Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы Асқаров Ә. А., жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#960
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Әшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманов С.
Атабаев Қ.М.
Аяған Б.Ғ.
Әбусейітова М.Қ.
Әжіғали С.Е.
Әлімбай Н.
Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Балықбаев Т.О.
Дүйсембаев Е.С.
Есім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиев А.Қ.
Қозыбаев І.М.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Құл-Мұхаммед М.А.
Құрманбайұлы Ш.
Мәжитов С.Ф.
Мұхамедиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаев Ә.Н.
Өскенбаев Қ.А.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.
Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.
Түймебаев Ж.Қ.
«МӘДЕНИ МҰРА» 
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН 
ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ 
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ

УДК 398 
ББК 82.3 (5 Қаз)
      Б 12
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары)
Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., 
Күзембаева С.A., Қирабаев С., Мамыраев Б.Б.
Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 
Ғылыми кеңесі ұсынған
Томның редакция алқасы:
С. Қасқабасов, С. Қосан (жауапты редактор), Б. Әзібаева, Г. Орда
 
Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындағандар:
филология ғылымдарының кандидаттары:
Т. Әлібек, С. Қосан, С. Сәкенов
Жауапты шығарушы: Салтақова Ж.
 
Бабалар сөзі: Жүзтомдық. —Астана: «Фолиант», 2010.
Т. 59: Тарихи жырлар. —400 бет. 
ISBN 9965-35-856-7
«Бабалар сөзі» сериясының 59-томына «Ер Жасыбай», «Жидебай ба-
тыр», «Олжабай батыр», «Райымбек батыр», «Өтеген батыр», «Мырқы ба-
тыр», «Жәнібек батыр» тарихи жырлары (бірнеше варианттарымен) енді. 
 
УДК 398
Б 
ББК 82.3 (5 Қаз)
 
ISBN 9965-35-856-7  (т. 59) 
© Әдебиет және өнер институты, 2010 
ISBN 9965-619-60-3 
 © «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2010
4702250205
00(05)—09
Б 12

ҚұРАСТыРУШылАРДАН
М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институты  Мем-
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін 
«Бабалар  сөзі»  сериясының  жүз  томдық  ғылыми  басылымын 
әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.
Серияның  бұған  дейін  жарияланған  елу  сегіз  томы  ұлттық 
фольклорымыздың  аса  бір  көркем  де  көлемді  саласы  болып 
саналатын  эпостық  шығармаларға  арналды.  Дәлірек  айтқан-
да,  бүгінге  дейін  хикаялық  дастандардың  он  үш  томы,  діни 
дастандардың  жеті  томы,  ғашықтық  дастандардың  он  бір 
томы,  тарихи  жырлардың  үш  томы,  батырлар  жырының  жи-
ырма  томы,  сондай-ақ  шежірелік  дастандардың  бір  томы 
әзірленіп,  баспа  бетін  көрді.  Бұл  басылымдардың  он  томы 
Қытайда ғы  қазақ  фольклорына  арналғаны  мәлім.  Қазақ  хал-
қының  қымбат  қазынасы—фольклор  жинақтарының  жо ға-
ры деңгей де безендірілген жаңа басылымы ел өміріндегі ерек-
ше  елеулі  оқиға  ретінде  бағаланып  отыр.  Алдағы  уақытта 
да,  қазақ  фольклорының  көр кем  үлгілерін  жариялау  осымен 
шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 59-том тарихи жыр-
ларға арналды.
Бұған  дейін  аталған  серия  бойынша  тарихи  жырлардың 
6  томы  жарық  көрсе,  олардың  алғашқы  үшеуі—Қытай 
қазақтары  арасында  кең  тараған  тарихи  сюжеттерге  негіз-
делген  фольклорлық  туындылар  болатын.  Онда  Алтай  мен 
Алатау,  Ертіс  пен  Іле  арасында  ерте  заманнан  бері  еркін 
жайлаған  көшпелі  қазақтардың  жатжерлік  басқыншыларға 
қарсы  ХVІ-ХХ  ғасыр  көлемінде  бостандық  үшін  жүргізген 
ерлік  шежіресі  көркем  тілмен  кестеленген.  Ал  кейінгі  үш 
том қазақ мемлекетінің билеушілері Жәнібек, Есім, Абылай, 

6
ТАРИХИ  ЖыРлАР
6
7
Әбілқайыр т.б. хандар мен Төле би, Олжаш, Орақты, Бөгенбай, 
Қабанбай,  Сәтбек  сынды  би-батырлардың  жоңғар  және  орыс 
басқыншыларына қарсы азаттық күресінен сыр шертеді.
Ал  ХVІІІ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  жоңғар  шабуы-
лына  қарсы  күрескен  жасақтарды  қазақ  хандары  Әбілқайыр, 
Нұралы, Абылайлар мен ру басы—батырлары Қабанбай, Барақ, 
Есет, Бөгенбай, Жәнібек, Жантай, Баян, Тайлақ, Саңырық т.б. 
басқарған. 
Қазақ  халқының  азаттығы  үшін  күресте  олар  зор  еңбек 
сіңірді және «Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан кейінгі шабу-
ылдарда да қазақ жасақтарына басшылық етті. Олар басқарған 
топ  1729  жылы  жоңғарларға  үлкен  тойтарыс  берген.  Қазақ 
жасақтарының өз елін жаудан азат ету үшін күреске арналған 
халықтың тарихи шығармалары ру басыларының атымен ата-
луы олардың жасақтарды басқарғандығынан болса керек. Біз ол 
эпостарды  қалың  көпшіліктің  жауға  тойтарыс  берудегі  еңбегі 
деп  бағалаймыз.  Қабанбай,  Бөгенбай,  Абылай  атына  байла-
нысты  туған  жырлардан  еркіндік  үшін  күресте  ерлік  көрсет-
кен Баян, Жасыбай (Баянауылдағы Жасыбай көлі соның аты-
мен  аталған),  Бердіқожа,  Қосдәулет,  Есет,  Шағала,  Ақшабдар 
сынды  көптеген  батырлардың  аттарын  кездестіреміз.  Жырда 
олардың  ерлігі  ешкімнен  кем  емес.  Бұл  батырлар—жаудың 
басқыншылық  әрекетіне  қарсы,  халықтың  елдігін  сақтап 
қалу  үшін  ауыр  шайқастарда  ерекше  көзге  түскен  халық 
ұлдары.  Олардың  аттары  қалмақтармен  шайқастарда  соғыс 
болған  «Қалмақ  қырылған»,  «Аңырақай  соғысы»,  «Шүршіт 
қырылған»,  «Жасыбай  асуы»  деген  жер-су  атауына  байланы-
сты  аталады.  Мұндай  жырлар  кезінде  елді  жаудан  азат  ету-
де  айрықша  ерлік  етіп  көзге  түскен  халық  жасақтарының 
батырлығы  мен  батылдығын  көрсететін,  жеке  батырлардың 
ерлігіне арналған шығармалар.
Тарихи жырлар тудыруда, халықтың өткен кезеңдерде бас-
тан  кешкен  тарихын  кейінгі  ұрпақтарға  жеткізуде  ақындар 
мен жырау-импровизаторлардың сіңірген еңбегі зор. Көптеген 
жыраулардың  өздері  де  әр  кезде  ұлт  өмірінде,  ел  тұрмысында 
болған тарихи жорықтарға қатысып, өз көзімен көрген оқиғаны 
жырлаған. Бірақ мұндай жыр-дастандар бірнеше ұрпақтың ау-
зында айтылып, уақыт тезінен өткен соң, бергі дәуірде (ХІХ—
ХХ ғғ.) ғана хатқа түсе бастағанын білеміз.

6
6
7
ҚұРАСТыРУШылАРДАН
«Бабалар  сөзі»  сериясының  кезекті  бұл  томына  сол  дәуір-
дің—қазақ елінің басына ауыр күн туған аласапыран жылдар-
дың  ұзақ  уақыт  халық  аузында  сақталып,  ұрпақтан-ұрпаққа 
жеткен маңызды оқиғалары мен тарихи-аңыздық сюжеттеріне 
құрылған эпостық шығармалар еніп отыр. Бұлардың қата рын-
да  «Ер  Жасыбай»,  «Жидебай  батыр»,  «Олжабай  батыр»,  «Ра-
йымбек  батыр»,  «Өтеген  батыр»,  «Мырқы  батыр»,  «Жәнібек 
батыр» тарихи жырлары мен олардың бірнеше нұсқалары бар. 
Аталған  тарихи  жырлардың  басым  көпшілігі  бұрын-соңды 
жарияланбаған.  Бұл  жырлар  қолжазбаларының  құжаттық 
көр сет кіштері  1981  жылы  «Қазақ  қолжазбаларының  ғылыми 
сипаттамасына»  (3-том)  енгізілгені  болмаса,  арнайы  зерттел-
ген жоқ. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан соңғы жылдарда ғана 
жеке леген тарихи-филологиялық зерттеулерде аттары аталып, 
тиіп-қашты сөз болғаны мәлім.
Батырлар көбінесе Абылай ханның әйгілі «Шаңды жорық» 
сапарына—Еділ  қалмақтарының  Жоңғарияға  қайта  көшу 
ке зеңіндегі  түрлі  шайқастарға  қатысып,  жеке  ерліктерімен 
көзге  түседі.  Кейде  бір  батырдың  көрсеткен  ерлігін  екіншісі 
қайталайтын  тұстары  да  ұшырайды.  Мысалы,  Жидебай 
мен  Жәнібек  батырлардың  қалмақтың  бас  батырын  жеңіп, 
Абылайдың  оң  тізесінен  орын  беруін  сұрайтын  эпизод  туралы 
осыны  айтуға  болады.  Жәнібектің  алғаш  ханның  тапсырма-
сымен  сыннан  өту  үшін  түнде  бейіт  басына  жалғыз  барғанда 
оны  екі  батырдың  аруақ  кейпінде  қорқытуы  өзге  бір  жырдың 
сюжетінде  сәл  өзгеріспен  қайталанады.  Соған  қарамастан,    әр 
жырдың  қазақ  тарихы  мен  фольклорындағы  маңызы  өте  зор, 
өйткені тарихи жыр—сөз өнері болуымен бірге қазақ мәдениеті 
мен  өткен  тарихымыздан  мол  мәлімет  бере  алатын  бірден-бір 
қымбат  мұра.  Онда  ұлтымыздың  тәуелсіздік  үшін  күрескен 
санғасырлық  тағдырының  шерлі  шежіресі  асқақ  жырмен  әс-
петтелген. Батыр ұландардың қанымен суарылған осынау асыл 
жәдігерлердің бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке, ерлік пен бір-
лікке тәрбиелеудегі орны да ерекше жоғары. 
Том  соңында  берілген  ғылыми  қосымшаларда  жинаққа  ен-
ген тарихи жырлардың мәтіндеріне жазылған түсініктемелер, 
мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсініктер, жер-
су  атауларына  сипаттамалар,  жырларды  жинаушылар  мен 
жырлаушылар  туралы  мәліметтер,  пайдаланылған  әдебиеттер 

8
ТАРИХИ  ЖыРлАР
тізімі,  том  туралы  орыс  және  ағылшын  тілдеріндегі  қысқаша 
мазмұндама қамтылған. 
  Томға  енген  мәтіндер  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және 
өнер  институтының  және  ҚР  білім  және  ғылым  министрлігі 
Орталық  ғылыми  кітапханасының  қолжазбалар  қорында  
сақталған түпнұсқалар негізінде дайындалды.
Томның көлемі—25 б.т.

8

Жасыбай кәпірлерге салды ойран,
Топалаң жаман болды тиген қойдан.
Болыпты соғысқалы үш ай, он күн,
Талықсып адасыпты ақыл ойдан.
Сол күнде адасыпты ақыл, ойдан,
Қуаты жас баланың кетті бойдан.
Нешелік неше мың сан болса дағы,
Жандыдан түк қалдырмай бәрін қырған.
Бітірді жапандағы шыққан жанды,
Ағызып Ніл дария қызыл қанды.
Адасып ақылынан ер Жасыбай,
Жығылып қараша аттан естен танды.
Жығылды бір уақытта аттан түсіп,
Құшақтап құшағымен жерді құшып.
Кетіпті сол жатқалы айдан асып,
Өліктен шыға алмайды құстар ұшып.
Болғанда бір жарым ай жиды есін,
Білмейді өткен күннің ерте-кешін.
Айрылған атасынан жас балапан,
Мереке көрдік дейміз оның несін.
Жүр екен ерді күтіп қараша аты,
Хайуан мал да болса оның заты.
Атына есін жиып мініп алып,
Зар жылап жас баланың айтқан зары.
Ер Жасыбай
10
20

12
ТАРИХИ  ЖыРлАР
12
13
—Олай да бұлай көз салсам,
Құдіреттің жарлығы.
Шүкір, Алла! Кәпірдің
Қырылыпты барлығы.
Қарасам, сірә, атам жоқ,
Жалғыздың тасты зарлығы.
Құдай-а, атам қайда едің,
Жолымды неден байладың!?
Осы сапар мерт болса,
Тағы да сорым қайнады.
Кәпірді құмдай бастырып,
Қараша атын айдады.
Аяңдамай желеді,
Атасын іздеп келеді.
«Атекем» деп зар тұтты,
Жас та болса бейшара,
Қайыспайтын ер еді.
Өліп жатыр бір жерде,
Сонда жалғыз көреді.
Тәңірі осылай жазған соң
Шарасы жоқ, көнеді.
—Әй, атеке, атеке,
Жатырмысың ұйықтап,
Бас-аяғың тұйықтап.
Кеудеде жаның бар ма,—деп,
Қасына келді жуықтап.
—Әй, атеке, қарасам,
Шаң басыпты жүзіңді,
Қан басыпты көзіңді!
Өткен күннен не пайда,
Өмір зайығ болған соң,
Бәйшешектей солған соң.
Олай да бұлай ойландым,
Көкірекке шер толған соң.
Талай заман болыпты,
Өткен күнді санасам,
30
40
50
60

12
12
13
ЕР  ЖАСыБАй
Кәпірмен шыққан таласа.
Күрең ат жүр қасында
Жан-жағына қараса.
Жақын келді жануар
Иесіне жанаса.
—Иең қайда, жүрмісің
Сау-саламат, жануар?!
Мұндай күйге салыпты
Айналайын Пәріуар.
Кеше жүрген атамды
Көре алмай қалып болдым зар.
Қолына қару алады,
Қасына жақын барады.
—Жау жетті, ата, жау жетті,
Айғайлап ұран салады.
—Жау жетті, ата, жау жетті,
Ата, жау жетті, жау жетті,
Басыңнан дәурен күн өтті.
Қиын жерде, тұрмасаң,
Жалғызың қайдан күнелтті.
Күрең ат келді қасына,
Иесіне жақындап,
Өне бойы жарқылдап.
Өліп жатқан тұяқтың
Дауысы шықты саңқылдап,
Қоңыр қаздай қаңқылдап.
Қуанғаннан Жасыбай
Біле алмайды қайтерін,
Алланың берген қуаты
Мінді тұяқ атына.
Жау қайда деп қарайды,
Алды менен артына.
Жау мұнда деп баласы,
Ақылына қарашы.
Қолтығынан сүйеп жүр
Әруақты бабасы.
70
80
90

14
ТАРИХИ  ЖыРлАР
14
15
Көктөбеге барғанда
Тағы кетті шамасы.
Көктен жұлдыз сайраса,
Күтіп болмас, не пайда!
Басқа түскен қайран,
Істің бәрі Құдайда.
—Қош, күрең ат, аман бол,
Қалғаным ба бұл жайда!
Басынан бұлт айналды,
Тұяқтың тілі байланды.
Ажалға қолдап келер жоқ,
Өлуге жалғыз сайланды.
Әуеден ұшқан қарлығаш
Екі көзден аққан жас.
Адастырып жапанға,
Болдың ба маған қайрылмас.
Қайрылып көзін салатын
Қасымда жоқ қарындас.
Ал сонда тілге келді батыр тұяқ,
Жалбырап биік тауға бітер қияқ.
—Атыңды астыңдағы жасантайын,
Жақын кел, арызымды тыңла, шырақ!
Қайтейін бұл сөзімді тыңла, шырақ,
Жан жолдас қайран елім қалды жырақ.
Табалмай қалған елді адасарсың,
Алладан жүр, шырағым, жәрдем сұрап.
Табылар қай заманда қалған елің,
Шерменде анам қалды асқар белім.
Қарағым, жастықпенен адасарсың,
Болмаса баяғыдай жүрген жерің.
Жамандық туғаннан-ақ көргендерің,
Қалады-ау енді талай жүрген жерім.
Айта бар сұрағанға бізден сәлем,
Болады халі нешік қайран елім!
100
110
120
130

14
14
15
ЕР  ЖАСыБАй
Сәлем айт, тірі жетсең анамызға,
Шырақ-ай, шын айрылып қаламыз ба?!
Жас күнде қапыда өткен қайран күн-ай,
Бір күнде жел кірмеген арамызға.
Қоштасып анам пақыр қалып еді,
Ақылдан мен кеткенде танып еді.
Бейшара қаза жетпей, тірі болса,
Қарағым, қуантарсың барып енді.
Анама жеткізерсің сәлемімді,
Солай жазды Тәңірім заманымды.
Айтарсың жетімдердің көңілін аулап,
Басына Көктөбенің аманымды.
Біздерге бақыл қылсын берген сүтін,
Ағзынан, а, дариға, шыққан түтін.
Күнінде қияметтің душар болсын,
Көңілін оған шейін қылсын бүтін.
Толғаннан мейірін салып қайран жарым,
Бұл жалған енді бізге болды қарама.
Бекітіп болмас іске белін бусын,
Иншалла, салған не дүр шара бар ма!
Екінші және сәлем алғаныма,
Жетпедім емін-еркін арманыма.
Басыма баса байла күрең атты,
Жатайын ренжімей қалғаныма.
Ризалық қылдым кешу жолдасыма,
Шырағым, берген сені көз жасыма.
Қылышпен, халің келсе, жерді қазып,
Қойып кет Көктөбенің дәл басына.
Байлап кет күрең атқа қылышымды,
Тарылды енді бала Ертісімді.
Кәпірмен Көктөбеде ойран салып,
Жатайын қыла сала ұрысымды.
140
150
160

16
ТАРИХИ  ЖыРлАР
16
17
Жатайын кәпір жауға ойран салып,
Жетпеген мұратына біздей ғаріп.
Дұшпаннан Көктөбеде кек алайын
Ақ найза сегіз қияқ қолыма алып.
Артыңда Темір атты інің қалған,
Көрмедің екіншілей, шіркін, жалған!
Ризалық ініңізге кешу айта көр,
Тоя алмай қызығына кеттің арман.
Шырағым, есен болсаң, барармысың,
Атаңды қайтып еске алармысың!
Жас еді мен кеткенде Темір інің
Жолықса тірі болып, танырмысың.
Танырсың Теміржанның көрсең халін,
От болды Жасыбайдың іші жалын.
Жер мен көк санасында балқығандай,
Адамзат аяғандай қылды зарын.
—Көп сәлем жесір-жетім қалғандарға,
Көңіліне бізді сұрап алғандарға.
Көрсетсең алып келіп Теміржанды,
Жалғаннан, а, дариға, арман бар ма?!
Алып кел, тірі көрсең Темірімді,
Байлап кет уағда қып келеріңді.
Кәпірмен, Темірімді әкеп, соғыс салсаң,
Шырағым, Алла білер жеңерімді.
Озып кел, Темір келсе, өзің бұрын,
Тәңір-ай, арманда өткен мен бір құлың!
Келед деп Теміржаннан хабар берсең,
Жасыбайжан, ашылсын жүрсең жолың!
Айналайын Жасыбай,
Көрсетші көзім тоймаған,
Ақылды жастан ойлаған.
Атадан жастай айрылып,
170
180
190

16
16
17
ЕР  ЖАСыБАй
Ажалдың оғын қоймаған.
Бір қозыға зар болдым
Ор қояндай ойнаған.
Жүректе арман қалған жоқ,
Темірім келсе, тұрармын.
Сүйенішім Алла, көңіл тоқ,
Опа қылмай жаныма,
Өте шыққан дүние боқ.
Ер тұяқпен Жасыбай
Арыздасып қоштасып,
Білемдеп қолдан ұстасып,
Ажал жетті Алладан
Қызыл жүзден нұр қашып,
Бақиға кірді жол ашып.
Арманда өткен қолдарға
ұжмақтан Алла қыл нәсіп.
Жалғыз қалды Жасыбай:
—Мехнат көрген басым-ай,
Жүрерге жолдан адастым,
Шын ғаріптік осы ма-ай!
Кетейін десем атам бар,
Кетпейін десем жолым тар.
Осындай тар жерлерде
Жаратушы Пәріуар,
Шапағат біздей жетімге
Әулиелер, пайғамбар.
Ақылынан адасып,
Ер Жасыбай қылды зар.
Қолға алды наркескенді екі жүзді,
Тұрмас деп атасынан күдер үзді.
Көрмеген дәнемені ер Жасыбай
Талқан қып Көктөбеден қабыр қазды.
Сел қылып ағызады көздің жасын,
Қаңбақтай ұшырады таудың тасын.
Үстіне ақ сауыттан торқа салып,
Осылай қойды жайлап, жуып атасын.
2-205*
200
210
220
230

18
ТАРИХИ  ЖыРлАР
18
19
Атасын қабыр қазып қойды жерге,
Кім жетер жас та болса сондай ерге.
Басына күрең атын байлап тастап,
Ойланды енді еліне жөнелерге.
Күреңге жау жарағын артты байлап,
Асықпай неше күн-түн барын жайлап.
Бақилық атасымен арыздасып,
Жөнелді қараша атпен «иә, Құдайлап».
Жүрерге қайда жөнін біле алмайды,
Елжіреп іші-бауыры жүре алмайды.
Жалғыз-ақ тау менен тас, көк пенен жер,
Еш нәрсе сонан басқа көре алмайды.
Көзіне көрінбейді жанды қара,
Жасында ұшыратты мұндай зарға.
Жапанның сары даласын кезіп кетті,
Жылайды жад етіп Пәріуарға.
Жетімдік түсті бастан арылмастай,
Қайрылар дін мұсылман қарындасқа-ай.
Адасқан елін таппай ер Жасыбай
Жолықты жалғыз ұшқан қарлығашқа-ай.
ұшқан құсқа Жасыбай
Ел көргендей қуанды,
Шешілген белін буады.
Қарлығашқа ілесіп,
Үш күн ұдай қуады.
Көзінен аққан қанды жас
Ердің бетін жуады.
ұстайын десе жете алмай,
Қалжырап шаршап тұрады.
Қара бұлт майрылды,
Атадан жастай айрылды.
Жасыбайға тілдес деп
Періштелер қайырды.
240
250
260

18
18
19
ЕР  ЖАСыБАй
Алла бір хүкім қылады,
Қарлығашқа өкпелеп
Бір Тәңіріге жылады.
Жасаған Алла тіл бер деп,
Жалынып Хақтан сұрады.
Қарлығашқа тіл берді,
Жасаған Алла тілдес деп,
Адам мен құсты бірлес деп.
Адамзатша сөз сөйле,
Құстың тілін білмес деп.
Қарлығаш сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді.
—Жасыбай, сендей баласың,
Қуат боп жайнап жанасың.
Не болды саған, шырағым,
Адам баспас жапанға
Қайда шығып барасың?
Жасыбай айтты: «Қарлығаш,
Атасыз жетім, қарным аш.
Үш күн болды зар тұтып,
Маған болдың қайрылмас.
Адасқан елім тауып бер,
Дос болайық айрылмас.
Қысылғанда пендеге
Жалғыз Алла жар еді,
Жалғыздың жолы тар еді».
—Күнбатысқа барамын,
Балапаным бар еді.
Қарлығаштың қайғысы
Жасыбайдан ары еді.
—Ей, Жасыбай, түрегел,
Алдымыз биік асқар бел.
Балапаным сағынып,
Көз жасым дария болды сел.
270
280
290

20
ТАРИХИ  ЖыРлАР
20
21
Апарайын үйіңе,
Асықсаң, байғұс, жеріңе.
Атқа мінді қуанып,
Ер Жасыбай ереді,
Бауырлап ұшып келеді.
Жас та болса бейшара
Қалыспайтын ер еді.
Бес-алты күн болған соң,
Алдында биік өр келді.
Өрге таман шыққан соң,
Дария шалқар көл көрді.
Соққан желдей ысқыртып,
Дарияға тез келді.
Дариядан басын шығарып,
Суда жайын кез келді.
Құдіретімен тілдес деп,
Балыққа Аллам тіл берді,
Тәңірім жұмсап жіберді.
—Бұл дариядан, Жасыбай,
Арқамнан менің басып өт.
Көңіліңе алма уайым,
Жұмсады мені Құдайым.
Дарияға көлденең
Көпір болып тұрайын.
Жетімдіктің хақы үшін
Бір жақсылық қылайын.
Қарлығаш ұшып кетті амандасып,
ұшқан құс, суда балық болды несіп.
Жайынның арқасымен келе жатыр,
Жүгіртіп қараша атпен жіберді басып.
Жүгіртіп өте шықты дариядан,
Жағалап дарияны басты қадам.
Бір шаһар көрінеді көз ұшында,
Айдап жүр көп түйені терең сайдан.
300
310
320
330

20
20
21
ЕР  ЖАСыБАй
Дария қалың ағаш ел жайлаған,
Қол бұлғап ер Жасыбай айғайлаған.
Қорқып жүр жүрегі ұшып сол бейшара,
Кісі екен ақсақалды өңі қарайған.
Адамзат жасы үлкен аға екен деп,
Әдеппен сонда сәлем берді бала.
—Уағалайкүмассалам алайын Алла,—
Баланың тұлғасына қайран қалды.
«Баяғы батыр Тұяқ өткеннен соң,
Көргем жоқ,—деп ойлайды,—мұндай жанды».
—Кез қылды ей, ақсақал, Пәруадигар
Дария қалың ағаш не деген жер.
Еліңнің шаһарының адамы кім,
Білдіріп ел хабарын айтыңыздар.
—Айтайын ел хабарын тыңла, балам,
Сөзіме жалған болмас мұнда, балам.
Бұрыннан шаһар болып жаралғалы
Бас екен жалғыз жігіт мұнда, балам.
Тұқымы жалғыз жігіт батыр өткен,
Алладан жау жолында қаза жеткен.
Кәпірден атам кегін аламын деп,
Баласы батыр Тұяқ о да кеткен.
—Ақсақал, тұрсың елдің жайын айтып,
Сөзіңе мейірім қанды дәмін татып.
Артынан атасының іздеп кеткен
Келді ме батырларың елге қайтып?
—Кеткелі батырларға талай заман,
Көп болды келер еді, болса аман.
Еш хабар бар ма, жоқ па біле алмаймыз,—
Ақсақал сөйлей берді бәрін тамам.—
Қандай жау батырлардың ұрысқаны,
Сартылдап жауға шапса құйысқаны.
340
350
360

22
ТАРИХИ  ЖыРлАР
22
23
Артынан, өліп қалса, іздейтұғын
Бермеді қатын, бала, туысқанды.
Алланың достысы еді пайғамбарлар,
Анадан туған жанға бір өлім бар.
Өзімен еріп кеткен ер Жасыбай,
Кім қалар, өзі айдаса Пәруардигар.
Кенжесі Темір деген үйде қалған,
Қайғысын атасының ойына алған.
Анасы да бар еді қатынымен,
Оларға тағдыр жетіп өтті жалған.
Темірді асырады Қара деген,
ұл мен қыз жоқ өзінде бала деген.
Атасын жетімдіктен іздемейді,
Бейшара жас күнінен қайғы жеген.
Көп еді атасына берген бағы,
Қолына пәрман қаққан болса тағы.
Темірді асыраған Қарабайдың
Мекені Қаратаудың арғы жағы.
Қаратау басы—биік, түбі—салқын,
Жігітсің жолың ашық жүзің жарқын.
Бұл сөзін ақсақалдың тыңдаған соң
Жасыбай ұғып алды сөздің қалпын.
Ішінен қайысады амалы жоқ,
Баяғы кектесетін заманы жоқ.
Ақсақалдың жауабы осы болды,
Тұяқтың бір кеткен соң хабары жоқ.
Ағайын қалған малын бөліп алды,
Темірге жетімдікті Құдай салды.
Бар сөзін бастан-аяқ тамам қылып,
Сол адам рұқсат алып кетіп қалды.
370
380
390

22
22
23
ЕР  ЖАСыБАй
—Құдай-а, құдіретің қандай күшті,
Басыма қайғы қасірет тағы түсті.
Темірдің барлығына, шүкір, Алла,
Бір күнде қылдым жолдас ұшқан құсты!
Алайын іздеп тауып Теміржанды,—
Бар сөзін бастан-аяқ естіп қанды.
Атқа қамшы салады ашуланып,
Басына Қаратаудың қарай салды.
—Кетейін ата-ана жоқ елге барып,
Айрылған ата-ана жоқ болдым ғаріп.
Қаранған дүниенің ашуымен
Кетермін, елге барсам, бүлік салып.
Басына Қаратаудың қарай салды,
Бір Алла құр етпес деп біздей жасты.
Семсермен орта белден көсіп тастап,
Басынан Қаратаудың арман асты.
Қаратау алды—биік, арты—дала,
Жан-жағы аққан бұлақ неше сала.
Арқадан ат ойнатып шыға келсе,
Жүр екен асық ойнап алты бала.
Жүгіртіп ер Жасыбай сонда келді,
Балалар қол қусырып сәлем берді.
Бір бала заты басқа арасында
Сәлемін Жасыбайға бермейді енді.
—Уағалайкүмассалам, ей, балалар,
Әдепті жас та болса шаһзадалар.
Бесеуі жасы үлкен деп сәлем берді,
Ей, балам, сәлем бермес сенің нең бар?
Ойласаң әдеп қылмақ жанға пайда,
Кез болдым балаларға мұндай жайда.
Ежелден жасы үлкенге сәлем бермек,
Сүннеті пайғамбардың деген қайда?!
400
410
420

24
ТАРИХИ  ЖыРлАР
24
25
—Жарасар қылсам қызмет Құдайыма,
Көнбеймін, әй, жолаушы, бұлайыңа.
Үйіңнен мені тергей шығып па едің,
Жүре бер, көп тергемей өз жайыңа.
—Жүргенім Қаратаудың арасы еді,
Сіздің ел біздің елмен талас еді.
Сөзінің жас басынан бәрі тіркес
Ерке өскен мынау кімнің баласы еді?
—Жолаушы, жоқ нәрсені сөз қыласың,
Әкемді қаңғып жүріп не қыласың?
Жасынан кәпірлерге салған ойран
Белгілі бір батырдың баласымын.
—Жаратқан барша жанды Құдай күшті,
Әдепсіз таста, бала, мұндай істі.
Балаға шыр айналып көзін салса,
Меңі бар алақандай көзі түсті.
—Шырағым, түзу сөйле маған деген,
Не көрмес, тірі жүрсе, адам деген.
Осылай бұрынғыдан қалған сөз бар,
Жасырған ата тегін жаман деген.
Бала, сен дәнемені ойламағын,
Мұндай сөз жарамайды, шырақ, саған.
Ішінен ер Жасыбай соны ойлап тұр
«Темірмен бір көрісер болса заман».
«Құдайым сүйген құлын оңдайды екен,
Көңілге жолсыз айтқан қонбайды екен.
Атаның әруағына шет болармын,
Айтпасам атам атын болмайды екен».
—Ей, жолаушы, құлақ сал,
Енді қайттым райдан.
Жетімдік кешіп жасымнан
Айрылдым қызыл шырайдан.
430
440
450

24
24
25
ЕР  ЖАСыБАй
Ата тегім айтайын,
Айтпасқа қорықтым Құдайдан.
Жалғыз жігіт аттанды
Кешіре гөр ылайым,
Пәруардигар, қатамды.
Өз атамды сұрасаң,
Айтарға тілім келмейді,
Дұшпанға туған ер еді.
Атасы жоқ жетімнің
Күші жермен тең еді.
Жаннан көңілі қайтпаған
Батыр Тұяқ ер еді.
Өзім жалғыз қалыппын,
Ата-анам жоқ туысқан.
Айрылыппын жасымда
Маңдайға біткен ырыстан.
Тағдырға себеп болыпты
Кәпірмен қылған ұрыстан.
Жасыбай деген бар екен,
Бар екен бір туысқан ағамыз,
Бір жаста қапты шамамыз.
Соларға болды көп заман,
Дариға қайдан табамыз.
Ойын ойнап жүрсек те,
Көкіректе толған сәнамыз.
Ойлансақ та, амал жоқ,
Жетімдіктен жаман жоқ.
Ата бірлән анамыз,
Жаудан келер заман жоқ.
Аттан түсті Жасыбай,
Ақылынан адасып.
—Жақын кел, шырақ, жақын кел,
Қасыма бермен жанасып.
Қасындағы көп бала
Қайран қалды қарасып.
Қарағым, Темір, бермен кел,
460
470
480
490

26
ТАРИХИ  ЖыРлАР
26
27
Бауырыма басайын.
Қанатыңды жайып кел,
Құшағымды ашайын.
Жасыбай ағаң мен шырақ,
Енді бір сөзім шашайын.
Құшақтасты екеуі
Жез қармақтай майысып.
Жастығынан Темірдің
Қабырғасы қайысып.
—Қарағым, Темір інім, сен,
Туған айым, күнім сен!
Аузымдағы сөзімсің,
Жанған шырақ, қолқа, жүрек, тынысым!
Темірімді көрген соң
Тынысым менің ашылды,
Жанған отым басылды.
Сағындым сені, қалқам-ай,
Шын арыслан нәсілден
Мен ағаңмын туысқан,
Белі бекем буысқан.
Атаңа серік жолдас боп,
Кәпірлермен ұрысқан.
Темір айтты: «Рас па, туған айым,
Өңім бе, түсім бе екен, бар Құдайым!
Жас қалған ата-анадан сорлы жетім,
Рас па мен туысқаның, ағатайым.
Тәңірдің рас болса қалағаны,
Өтірік айтсаң, Темірдің шықты жаны.
Құдай-а, жақын екен жақсылығың,
Жұмылған екі көзім жетім едім.
Айрылған ата-анадан мен сұмырай,
Рас па көрсеткені сені Құдай!
Құдай-а, енді менің арманым не,
Көрем деп ойлап па едім сені мұндай!
Алтыным қолдан кеткен табылғаны,
Есімнен табылғанда жаңылғаным.
500
510
520
530

26
26
27
ЕР  ЖАСыБАй
Қойныңа жас та болсам салып кетпей,
Зар қылып мені мұндай не қылғаның.
Көрдім бе сені тірі, бауырласым,
Ағады, ойлай берсем, көзден жасым.
Көп күйдім жетімдікке от пен жалын
Туған соң не көрмеді ғаріп басым.
Бауырлас бір туысқан жанға пайда,
Кез болдым балаларға мұндай жайда.
Қасыңда еш адам жоқ өзің жалғыз,
Кәпірге бірге кеткен атам қайда?
—Қаратау басын өрлеп шықтым тауға,
Теміржан айналайын, денің сау ма?
Бетім жоқ айтуға да, қарағым-ай,
Алдырдым атаңызды кәпір жауға!
—Атамды Жаппар Құдай алғанында
Кетпес дерт көкірекке салғаның ба?
Дидарын атекемнің бір көре алмай,
Ағеке, енді менің қалғаным ба?!
—Шырағым, Алла ісінің жалғаны жоқ,
Көктөбеде қалды атам дәрмені жоқ.
Қас батыр, қайран ердің бәрі де өтті,
Ажалдан тірі пенде қалғаны жоқ.
Шырағым, атаң саған айтты сәлем:
«Қалқамды жеткізе гөр, Хақ Тағалам!
Тірі боп Темірімді көре қалсаң,
Тапсырдым қасыңа ертіп әкел маған».
—Тәңірі алды қайтейін,
Ата бірлән анамды.
Жетімдік кешіп жасымнан
Көрдім талай заманды.
Сіз болмасаң, кім тыңдар
Осындай менің сәнамды.
540
550
560

28
ТАРИХИ  ЖыРлАР
28
29
Бірдей өтті екі ағам
Қарамады ағеке-ау,
Біздей жетім балаға.
Балалықпен сол күнде
Шыға алмадым далаға.
Түбі жақын ағайын
Елден опа көрмедім,
Ажал жетпей өлмедім.
Айрылған соң анамнан
Ешбір жанға көнбедім.
Мың бір тәуба Құдайым,
Қараңғы өткен күнімнің
Ақырын Алла жөндедің.
—Бауырым менің, Темірім,
Көлге біткен құрағым,
Сүйіріліп озған пырағым.
Апарамын атаңа,
Көшірлік қыл, шырағым!
«Әкел» деген сөзі бар
Естіген менің құлағым.
Атаңа иман жолдас қып,
ұжмақтан жазсын тұрағын.
Қорлық қылған қараны
Ойран салып қырамын.
Мұндай болар ер ме едің,
Қараға болып қоршылық.
Жетімдікпен, қарағым,
Басыңа түсті мұңшылық.
Жастықпенен көп көрдің
Қарағым, Темір, қорлықты.
Кімнен көрдің, қарағым,
Айтшы маған зорлықты.
Атаң қалды, шырағым,
Көктөбенің басында.
Сауыт-сайман артулы
Күрең аты қасында.
«Темірімді тез көрсең,
Әкел деді осында».
570
580
590
600

28
28
29
ЕР  ЖАСыБАй
Атаңның қабір мекені
Жанның сары даласы,
Көл дарияның саласы.
Соғыса-соғыса жатады
Өсіп-өнген жер өзен
Кәпір жаудың баласы.
Аюша деген бір жөйіт
Атаңмен болған таласы.
—Не қиын, Тәңірім жазса, Аллаға,
Зар болдық жетімдікпен ата-анаға.
Атамды Көктөбеге жалғыз тастап,
Сағынып бауырыңа келдің бе, аға.
Көктөбе қалған жері жалғыз биік
Өсірген балапандап бізді сүйеп.
Атамның хал-қадірін естіген соң,
Адастым ақылымнан оттай күйіп.
Жіберген атама біз сәлем хатын,
Айтпадым өз аузымнан әрбір датым.
Күнімді, қайғы көңілімді ашқан
Туғаннан көріп тұрған рахатым.
Мен көрдім Құдіреттің салған ісін,
Келеді құл болған соң неге күшім.
Өткіздім жетімдікпен өмірімді,
Ағеке-ау, мен жылаймын оның үшін.
Айтамын жетімдікпен көргенімді,
Ісіне құдіреттің көнгенімді.
Жас қалған Теміріңді бір көре алмай,
Қайтейін, Көктөбеде өлгеніңді.
Болыпты Көктөбеде мекен-жайың
Атеке-ау, ойлап тұрсам көңілім жарым.
Шүкірлік Қадір Алла пәрменіңе
Бере гөр иман, байлық, бар Құдайым.
610
620
630

30
ТАРИХИ  ЖыРлАР
30
31
Бұлардың себеп болды жаласына,
Темірдің жер балқыды сәнасынан.
Соғыспай кәпір жаумен көңілі тынбас,
Сақтасын дұшпан жаудың табасынан.
Бұларға көрген адам қайран қалған,
Балалар қасындағы үйге салған.
Бұлардың құшақтасып тұрған жайын
Қараға сақылдатып айтып барған.
Есітіп Қара байғұс жаман састы,
Қорыққаннан қызыл жүзден нұры қашты.
Сасқаны бейшараның осы емес пе,
Келгенін Жасыбайдың жұртқа шашты.
Қарабай шатыр тігіп бие сойды,
Даярлап әр нәрсенің бәрін қойды.
Темір мен ер Жасыбай елге келді,
Қараға әдеппенен сәлем берді.
Мейманын неше күндей құрмет етіп,
Темір мен Жасыбайды күтеді енді.
Бұлайша екеуіне құрмет етті,
Бірнеше арасында күндер өтті.
Жеріне Аюшаның жүреміз деп,
Тағы да екі бала талап етті.
Бұлайша талап етті жүрмек үшін
Жасыбай Темірменен екі мүсін.
Кек алмай кәпір жаудан неғып қашсын,
Қабірін атасының көрмек үшін.
Есітіп бұл хабарды Қара келді
Отырған екі бала шатырға енді.
—Берейін мал-мүлкімнің барын саған
Темірім, жан шырағым, балам,—дейді.
—Ей, ата, дүние-малың біз алмаймыз,
Берсең де алтын-күміс кір салмаймыз.
640
650
660

30
30
31
ЕР  ЖАСыБАй
Мінеміз Шалқұйрықты кәпір жауға
Жаяулап ұзақ сапар жүре алмаймыз.
Мінді де, Шалқұйрықпен жүріп кетті,
Түбіне Қаратаудың барып жетті.
Сары Алып Омар деген өгей ұғылы
Бұларды Қаратауға іздеп келді.
Қаратау келген екен ар жағына,
Темірдің кім шыдасын әруағына.
Айрылып атасынан кекті болған
Ілінген мұсылманның қармағына.
Тас атты Қаратаудың ар жағына,
Тастардың жер дүңкілдеп салмағына.
ұшырды жел қаңбақтай таудың тасын
Темірдің кім шыдаған әруағына.
ұшырды жел қаңбақтай таудың тасын,
Сол күнде даусы келді кәпір жаудың.
—Баласы Аюшаның жеткен екен,
Қарағым, білдіңіз бе, Темір бауырым.
Ақыры Темір сонда айғай салып,
Жіберді үйдей тасты жұлып алып.
Қаратау арғы жағы сары дала,
Сыртынан атқан оқтай түсті барып.
Бір-бірін соғысады бірі көрмей,
Бұлардың көңілі тынбас біреуі өлмей.
Төртеуі төбелескен тастарынан
Қаратау болған екен жермен бірдей.
Төртеуі көрді сонда қараларын,
Ашумен байқамайды шамаларын.
Ақырысып жүгірді бір-біріне,
Жазғалы көкіректен жараларын.
670
680
690

32
ТАРИХИ  ЖыРлАР
32
33
Алмады қолдарына найза қылыш,
Болмады мәсаласы бұдан бұрыш.
Ашумен қан төгіліп көздеріне,
Төртеуі жұдырықпен салды соғыс.
Төртеуі төбелесіп салды ойран,
Қалмады балалардың атасы ойдан.
Алысып аждаһадай төрт палуан,
Тау мен тас түтіліп жүндей болған.
ұстады бірін-бірі белдерінен,
Айрылған төрт палуан елдерінен.
Сары Алып кеп ұстайды Жасыбайды
ұстайды ма бірін-бірі теңдерімен.
Темірді Омар ұстап салды алыс,
Кәпірмен болған емес бұрын таныс.
Төртеуі жолбарыстай жұлысады,
Бұларға болды сонда үлкен намыс.
—Аюша—әкем аты, мен—Сары Алып
Сен енді құтыласың қайда барып?
Кәпір сонда қайратын жиып алып,
Бір Жасыбайды жықты барып.
Темірдің Жасыбайға көзі түсті,
Бойына ашуланып жиды күшті.
Жұлып ап Омарды лақтырды
Аспаннан жел қаңбақтай жерге түсті.
Астына табанының тұрды басып,
Ашуы толқып судай кетті тасып.
Темірге Құдай берген әруақтай
Құтылмас түскен кәпір мұнан қашып.
ұмтылып Жасыбайға келді дейді,
Аударып Сары Алыпты берді дейді.
Ағасын бір ажалдан алып қалды
Қайратын Тәңірім берген көрді дейді.
700
710
720

32
32
33
ЕР  ЖАСыБАй
Жасыбай Сары Алыпқа салды қылыш,
Қылады Темір бала үлкен намыс.
Аллаға Темір сонда шүкірлік қып,
Тарқады біраз ғана бойдан қорқыныш.
Өліпті екі кәпір қаза тауып,
Тастады быт-шыт қылып мұны шауып.
Болыпты топырақтай жермен-жексен
Жатыпты жаһаннамнан орын тауып.
Аллаға шүкір қылды екі бала,
Бұларға қуат берген Хақ Тағала.
«Шаһарын Аюшаның аламыз» деп,
Жөнелді соған қарай тағы және.
Екі бала оңаша,
Ел мен жұрттан ісі жоқ.
Құдай пана болмаса,
Туысқан кісі жоқ.
Жалғыздан жәрдем болмаса,
Пенденің қылар күші жоқ.
Екі тұлпар астында
Қояндай жерді басады.
Жүрісіне жын-пері
Құтыла алмай қашады.
Жүріп неше күн өтеді,
Айлардан айлар асады.
Бұл сапарда жүргенде
Неше-неше өтеді.
Жапанның сары даласын
Екеуі кезіп кетеді.
Бірнеше күн болғанда
Айнала біткен шалқар көл
Дарияға жетеді.
Далада өмірін өткізіп,
Бейшаралар нетеді.
Сол дарияның бойынан
Құлан-бұлан атады,
Мерекеге батады.
3-205*
730
740
750
760

34
ТАРИХИ  ЖыРлАР
34
35
Қызығынан шаттанып,
Бірнеше күн жатады.
Неше түрлі жеміс бар
Әрқайсынан татады.
Жібермейді құланды
Қой секілді матады.
Мына сөздің келісін
Аспанда дәу мен перісін.
Алты қанат қамыстан
Қоныс қылды ерісін.
Артынан жауып алып жүр
Құлан-бұлан терісін.
Ай қараңғы түн болды,
Екі бала жапанда
Өліп кетсе кім болды.
Ойын ойнап, көл жайлап,
Әлденеше күн болды.
Бір күндерде ой ойлап,
Ағасы айтты Жасыбай:
—Қарағым, Темір, бермен кел,
Бір ой түсті есіме-ай.
Берер болсаң пендеге,
Толып жатыр насыбай.
Ойлап тұрсам тар екен
Жалғыздықтың есігі-ай.
Мен бір талдап ойладым,
Қарағым, саған ұнаса,
Алла жазса, шырағым,
Екеуміз де жұпты алайық.
Асығыстық қылмайын,
Кім шығар салған пәрманнан.
Бұрынғы жалғыз біз түгіл
Атаң да өткен жалғаннан.
Обал емес, қарағым,
Некаһлы қатын алғаннан.
Атаны ойлап артында
Біздер тірі қалғаннан.
770
780
790

34
34
35
ЕР  ЖАСыБАй
Темір айтты: «Өзің біл,
Бұрын туған ағасың,
Алдымда таудай панасың.
Не десеңіз сен қазір
Ақылды туған данасыз».
—Ендеше, Темір шырағым,
Майысып өскен құрағым.
Бір қыз іздеп келейін,
Шаһардан шаһар кезейін.
Мен келгенше айналып,
Жата тұр, шырақ, жайланып,
Осы көл болсын тұрағың,
Бір оғымды берейін.
Қалқам, саған қолымнан,
Осы шығар жолымнан,
Бере көр, Алла, оңымнан.
Балғын оқтан май шықпас
Тәжірбие еді бұрыннан.
Әгар да қызыл қан шықса,
Іздегейсің соңымнан.
Осы сөзді тапсырып,
«Алла» деп атқа мінеді,
Алладан жәрдем тіледі.
Алтын сапты қамшыны
Қараша атқа беледі.
800
810
824

36
36
37
Жидебай батыр—орта жүз, арғын. Хан Абылайдың тұсында 
шыққан.  Мейрамның  Қарқабат  дейтін  қатынынан  туады. 
Болатқожадан  Түйте  туған.  Ақшадан  Бошан  туған.  Түйтеден 
Тымырсық  пен  Сары  туған.  Мұнан  Танас  пен  Майқы  туған. 
Танас  төрт  болыс  ел.  Майқы  екі  болыс  ел.  Тұрағы—Қарғалы. 
Майқыдан  Әлтеке,  Сарым  туған.  Әлтекенің  Дос  деген  баласы-
нан Жидебай туады. Хан Абылай заманында шығады. Жидебай 
Абылай  тұсында  һәм  би,  билік  айтып,  һәм  жұртына  бас  бола-
ды.  Сарыарқаға  қазақ,  қалмақ,  жоңғар,  торғауыт  таласқанда, 
еңбегін сіңірген ердің бірі болады.
Бақсылардың  бақсысы  әруақ  шақырып,  батырларды  сы-
нағанда айтатын ерлері мыналар болатын:
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Бәсентиін Бәрібай,
Шақшақұлы Жәнібек,
Бәрің, Алла, қолдай көр!
Қызыл түлкі Жидебай,
Осылар сенің қолбасың,
Билік құрған жолдасың,
Төреден шыққан Абылай,—дейтін.
Осы  Жидебай  батырдың  шешесі  түрікпен  қызы  екен,  жа-
сында  өліп,  жетім  қалған  екен.  Екінші  шешесі  Ажар  деген 
күн көрсетпей, кемдік көрсеткенде балалар: «Шешең сені күте 
ме?»—деп сұрағанда: 
—Шешем күтеді,
Өз баласына көбік береді,
Жидебай батыр
10

36
36
37
ЖИДЕБАй  БАТыР
«Жалай берсін» деп.
Маған тезек береді,
«Отқа қалай берсін деп» деп.
Және де: «Шешең саған өгейлік қылғанда, әкең Қожаназар 
болыспай ма?»—деп сұрағанда, мынаны айтады екен:
—Атадан қалған мақал бар,
Жыннан жаман долы бар,
Неше тарау жолы бар.
Жылауық мылжың кейбірі,
Кездескеннің соры бар.
Сөйлемесе құрты қозады,
Үндемесе тозады,
Саңқылдақ кәззап ұры бар.
«Қой» деп айтса құтырып,
Үйден үйге қыдырып,
Мазасыз көкбет пері бар.
Бейшара көніп, бетпақ жеңіп,
лажсыз тұрған бірі бар.
Маза бермес ауылға
Жаумен бірдей қылады.
Бірге туған бауырға
Қиқу кетпес көршіңнен,
Сауысқанша шоқиды.
Маза бермей сауырға,
Өгейді көрсе өрлейді,
Пәле жауып сермейді.
Ар-ұятпен араз боп,
Салған сайын сермейді.
Алты ұлына мас болып,
Көрінгенмен қас болып,
Әкеме ерік бермейді,—дейді екен.
Қанша  көтерсе  де,  өгейлік  артып,  15  жасқа  жеткен  соң, 
қашып,  Абылайдың  қолы  аттанып  кеткен  екен.  Әкесінің  көк 
бесті атына мініп, соның артынан қашып жөнелді.
20
30
40

38
ТАРИХИ  ЖыРлАР
38
39
Біраз  жүрген  соң  көзіне  бірнеше  нәрсе  елестеп,  мұңы-зары 
ойына түсіп, басынан кешкен уақиғасы, өгейлік көріп, көрген 
кемшілігін ойына алып, һәм қалмақ, қазақ, қырғыз, торғауыт, 
жоңғардың шабысып, қазақ: «Сарыарқаға орнаймын», ер жігіт: 
«Көк ала тудың астында сайран етіп, әйелдің алма бет артуын 
сүйеміз,—деп,—шеру тартқан жортуылшы батырлармен бірге 
жүріп,  ханның  оң  тізесінен  орын  алып,  билік  сүр сем»,—деп, 
зар айтып жылап жөнелді.
—Әлемге жалғыз өзің нұрың шаштың,
Қаны тамған қабыл әйла көзде жастың.
Қазақтың хан-қарасы аттанған қол,
Пендені үміт етіп, қадам бастың.
Болғанда талап бізден, бермек сенен,
Жасымда жетімдікте кемдік көрген,
Баласы мұңлы көңіл мен Алаштың.
Қараңғы түнде жым-жырт боп,
Кеттің неге салбырап.
Желсіз тынық, дел-сал боп,
Мұнарлы күндей маужырап.
Жерге жайған көрпесін,
Көші өзіңде еркесі,
Бір тозбайсың қалжырап.
Бозғыл тартып қабартып,
Алтын табақ секілді
Күн шығады жарқырап.
Таңғы салқын қоңыр жел,
Қара жартас, сары өзек,
Көгілдір тартқан қоңыр бел.
Шөлейіт тартқан шабыра,
Сусыз сенде жоқ қой ел.
Уақ тастақ, баялыш,
Шөлейіт жөнің бәрі алыс.
Қол сілтеген секілді,
Сағым өзің келсең кел.
Мылқау, меңіреу қара түн
Қабағың түйіп оңып,
50
60

38
38
39
ЖИДЕБАй  БАТыР
Бермейсің жауап ешкімге оң.
Жұмысыңның бәрі ұрлық
Толып жатқан сенде көп.
ұры да саған пайдалас,
Бөрі ту боп жайланар,
Бәріне жеткен сенің лажың.
Жасырын жұмыс сырымен,
Ойнас, ұрлық қарымен
Достан досты айырдың,
Қиянатшыл кәпірмен.
Бұ да сенен пайдаланар
Қараңғы сенен пері-жын.
Сыбдыраған ағашың,
Қара бұжыр тау-тасың,
Көрсетпейсің арасын.
Өткел бермей үгіттің,
Аққан судың саласын.
Қанша жүрсем жеткізбей,
Алыс қылдың Бетпақтың
Жайылып жатқан даласын.
Суық түспен қарысып,
Қабағыңды жабасың.
Жасырын істің бәріне
Ақылшы боп иемденіп,
Орындап сыйын табасың.
Мен де кірдім бауырыңа,
Шолпан, сені мінгіздім
Оң жақтағы жауырыныма.
Анамның құнын сұраймын
Қалың жатқан қалмақтан,
Жаман жолға баулыма.
Ақтабан боп шұбырдық,
Алқакөлді өрледік.
Сарыарқаны сағынып,
Атты-жаяу шұбырдық.
Кәпір шапты болдыртып,
Табан тиіп терледік.
«Шүршіт, қалмақ қырғынын
Құдай бізге бер» дедік.
70
80
90
100

40
ТАРИХИ  ЖыРлАР
40
41
Ата қоныс Сарыарқа
Мехнатпен соны жерледік.
Құрбан қылып талайды,
Көздің жасын көлдедік.
Шүберекке түйіп шыбынды,
Жауға қолды сермедік.
Алатаудан асырып,
Ертісті өрлей қашырып,
Дұшпанға белді бермедік.
Іле менен Қорыстан
Сарыарқаны жондатып,
Шалқын деген қоныстан
Салған сайын өрледік.
Белді шешпей буынып,
Жеңсіз берен киініп,
Еженге қолды сермедік.
Қызын алдық қыдыртып,
Жылқысын алдық шұбыртып,
Дұшпанға теңдік бермедік.
Сол жобаны тұтынып,
Батырлар жауға тұтынып,
Молайтпаққа өрісті
Дұшпанның басын емдедік.
Осы қолдың ішінде
Батырлар бар өңшең ер.
ұлтанды би үлгілі,
Ақылы бар кемеңгер.
Садақшылар бір бөлек
Толып жатқан кемеңгер.
Мен де іздеп келемін,
Өлі-тірі әруақ,
Қолдап мені жебеңдер.
Қазақтың ханы Абылай,
Батыры бар Бөгенбай,
Баян менен Байғозы,
Жәнібек пен Қабанбай,
Қараменде, Жарылғап,
110
120
130
140

40
40
41
ЖИДЕБАй  БАТыР
Іздеп жүрмін мен сені,
лағып жүрмін таба алмай.
Көк бестінің жалы жоқ,
Жалсыз аттың әлі жоқ,
Қолға жетпей қалам ба-ай?
Іштен ыза қуады,
Сырттан қайрат қозады,
Қайтамын ба, апырым-ау,
Қамалға қарсы шаба алмай! 
—деп, бірнеше күн жол жүріп, аз ғана емес, мол жүріп, қалың 
дүлейдің ішіне кіріп, жұлындай жерден шыққан түтінге келді. 
Бір қараша үй екен. Ішінен бір сәлделі қарт адам шықты. Жи-
дебай сәлем берді. Сәлемін алып: «Әй, Жидем, келдің бе? Сары 
даланы  күңіренткен  даусыңды  естіп,  тосып  отырмын,  түс»,—
деді. Жидебай түсіп, кірді. Қазанға су құйып, ет асты.
—Балам, үш жылғы ту жайынның еті еді. Же,—деді. Тәтті, 
ләззаты  дүниеде  артық  екен.  Мен  жөнін  сұрауға  қорықтым. 
Балам,  қолың  жай.  Бата  берейін,—деді.  Мен  не  сұрауымды 
білмей: «Қолға барсам екен»,—дедім. Сонда қарт айтты:
—Қолыңды жай, Жиде балам, берем бата,
Сөз айтып, тілегенің атын ата.
Кемшілік бастан кешкен бүгін кетіп,
Қаяулы жүрегіңе
Көңілің қолға ауып кеткен екен,
Сұрамай, балам, тілек, қылдың қате.
Түлкісін Қосақ мерген бердім саған,
Көрмессің кемшілікті, бітпей шақа.
Батырлар қамал бұзған бұрын сенен,
Күндес боп жұмысыңа әркім қапа.
Көрерсің өміріңде талай қызық,
Қызықты өмірменен жүзге тақа.
Жылаған көз жасыңа хабардар боп,
Даруға мен бір келген балықшы ата,—
деп, қоя берді. Жидебайдың алдынан екі түлкі жүре берді. Ар-
Ар-
тынан  еріп,  бірнеше  күннен  кейін  Абылайдың  қолын  тапты. 
150
160

42
ТАРИХИ  ЖыРлАР
42
43
Алатаудың  ішінде  жоңғардың  қолын  аңдып,  бірін-бірі  алыса 
алмай жатыр екен.
Жолдың шетіне келіп, бұ да түсті. Қолдың мұнымен жұмы-
сы жоқ екен. Баланың келгенімен ісі жоқ, жоңғардың Сезен де-
ген батыры қазақты бір кезеңнен асырмайды.
Жиде  бала  ойқастай  жүріп,  аңлушыға  барды.  Әдіс  ойлап, 
көйлегін ту қылып, боз аттың бір жағын қарайтып, бір тарауын 
жерден шыр айналып ойға түсірді.
Айналғанда  ақ  жағын  көрген  кісі:  «Ту  ұстаған  боз  атпен 
келді»,—деді. Қара жағын көргенде: «Қазанмен келді»,—деді. 
Бес жүз боз атты тушылар бара берсе, мыңнан кісі болса ойлай-
ды: «Мұның қолына он мың кісі қосылды». Тал түсте қараушы 
хабар беріп, жоңғар жұрты бүлінді.
Абылайлап,  жау  қаштылап,  Жиде  бала  соңына  түсті. 
Одан  хабарланып,  Абылай  қолы  шауып,  Жидебай  батыр  көк 
бестімен жауға жетіп, түре түсіргенде, жоңғардың батыры Се-
зен кезігіпті. Жидебайдың алдынан қарсыласты дейді.
Сезен  айтты:  «Кімсің,  жас  ұл?  Екенсің,  жаным,  шикі. 
Қайт»,—дейді. Сонда Жиде батыр айтты:
—Сен—шүршіттің Сезені,
Таласымыз—Алатаудың кезеңі.
Сен қазақты үш шаптың,
Сонда да қазақта қалды
Сарыарқаның өзені.
Сен—шүршіттің жолбарысы, кәрісі,
Мен—қазақтың жас арыстан, бөрісі,
Көрсетем саған тізені.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет