды көз алдында алдайтұғын,
Кәдiмгi жердi құртқан мыстан екен.
Ор қазып Қабанбайдың атын айтып,
Оны да қапылыста жыққан екен.
Қазақтың «туыспын» десе бас беретiн,
Аңқаулық сыр мiнезiн ұққан екен.
Қалмақ тұр үш батырды байлап алып,
Кiсендеп қолы-аяғын жайлап алып.
Әңгiме осы арада бес бөлiнiп,
Аяғы бара жатыр майдаланып.
Мырқының жалғыз өзiн қуып кеттiк,
Шорасы, Қабылан биi жайға алып.
Шолақ тiл сөздiң басын құрай алмай,
Үш жерде дағдарып тұр ойға қалып.
Қайтсең де, осы сөздi жинақтайсың,
Сен мұнан құтыласың қайда барып?
Сен едiң ежелден-ақ мылжың Әшiм,
Сен ендi қыз болмайсың байға барып.
Болмаса сөйлейтұғын жалғыз тiлiң,
Денеңде затың бар ма бiр жарарлық?
Жақпасаң өстiп-өстiп әңгiме айтып,
Халыққа сұрың бар ма бiр қарарлық?
3240
3250
3260
3270

302
302
303
МыРҚы  БАТыР
Басқасы аман жүр ғой қоя тұрып,
Кеңесiн үшеуiнiң аз қозғайық.
Алып әзiр ердiң бағын тайталаста,
Түбiнде шығады ғой озғаны алып.
Бұларды алып жүрдi Шәуешекке,
Апарып хандарына сый етпекке.
Батырлар «барсакелмес» жолға түсiп,
Сыйынып бара жатыр құдiретке.
Ала ауыз ел батыры қолға түстi,
Бiрiкпей бет-бетiмен жүрiп шетте.
Түйеге мiнгiзiп ап жетеледi,
Айдаған төрт-бес адам оны көтке.
Қылышын жалаңаштап қолына ұстап,
Басқасы айланып жүр төңiректе.
Сау болса, қол-аяғы кiсендеусiз,
Бiрi де келмес едi бетпе-бетке.
Бұларды осындай қып келедi айдап,
Кiсендеп қол-аяғын мықтап байлап.
Үш елдiң үшеуi де арыстаны,
Амалсыз келе жатыр көзi жайнап.
Ойында үшеуiнiң дәнеме жоқ,
Ақырып ән салады құстай сайрап.
Әртүрлi бұлар әнге сап келедi,
Қалмаққа, жақындаса, тап бередi.
Кiсiден кiсендеулi сасып,
Қалмақтар қорыққанынан жалт бередi.
Кiжiнсе «тамақ бер» деп ашуланып,
Тамағын дайындаған ап бередi.
Қалмайды айқайласа есi-түсi,
Әйтеуiр үрейленiп ап келедi.
Батырлар не боп шығар келешекте,
Тұра алмас пенде қарсы келешекке.
Бастарын қазақ болып құрай алмай
Мiндi терiс айланып керi есекке.
Бос болса үшеуiнiң қол-аяғы,
Мың қарға нетер едi бiр кесекке.
3280
3290
3300
3310

304
ТАРИХИ  ЖыРлАР
304
305
Сақтанып қоршалап бес жүз адам,
Бұларды алып келдi Шәуешекке.
Алып кеп өткiзедi хандарына,
Қамалап қалың әскер жан-жағына.
Тоқсан сан торғауыттың падишасы
Ап келдi Мiнсайынның алдарына.
Мiнсайын көрдi мұның порымдарын,
Құрметпен сыйлап жатыр құлдың бәрiн.
Бұларды күшi жетiп адам алмас,
Байқады алдауменен соғылғанын.
Мiнсайын өлтiруге қимай отыр,
Бұлар да байқап отыр оның бәрiн.
Бiр түрме солақ деген жасаттырып,
Дайындап қойған екен орындарын.
Алғысты батырына көп айтады,
—Қалай қып ұстады,—деп,—оның бәрiн?
Арыстан Байынжығал түлкi, дейдi,
Дұшпанға болған емес күлкi, дейдi.
Бұларды Байынжығал байлағанда,
Қазақтың қайда тұрды жұрты?—дейдi.
Қалайша қара басып қолға түскен,
Бәрiнiң тұтас екен сырты, дейдi.
Батырға Байынжығал жәрдем болып,
Қолма-қол болысқан ғой Мырқы, дейдi.
Апарып жеке-жеке солаққа сап,
Аузына салыңыздар құлпы, дейдi.
Өлтiрген Нарбота мен ер Шердендi
Осының бар ма iшiнде Мырқы,—дейдi.
—Қайтесiң?—Мырқы сонда,—Менмiн,—дейдi,
Әкеңе мен керек болсам келдiм, дейдi.
Өлтiрiп екi албасты дәу басыңды,
Жазасын мына қолмен бердiм, дейдi.
Сенi де тағы өлтiрiп ойрандауға
Әдейi осылайша келдiм, дейдi.
Жатпасын асыл кездiк қап бұрышында,
3320
3330
3340

304
304
305
МыРҚы  БАТыР
Асықпай тамашамды көргiн, дейдi.
Қалмаққа қандай сойқан саларымды
Жалғыз-ақ Құдай бiлер, ел бiлмейдi.
«Қазақтың үш батырын ұстайын» деп,
Танауы сендей иттiң желбiрейдi.
Танысқын әкең—Қабан мына отырған,
Дүниенi Рүстемдей көзге iлмейдi.
Атаған атын тура «Қабанбай» деп,
Дүниеде тiрi болып көп жүрмейдi.
Әкеңiз мына отырған Сұртай деген,
Бұл дағы «қалмақ» десе тек жүрмейдi.
Тайланды осы өлтiрген басын кесiп,
Байлаған қанжығаға ернiн тесiп.
Орбалақ, Құлан, Шумай батырыңды
Киiмiн, басын кесiп алған шешiп.
Қалмақтар үшеуiне таң қалады,
«Қайтпайтын бұл не деген батыр» десiп.
Мiнсайын риза болды мұны көрiп,
Мырқының айтқанына ұрты кеуiп.
Риза боп ашуланып ақырады,
Өзiнше қылмыстыға жаза берiп.
—Апарып қазiр бәрiн солаққа сал,
Үшеуiн бiрiктiрмей үшке бөлiп.
Аш жатсын он бес күндей есеңгiреп,
Бiреуiң жүрмеңiздер тамақ берiп.
Аштыққа он бес күндiк шыдамаса,
Қорлықпен өз-өзiнен қалсын өлiп.
Отырған адырайып мырзаларды,
Сонан соң сөйлесермiз алып келiп.
Бұларды салды алып барып солағына,
Айнала кұзет қойған торабына.
Шақырған тағдыр болып мехнаттың
Батырлар келiп отыр қонағына.
Әлi әзiр дүние бiр қолдан кеттi,
Түбiнде шығар екен қай жағына?
20-205*
3350
3360
3370

306
ТАРИХИ  ЖыРлАР
306
307
Қатарлап еткен екен бөлiм-бөлiм,
Тақтайдан есiктерi сары желiм.
Он бес күн аш жатқан соң дем алмай,
Кетедi келмей қайда бұған өлiм?
Кiсенде қол-аяғы және тағы,
Жайнатты батырлардың сүйтiп көзiн.
Солай қып батырларды қоя тұрып,
Сөйлемек Әшiм тағы басқа сөзiн.
Бiр жерге сөздiң басын құрай алмай,
Құдайым сандалтты ғой мұның өзiн.
Бұл сөздi менен бұрын жазған кiсi
Кетiптi етiп тастап телiм-телiм.
Байсейiт жазған осылай деп,
Бiлмеймiн оның менен артық-кемiн.
Шегi жоқ бұл жұмыстың болғаны анық,
Байқасақ тарихтардан көрiп жөнiн.
Бос сөздi арасына кiрiстiрмей,
Өзiне кiрiсейiк әңгiменiң.
Бос сөздi iшiндегi алып тастап,
Сөйлейiк әңгiменiң болған жерiн.
Бұл iстiң жөнi қашты ыңғайының,
Жiгiтке пайдасы жоқ уайымның.
Қалмаққа өлсе бұлар басын имес,
Қайтерiн өзi бiлсiн Құдайымның.
Есiттi үш батырды мақтағанын,
Бар едi жалғыз қызы Мiнсайынның.
Есiтiп батырлардың порымдарын,
Iшiне түсiк түстi Күлайымның.
Күлайым өзi сұлу, он жетiде,
Көрген жан таң қаларлық келбетiне.
Сарайда қырық қызбенен бағылады,
Падишалық атасының дәулетiне.
Жарқырап он төртiншi туған айдай,
Сарайдың сайраңдап жүр сәулесiнде.
Есiтiп батырларды ғашық болып,
Бiр басын ыңғайланды әуре етуге.
3380
3390
3400
3410

306
306
307
МыРҚы  БАТыР
Есiттi Сұртайды да, Мырқыны да,
Жүрегi жақындап тұр ынтығуға.
Әр ойды ханның қызы ойлап отыр,
Жақсылық қолдан келсе бiр қылуға.
Бар едi бiр қанжары тығып жүрген,
Кесетiн кiсендi де, құлпын да.
«Шығарсам бұл үшеуiн,—тағы ойлайды,—
Зиян сап жүре ме,—деп,—жұртымызға?
Қасқырдың баласындай терiс айланып,
Көнбейдi-ау жоғарақта ырқымызға».
Ойлайды: «Түнде барып көрейiн, деп,
Сөйлесiп көрейiн бiр мерейiн, деп.
Он бiр күн бүгiн тамақ iшпегелi,
Өзi де қалған шығар өлейiн, деп.
Пiсiрiп қазы-қарта тағы, алып жүрдi,
Апарып тамақтансын берейiн, деп.
Апарып қанжарымды тағы берiп,
Ақысын ерлiгiнiң төлейiн»,—деп.
Келiстi түнде барып қарауылмен,
«ұстаған тұтқындарды көрейiн», деп.
Деп айтты қарауылға: «Ешкiмге айтпа,
Қарап тұр, есiктi ашып, сыртты бақ та.
«Келдi,—деп,—хан қызы тұтқындарға»
Аузыңнан шығармағын жақын-жатқа.
Азырақ көп сөйлессем кешiгермiн,
Шыққанша күтiп тұрғын мен қай уақытта.
Жүрем деп онда тiрi ойламағын,
Қондырсаң сырды бүкпей жаманатқа.
Беремiн саған ертең бес жүз тiллә,
Көңiлiңе бұл уәденi мекем сақта.
Жiберсем тамақ берiп ептеп-ептеп,
Берiп тұр осындағы үш қазаққа.
Салқындат анда-санда есiк ашып,
Адам-ды ол да сендей салма азапқа».
3420
3430
3440

308
ТАРИХИ  ЖыРлАР
308
309
Сүйтiп қыз үйге кiрдi есiк ашып,
Көрмек боп батырларды көңлi тасып.
Есiктiң сырт жағында тыңдап тұрса,
Ақырып Сұртай жатыр әнге басып.
Дауысын өлеңi мен естiген соң,
Көрмей-ақ Күлайым қыз болды ғашық.
Денесi Кұлән қыздың қалтырап тұр,
«Құдай-а, қыла көр,—деп,—маған нәсiп.
Он бiр күн бүгiн тамақ iшпегелi,
Мұндай боп жатпас едi болса жасық».
Өлеңнiң ортасына келген кезде
Күлайым кiрiп келдi амандасып.
Ән салып шалқасынан сұлап жатыр,
Жiгiт жоқ қауiп қылған қыздан сасып.
Қызбен де, дүниемен де жұмысы жоқ,
Сұртайдың сөзi мынау айтқан жатып.
Құбылтып, түрлендiрiп ән салады,
Кiсiнi өлiп жатқан таңырқатып.
Кiсенде қол-аяғы, мойны бұғау,
Жатқан жоқ па бұған көңiлiн жабырқатып.
Өлең мен салған әнге бойы балқып,
Күлән қыз майысып тұр көзiн сатып.
Тұрмыстың соққысына ыза боп тұр,
«Ерлердiң қойғанын,—деп,—басын шатып.
Жолыңда мен де сенiң өлермiн»—деп,
Бұл сурет Күлән қызға кеттi батып.
Салған жоқ әлi көзiн осы қызға,
Ән салып, соғып жатыр өлең айтып.
Былқылдап қыздың босап тұла бойы,
Жылап тұр көзден жасын домалатып.
Тұрғанда осы қыз кеп осы араға,
Сұртай жатыр едi мынаны айтып:
—Құдай-а, жаратып ең жоқтан бар қып,
Адамша сурет берiп, тiрi жан қып.
Ақылсыз ақымақ қып жаратқан соң,
Құдай-а, тiрi қойдың несiн жан қып?
3450
3460
3470
3480

308
308
309
МыРҚы  БАТыР
Ақылсыз мен секiлдi ақымақты,
Мiнеки, ұстап алды дұшпан аңлып.
Қалмаққа қалған жанды қарыштармын,
Барғанша елге қайтып иттей қаңғып.
Тоқтай тұр, бәлем, қалмақ, ойрандармын,
Қалаңның қақ ортасын тозаң-шаң қып.
Бауырыңды таспадай қып тiлгiлермiн,
Қалаңа майдан құрып қызыл қан қып.
Күресiп, жағаласып, күш сынаспай,
Бiр иттiң алдауына түстiм алжып.
Шабысып, жағаласып алған болса,
Дер едiм: «Мiне, жiгiт, күшi барлық!».
Бәрiмiз алдауменен қолға түсiп,
Бiр қорлық жұмыс болды қысыларлық.
Осы жерден аман-есен тiрi шығып,
Майданда күн болар ма күш сынарлық!
Егерде мен жасық туған жан болмасам,
Бiр қайрат уақыт жеттi iс қыларлық.
Бұл iстiң ер жiгiтке бәрi қызық,
Ән салмақ, өлең айтпақ, шаһыбаздық.
Келген қыз, жөнiңдi айт, ұқтырсаңшы,
Қалмаққа Құдайың мен неден жаздық?
Тоқтады  да  басын  көтерiп,  қызға  қарады.  Сонда  қыз 
Сұртайдың  қасына  келiп,  Сұртайға  бастан-аяқ  өзiнiң  жай-
ын  айтып,  өзiнiң  уақиғасын  түсiндiрдi.  Және  көңiлiндегi 
мақсаттарын айтты да, қыз алып келген тамақтары мен арнаған 
болат  қанжарын  бердi.  Сұртай  да  қыздың  бұл  арнап  келген 
мақсаттарын  терiс  көрген  жоқ.  Екеуiнiң  де  көздерi  көздерiне 
түскенде,  көз  жанарлары  алтынның  буындай  араласып,  буы 
жүректерiн ұрып тұрды.
Жұмыс  асығыс.  Таң  жақын  қалды.  Қыз  үйiне  қайтты. 
ыңғайын  тапсам,  бүрсiгүнi  келермiн.  Сiздер  менен  ха-
бар  болғанша,  бүлдiрмей  қоя  тұрыңыздар.  «Айласыз  батыр 
шошқаға шабады» деген ғой. Бұлар қанша айтқанмен падишалы 
халық қой. Қанша сiздер батыр болғанмен, «сауыт-саймансыз, 
жарақсыз,  тұлпарсыз  ердiң  бағы  болмайды»  деген  ғой.  Бұл 
жайында жасырын бiр-екi күн тiрлiк қылуымыз керек болады. 
Бұл жайында тағы ақылдасып көрермiз»,—деп қыз үйiне кетiп 
3490
3500

310
ТАРИХИ  ЖыРлАР
310
311
қалды.  Аздан  соң  қасындағы  қатар  есiк  шарт  етiп  сынғандай 
болды. Онымен тұрған жоқ. Айтып ауыз жиғанша Сұртайдың 
есiгiнiң  құлпы  бұзылып,  есiгi  ашылып,  Мырқы  кiрiп  келдi. 
Екi қолы шиедей қан болып кеткен екен, терiсi жалбырап тұр. 
Қолындағы  кiсенiн  сындырамын  дегенде,  зор  келiп,  еттерiн 
буып  кеткен  екен.  Сүйегi  аман,  бiрақ  етiн  жаман  бүлдiрiп  та-
стапты. Кiсеннiң кiлттi басы бiр қолында жүр екен. Жарымын 
сындырып  бөлiп  тастапты.  Кiрiп  келiп:  «Батыр,  сен  не  ойлап 
жатырсың?  Байлап  қойса,  жата  беретiн  бiз  қалмақтардың 
бұзауымыз ба?»—дедi.
Сұртай:  «Әй,  ағай,  ашуың  жаман-ау!  Ойлағаным  рас  екен. 
«Сүренге жаны ашымаған адам ашуы келсе, өзiне жаны ашы-
мас» деп ойлаған едiм. Шынында сол ой дұрыс екен. Қолыңды 
бүлдiрiп  тастапсыз  ғой.  Ол  қолдың  мына  дұшпандарға  керегi 
болмай ма?—деп, Сұртай айтқанда қолына қарап, сонда көрiп: 
«Ештеңе етпейдi»,—деп жалбыраған терiсiн орнына жапсырып 
қойды да, Сұртайға қарап күлiп қойды. Сүйтiп тұрғанда үйдiң 
керегесiнен  бiр  кiрпiш  сүрiлдi.  Қарап  қалса,  Қабекең  тесiп 
шыға  келдi.  Ол  кiсiнiң  де  қол  кiсенi  сынып,  бiр  басы  қалған 
екен. Бiрақ бұл кiсiнiң қолы ондай жара болған жоқ екен. Ендi 
бұлар бас қосып, баяғы тамақтарды жеп, кiсеннiң қалдықтарын 
қыз  берген  қанжарменен  кесiп  тастап,  қолдары  босанып,  ендi 
бұлар  ақылға  келе  бастады,  «ендiгi  жағдай  қалай  болар  екен» 
деп. ызалы жұрттың бет алысы мынау едi.
Бастарын қосып бiр жерге,
Отырды бұлар жиылып.
Тәуекелшiл қанды көз,
Бiр Аллаға сыйынып.
Қазы мен қарта жеп отыр,
Қисынсыз жерден бұйырып.
Ашыққан бүркiт секiлдi,
Алыстан келген түйiлiп.
Кiсенi мен түрмесiн
Талқандады бүлдiрiп,
Жүрмесе бiреу түйiнiп.
Бiр сұлу қыз кеп кеттi,
Қасы-көзi қиылып.
«Сұлу қыз» екен деседi,
3510
3520

310
310
311
МыРҚы  БАТыР
Жарап жүрген бурадай
Мұрындарын шиырып.
Қару менен ат тапса,
Торғауытты қырмақшы,
Тiзе қосып иiрiп.
Қыларында күмән жоқ,
Жабдық алып қолына,
Аттанып шықса киiнiп.
Жалғыз-жалғыз жүргенде,
Өлiгi қалған қалмақтың
Айдалада үйiлiп.
Қайтпайтын бәрi мұзбалақ,
Кесiлiп басы қалса да,
Қалмаққа бармас иiлiп.
Сауыттарын бермеген,
ұстағанда қалмақтар,
Жағасын iшке жымырып.
Қылыш пен қанжар, найзасын
Үлесiп кеткен олжалап,
Тоқталмай-ақ кiдiрiп.
Ақыры мұның не болмақ,
Өзiнен-өзi бiр түнде
Солағы қалды бүлiнiп.
Бүлiнгенiн көрмей ме,
Күзетшiнiң байқастап,
Бiреуi көрсе бiр кiрiп.
«Бүлiндi сүйтiп солақ» деп,
Халқына хабар бермей ме,
Ойбайын салып жүгiрiп?
Бақыты бастан қашқанда,
Қысылып жаудан сасқанда,
Жығылар тұлпар сүрiнiп.
Жазым боп, қаста жарар едi,
Жүрмесе бiр пәлеге iлiнiп.
Қыздан хабар алмаққа,
Көзiн салып жан-жаққа,
Тоқтады бүгiн кiдiрiп.
Бүлiнген жерiн түрлеттi,
Үшеуi қатар бiр жүрiп.
3530
3540
3550

312
ТАРИХИ  ЖыРлАР
312
313
Орнына салып сынығын,
Iлiндiрiп қояды,
«Жатыр,—деп,—мұны кiм бiлiп».
Сонымен бұлар қосылып,
Кешке шейiн жатады.
Қыз ап келген тамақтың
Бұйырғанын татады.
Ап келген екен мол қылып
Қазы менен қартаны.
Отырған соң ерiгiп,
Ендi бұлар бал ашып,
Келешектi байқады.
Құмалақ салып, бал тартып,
Қабанбай бүй деп айтады.
Қасиеттi кiсi екен,
Перiсi бар арқалы.
—Бейшара қыз бiз үшiн,
Талай қорлық тартады.
Өзiне дұшпан болмақшы
Ағайын, туған алқабы.
Ел-жұртына қарамай,
Бiзбенен бiрге ерлiк қып,
Қосыла жапа тартады.
Екi-үш күннiң iшiнде,
Жәрдем берсе Жасаған,
Бүлiнедi хан тағы.
Тұлпар мiнгiң келе ме,
Сұртай батыр, бүлкiлдеп,
Иығың неге тартады?
Тұлпар мiнiп, ту алып,
Кигiң келiп отыр ма
Қырмызы қызыл қамқаны? 
Таң болып Сұртай күледi:
—Етiмнiң менiң тартқанын
Бұл кiсi қайдан байқады?
Санасыз күлiп отыр бұлар өзi,
Батырдың соқыр деген екi көзi.
3560
3570
3580
3590

312
312
313
МыРҚы  БАТыР
Бұларды осы араға тастай берiп,
Араға кiргелi отыр қыздың сөзi.
Қыз кеттi, тамақ берiп, үйге қайтып,
Сұртайдың байқады қыз сөзiн тартып.
Сұртай да адамзаттың сұлуы едi,
Жiгiттiң талайынан порымы артық.
Сұртайды көргеннен соң ғашық болып,
Жылайды көзден жасын домалатып.
Осы қыз әрбiр ойды ойлап отыр:
«ұйықтайын үйге келiп, тыныш жатып».
Жiгiттi көремiн деп ғашық болып,
Қайғыны өз басына үйдi сатып.
Сәулесi жас өмiрдiң қыздырып тұр,
Бұл болды-ау көлге ғашық басын шатып.
Сұртайдың өлеңi мен түр-сипаты
Көңiлiнде сыналды таңырқатып.
«Жас өмiр қызығы жоқ не керек?» деп,
Көңiлiн мұңайтады жабырқатып.
Ойлайды: «Бұған бiр iс қылайын, деп,
Ақылды бытыратпай құрайын, деп.
Босатып сол батырдың үшеуiн де,
Қайратын азаматтың сынайын, деп.
Соларға себеп болып жәрдемдесiп,
Көңiлiмдi шамам келсе бұрайын, деп.
Менсiз де қапта жатпас асыл құрыш,
Өзi де тұрған көз ғой шығайын, деп.
Үш қылыш үшеуiне төрт ат берiп,
Артынан тiлеулес боп тұрайын, деп.
Ойының осы ойлаған қамын қылды,
«Оңына келтiре көр, Құдайым»,—деп.
Төрт қылыш дайындады асыл алмас,
Қыздың бiр талабы едi қылған алғаш.
«Нұр жауар талапты ерге» деген сөз бар,
Азамат талап қылған құры қалмас.
3600
3610
3620
3630

314
ТАРИХИ  ЖыРлАР
314
315
Төрт қанжар төртеуiне дайындады,
«Қару қып қояйын,—деп,—оған жалғас».
Толтырып төрт қоржынға ас пiсiрдi,
Жал-жая, қазы-қарта, құйрық-жамбас.
Төрт атты ер-тоқымды дайындады,
Маңына бәрi тұлпар адам бармас.
Бәрi де бағудағы тұлпар аттар
Жортуыл, шабуылда биттей талмас.
Астына төртеуiнiң бұлар тисе,
Бұларды жуықарақта жау ала алмас.
Үш жiбек шапан тағы дайындады,
«Тұтқында отыр ғой,—деп,—жап-жалаңаш».
«Қызылда қыздың көзi» деген сөз бар,
Әртүрлi алтын, гауһар алады тас.
«Қыз—дұшпан, кетесi жау» деген осы,
Өзiнiң халқыменен болады қас.
Өзiнiң өскен жерiн қия алмастан,
Көзiнен қан аралас төгедi жас.
«Солардан артықпын ба, бiрге өлейiн»
Дейдi де тәуекелге байлады бас.
Байталдай өз баласын сататұғын
Қазаққа қалмақ пенен атамұрас.
Жабығып «қызбын ғой» деп отырғанмен,
Түбiнде бiр қайғының болуы рас.
Әркiмнiң өз заманы өзiне олжа,
Деген ғой «қатарыңмен бiрге жылас».
Тиiп ап бiр жаманға «бұйырды» деп,
Қалмайын бақытсыз мен тәнiмдi алас.
Не өлдiм, не жетемiн мұратыма,
Тәуекел құдiретiңе создым құлаш.
Қыз отыр сол пiкiрмен дайындалып,
Бiтiрiп бар жұмысын қайымдалып.
Төрт атты ер-тоқымды байлап қойып,
Бiлмекшi батырлардың жайын барып.
Жиылып кеш батқан соң келдi жүрiп,
Еркекше киiм киiп, шашын түйiп.
3640
3650
3660

314
314
315
МыРҚы  БАТыР
Өзi де адамзаттың сындарлысы,
Көргендер «екен,—дейтiн,—бір кермиық».
Iшiнен ақ семсерiн байланып ап,
Жымиып батырларға келдi кiрiп.
Келдi де Қабанбайға сәлем қылды,
Қусырып екi қолын, басын иiп.
—Келiнжан, жоғары шық, рахмет,—деп,
Мұртынан Мырқы батыр тұрды күлiп.
Төрт жендет қыз артынан кiрiп келiп,
ұстады кiрiп жүрген қызды бiлiп.
Қолынан қыздың келiп ұстап едi,
Өлтiрдi өкпесiнен қанжар сұғып.
Қозғалтпай ана үшеуiн жайғастырды,
Орнынан Мырқы, Сұртай қарғып тұрып.
Артынан тағы он шақты қарауыл кеп,
Iшiнде абақтының болды бүлiк.
Кiргеннiң баршасын да жайғастырып,
Төртеуi қол ұстасып кеттi шығып.
Аттарға даяр қылып байлап қойған
Қыз бастап жiтi басып келдi жүрiп.
Киiнiп абыр-сабыр сайманданып,
Атына төртеуi де алды мiнiп.
Қоржынды қанжығаға мықтап байлап,
Шаһардан бұлар сыртқа кеттi шығып.
Қарауыл бұларды ұстап ала алмады,
Қалғаны есi шығып алаңдады.
«Солақты бұзып қашты қазақтар» деп,
Бiр кiсi Мiнсайынға хабарлады.
Мiнсайын мұны естiп, жаман сасып,
Шаптырды төңiрекке шабарманды.
«Шаһардың сырт жағына күзет қой» деп,
Бұйырды шақырып ап Базарбайды.
Шақырып әскер басшы Құлияшты,
Бұйырды: «Жинағын,—деп,—тiрi жанды».
3670
3680
3690
3700

316
ТАРИХИ  ЖыРлАР
316
317
«Қызың жоқ, төрт тұлпар жоқ» деген хабар
Тағы да бiр жағынан келiп қалды.
«Бұл жұмыс өз қызымнан болыпты» деп,
Iшiнен Мiнсайын хан сезiк алды.
Мiнсайын бұл жұмысқа ашуланды,
Жинады түн iшiнде барша жанды.
Қаптатып құмырсқадай көп халықты,
Бұйырды: «ұстаңдар,—деп,—қашқандарды».
Қашқандар ұстата ма, ұстатпай ма,
Бiр Алла өзi бiлер жоқ пен барды.
«Қазақпен ханның қызы қашыпты» деген
Көңiлiне ауыр көрiп мынау арды.
Түрменiң хан қызына кiлтiн берген
Дейтұғын батыр Самақ сорлы бар-ды.
«Кiлт берген менi тiрi қоймас-ты» деп,
Артынан төртеуiнiң бұ да барды.
Айтпай тұр ешкiмге ашып бiлетұғын
Осындай оқиғаны болған халдi.
Өнерпаз, ақылы көп батыр едi,
Есеп қып ескермейтiн жоқ пен барды.
«Патшаның өз қызынан артықпын ба,
Көрмей-ақ қояйын,—деп,—мен де ханды».
Бұл келiп, ендi бұлар бесеу болды,
Аттанып, жабдықтанып, көңiлi толды.
Шәрiден бұлар шығып, соған кiрдi,
Бар едi жақын жерде қалың орман.
Орманға бұлар кiрiп, қарап тұрса,
Келедi әскер қаптап оң мен солдан.
Бұлар да дайындалып, қамданып тұр,
Ойы жоқ тартынатын осы жолдан.
Қабанбай дедi сонда: «Екi бала,
Екеуiң адыраймай маған қара.
Кiрелiк жау келгенде қатар тұрып,
Кетпеңдер бет-бетiңмен дара-дара.
Бiрiңдi-бiрiң сақтап қорғамасаң,
Бетiңе жеке жүрсең түсер жара.
3710
3720
3730

316
316
317
МыРҚы  БАТыР
Күлән қыз Самақпенен ысылмаған,
Байқастап көбiнесе соған қара.
Сiздерге Күлән қызды тапсырамын,
Бiр мiндет қызметiм екеуара.
Ең алғаш қолдарыңа садақ түсiр,
Сонан соң оңалармыз бара-бара.
Найзаға алданбаңдар жабдық емес,
Найзамен ете алмайды ешкiм егес.
Найзалы айбалтамен кездескенде,
Найзалы айбалтаның ақын жемес.
Тигiзгенде денесiне қылыш, найза,
Ол өзi жiгiт те емес, батыр да емес.
Сөйлесiп соғысқанда бiреуменен,
Мылжыңдап құрмаңыздар қатын кеңес.
Сонан сақтаңыздар аттарыңды,
Ат өлсе сындырады бақтарыңды.
Бiрiңе шапқан жауды бiрiң қағып,
Түзетiп жүрiңiздер саптарыңды.
Дегендей «сен ананы, мен мынаны»
Ежелгi ұмытпаңдар шарттарыңды.
Бiреуiң бiреуiңнен озып кетпей,
Түзетiп жүрiңiздер саптарыңды.
Ерлiк қып көпшiлiкке шыға шауып,
Бұзып ап жүрмеңiздер қалыптарыңды.
Жауменен алданам деп қызып жүрiп,
Байқаусыз тастамаңдар арттарыңды.
Жының бар, Мырқы, сенiң жеке кетер,
Қаупiң жоқ жаудан қорқып секең етер.
Қаша ұрыс салу керек көпке,
Шаппай алғырлық жасай берме өте бекер.
Бiреуге жылмаңдаған ыза болып,
Жының бар ерегiсiп төте кетер.
Барыңды, Сұртай, сен де қарыштарсың,
Садақты уағың болды еселетер.
Сен дағы ендi артыңа сақ болып жүр,
Мастанбай «пәлi, батыр» есе бекер.
3740
3750
3760
3770

318
ТАРИХИ  ЖыРлАР
318
319
Жиырмаға сенiң дағы жасың жеттi,
Аз-көптi уағың болды есеп етер».
Деп бұлар осыны айтып,
Мырқыға өте берiп көзi түсіп,
Қарады тiкiрейiп бiр айланып:
—Тоқтамай ендi сендер, кеш батты ғой,
Мына бiр жатыңыздар тауға барып.
Жiгiтке мұндай нәрсе нетер дейсiң,
Барарсың ет қызумен демiңдi алып.
Тоқтамай Мырқы кеттi тауға қарап,
Сұртай жүр қуғандардың алдын орап.
Қабанбай бiр бөлектi шаң қылып жүр,
Қасына бара алмайды адам жанап.
Жабылған Қабанбайға жүздей кiсi,
Бiр өзiн соғысып жүр көпке балап.
Қыз да жүр Қабанбайға жәрдемдесiп,
Көңiлiнде бейшараның таудай талап.
Кеш батты сүйтiп жүрiп ымырт болып,
Басылды абыр-дабыр жым-жырт болып.
Мырқының аман-жаман екендiгi
Бұлардың көңiлiне тұр күңгiрт болып.
Қосылды Қабанбай мен Мырқы бала
Түсiптi қыз байғұста екi жара.
Аты өлiп қыздың тағы жаяу қапты
Құданың құдiретi мұны қара.
Алдына қызды Сұртай мiнгестiрдi,
Бiр атқа мiнгеседi екеуара.
Тау жаққа Мырқы кеткен келе жатыр,
«Көрiнiп қалмасын,—деп,—кiсi қара».
Қабанбай дедi: «Сұртай, Мырқы қайда,
Жүр екен ол екеуi қандай жайда?».
Сұртай айтты: «Олар көп ұзамайды,
Күтiп жүрген шығар мына сайда.
Самаққа жалғыз өзi шабамын деп,
3780
3790
3800

318
318
319
МыРҚы  БАТыР
Көрдi ғой ерлiгiнен бiраз пайда.
Самаққа еңбек қылған мал болмас-ты,
Кесiр ғой жаман жолдас осындайда.
Бағана қалмақтардан бұлар қашқан,
Жабыла оған қалмақ садақ атқан.
Тұлпардың әрбiр жерге қарны түсiп,
Салбырап iшек-қарны бара жатқан.
Көп болса, осы бетке келген шығар,
Ол тұлпар дәу де болса өлген шығар.
Тұлпардың дәлдеп атып iшiн жарған,
Бәтшағар, қалмақтар да мерген шығар.
Ол аттың мәлiм емес бары-жоғы,
Бiлiнбес атты адамның ашы-тоғы.
Артына мiнгестiрген Самақтың да
Қадалып бара жатқан бес-алты оғы.
Қадалып алты-жетi оқ қалған екен,
Қандары әрбiр жерге тамған екен.
Халiңдi қанша екенi мәлiм емес,
Мырқыдан меккем ұстап алған екен»,
Деп бұлар сол жыраны өрлей жүрдi,
Жер екен быдырқайлы, ойлы-қырлы.
Бiр сайды бұлар өрлеп келе жатса,
Мырқының өлiп жатқан атын көрдi.
Оңаша аттан аулақ отыр екен,
Бұларды көргеннен соң бұ да келдi.
Баршасы отырады аттан түсiп,
Байлаулы қоржындарғы асын iшiп.
Самақтың арқасында алты оқ қапты,
Ессiз боп сұлап жатыр жердi құшып.
Қабанбай жарасына дәрi жақты,
Деседi:—Кеселi онша емес қатты.
Оқ тиген арқасына төрт-бес жерден,
Бұл жара не қылмақшы азаматты?
3810
3820
3830

320
ТАРИХИ  ЖыРлАР
320
321
Бес адам бiр күн жаудан бес ат мiнiп,
Болып тұр ақырында екi-ақ атты.
Балалар бiр-бiрiмен қалжыңдасып,
Деседi бiр-бiрiне «жолың қатты».
Сонымен бұлар жатты осы тауда,
Еңбегi қатты болды бүгiн жауда.
Дем ала үшеуi жата бердi қарауылда
Қыз бен жiгiт етiптi сауда.
Бұл жерде бұлар бүйтiп жата тұрсын,
Алайын сөздiң артын омырауға.
Әшiмнiң ғарiп басы қалып отыр
«Бұл сөздi бiтiрмедiм» деген дауға.
Баяғы Қабылан би не қылды екен,
Қырғыздан кетiп едi сұрап сауға.
Бытырап сөздiң өзi тарап кетiп,
Қашып жүр балықтай-ақ түспей ауға.
Әлiмнiң келмейтұғын сөзiн бастап,
Болып тұр, Кәрiбоз мырза, басым қауға.
Қайтейiн шолақ тiлiм жетпей отыр
Қыздырып әңгiменi сөз құрауға.
Кәрiбоз мырза жазып оқып берсе,
Халайық қажыр емес тыңдауға.
«Құр қасық ауыз жыртар» деген сөз бар,
Жылқыны үркiтпей ме құры қауға?
Ақ көңiл Кәрiбоз мырза бола бермес,
Өзiңнiң тiрлiк қылып аңыңды аула.
Бiлiмпаз азаматтар өзi-ақ бiлер
Қауындай пiсiп тұрған анық науда.
Кетпелiк сөздi бұрып нәпсiге ерiп,
Бiр талас азаматтар қалды жауда.
Айтпадық әңгiменi дұрыс қылып,
Батырлар жатып қалды, Тәңiр қылып.
Тастадық бес батырды бiр тауға ап кеп,
Қалмақпен кешке шейiн ұрыстырып.
3840
3850
3860
3870

320
320
321
МыРҚы  БАТыР
—Сақидан ерден үмiт қайырлық,—деп,
Тастадық ана сөздi кiрiстiрiп.
Кәрiбоздың жiпше тартар жөнi келдi,
Белгiлi жатпаса да жұмыс қылып.
Қалың қол келе жатыр күнi-түнi,
Адасқан таба алмайды бiрiн-бiрi.
Мұсылман-кәпiр болып айқаспаққа
Айналды байқап тұрсаң iстiң түбi.
Сол мұсылманды бiрiктiрген
Баяғы Қабылан бидiң қызыл тiлi.
Бұлар кеп жақындады жауға таман,
Кередi әрбiр жерде өлген адам.
Көредi үркiп қашып жүргендердi
Қалды,—деп,—әлдеқайда бала-шағам?
Әскерлер келе жатыр дүрiлдеп,
Жүздеп халықтың қашып жүрген жауын iздеп.
Шаң қылып даланы келе жатыр,
Топ-топ боп қопарылып тiзбек-тiзбек.
Жiберген алдыменен шапқыншыны,
«Жатқанын жаудың қайда жөнiн бiл» деп.
Артынан шапқыншының тосқыншы бар,
Гуiлдеп келе жатыр өрмек-дүрмек.
Бұлардың ойлап жүрген мақсаттары 
Шораның Мырқы менен жөнiн бiлмек.
Сыртында Үржардың үш күн болды
Қоңыздай жатыр едi қалмақ гулеп.
Қазақтың әскерлерi бекiнiс қып,
Бөлiнiп хабарланды «тауға жүр» деп.
Әйтеуiр «қалмақ қашты» деген сөз бар,
Бұл iстiң оңай емес жөнiн бiлмек.
Әйтеуiр «қалмақ қашты» десiп жатыр,
Қу қалмақ алса керек өшiн қырып.
—Қолына қалмақтардың түстi,—дейдi,
Қазақтан сенiп жүрген екi батыр.
Атының кiм екенiн ұмытып қаппыз,
21-205*
3880
3890
3900

322
ТАРИХИ  ЖыРлАР
322
323
Әйтеуiр болса керек есiл батыр.
Ес бар ма үрiккен елден не сұрайсың,
Сол сөздi құлағымыз естiп жатыр.
Аққасқыр мұны есiттi Бөкейден,
Айып жоқ Бөкеңнiң бiлiсiнен.
«Сол жайды жалғыз барып бiлейiн» деп,
Жөнелдi Қосқұлақтың жүрiсiмен.
Көбiгi Қосқұлақтың жерге түсiп,
Бұрқырап келе жатыр түн iшiмен.
Жақындап түн ортасы келген кезде
Кездестi таста тұрған бiр кiсiмен.
Қасқырды жаяу кiсi бұрын көрiп,
Садағын дайындады қылышымен.
Кiсi екен мекен еткен таста жатып,
Тұрған жоқ Аққасқыр бұл да қайтып.
Жалма-жан садағына оғын салып,
Өкпеден Қосқұлақты қалды тартып.
Тоқтамай тиген оғы өтiп кетiп,
Құлатты Қосқұлақты домалатып.
Аққасқыр апыр-топыр боп жатқанда,
Бiр оқпен тағы қалды өзiн де атып.
Осыдан Аққасқыр да қауiп қылды,
Дүмпуi атқан оқтың қатты батып.
Аққасқыр атты тастап тура ұмтылды,
Езуiн арыстандай сақылдатып.
Жағадан ол да келiп ала кеттi,
«Мұндайда кетедi,—деп,—қатын қашып».
Екеуi жағаласты апыр-тапыр,
Құлатып беттен тасты қашырлатып.
Үйiрiп бiрiн-бiрi лақтырды,
Тiстенiп азуларын шақырлатып,
Екеуi алысады шақырлатып.
Екеуi алысады әрi-берi,
Шаң болды екеуiнiң жүрген жерi.
Қайраты Аққасқырдан кейiн емес,
3910
3920
3930
3940

322
322
323
МыРҚы  БАТыР
Бұ дағы жiгiт екен жаңа перi.
Алысып екi сабаз айдалада,
Күштесiп денесiнен ақты терi.
Үйiрiп бiрiн-бiрi лақтырды
Ғали мен алысқандай Әли шерi.
Жыртылды сауыттары талқан болып.
Бiледi алысқан соң бұлар ненi?!
Өлтiрмек бiрiн-бiрi мақсұттары,
Қойды да анау-мынау әңгiменi.
Екеуi арыстандай алысады,
Бурадай бiрiн-бiрi қағысады.
Жыртылып жұлысқанда сауыттары,
Екеуi тыр жалаңаш қалысады.
Шеңгелдеп еттерiнен дым таба алмай,
Қолдары бүркiттей қарысады.
Екеуi бiрiн-бiрi жеңiсе алмай,
Болып жүр екi сабаз әрi-сәрi.
ұстаған бiрiнен-бiрi мықтап,
Бiреуiн ығын тауып, бiрi жықпақ.
ысқырған екi айдаһар жетiп келiп,
Екеуiн қапылыста болды жұтпақ.
Кездестi екi айдаһар таудай болып,
Екеуiн жұтатұғын жаудай болып.
Ауызын үңiрейтiп тұр екеуi
Су жырған үңiрейiп жардай болып.
Шайнасып бурадайын бұлар жатыр
Қырқысқан қиян -кескi нардай болып.
Айдаһар бұларға тұр заһар шашып,
Жұтпаққа дайындалып аузын ашып.
Бұлардың айдаһармен жұмысы жоқ,
Тiстесiп бiр-бiрiмен қалған қатып.
Көздерi екеуiнiң түктi көрмей,
Шомылып қара терге алған батып.
Екеуiн екi айдаһар тiстеп алып,
Екеуiн екi жаққа кеттi тартып.
3950
3960
3970

324
ТАРИХИ  ЖыРлАР
324
325
Соғып тұр бiр самал жел қоңыр салқын,
Көктемнiң келе жатыр таңы да атып.
Айдаһар емес, келген пiрлерi екен,
«Екеуiн қояйын деп ажыратып».
Айдаһар Аққасқырды тiстеп алып,
Ап шықты оңашаға күштеп алып.
ышқынып дүр-дүр етiп сiлкiндi де,
Шал болды ақсақалды үш дем алып.
«Өлтiрмей әлгi жауды кеткенiм» деп,
Аққасқыр қапа боп жүр iштен налып.
Сауыты үстiндегi талқан болып,
Болыпты жарамайтын iстен қалып.
Таң атып келе жатыр, түсiп жарық,
Аққасқыр бұл iске тұр қайран қалып.
Сөйледi: «Иә, балам,—деп пiрi сонда,
Сөзiмдi тыңда,—дедi,—құлақ салып.
Балаға атыңды атқан жәрдемдескiн,
«Атымды өлтiрдi» деп тұрма налып.
Екеуiң бiр-бiрiңдi танымастан,
Еттерiң жара бопты тырмаланып.
Серiгiң осы жақтағы тоғызы да,
Тауып ал жолдасыңды тұрма барып.
Бiреуiң бiреуiңе серiк болып,
Жүрiңдер ұзап кетпей құрмаланып.
Iшiнде жаралының оғы жатыр,
Тастаңдар соны барып жылдам алып.
Бiрiңдi жөн сұраспай бiрiң шауып,
Етпеңдер мұнан былай құр балалық.
Етiңдi жараласа кiмдер сайып,
Қайтарма жүрегiңдi онан тайып.
Қорықпағын қылыш, найза, садағынан,
Жүремiн өзiм бағып, қанат жайып.
Атыңды-ай бүрсiгүнi ат беремiн,
Тұрмағын «атым жоқ» деп құр мұңайып.
Жүрмеңдер «өлдi ғой» деп тастап кетiп,
Жолдасы жолдасыңның болса майып.
3980
3990
4000
4010

324
324
325
МыРҚы  БАТыР
Азырақ түбi қайыр, бейнет бар»,—деп,
Көзiнен Аққасқырдың болды ғайып.
Аққасқыр аң-таң болып тұрды қарап,
Жалаңаш, қолында жоқ найза-садақ.
Көк ала үстi-басы жын ұрғандай,
Терiсi жыртылыпты етi қанап.
Бiр тасқа көтiн қойып отыр едi,
Бiр жаяу келе жатыр өрге қарап.
Кiсiнi жай отырған жаяу кiсi
Садақтың астына алды көре сала-ақ.
Жалаңаш сауыты жоқ адамға кеп
Инедей қадалады атқан садақ.
Садағын келе жатыр қолына алып,
Бұл отыр қимылдамай бiр қозғалып.
Бiр-екi-үш келе жатып атқан оғын,
Қасына қағып алып қойды салып.
«Адам ба мұның өзi, немене?» деп,
Қасына бұ да келдi қайран қалып,
Қараса Сұртай екен келе жатып.
«Жау ма?» деп бiрi аңдыған садақ атқан,
Бiледi Аққасқырды ендi танып.
Оқтарды көргеннен соң жерде жатқан,
Түндегi алысқаны ойына түсiп.
—Япыр-ай,—дедi,—менi Құдай атқан,
Атыппын, әттеген-ай, атын бекер,
Бiздi iздеп келген екен ауыл жақтан.
Түнiмен Сұртай екен алысқаны,
Аянбай барлық күшiн салысқаны.
«Батырдың екi көзi соқыр» деген,
Бұрады өлтiрмек боп қағысқаны.
Түнiмен төбелесiп таң атқанша,
Бұлардың жаңа болды танысқаны.
Отырды бiр-бiрiне жайын айтып
Қазақтың қырғыз бенен арыстаны.
Екеуi бiрiн-бiрi жаңа көрдi,
4020
4030
4040

326
ТАРИХИ  ЖыРлАР
326
327
Еститiн ерлер едi алыстағы.
Сұртай мен қыз қарауыл болған күнi
Сұртай мен Аққасқырдың табысқаны.
Сыртынан осыларға билiк қылған
Қазақтың Қабылан би данышпаны.
Аққасқыр, Мырқы менен Қабан батыр—
Бұлар ескерусiз жаман батыр.
Бiлiстi қыздың жайын сұрастырып,
Тағы да бiр жаралы адам жатыр.
Оның да Мырқы жайын айтып едi,
Сұрады: «Тәуiр ме,—деп,—Самақ батыр?». 
Алады демiн зорға, шаншу құсап,
Самақтың жарасы да жаман жатыр.
Аққасқыр кеп қарады ер Самақты,
Жарасын тiлiп қарап көп қанатты.
Көрiнбес арқасына сiңiп кеткен,
Суырып ап тастады төрт садақты.
Сонан соң тұрды Самақ тәуiр болып,
Сол тiкен жатқан екен ауыр болып.
Қадалып шаншу құсап тұрған екен,
Көлденең дем алуға ауыр болып.
Жараны қатты қылып қойды таңып,
Шүкiр қып отырады демiн алып.
Алтауы басын қосып, шүкiр қылып,
Бас қосып отырады тамақтанып.
Батырлар кеңес құрып отырады,
Сөзiне бiрiнiң-бiрi құлақ салып.
Күлiсiп отырысты ендi бұлар,
Бұл iстi бұлар емес уайым қылар.
Ойда жоқ жауда жаяу отырғаны,
Бәрiнiң ортасында екi аты бар.
«Отырдық өңкей жаяу тотиып» деп,
Күлiсiп бiрiн-бiрi мазақ қылар.
—Екi атқа төртеуiмiз мiнгесемiз,
Сұртайдың мiнетұғын байталы бар.
4050
4060
4070
4080

326
326
327
МыРҚы  БАТыР
Қоржынды Сұртай салсын байталға,—деп,
Күледi қыран-топан санасыздар.
Қабанбай батырлардың ескiсi едi,
Адамның шын әулие естiсi едi.
Бiр құлаш жауырынның жалпақтығы
Қайнына келiнiн Қабекеңнiң көрiстiрiп,
Аламыз көрiмдiгiн,—десiседi.
Сол жылы дәл Қабекең елу бiрде,
Адамзат келген емес мұндай түрге.
Балуандық, батырлығы былай тұрсын,
Және де тiптi жүйрiк сөйлер тiлге.
Жел жаққа жау жiберiп бастырмастан,
Қазақтың баласына болған iрге.
Жиырманың Аққасқыр да алтауында,
Бәрiнiң Мырқы, Сұртай жасы бiрге.
Мырқы мен Самақ түйдес жасты екен,
Сұрасып бiлiп едi сол күн түнде.
Күләнда ең кiшiсi он жетiде,
Кiсiден қайтпайды ол да бiрме-бiрге.
ұл болса бұл да олардан кейiн емес,
Қыз деген атағы бар алтын сырға.
Ой да жоқ, осыларда сана да жоқ,
Күлiсiп мәз боп отыр жиылып топ.
Қасына екi атты ап кеп байлап қойып,
Күлiсiп отыр бәрi мәз-мәйрам боп.
Күлiсiп бұлар бүйтiп отырғанда,
Үстiне қардай борап жауады оқ.
Қараса шыр айлана қамап апты,
Әскердiң тауда-таста қисабы жоқ.
Мырқы мен Сұртай қарғып атқа мiндi,
Алғанын жаудың қамап ендi бiлдi.
Садағын екеуi де қолына алып,
Ерiнiң қорамсақты қасына iлдi.
Садақтың бәйенегiн сартылдатып,
Екеуi тiзе қосып қатар жүрдi.
4090
4100
4110

328
ТАРИХИ  ЖыРлАР
328
329
Қазақтың қатар жүрдi сұңқарлары,
Қандыауыз қасқырдай-ақ жұлқарлары.
Шiренiп садақтарын тартқан уақытта
Қалады шөгiп жатып тұлпарлары.
Салусыз сауыттың iлгектерi,
Жасқанып оқ тиер деп қымтанбады.
Екеуi тiзе қосып кiрдi топқа,
Қайратын осы жерде бiр салғалы.
«Осыны қамап жүрiп ұсталық» деп,
Айнала қалмақтар да құрсаулады.
Мың қойға екi қасқыр шапқандай-ақ,
Қасқарып тура шапты бұлтармай-ақ.
Талай ел атып жатыр ол жақтан да,
Оң жақ пен оқ жауып тұр сол жақтан да.
Құлайды он шақтысы қатар тұрған,
Шiренiп Мырқы, Сұртай оқ атқанда.
Бұларға бұлар қасқыр өшiгетiн,
Сауытты садағына тестiретiн.
Садақты екеуi де шындап тартса,
Кетпеннен жетi қабат өткiзетiн.
Аянбай осы күштi салды екеуi,
Қайрат қып уағы болды естiретiн.
Садақтың қасалағын қанға көмiп,
Көңiлiн мұсылманның өсiретiн.
Аққан қан қара жерге болды бояу,
Шабады қылышпенен келсе таяу.
ығытын қалмақтар да таба алмай жүр,
Көңiлi жоқ, жөнiн тапса, бұларда аяу.
Осымен бұл екеуi жүре тұрсын,
Бiлейiк, не болды екен қалған жаяу.
Төрт жаяу қалып едi, бiреуi қыз,
Осылар не болды екен, бiлелiк бiз.
«Жаяуды қалмақтар кеп құртты ма?» деп,
Бұларға сенбей отыр жүрегiмiз.
120
4130
4140
4150

328
328
329
МыРҚы  БАТыР
Екi атқа ана екеуi кеткен мiнiп,
ұмтылып басқасынан жылдам тұрып.
«Ассалаумағалейкум, жаяулық» деп,
Шоңқиып төртеуi де қалды отырып.
Бұларды жаяу қалған қалмақ көрдi,
Жиылып қоршалап қамап келдi,
Айлана ұстаймыз деп қамап келдi.
Жиылып жүременен бұлар отыр,
Қалмақтар порымдарын қарап көрдi.
«Қасына арқандарын тастаймыз» деп,
Шалмашы жылдамдарын тағы ап келдi.
Бұлардың саны төртеу болса дағы,
Қаруын қырық кiсiге балап келдi.
Атынан мықтылары жаяу түсiп,
Жабыла жаппа түсiп тап-ақ бердi.
Бұлар да қылыштарын алды қолға,
Сермеп жүр аянбастан оңды-солға.
Жүргенде «байлаймыз,—деп,—талай елдi»
Түсетiн көрiнбейдi оңай қолға.
Аттылар жабылып кеп найзалап жүр,
Сақырлап талай найза тиiп жонға.
Қайратты пiр қолдаған жiгiт екен,
Қайратын Аққасқырдың көрдi сонда.
Бұлар жүр атты адаммен соғыс қылып,
Салып жүр талай сойқан жаяу жүрiп.
Бiреудiң шауып тастап атын алып,
Қабанбай қалған екен атқа мiнiп.
Бiреудiң айбалтасын тартып алып,
Жүгiртiп ал, Қабанбай салды бүлiк.
Алды кеп Қабанбайдың жотасынан,
Жүгiртiп қалмақтардан бiреу келiп.
Екеуi жағаласып тартысқанда,
Аттары жата кеттi жерге шөгiп.
Екеуi жағаласып алысады,
Бойымен жағаласқан тұра келiп.
4160
4170
4180

330
ТАРИХИ  ЖыРлАР
330
331
Босанып екi ат бiрдей қалғандығын
ұмтылды Күлән қыз да мұны көрiп.
Секiрiп бiреуiне қарғып мiнiп,
Жетелеп және бiрiн кеттi желiп.
Ап келiп атты бердi Аққасқырға,
Бiр жерде отыр екен демi құрып.
—Бiр iске, азаматым, жарадың,—деп,
Аққасқыр қарғып тұрып алды мiнiп.
Астына тұлпар тауып мiнгеннен соң,
Қалмақты жан демедi көзiне iлiп.
Келдi де Қабанбаймен алысқанды
Түсiрдi қақ маңдайдан бiр-ақ ұрып.
Дейтұғын Байынжығал батыр едi,
Мырқының Көксерегiн жүрген мiнiп.
ыза боп Қабанбай да жүрушi едi,
Осы жерде сәтi болды жөнi келiп.
Алғаны Қабанбайдың соның аты,
ыза боп шапқан екен соны көрiп.
Көкжалды мiнiп жүрген iнiсi екен,
Қабанбай тастап едi екi бөлiп.
Халықты лаңдаған Байынжығал,
Қу жаны сая тапты бүгiн өлiп.
Қазақтың батырлары әлденедi,
Барымта екi тұлпар қолға келiп.
Екеуi Қабан, Қасқыр тұлпар мiнiп,
Қылышты қалың жауға салды көмiп.
Қасқырдай төрт арыстан қойға тиген
Қуып жүр қалмақтарды бөлiп-бөлiп.
Бұлардың қалмақ сұрын көргеннен соң,
Қалғаны қашып кеттi өлгенi өлiп.
Қалмақтың қашып кеттi талайы өлiп,
Жатқан жоқ соныменен мұрты кемiп.
Бақтының кезеңiнен асырып сап,
Демалды бұлар қосқа қайтып келiп.
Бұлардың алтауы да атты болды,
Тiлегiн батырлардың Құдай берiп.
4190
4200
4210
4220

330
330
331
МыРҚы  БАТыР
Күлән да екi ат тауып алған екен,
Жығылған қалмақтарды аңдып жүрiп.
Жарадан Самақ байғұс жүре алмайды,
Жүр екен Күлән сүйеп зорға мiнiп.
Жүре алмай Самақ байғұс сенделiп жүр,
Ала алмай демiн жөндеп өлгелi жүр.
Жабдығын өлгендердiң жиып алып,
Күлән қыз жiпке буып өңгерiп жүр.
«Жiгiтке мұндай жұмыс түк емес» деп,
Самаққа қайрат айтып дем берiп жүр.
Оқ салып садағына дайындалып,
Жүректен қылт еткендi пергелi жүр.
Қыз құсап бiр нәрседен жасқанбайды,
Алланың не салғанын көргелi жүр.
Жолына ғашықтықтың жанын берiп,
Бiр жанын Сұртай үшiн бергелi жүр.
Жиналды бұлар бәрi басын қосып,
Күләндi тауып алды жүрген тосып.
Отырды бiр бұлаққа жайланысып,
Бұлар ма қауiп қылатын жаннан шошып?
Қабанбай батырларға ақыл айтты:
—Бұл жұмыс көп жұмыстан болды қатты.
Тотиып қара жаяу қалып едiк,
Мiнеки, Құдай берiп болдық атты.
Самақтың науқас болып жүргендiгi
Сол жұмыс қабырғама жаман батты.
Өлген соң Байынжығал iнiсiмен,
Қалмақтың сонан соң-ақ бетi қайтты.
Ер екен Байынжығал байқап көрдiм,
Адамның баласынан қолы қатты.
Деген бар «екеуледi» атақ болды,
Аққасқыр балалықпен бекер шапты.
Өлсең де, өлтiрсең де, дара кету,
Құдайым кез қылған соң азаматты.
Өлiмге қия шабу керек емес,
Жаратқан Құдай артық ондай затты.
4230
4240
4250

332
ТАРИХИ  ЖыРлАР
332
333
Бұл сөзiм сендерге бiр ақыл болсын,
Тең ортақ дос-дұшпанға басың болсын.
Алысқан ерегiсiп дұшпаныңның
Қайраты өз күшiңнен басым болсын.
Қайратпен қара тасты сындыратын
Жiгерлi азаматтан қасың болсын.
Секiлдi Байынжығал азаматтар
Өзiңнiң бауырыңнан жақын болсын.
Бекер-ақ екеуледiк қайран ердi,
Мұндай iс мұнан былай нақыл болсын.
Арманда қайран сабаз өлiп кеттi,
Жаннатқа жаны барып бақыл болсын.
Арманда кеттi сабаз балта тиiп,
Ер едi көз қимайтын бiр кермиық.
Ерлердi тұлпарды атып қия шапқан,
Болмақшы батырлардың жолы сұйық.
Дұшпаны дұшпаныңның болса дағы,
Адамның қайтып шабар көзi қиып.
Көзiңнен ер мен тұлпар тiрi кетсiн,
Пайдасы бiр кезеңде қалар тиiп.
Өлерде «кел, бауырым» деп қолын бердi,
Көңiлiм сонысына кеттi ұйып.
Көмелiк соны ап келiп жүр, жiгiттер,
Төбеге мына бiреу басы биiк.
Кетейiк жазу жазып атын айтып,
Басына үлкен-үлкен тастар жиып.
Ерлердiң сол секiлдi көңiлi үшiн
Өзгеден өлiгi де болсын биiк.
Iстетiп сол жұмысты таң атқанша,
Басылды Қабанбайдың көңiлi тынып.
Түнiмен ердi көмiп сонда болды,
Бәрiнiң бұл жұмысқа көңiлi толды.
Үстiне биiк тастың ыспа жасап,
Найзасын төбесiне шаншып қойды.
Сауытын қылышымен бiрге көмiп,
Iстедi ойларына келген ойды.
4260
4270
4280
4290

332
332
333
МыРҚы  БАТыР
Апарып Қосқұлақтың басын кесiп,
Жүгендеп найзасына байлап қойды.
Бiтiрдi таң атқанша жұмыстарын,
Еткен жоқ демiн алып тыныстарын.
«Таңертең тағы қандай болады?» деп,
Өткiрлеп қайрап қойды қылыштарын.
Бiр таудың жырасында отыр бұлар,
Бiлмейдi қалай қарап шығыстарын.
Әйтеуiр кеше кешке байқап қалған,
Қалмақтың шығыс жаққа ығысқанын.
Атына таң атқан соң мiндi бұлар
Қанды көз қасқырдай-ақ қанға құмар.
—Қалмақпен жұмысымыз бiттi,—дедi,—
Батырын жайғастырдық қарсы тұрар.
Маңайда ендi қалмақ тұра алмайды,
Өлген соң мұндай болып Байынжығал.
Таң ата алты берен мiнедi атқа,
Жол тартты кейiн қарап қазақ жаққа.
Батырдан жауға аттанған бiр Шора жоқ,
Iлiндi басқаның бәрi сапқа.
Үндемей Әшекеңдi еркiне қой,
Шораны жоқтар екен қайсы уақта?
Бар шығар Шораның да әңгiмесi,
Жасырып сақтай алмас тығып қапқа.
Бiр жерге сөздiң басын жинай алмай,
Шолақ тiл сандалып жүр әр тарапқа.
Атаның асыл сөзiн ұрлап тығып,
Кете алмас ақиретке арқалап та.
Естiп сөздiң арты не болғанын
Құмары тыңдаушының тарқамақ та.
Келедi бұлар жүрiп тоқтамастан,
Қиғаштап бетiн қойып Арқа жаққа.
«Қайда,—деп,—Қабылан би?—келе жатыр,
Басшы боп шығып едi алты алашқа».
4300
4310
4320

334
ТАРИХИ  ЖыРлАР
334
335
Сарылып бұлар жүрдi ұзын күндей,
Екенiн қолдың қайда, сiрә, бiлмей.
Ат тұсап, бiр сайға кеп жата кеттi,
Бұл жерде дұшпан бар деп көзiне iлмей.
Дем алып елсiз тауда жатты бұлар,
Ойына ой дегенiң шығып кiрмей.
Қараса таң атқан соң тұра келiп,
Алты аттың ұры алыпты бәрiн бiрдей.
Қауiпсiз бәрi дағы ұйықтап қалған,
Қалыпты кiм алғанын жөнiн бiлмей.
Отырды тотырайып тағы жаяу,
Жер емес ең болмаса елге таяу.
Күледi бiрiн-бiрi мазақ қылып:
—Сен неге жатпадың,—деп,—ұйқылы-ояу? 
Сенiп ек қыз-жiгiтке,—деп күледi,—
Ойлап ек «ұйықтатпас деп қызыл сояу».
Басқаның Қабанбайдан бәрi құрдас,
Бұл iстi бұлар тiптi уайым қылмас.
Мылжыңдап, қалжыңдасып ойнап отыр,
«Атымыз жоғалды» деп жайға тұрмас.
Нәрседен сана деген дәнеме жоқ,
Есалаң батырлар ғой қайратқа мас.
Елiктей, жортып кетсе, секiредi,
Басқаның Қабанбайдан бәрi де жас.
Жасшылық батырлық пен мiнезi асқақ,
Өрепкiп көңiл жаста судай таспақ.
Тек кiсi атты алғандар көрiнбейдi,
Кетiптi кiсендерiн қиып тастап.
—Рахмет, жiгiт екен, алсын,—дедi,—
Бiр тауға бәрiмiздi жиып тастап.
Жол тартты тағы жаяу елге қарай,
Сол жерге ер-тоқымды үйiп тастап.
Бұлардың ойында жоқ жаяулығы,
Жығады бiрiн-бiрi кейiн тастап.
Сонымен тағы екi күн кеттi жүрiп,
Уайымсыз келе жатыр ойнап-күлiп.
4330
4340
4350
4360

334
334
335
МыРҚы  БАТыР
Тамаққа келе жатып кек айтып,
Дем алды бiр бұлаққа сабыр қылып.
Бұлақтың дем алады жағасына,
Көлеңке ағаштың панасына.
Шаршап кеп бәрi жатып ұйықтап қалды,
Шықпайды уайым кiрiп санасына.
Күлән қыз отын терiп, ет пiсiрiп,
Ағаштың келе жатыр арасында.
Айтатын уайымсыздың бiреуi осы,
Уайым қып жан-жағына қарасын ба?
Ақырып бiр жолбарыс атылады,
Нысана тар жердiң шамасында.
Тiстедi сап етiп кеп қабырғадан,
Күләннiң екi қолы жағасында.
Дауысын айқай салып шығаруға
Бұл қыздың келтiрмедi шамасын да.
Күлән қыз бiр томарды қолына алып,
Төпестеп ұра бердi дәл басына.
Жолбарыс қабырғасын жұлып жатыр,
Қолтыққа басы кiрген алғашында.
Сонда қыз далбасалап жолбарысты
Мiнгiзiп ұрды жерге жамбасына.
Құшақтап жолбарысқа мiне түсiп,
Қорыққаннан айқайлады жолдасына.
Бұл қыздың ащы дауысын Самақ естiп,
Жүгiрiп жетiп келдi дәл қасына.
Кез болды осы жұмыс Самақ ерге,
Қып-қызыл қан шалған есiк-төрге.
Оятып «қыз өлдi» деп жөнiн айтты
Жолдас боп өзiменен келгендерге.
Жиылып түрегелiп келдi бәрi,
Әлсiреп кетiп қалған қыздың халi.
Өкпесi қып-қызыл боп көрiнiп тұр,
Тастапты жалбыратып қабырғаны.
Құшақтап Сұртай келiп қыздың басын,
Қалмады жаны күйiп сабырлары.
4370
4380
4390

336
ТАРИХИ  ЖыРлАР
336
337
Сұртайды қыз да жатып құшақтады:
—Өмiрдiң не болды,—деп,—ағымдары? 
Көзiне екеуiнiң елестеп тұр
Өмiрдiң қызыл-жасыл сағымдары.
Ауызын-ауызына тиiстiрiп,
Бұрқырап шығып отыр жалындары.
Жараның Қабанбай кеп көрдi түрiн,
Жұлыпты қабырғаның жұлын түбiн.
Қандарын әдемiлеп жуып тастап,
Салады орнына бiрiн-бiрiн.
Күйдiрiп құрқылтайдың ұясының
Жараның қоспасына септi күлiн.
Тiгедi жiбекпенен терiлерiн,
Қисынсыз алып тастап керi жерiн.
Аюдың ақ дәрiсiн септi дағы,
Байлады әдемiлеп қыздың белiн.
«Жараға ем болады» деп есiтетiн,
Бүркiттiң тағы бердi қалған жемiн.
Ем қылып, жараларын қойды таңып,
Су бүркiп көлеңкеге қойды салып.
Жаны бар қыз байқұстың кеудесiнде,
Мөлдiреп аппақ болып жатыр талып.
Сұртайға көзiн ашып қарап қойып,
Қыз жатыр анда-санда демiн алып.
Ауызын ауызына тиiстiрiп,
Көз жасы қыз бетiне кетер тамып.
Ғашықтық, жолдастығы, ерлiгiмен
Сұртайдың бара жатыр iшiн жарып.
Мырқы мен Аққасқыр да кейiп отыр,
Бұлардың қылығына көзiн салып.
Қабанбай қапа болып аулақ отыр,
Құданың құдiретiне қайран қалып.
Бұларға Күләнда қыз болды уайым,
Алланың құдiретiне бәрi дайын.
Ажалды мұғалақтан зақым келсе,
Болады адамзаттың жаны уайым.
4400
4410
4420
4430

336
336
337
МыРҚы  БАТыР
Бұл жерде бұлар бүйтiп жата тұрсын,
Шиырға адастырып тағы ұрайын.
Аттанып жауға кеткен халықты қорғап
Шораның бiлмедiк қой әлi-жайын.
Аттанып үш жүз кiсi кетiп едi,
Сөйлейiк соның бiраз мәнi-жайын.
Кездесер әңгiменiң кезеңiне
ыңғайлап сөздiң басын бұрмалайын.
Әр жерге әңгiменi буып тастап,
Сөйледiк бiрiн тастап, бiрiн бастап.
Мәнiсi бөлiп тастап кетудегi
Бiреуi бiреуiне ұшыраспақ.
Басынан сөздi сүйтiп ұқтырмаған
Айта алмай әңгiменi былжыратпақ.
Сап етiп қисынсыздан кездескенде,
Бұрынғы дәлелдейдi сөздi растап.
Әшiмнiң Шора ойына жаңа түстi,
Кетiптi ұмытып тастап қалбырақтап.
Атақты бiр батырды ұмытып кетiп,
Жүрiптi әр сөздi айтып сандырақтап.
Бұрын да жарыместiң бiреуi едi,
Болған ғой қартайған соң алжып ақымақ.
Бөлiнiп Шора шықты Қабылан байдан,
Түсiнiп ең алғашқы болған жайдан.
Келедi қолды бастап қалың жауға,
Бiр қырғи жасқана ма мың торғайдан.
Шығыпты Шора бастап үш жүз қолды,
Шораның шыққанына үш күн болды.
Қырына Бақанастың шыға келсе,
Кетiптi қалмақ қаптап құба жонды.
Ауылын дым шығармай шауып апты,
Қалмақтар шапқылап жүр оңды-солды.
Шораның ек көзi түктi көрмей,
Тiк тұрып төбе шашы ыза болды.
22-205*
4440
4450
4460

338
ТАРИХИ  ЖыРлАР
338
339
Үш жүзi мұны көрiп қояды атты,
Қалмақпен бесiн шенде араласты.
Екi қол бiр-бiрiмен араласып,
Кеткенше сам жамырап найзаласты.
Әлсiздi әлi келген найзалапты,
Айбалта ығын тапқан қылыш шапты.
Қазақтан жүз қаралы адам өлiп,
Қызыл қан ат бауырынан судай ақты.
Жорығы қазақ-қалмақ жорығының
Еш соғыс болған емес мұндай қатты.
Қазақтың қайтпай-ақ жүр батырлары,
Түнiмен айғай да шу, қым-қуыт боп,
Найзалар бiр-бiрiне сақырлады.
Бауыздап әлсiздердi әлi келген,
лақтай толып жатыр бақырғаны.
Қашып жүр жап-жалаңаш шу-шу етiп
Қазақтың баласы мен қатындары.
Шора жүр арыстандай айғай салып,
Белсенiп ақ найзасын қолына алып.
Мың қойға жалғыз қасқыр тигендей-ақ,
Қиратып жүрген жағын қырып салып.
Жау қашты таңға жақын тұра алмады,
Қазақтың қарқынына шыдамады.
Болғанда таңға жақын азаматтар
Ауылдан жауды қуып шығарады.
Жөнелдi таңға жақын қалмақ қашып,
Қырып жүр жалғыз Шора араласып.
Адамнан жалғыз Шора екi жүздей,
Түк қалмай үрiктi қалмақ қара басып.
Келедi қашқан жауды бес күн қуып,
Қиратып қалмақтардың туын жығып.
Өткiзiп Ешкiөлместiң етегiнен,
Қазақтың маңайынан кеттi шығып.
Қайталап қарсы тұрған қалмақтардың
4470
4480
4490
4500

338
338
339
МыРҚы  БАТыР
Талайын қиратып жүр жерге тығып.
Күн-түнi он күн болды шабылғалы,
Шаршаған ат пен адам демi құрып.
Асырды Мұзкезеңнiң асуынан,
Түк қоймай қалған жаудың артын сырып.
Қуа алмай басқа қазақ бұл да қалды,
Тек қана алты кiсi келген жүрiп.
Қазақтың қанша екенiн қуып жүрген,
Қалмақтар сезген екен мұны бiлiп.
Бұларға жүз қалмақ қарсы шапты,
Аузында Теректiнiң тосып тұрып.
Ат қойды үш жүз қалмақ қарсы қарап,
Болып өлтiрмекшi қылып талап.
«Көп кiсi аз кiсiнi қоямыз ба,
Не қылмақ айналасын алсақ қамап.
Қайтпастан бұлар да атты қойып бердi,
Ашыққан арыстандай бауыр жарап.
Жақындап бұлар жауға келген кезде
Алдынан оқ жауғызды қардай борап.
Өлтiрдi алтауының атын атып,
Бұлардың әлi кеттi сонан соң-ақ.
Бұларға жақындамай қамап тұрып,
Садақтың қойып бердi астына ала-ақ.
Оқ тиiп сол арада бесеуi өлдi,
Шораға ендi жалғыз кезек келдi.
Өмiрде Шора садақ атқан емес,
Етерсiң жаяу жүрiп бұған неңдi?
Шораға атқан садақ кәр қылмайды,
Қалмақтар қасиетiн көзбен көрдi.
Өлтiрiп, атын атып, жаяу тастап,
Қор қылып тастап кеттi қайран ердi.
Сол жерде Шора жалғыз жаяу қалды,
Көрмейдi маңайында тiрi жанды.
Кетуге елге қайтып ақырында,
ыза боп, намыс қылып, ойлады арды.
Естiген алдыңғы күн бiр адамнан,
4510
4520
4530

340
ТАРИХИ  ЖыРлАР
340
341
«Сұртайды Мырқыменен байлап алды.
 Байлап Шәуешекке жiберiптi,—деп
Айтқан,—тұлпарлары сонда қалды».
Соны ойлап жапа-жалғыз қайнап отыр,
Қалмаққа бермек болып қалған жанды.
«Артынан сол қалмақтың барайын» деп,
Етегiн белге түрiп, қадам салды.
Жүргелi бес күн болды Шора жаяу,
Тұрған жоқ қалмақ түгiл, жер де таяу.
Сұртайды Мырқыменен байлағаны
Көңiлiне өзi жаяу болды қаяу.
Қазақтың батырларын қосақтап ап,
Қалмақтың жаққанын-ай бетке бояу.
Келедi бiр жырамен өрлеп тауға,
«Құдай-ау, кез келтiр,—деп,—кәпiр жауға.
Егерде кез келтiрсең кәпiр жауға,
Етпес ем басымды аяп жанды сауға.
Пiрлерiм, астыма бiр көлiк берсең,
Алар ем кәпiрлердi омырауға.
Келедi осыны ойлап, жыраны өрлеп,
Сабазды ашуы мен күшi кернеп.
Дем алып он күн болды, нәр татқан жоқ,
Талаппен келе жатыр қолын сермеп.
Өзенi құзар жартас, қалың ағаш,
Қарайды жан-жағына «қандай жер» деп.
Шамасы жарым түннiң бiлгендерге,
Есеп пе күндiз-түнiң жүрген ерге.
Тұрады қисынсыздан кез келтiрiп,
Жiгiттi мехнат, дәулет iлмелерде.
Бес алты ат кiсенi бар жайылып жүр,
Қараса көзiн салып бiр кемерде.
Үшеуi ер-тоқымды, үшi—жайдақ,
Келдi де ұстап-ұстап алды байлап.
Бесеуiн тiзiп алып жетектедi,
Бiрiне мiнiп алды көзi жайнап.
4540
4550
4560
4570

340
340
341
МыРҚы  БАТыР
«Оңаша барып бiраз ойлайын» деп,
Қуалап бiр жыраны жөнелдi айдап.
«Басқасын бiр жыраға бекiтейiн,
Iшiнен бiр жақсысын мiнiп сайлап.
Иесiн қайтып келiп тауып алып,
Қалмақтың құртармын бәрiн жайлап.
Мен барып атты жайлап келгенiмше,
ұйықтасын сорлы қалмақ соры қайнап.
Асықпай демiмдi алып келсем дағы,
Маңайдан жаяу кiсi қайда бармақ.
Қайтып кеп бәрiн дағы бауыздармын,
Қан басқан жата тұрсын сорлы қалмақ.
Бәрi де аттарының терiс емес,
Пiрлерiм ап келген ғой маған арнап.
Қазақты тосқауыл боп тосып жүрген,
Маңайды шалғыншы ғой жүрген шарлап.
Қарамай осыны ойлап кеттi жүрiп,
Қарамай жан-жағына мойын бұрып.
Бұрылмай таң атқанша тынбай жүрiп,
Таң ата бiр қуысқа келдi жүрiп.
Таниды таң атқан соң Көксеректi,
«Қалды,—деп,—мұны қайдан Құдай берiп».
Мырқының өзiндей-ақ қуанады:
—Ендi бұл болады,—деп,—жанға серiк.
Мырқыны байлап жүрген азаматтың
Болды ғой қалатұғын күшiн көрiп.
«Осы жерде кешке шейiн дем алайын,
Қылайын жаяулардың несiн уайым?
Демалып бiразырақ тынғаннан соң,
Сөйлермiн сонан кейiн барып жайын».
Аттарды шiдерледi әбден мықтап,
Мiнем деп Көксеректi қойды жұптап.
Мұнда да сана түгiл дәнеме жоқ,
Қауiпсiз шешiндi де қалды ұйықтап.
4580
4590
4600

342
ТАРИХИ  ЖыРлАР
342
343
Сабылған неше күндей жаяу жүрiп,
Ат тауып ұйықтап жатыр, көңiлi тынып.
Тырп етпей ұзақ күнге ұйықтап жатыр,
Ол емес жау шапса да жатқан бiлiп.
Күн батты, түнiменен тағы да ұйықтап,
Сәскеде бас көтердi сонда тұрып.
Сәскеде бас көтердi, демiн алып,
Аттарға қарап қойды көзiн салып.
—Япыр-ай, бiр сағат та ұйықтамаппын,
Сонда да қалғанын-ай ұйқы қанып.
Бiлген жоқ бiр сәтке өтiп кеткендiгiн,
Баяғы жатқандағы уағы қалып.
Уайымсыз шаршап келiп ұйықтаған соң,
Кiсiдей дым бiлмеген жатқан талып.
«Кiм екен ат иесi, көрейiн» деп,
Жөнелдi Көксерекке мiнiп алып.
Табады барып атты алған жерiн,
Жайылып аттың оттап шалған жерiн.
Бақылап қарап жүрiп тауып алды,
Үйiлiп ер-тоқымның қалған жерiн.
Қарады ары-берi жатқан жерiн,
Тағамды ас пiсiрiп татқан жерiн.
Анықтап көзбен көрiп, байқап көрдi,
Жайылар атты тастап қашқан жерiн.
Шыққаны қалай қарап мәлiм емес.
Бiлмейдi қалай қарап кеткендерiн.
Қарады әрi-берi төңiректеп,
—Жақында бiреу болса, көрер ед,—деп.
Қашқан ғой қорыққаннан бейшаралар,
Ойлады: «Қашқанды iздеу не керек?» деп.
—Қалмаққа,—бiр ойлады,—барайын,—деп,
Ойранды бiр шетiнен салайын, деп.
Сұртайды Мырқыменен не қылды екен,
Бар болса егер тiрi табайын, деп,
Барғанмен ақыр iздеп таппаймын, деп.
Әуелi кейiн барып қазақты iздеп,
4610
4620
4630
4640

342
342
343
МыРҚы  БАТыР
Бастарын бiрiктiрiп топтайын, деп.
Қазаққа жау келместей кiсi қойып,
Сонан соң кеткендердi жоқтайын,—деп.
Келдi де тұлпарларды алды тiзiп,
Көңiлi өкiнiп жүр жауға қызып.
«Артымнан ат иесi қусайшы» деп,
Қарайды арт жағына көзiн сүзiп.
Бет қойды ат жетелеп қазақ жаққа,
Маңайдан жау таба алмай, күдер үзiп.
Жетектеп бес тұлпарды жетегiне,
Қайқайып Шора елiне кеттi сызып.
Бiр жерге сөздiң басын жинау үшiн
Осы жер тағы кеттiк сөздi бұзып.
Жиылып қазақ-қырғыз жүрдi қаптай,
Дегенi «мен еркекпiн» үйде жатпай.
Адамнан жердiң жүзi көрiнбейдi,
Қаптаған қазақ-қырғыз топырақтай.
Қалмақтың шалғыншысын көрiп келсе,
Тұрар ма мұндай iсте қалмақ қашпай.
Кiредi Ешкiөлместiң етегiне
Iздеп жүр соғысатын жауын таппай.
Әр сайдан тау iшiне кiрдi халық,
Байқайды таса жердi жердi шалып.
Жайқалған жапырағы ағаштар көп,
Сылдырап мөлдiр бұлақ жатыр ағып.
Әр жерге кезең асып көз салады,
Аңшыдай келе жатқан түлкi қағып.
Қабылан би бес батырға кездеседi
Отырған бiр бұлақта қызды бағып.
Сұрады халық түсiп әңгiмесiн:
—Отыр,—деп,—бұл арада бұлар не қып? 
Қабанбай болған iстiң жайын айтты,
Халайық тыңдай бердi құлақ салып.
Басқасы бiр Шорадан түгел болды
—Қалмақтар кеттi,—деген,—байлап алып.
Қалдырмай жайын айтып күлiседi:
4650
4660
4670
4680

344
ТАРИХИ  ЖыРлАР
344
345
Солай деп отырмыз,—деп,—жаяу қалып.
Сөздi айтып бұлар жұртқа отырғанша,
Шора келдi аттарды тiзiп алып.
Отырды баршалары басын қосып,
Сол жерде бес күн жатты жауды тосып.
Берi қарай ендi қайтып жау беттей ме,
Қалың жау жапырылған қаннан шошып.
Атақты батырлары өлгеннен соң,
Шошыған бөкендей-ақ кеткен жосып.
Сонымен елге қайтты қазақ-қырғыз,
Бес тұлпар атақты олжа, жалғыз бiр қыз.
Көрнексiз түскен олжа толып жатыр,
Олжа деп оның бәрiн нетелiк бiз.
Қалмақтың өлiп қалған ат жабдығы,
Саны жоқ, болып жатыр неше мың жүз.
Ел тарап жай-жайына кеттi қайтып,
Олжа алып жауын жеңiп, көңiл байытып.
Ап келдi Күлән қызды найзаға сап,
Екi атты қабат ұстап, белiне артып.
Ем қылған жарасына Шора батыр,
Он жылғы тұл борсықтың майын тартып.
Жарасы Күлән қыздың тәуiр болды,
Өрепкiп көтерiлiп, көңiлi тасып.
Салып ап қос найзаға ап келедi,
Жүргендей бiлiнбейдi суда қалқып.
Сұртайдың үйiне кеп жары болды
Адамның баласынан порымы артық.
Қыстырып осы сөздiң аяғына
Кетейiк батырлардың бәрiн айтып.
Қорлыға, Бишаменен не боп шықты,
Кетпекпiз осы сөздiң жайын айтып.
Қорлыға өлмей тiрi қалып едi,
Жалынып Қабылан биге арыз айтып.
Қылжыңдап кәрiбоз ұрсып мазамды алды,
Бармасам сол кеңеске тағы қайтып.
4690
4700
4710

344
344
345
МыРҚы  БАТыР
Қорлыға Қабылан биге зарлап едi,
Мақсаты—өлмей тiрi қалмақ едi.
Халықтың бәрi жауға кеткеннен соң,
Дәулеттiң ауылында болған едi.
Мырқының iнiсi мен Сүрен өлiп,
Жоқтаусыз екеуi де қалған едi.
Халыққа ұқтырмадық бұл сөздi ашып,
Қырқарлап әуе болдық таудан асып.
Бiлейiк соның бiраз не болғанын,
Қорлыға құтыла ма жортып қашып.
Шерденнiң басын алып келiп едi,
Кетпей ме, тұздамаса, о да сасып.
«Құн дауы бар, жесiр дауы бар» деп жүргенде,
Iшiнен кетiп едi өгiз басып.
Басқарып жауды бiраз қайтып келдiк,
Сөйлейiк мұны бiраз қасып-қасып.
Аяғын осы сөздiң ұқтырмасаң,
Кәрiбоз қалатұғын қамшыласып.
Судағы көн етiктi қойшы құсап,
Келдiм-ау мен де жақын балшыратып.
Бiлгiштер «ой тереңi қайда десiн,
Сөйлейтiн тiлiнен бал тамшылатып».
Қабылан би Аққасқырға қызын бердi,
Бiлiмдi көргенсiң бе мұндай ердi.
Қазақтың қырғызбенен кегiн жойып,
Екi елдi заманында тең биледi.
Қабыланды, Кебекбай шал Қабанбай мен
Дәулеттiң аулына бiр күнi келдi.
«Барамыз Бошан байдың ауылына
Келсiн» деп Шораға да хабар салды.
Жиылып барлық қазақ Бошан байға,
Бiтiрiп қоймақ болды осыларды.
Өтеген мүйiзi бар о да келдi,
Қабылан би хабарлаған талай жердi.
«Қазақтың қасиеттi ерiсiң» деп,
4720
4730
4740
4750

346
ТАРИХИ  ЖыРлАР
346
347
Жиылып Өтегенге сөздi бердi.
Жұмыстың бастан-аяқ бәрi мәлiм
Сондағы Өтегенiң белгiлi едi.
—Бұл жұмыс туралықпен оңай болсын,
Билiгi ораздының жолы болсын.
Халықтың көңiлiнiң кiрi кетiп,
Атқан оқ өтпейтұғын тоғай болсын.
Шердендi Қорлыға мен отқа тастап,
Жазасы опасыздың солай болсын.
Дос болсын Мырқы, Сұртай құшақтасып,
Сүрен мен Төле екеуi орай болсын.
Халықтың бәрi бұған ырза болды,
Деп шулап: «Солай болса, солай болсын.
Батырлар бiр-бiрiне жақын болсын,
Халыққа қарттың сөзi нақыл болсын.
«Өлгенге құн, дау» деген ауыр жұмыс,
Жаннаттан жайы, барып, бақыл болсын.
Бiрлiктi мұнан былай бұзғандардың
Қатыны талақ, өзi кәпiр болсын».
Қол жайды тұра келiп, халық шулап,
«Мүбәрак қарттың сөзi мақұл болсын».
Нұр жауып халайыққа тұр мұңайып,
Жасырын бүгiп жүрген бiлiндi айып.
Халыққа мына билiк тоқтам болды,
Азғындап жүргендерге жолдан тайып.
«Халыққа осы билiк салт болсын» деп,
Жұрт шулап бата қылды, қолын жайып.
Халайық ынтымақпен кеттi тарап,
Көп сөздiң айта алмадым бәрiн санап.
Шораның қатыны өлiп, жесiр қалған,
Шапқанда аулын келiп қалмақ қамап.
Қосылды Биша, Шора жұпты болып,
Аулына қайтып келiп бара сала-ақ.
Осымен сөз аяғын тамамдадым,
Халайық оқып көрсiн тамашалап.
4760
4770
4780

346
346
347
МыРҚы  БАТыР
Қалмақтан келген қызды Сұртай алды,
Айтусыз әлi жатыр батыр Самақ.
Самаққа қазақ халқы ерiк берiп,
Дос болды Қабанбаймен өзi қалап.
Қабанбай екi қатын алып берiп,
Iнi боп Қабанбайға жүрдi жанап.
«Байғана қалмақ» деген ауыл болып,
Аузына бiрталай ел тұрды қарап.
Он бестен екi қатын бала тауып,
Атанды «отыз ұлды батыр Самақ».
Халайық, мен ғарiпке бiр дұға қыл,
Бiлгенiм бұл жайында болды сол-ақ.
Кәрiбоздың зорлығымен айттым зорға,
Мақаудың бiреуi едiм тiлi шолақ.
Үш жүздiң баласы боп басты қостық,
Алып кеп айландырып тұз-дәм орап.
Бұл қисса түгелiмен жазылған жоқ
Баяғы Байсейiттен қалған сұрап.
Нұр жаусын сөздi ардақтап тыңдағанға,
Әжуа тыңдап, әлiп қылмағанға.
Адамның пайымы бар жөнi басқа
Жан қайда сөздi аңлайтын бұл заманда!
Сөзiмнiң айыптары толып жатыр,
Миға сап данышпандар сынағанда.
Қорғанып бiлген сөзiн айтпаған соң,
Пешке шығып жатар өзiн бұлдағанға.
«Кеңес қып болмас сөздi жазып жүрген
Кездестiк,—демеңiздер,—жынды адамға».
Талай сөз тыңдаушылар көрген шығар,
Боп жүрсiн бiр әңгiме бұл да араңда.
Әрi елден, әрi еңбек қып, сөгiс естiп,
Қалмаса жарар едi күн қараңға.
Сөзiңдi, Кәрiбоз мырза, тамамдадым,
Бұл сөзден көп күнәға арандадым.
Өзiңiз кемшiн жерiн түзетерсiз,
4790
4800
4810
4820

348
ТАРИХИ  ЖыРлАР
Бар едi әрбiр iстен хабарларың.
Жiгiттiң көптi көрген бiреуiсiң,
Жаңа емес жiгiт болып саналғаның.
Әлiңше төңiрекке құлаш жайып,
Азамат атағыңды адалдадың.
Жүйрiктiң оза шапқан бiреуiсiң,
Салған соң Құдай басқа шабандадың.
Қырағы жiгiт едiң қиядағы,
Бұл iске тағдырменен арандадық.
Бiтiрдiм әңгiмеңдi бүгiн жазып,
Толқыған мүсәпiрмiн жолдан азып.
Болады деп сенi мұндай кiм ойлаған,
Деген ғой «бақтың жолы қылдан нәзiк».
«Ер менен ауыр жүктi нар көтерген,
Кәреке, жiгiт едiң алтын қарпық»,—
Деп сөздi бiтiрдi Әшiм.
4836

348

ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ
ЕР ЖАСыБАй
«Ер  Жасыбай»  жырының  қолжазбасын  академик  Әлкей 
Марғұлан  Павлодар  облысының  Екібастұз  қаласынан  алып 
келіп,  Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясының  қолжазба  қорына 
тапсырған.  Қолжазба  мәтінінің  соңында  ғалым  бұл  жырдың 
қай  жылы  жазып  алынғаны  жөнінде  мағлұмат  бере  келіп, 
оны  қағазға  түсірушінің  аты-жөнін  өзінің  еске  түсіре  алмаға-
нын  білдіреді.  Қазіргі  уақытта  бұл  туынды  қолжазбасы-
ның  түпнұсқасы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрлігі  Орталық  ғылыми  кі тапханасының  қолжазба  қо-
рында,  ал  көшірмесі  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 
институтының қолжазба қорында сақтаулы. 
Жырдың  бас  қаһарманы—ХVІІІ  ғасырдағы  жоңғар  шап-
қыншылығында  айрықша  ерлігімен,  ерекше  қол басшы лық 
дарынымен  танылған  Жасыбай  батыр.  Жыр  мәтінін  оқи  оты-
рып,  қолжазбаның  басы  да,  аяғы  да  сақталмағандығына  оңай 
көз  жеткізе  аламыз.  Жырдың  осы  уақытқа  дейін  сақталған 
үзіндісі  негізінде  шығармада  қазақ  тарихының  нақты  қандай 
оқиғасы  бейнеленетінін  кесіп-пішіп  айту  мүмкін  емес. 
Өйткені  жырда  Жасыбайдан  өзге  үш-ақ  кейіпкердің  есімдері 
кездеседі.  Олардың  өздері  де  танымал  тұлғалар  емес.  Жыр-
да  ауызға  алынатын  жалғыз  ғана  «Көктөбе»  деген  топоним  де 
мәселеге анықтық бере алмасы анық. Өйткені мұндай жер атау-
ын  әрбір  өлкеден  ұшыратуға  болатыны  белгілі.  Бір  қызығы: 
Жасыбайдың өзінің атасы—Тұяқтың, Тұяқтың ұлы—Темірдің 
жаулары қандай этностың өкілдері болып табылатынын да біле 
алмаймыз. Бұл айтқандарымызға сүйене отырып, жырдың бас 

352
ТАРИХИ  ЖыРлАР
352
353
қаһарманы ХVІІІ  ғасырдағы көрнекті тарихи тұлға екендігіне 
күмәнданудың да реті жоқ. 
Жырдың  қолда  бар  үзіндісі  оқушыны  бірден  кескілескен 
қанды  қақтығыстың  куәсі  етеді.  Бұл  шайқаста  жалғыз  өзі 
қаптаған  жаумен  айқасқан  Жасыбайдың  бейнесі  қазақ  халқы 
қаһармандық  эпосы  дәстүріне  лайық  мотивтер  арқылы 
сомдалғанын айқын аңғарамыз. 
Атасы  Тұяқты  арулап  жерлеген  соң  елге  келіп,  інісі 
Темірмен табысқан сәттегі екі батырдың диалогы да класcи ка-
лық батырлар жырларындағы кейіпкерлердің ұзақ та ауыр са-
пар дан оралған сәттегі көңіл-күйлерін суреттеу үшін қолданы-
ла тын машықты тәсілді еске түсіреді. 
Шығармада  кездесетін  типологиялық  мотивтердің  бірі—
қарлығаштың бас қаһарманға көмектесуін суреттеу. Осы тұста 
академик  В.М.Жирмунскийдің  «Қарасай-Қази»  жырының 
көп те ген  нұсқаларында  қарлығаштың  Әділ  ханға  көмектесуін 
кө не  дәуірдегі  тотемдік  түсінікпен  байланыстыра  түсіндіргені 
еске  түседі.  Түркі-монғол  халықтарының  көптеген  құстарды 
өздерінің тотемі ретінде қастерлегенін Соколова өзінің «Культ 
животных  в  религии»  атты  монографиясында  дәлелдеген. 
Қазақ  халқының  аққуды,  қасқалдақты,  қарлығашты  және 
бірқатар  құстарды  киелі  деп  ұққанын  қазақ  фольклорының 
көптеген үлгілері анық сездіреді. «Қарлығаштың құйрығы неге 
айыр»  атты  этиологиялық  ертегіде  және  өзге  де  ертегілерде, 
жырларда,  аңыздарда,  ауызекі  әңгімелерде  баяндалатын 
қарлығаштың  адамға  достығының  көріністері  де  бұл  құстың 
ата-бабаларымыздың  мифтік,  тотемдік  санасынан  орын  алға-
нын байқатады.
Жыр  нұсқасында  архаикалық  мотивтердің  үлес  салмағы 
мол  екенін  онда  тотемдік  түсініктен  хабар  беретін  эпизод  кез-
десуі ғана емес, Жасыбай мен Темірдің жауларымен соғысы су-
реттелген  тұстан  да  аңғарамыз.  Бұл  жырдағы  кейіпкерлердің 
соғыс  барысында  бертінгі  дәуірдегі  соғыс  құралдары—бес 
қарудың  емес,  көбінесе  қол  күшіне  сенуі  ойымыздың  дұрыс 
бағытта екеніне дәлел бола алады. Жырдағы:
«Ақыры Темір сонда айғай салып,
Жіберді үйдей тасты жұлып алып.
Қаратау арғы жағы сары дала

352
352
353
ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР
Сыртынан атқан оқтай түсті барып.
Бір-бірін соғысады бірі көрмей,
Бұлардың көңілі тынбас біреуі өлмей.
Төртеуі төбелескен тастарынан
Қаратау болған екен жермен бірдей.
Төртеуі көрді сонда қараларын,
Ашумен байқамайды шамаларын:
Ақырысып жүгірді бір-біріне
Жазғалы көкіректен жараларын.
 
 
Алмады қолдарына найза, қылыш» 
деген өлең жолдары және шайқастың тағдырын түптің түбінде 
қолма-қол алысу шешкені суреттелуі батырлық ертегілерде көп 
кездесетін мынадай эпизодты еріксіз еске түсіреді.
Өйткені  «Қараүйрек»  ертегісіндегі  мынадай  эпизод  өзге  де 
бірқатар ертегілерге ортақ:
«Қыздың ағасы айтады:
—Атыспақ керек пе, жоқ, алыспақ керек пе?
—Атыспақ арғы атамнан қалған. Алыспақ керек. 
Екеуі  үш  күн,  үш  түн  алысады.  Ақырында  Қараүйрек  же-
ңіп, өлтіреді» 
Жырда  жауының  астына  түсіп,  дәрменсіз  күйге  түскен 
Жасыбайға  Темірдің  болысуы—қаһармандық  эпос  поэтика-
сына  жат  құбылыс.  Оның  есесіне  ертегінің  өзге  де  жанрлары 
үлгілеріндегідей батырлық ертегілерде де бас кейіпкердің өзге 
біреудің көмегі арқасында жеңіске жетуі жиі байқалады. 
  Томға  еніп  отырған  мәтін  қолжазбадан  (ОҒК.  Ш.353)  еш 
өзгертусіз дайындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет