Әшімбаев М. С., кеңес төрағасы Асқаров Ә. А., жауапты хатшы



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
 Райымбектің толғауы
—Енді, ағалар, айтарым,
Тенеп кеткен халқыңды
Жетісуға көшіргін.
Бәрін жинап бір жерге
Телқозыдай өсіргін!
Ел үшін өлді кей адам,
Қабағына қаралы,
Артта қалған жесірдің.
Сіздер кеттің аттанып,
Жеттім қуып артыңнан.
Рақымет алсам деп,
Жетісудың халқынан.
Ілеге кеп жатыпсыз,
Өте алмай судан шалқыған.
Түсуге суға ойландым,
Батасын алып халқымнан.
Титтей жерім болмады
Жаудан да, судан тартынған.
Кегін алып қалмақтан,
Жетісуды босатып,
Батасын алып мен қайттым
ұлы жүздің халқынан.
730
740
750

118
118
119
Райымбегім, асылым,
Жауар күндей күркіреп,
Жауына түскен жасыным.
Қысылған кейбір шақтарда
Құтқарған елін, асылым.
Шұғыла шашып жанына,
Түсірген алысқа жарығын.
Жаның, міне, жай тапты,
Бақыл болғын, асылым.
Атадан асып туып ең,
Атаның жолын қуып ең,
Қасарысқан жауыңа
Қанменен кегіңді жуып ең.
Бала жасыңнан шыңдалып,
Ерлікке беліңді буып ең.
Есесі кеткен қазақтың
Елдігі үшін туып ең.
Ақмойнақ атыңды ойнатып,
Жауыңа сойқан салып ең,
Жігеріңді жанып ең.
Қазақтың намыс, кегі үшін,
Қысқа күнде сан рет,
Қалмаққа қарсы барып ең.
Тізесі батқан залымға
Сұрапыл сойқан салып ең.
Елің үшін қуанып,
Елің үшін налып ең.
Кейінгі өсер ұрпаққа
Өнеге, үлгі болып ең.
Райымбек
10
20

120
ТАРИХИ  ЖыРлАР
120
121
Ақ бураң сенімді серік боп,
Алшандай басып жүріп ең.
Нарынқол мен Байынқол,
Шәкірамбал, Кеген арасын
Жайлаған қалың қалмақты
Қойға шапқан қасқырдай,
Бет-бетімен қуып ең.
Ағанас нояннан айлаңды
Артық ойлап, асырдың.
Жалаңаш, Торайғыр жағына
Қалың әскерді жасырдың.
Жайылып жатқан Көкпекте
Атой салып жауыңды,
Жекпе-жекке шақырдың.
Бірінші келген батырын
Тақымға басып сүйреттің.
Екінші келген батырын
Қабырғасын күйреттің.
Үшінші келген батырға 
Найзаның тілін үйреттің.
Төртінші келген батырды
Қалпақтайын ұшырдың.
Бесінші келген жауыңның
Қап-қара қанын құстырдың.
Алтыншы келген батырды 
Найзамен іліп түсірдің.
Жетінші келген батырды
Саз, балшықтай иледің.
Сегізінші келген батырдың
Басын шауып түсірдің.
Тоғызыншы келген дұшпанды
Қайың сапты шоқпармен
Бір-ақ ұрып ұшырдың.
Оныншы келген жауыңды
Төбеден ұрып құлаттың.
Он бірінші келген батырды
Кескен ағаштай сұлаттың.
Он екінші дұшпанды
Найзамен іліп тастадың.
30
40
50
60

120
120
121
РАйыМБЕК
Он үшінші жауыңнан 
Онша үркіп саспадың.
Оны дағы найзамен
Тулақтай тіліп тастадың.
Он төртінші батырдың 
Дымын лезде өшірдің.
Он бесінші дөкейді
Кіндіктен сұғып найзаңды,
Ана дүниеге көшірдің.
Он алтыншы батырдың
Желкесін қиып тастадың.
Он жетінші залымнан
Жаңа күш деп қашпадың.
Ретін тауып, оны да
Найзаменен шаншыдың.
Ағанас ханның қыл мойны
Қылышыңа жем болды.
Батырым, сенің арқаңда
Қазақтың өсіп мерейі,
Өзгелермен тең болды.
Батырдың ерлік істерін
Келгенінше әлімнің
Мақамына салып әнімнің,
Біраз баян етейін.
Естігенім мен көргенді
Кейінгі жас толқынға
Жырменен нақыштап кетейін:
Кезекті бір ұрыста
Қалың қолы батырдың
Соғыса-соғыса қалмақпен,
Іле бойына сырғыды.
Садағын атып, қылышын
Кезене жау жылжыды.
Мезгіл маусым ортасы,
Шақырайған жаз еді.
Қазақтар сан жағынан
Қалмақтан мүлде аз еді.
Осы аздықты қалмақтар
70
80
90
100

122
ТАРИХИ  ЖыРлАР
122
123
Әп дегеннен біледі,
«Үріккен қойдай сорлы» деп,
Миығынан күледі.
Тоғытамыз деп Ілеге,
Білекке қанжар іледі.
Сәт сайын сиынып Сүлдеге,
Мол олжа, жеңіс тіледі.
Райымбек батыр жасағы
Ілеге әбден енгенде
Күлімдеп тұрған жаз күні
Қоңыр көлеңке оранып,
Күрсініп батып кетеді.
  
Қалмақтың ханы қағынып,
Мойнына алқа тағынып,
Қалың әскердің алдында
Құйындап сөйлеп отырды.
Дастарқан жайып молынан
Алуан асқа толтырды.
Екі-үш тостаған боза ішіп,
Екпіндеп келіп сөйледі.
Сөйлегенде бүй деді:
—Қазақтың хас батыры
Таусылып барлық амалы,
Тығырыққа тіреліп,
Жар басына қамалды.
Арғы жағында Іле бар,
Одан тегі өте алмас.
Бергі жағында біз бармыз,
Одан тегі өте алмас.
ұшқан құс болса, амал жоқ,
Өзге болса, кете алмас.
Қабат-қабат қоршаңдар,
Жоңғардың тас қамалы
Қазақты тегіс құтқармас,
Оған алаң болмаңдар.
Дәл қазір түстеп қарасам,
Қазақтар тегі сормаңдай.
Бағы күйіп ақыры,
110
120
130
140

122
122
123
РАйыМБЕК
Үзілген гүлдей солғандай.
Әруағы қолдап Сүлденің,
Жоңғарлар бүгін озғандай.
Таң атқанша той тойлап,
Ән салып, шалқып ойнаңдар.
Таң ағарып атқан соң,
Алтын сәулесін шашқан соң,
Қойдай шулаған қазақты
Апанда аш қалған көкжалдай
Қырамыз да, тастаймыз.
Бізге қызық, оларға
Қиямет күнді бастаймыз,
Осылайша ол көпірді,
Қызған сайын шарапқа
Қорқабы ұстап құтырды.
Нақақ, жазықсыз қан тілеп,
Жаралы жыртқыштай жұтынды.
Қазан-қазан ет асып,
Жалыны оның шалқыды.
Қызыққа батып көп қалмақ,
Буыны босап балқыды.
Бір топ бетке ұстар еріне
Жаңа атақтар сыйлады.
Ендігі бір тобына
Асыл заттарды тартады.
Сый көріп, атақ алғанның
Мәртебесі артады.
Дабыл қағып, хұрнаны
Тоқсан құбылтып тартады.
Топтасып кейде би билеп,
Толассыз әндерін айтады.
Осылайша, көп қалмақ
Өзінше мәз болып жатады.
Көптен күткен қызықтың
Тұңғиығына батады.
Қаша ығысып азайып,
Қалғанын қазақтар сезеді.
«Ілеге тіреліп өлдік» деп,
150
160
170
180

124
ТАРИХИ  ЖыРлАР
124
125
Кейбірі босаңсып күйзелді.
Райымбектей бас батыр
Дәл осы кез сөйледі:
—Жағдай онша мәз емес,
Уайымдаған да жөн,—деді.
Тағдырдың салған тезіне
Тас түйін болып көн,—деді.
Әуелі бас құрап алайық,
Не істеуге боларын
Ақылдың үстіне салайық.
Одан кейінгі құқайды
Тағдырдан күтіп алайық.
Атаңа нәлет, ит қалмақ
Жеңдім деп шулап жатқандай.
Ботана судай былғанып,
Боздағы шығып аққандай.
Әйтсе де олар ұтқан жоқ,
Біз шығатын жолдар бар.
Ас ішіп, бәрің әлденіп,
Қуаттанып алыңдар.
Әруақтарға сиынып,
Мияттанып алыңдар.
Айыл-тартпаны бос тартып,
Атыңды мінер сайлаңдар.
Ақылмен іс істелік,
Қапыда тіптен қалмаңдар.
Әрбіреуің қос бау қып
Қамысты қиып, байлаңдар.
Ердің екі жағына
Тең қылып, түзеп артыңдар.
Тәуекел деп одан соң,
Соңымнан менің еріңдер.
Бәріміз қарсы жағаға 
Шығамыз аман, сеніңдер.
Алла ақты қорғайды,
Осы сөзіме сеніңдер.
Сенімнің ұлы тізгінін
Қолыма менің беріңдер.
190
200
210
220

124
124
125
РАйыМБЕК
Өстіп батыр толғанып,
Әулие-әнбиені ойға алып,
«Әумин!» деп Алладан
Ақ, адал жолды тілейді.
Қабыл болғандай тілегі
Атқақтай соқты жүрегі.
Батырдың айтқаны жөн болды,
Қалың әскер қозғалып,
Бетке алғандай оң белді.
Қамысты орып қиялап,
Аттарына тендеді.
«Ойлап қарасақ ақылмен,
Батырдікі, тегі, шын» дейді.
Ақмойнақ атты орғытып,
Ор қояндай сырғытып,
Батыр жетіп жағаға
Өз атын өзі айғайлап,
Іледен өткел сұрады.
Ақмойнақ атын емінтіп,
Сауырға қамшы ұрады.
Ақмойнақ сырғып сынаптай,
Су бетінде жүзеді.
Қарсы жақ, жазаң жағаға
Бағытын тура түзейді.
Бір шыны шай ішер мезетте
Іледен өтіп кетеді.
Құмдауыт, құба жағаға
Дін аман, мінсіз жетеді.
Қалың әскер шұбырып,
Жалғыз адам шет қалмай,
Бәрі өтіп кетеді.
Жағаға аман жеткен соң,
Іледен тегіс өткен соң,
Қалың жасақ қуанды.
Мың алғыс айтып Тәңірге,
Жаны жай тауып жұбанды.
Таң ағарып атқанда,
Шығар күннің сәулесі
Әлемге нұрын шашқанда,
230
240
250

126
ТАРИХИ  ЖыРлАР
126
127
Қалмақтың ханы ит болып,
Жер сипалап қалады.
Тиісерге жан таппай,
Көп байбалам салады.
Қабағынан қар жауып,
Жауар бұлттай түнерді.
Өзеннің арғы шетінде,
лапылдатып от жаққан,
Еркіндік атты өңірде,
Сауық құрып, мәз болған
Қалың жасақты көреді.
Санын соғып, опық жеп,
Амалсыз кері қайтады.
Райымбектей хас батыр
Жиекке аман жеткен соң,
Жалғыз тал жас шыбықты
Құба жөннің үстіне,
Қос қарыс жерге қадайды.
Мерейі өсіп, жан-жаққа
Мейірін төгіп қарайды.
Екі күн қатар дем алып,
Қалың жасақ мәз болып,
Елді-еліне тарайды.
Арада жылдар өткен соң,
Өз мезеті жеткен соң,
Батыр қадаған жас шыбық
Мәуелеп өсіп ұзарды.
Құла құмның үстінде
Құдіретпен нәр алды.
Айтақыр құмның үстінде
Алып шынарға айналды.
Өзегін өрлеп су ағып,
Бұтақтарынан төгілді.
Иесі болып ақ жылан,
Баяу жүзіп, керілді.
Ниеті бұзық жан болса,
Жуытпайды ағашқа.
Құдай деген пендені
Саясына алады.
260
270
280
290

126
126
127
РАйыМБЕК
Тілегін жеткізіп Тәңірге,
Алғысын арқалап қалады.
Батыр бөгелген осы ара
«Аяққалқан» болып атанды.
Қысы-жазы ел барып,
Емделіп, сиынып жатады.
Батыр от жаққан қара тас
Сипаған жанның көңілін
Күндей етіп ашады.
Бұтақтан төгілген суды ішкен
Адамдар айығып дертінен,
Қуанып еліне қайтады.
Ел тыныққан бұйрат құм
Іші толы ән болды.
Бұны естіген пенделер
Аузын ашып таң қалды.
Айтқан сөзі наз болған,
Райымбегім арысым,
Бақыл бол, мәңгі бақыл бол!
Ерлік пен елдікті тең ұстап,
Саналы ғұмыр өткердің.
Дүние қуған пендені
Жаратылысынан жек көрдің,
Ақбура болды серігің.
Елім деп алған бетіңде
Адастырмады сенімің.
Айналайын Ақбура
Айналақтап жаныңнан,
Алысқа ұзап шықпады.
Жорықта жүрсең түс қашып,
Қасыңа келіп ұйықтады.
Жанашыр болса серігің,
Тілеулес көзбен қарады.
Жау болса егер серігің,
Табанына салады.
Желкеден алып лақтырып,
Қорғағанына батырды,
Мерейі өсіп қалады.
300
310
320
330

128
ТАРИХИ  ЖыРлАР
128
129
Айналайын, Ақбура,
Райымбектей еріме
Қорған болдың ұзақ жыл!
Ақыры, міне, батырдың
Тәнін жәннатқа ап жүрдің.
Талай күн бойы су ішпей,
Талай күн тұғырға шөкпедің.
Елшісіндей болып бақидың,
Апыр-ай, Ақбура, не білдің!
Қарасаздың жерінен,
Қаз қонған қалқып елінен
Қайыспай өттің, шөкпедің.
Айналасын даң қылған
Геген Тайшының қақпасын
Қайыра шауып, шаң қылған.
Ерлігіңді ел ән қылған
Кегеннен өттің, шөкпедің.
Қанды шайқас куәсі
Көкпектен өттің, шөкпедің.
Бұғытыдан өткенде,
Сөгетіге жеткенде
Қалың ел шықты алдыңнан,
Аял қып тұрдың бөгеліп,
Аяқ бүгіп шөкпедің.
Шелектен өттің тоқтамай,
Қалың қазақ жиылып,
Батырды айтып жоқтайды-ай!
Айналайын Ақбура
Бұл жерге де шөкпеді,
Апырай, бұнысы неткені?!
«Қызыл оба» қырғынын
Бүкіл Албан ән қылды.
Қып-қызыл тасы жалын боп,
Жанарымда жаңғырды.
Қабанбайға серік боп,
Жарқыл құйдың жанына.
Екеуің қатар жүргенде
Күн шыққандай ед маңына.
Екеуің қатар шапқанда
340
350
360
370

128
128
129
РАйыМБЕК
Көмілді дұшпан шаңына.
Абылай ханға әрдайым
Ақыл қосып тұрып ең,
Ақ орданың ауласын
Алдаспанмен қорғап жүріп ең.
Қарасы көрінсе көп жаудың,
Қасқая қарап тұрып ең.
Отыз жасында атой сап,
Қалмақтың ордасын бұзып ең.
Қырыққа жасың жеткенде
Қыннан шығарған қылыштай,
Қайрауың жетіп, қылып ең.
Мұздаған елдің жүрегін
Шілденің нұры боп жылытып ең.
Елуге жасың жеткенде
Елің жайлы ойланып,
Күніне тоқсан толғанып,
Ертеңін шыңдап ойлап ең.
Екі қазақ біріксе,
Ел болар деп күліп ең.
Алпысқа жасың жеткенде
Асқар таудың шыңына
Айналдың дара тұлға боп.
Жетпіске жасың толғанда
Замананың дәулеті,
Кемеңгерліктің сәулеті
Басың бақ боп қонғанда,
Бүкіл қазақтың ары боп,
Арысы боп тоқтадың.
Сексенге жасың келгенде
Айналдың алып еменге.
Алтын шырақ боп нұр шаштың
Иісі қазақ көгіне.
Қайталанбас ерлігің
Шырақ боп жанды кеудемде.
Райымбектей ұл берген
Сүйсіндім дарқан еліме.
Жеңіс тойына желпінген,
Сүйсіндім байтақ жеріме.
9-205*
380
390
400
410

130
ТАРИХИ  ЖыРлАР
130
131
Дұшпанды қалай жеңудің
Көрсеттің небір үлгісін.
Сан жылдар бойына жаңғырар
Ғажайып сенің ұлы ісің.
Айналайын Ақбура,
Алатаудың етегі,
Амалы қыстаққа келгенде,
Жап-жасыл шағын тепсеңге,
Шайқала басып жеткенде,
Ақырың болып осы жер,
Ақыр осында тоқтадың.
Күндіз-түні зар илеп,
Өлеңмен өзіңді жоқтадым,
Райымбегім, арысым,
Жәнатта болсын мекенің!
Әруағыңа бас иіп,
Өзіңе мінәжат етемін.
Сенің ұлы ісіңді
Аңыз етіп ел айтар.
Сенің ұлы ісіңді,
Жекпе-жектегі күшіңді
ызың етіп жел айтар.
Аққан бұлақтың тілімен
Айналайын жер айтар.
Көкірегі күрсініп,
Көбігін шашып көл айтар.
Қайталанбас ғасырда
Бір туар ұлым деп айтар.
Жәннатта болсын тұрағың,
Сарқылмас әнім, бұлағым,
Райымбегім, асылым,
Бақыл бол, мәңгі бақыл бол!
420
430
446

130
130
131
Бішкек  қаласында  қырғыздар  мен  қазақтардың  үлкен  то-
бы бас қосыпты. Сол топта бір күні қырғыз манабы Шабден мен 
қазақ  биі  Ноғайбай  сөз  таластырып  қалыпты.  Соның  ертеңіне 
Шабден:  «Ноғайбай  қазақтармен  түстеніп  кетсін»  деп  кісі 
жіберіпті.
Шабден  ақ  үйлерді  тіккізіп  тастап,  Бішкектің  арғы  сыр-
тындағы  Төтелдеш  деген  жерде  жатқан  екен.  Ноғайбай 
Алғадайды  және  тағы  жиырма  шақты  кісі  ертіп,  Шабденнің 
ауылына  барыпты.  Сөйтсе,  Шабден  оларды  шақырып,  қыр-
ғыздың  ерлігін,  бектігін,  манаптығын  айтып,  Ноғайбайды 
мұқатайын деген екен.
Тамақ  беріп  болған  соң  жыршыларына  қырғыздың  Манас, 
Семетейін,  одан  кейін  Жаңғараш,  Жантай,  Қанай,  Бәйтіктер-
дің бектігін, манаптығын, ерлігін және олардың Кенесары хан 
мен Наурызбай сұлтанды өлтіргендіктерін айтқызыпты.
Одан кейін Шабден мақтана сөйлеп:
—О,  Ноғайбай,  қазақтар  «бізден  көппіз»  деп  мақтанасың-
дар,  бірақ  ауызға  ілінер  түктерің  жоқ.  Ерлік  десең  қырғызда, 
манаптық  десең  қырғызда,  сендерде  осы  не  бар?  Ертең  мен 
қырғыздарымды жинасам, нелеріңді айтар едіңдер?—депті.
Ноғайбай  сөз  таластырмай:  «Ертең  бірақ  сөйлесерміз»,—
деп орнынан тұрып жүріп кетіпті. Манап аулынан шығысымен 
қазақтар  елге  кісі  шаптырып,  ақындарын  жинапты,  Әулие-
атадағы  Майкөт  ақынды  алдырыпты,  барлығы  төрт-бес  ақын 
жиналыпты. Ішінде домбырашы Байсерке бар екен. Ақыл да са 
келіп, өлеңді Майкөт бастамақ болыпты.
Содан ертеңіне түс ауа Шабденнің тіккізген үйлеріне қазақ-
тан қырық-елу кісі келіп түсіпті. Қырғыздар да көп жиналған 
екен. Біраздан кейін домбыраның құлағын ұзақ бұрап, Майкөт 
ақын керіліп өлең бастапты.
Ер Өтеген

132
ТАРИХИ  ЖыРлАР
132
133
—Ассалаумағалейкүм, жиналған көп,
Келдік сәлем сіздерге берейін деп.
Жиналып қазақ-қырғыз бас қосқанда
Дидарын үлкен-кіші көрейік деп.
Ассалаумағалейкүм, қырғыз халық,
Енді айтпасам бола ма сөздің шарты.
Жантайың біз білетін қайтыс бопты,
Қайырлы болсын енді оның арты.
Ассалаумағалейкүм, манаптарым,
Жер жарған манап деген атақтарың.
Бас қосып қырғыз-қазақ отырғанда
Өлеңді біраз ғана мен айтармын.
Қазақпыз қалың жатқан сахарада,
Бұрыннан еркін өскен кең далада.
Келіп ем ұлы жүзден—ел дулаттан,
. . . . . . . . . . . .
*
 
Ішінде ұлы жүздің дулат көбі,
Көптігін жақсы білер қырғыз тегі.
Көптігі ерлігіне сайма-сайын,
Біледі бұрыннан-ақ Шабден өзі.
Дулаттың кім білмейді Төле биін,
Кейінгі Тойшыбек пен Сыпатайын.
Ерлігі ел аузында ертек болған,
Қойкелді, Өтеген мен Малдыбайын.
Үшеуі бұл кейінгі ертеде өткен,
Кімдер бар заманында оған жеткен?!
Жоңғарды, торғауытты қатар қырған
Баласы Өтеғұлдың ер Өтеген!
Өтеген халқы үшін дүние кезген,
Басқаның зұлымдығын ерте сезген.
*
 Қолжазбаның осы тармағын оқу мүмкін болмады.
10
20
30

132
132
133
ЕР  ӨТЕГЕН
Жантайың батырым деп мақтайтұғын
Басқаға дінін сатып, шекпен киген.
Өтеген халқы үшін дүние кезген
Жиделі Байсын жерінде аты өлген.
ұнатпай сол жерді де көңіліне,
Жеріне туып-өскен қайта келген.
Ел үшін қайрат еткен ер Өтеген
«Арман жоқ елім үшін өлсем» деген.
Жерінде туып-өскен Жетісудың
Өтіпті жетпіс төртте дүниеден.
Біледі қырғыз-қазақ Өтегенді,
ұмытса, ойына алар Шабден енді.
Берейін домбыраны Тілеміске,
Ал, Тіке, атаң жайлы айтып берші,—
деп домбыраны Тілеміске беріпті. (Тілемістің ол кезде жас кезі 
екен). Домбыраны алысымен былай деп өлең бастапты:
—Домбыра екі шекті қолға алайын,
Азырақ тамаша етіп ән салайын.
Арғы атам аты шулы ер Өтеген,
Мен неге бұл арада қорғалайын.
Бабамның белгілі аты бар қазаққа 
ұлы жүз—қоңырат, үйсін, көп дулатқа.
Орта жүз—уақ, керей, арғын, найман,
Кіші жүз—алшын, жаппас кең аймаққа.
Бабамды құрметтейді барлық қазақ,
Әңгіме-жыр етеді есіне алып.
Ерлігін, батырлығын мақтан етіп,
Мың ақын Жетісуда жүрер жырлап.
Соның бірі Екейде,
Қырғыз білер Сүйінбай.
Қатағанды қатырған,
40
50

134
ТАРИХИ  ЖыРлАР
134
135
Төбеден ұрып өлеңмен,
Тал түсте соққан құйындай.
Қырғыз да бізге белгілі,
Бұдан да өткен бұрында-ай.
Ел сөзіне бастайын,
Басқа жаққа бұрылмай.
Батыр көп-ті қазақта
Қайрат еткен елі үшін,
Басын қиған өлімге
Сайлы сана, ен дала,
Адырлы қырқа белі үшін,
Мөлдір тұнық көлі үшін.
Биік таулы кең алқап,
Туып-өскен жері үшін.
Сахарада сайрандап,
Еркін өскен елі үшін.
Осындай ердің бірі еді,
Халқы аузына ілінген,
Еңбегі елге білінген,
Құрметті өткен бабамыз 
Дулаттан шыққан Өтеген.
Аты-жөнін сұрасаң,
Дулаттан бастап тараған,
Жаныстан бастап санаған.
Жарылқамыс Бәйдібек,
Таралғанның Бұқардан
Біреуі еді Сырымбет.
Жетісудың көк орай
Айдынды сала алқабын
Өсті ұрпағы мекендеп.
Ел аузында мақал боп:
«Қамыс көп пе, болмаса
Жаныс көп пе» дегендей,
Сырымбеттің ұлдары
Жеке-жеке ауыл боп,
Өсіп еді желілеп.
Сырымбеттен таралған
Жылқыайдармен алтау еді.
60
70
80
90

134
134
135
ЕР  ӨТЕГЕН
Барлығының ішінде
Өтеғұлдың ұлы көп.
Айтушы еді ағайын
«Мал мен басын бірдей қып
Құдай бұған берді» деп.
Ауыр іске жолығып,
Бір жетінің ішінде
Оба деген аурудан
Он екі ұлы қырылып,
Өтеғұл зарлап жылап еді.
Өткен іске өкінбе,
Туған адам өледі,
Жазуы көп Алланың.
Күйігіне шыдап ед.
Жүргенде солай зарығып,
Кең дүниені тарығып,
Келгенде жасы алпысқа
Уайымға салынып.
Қабыл болып тілегі,
Жарылғандай жүрегі.
Бір ұл көріп артынан,
Жайнады гүлдеп жер-көгі.
Елдің салты—ертегі
Келе жатқан ертеден.
Шақырды елді тойына,
Жылқы сойып үш тоғыз
ылғи құла бөртеден,
«Өтелді,—деп,—өлгенің»,
Жиналған халық ұйғарып,
Атын қойған Өтеген.
Өтеген өсіп дүрілдеп,
Өмірге жайып құлашын,
Айрықша адам еді.
Сүйегі ірі шын асыл,
Тік қабақты үлкен көз,
Жанары өткір болаттан.
Төбесінде мүйізі
Көрсетер еді өзгеше
Ажарлы етіп нұсқасын.
100
110
120
130

136
ТАРИХИ  ЖыРлАР
136
137
Он жасына келгенде,
Сырттан көрген адамдар
Балаға оны қоспайтын,
Қара торы, қыр мұрын,
Дейді халық сыйлайтын.
Оннан аттап асқанда,
Он бірге аяқ басқанда
Қаза болып әкесі,
Жас Өтеген айрылды
Мәпелеген әкеден.
Әкесінің інісі
Өтеп еді жанашыр,
Бірге туған шешеден,
Көрсетпеді жетімдік.
Өтегеннің ер Өтеп
Қабағына қарады,
«Жетім ісі қиын» деп.
Тел өсірді батырды
Жас ботадай мәпелеп.
Жігіт болды Өтеген,
Он алтыға жасы кеп.
Сауық етті ауылда,
Тамашалы сылқым боп.
Ертелі-кеш жүргенде
Жылқы жаққа барып кеп,
Аралаушы еді жылқыны,
Көңіліне жағар ат іздеп.
Қоя берді еркіне,
Үндеместен ер Өтеп.
«Атын өзі тапсын» деп,
Талабына разы,
Қуанады ішінен,
Ойында оның сынау тек.
Бауырының талабын
Қайтіп Өтеп көрсін жек.
Кездесті бір күн жылқыда
Бас жылқышы шал Күсеп.
Жақын келді Өтеген
«Көпті көрген ата» деп,
140
150
160
170

136
136
137
ЕР  ӨТЕГЕН
Түсіндірді бар ойын.
Аралайтын жылқыны,
Жанына серік ат іздеп.
Қабыл алып тілегін,
Ертіп жүрді баланы,
Түсінген соң қарт Күсеп.
«Біраз саяқ Қараойда
Жайылушы еді» деп бөлек.
Ат жүргізбес оралып
Қараойдағы қалың шөп.
Жаны сүйер жылқының
Белесінде қыраттың
Бөріктей топ-топ ебелек.
Жайылып жүрген жылқыдан
«Берер атым мынау?» деп,
Көрсетті қартың бір тайды.
Беткейде жусап тұр екен,
ұзын мойын, қысқа бел,
Марал құлақ, қара көк.
Байқап әбден көрген соң,
Жауап берді Өтеген
«Көңіліме ұнайды» деп.
Естіген соң ол сөзін,
Жылқыны топтап жинады,
Шошытпай, жайлап қарт Күсеп.
Өтеген салды бұғалық,
Қыл арқанды ілгектеп.
Сескенген бой асаудың
Секіргенде атыла,
Қос қолдап тартты Өтеген,
Үзеңгісін нық тіреп.
Қылқынған асау тоқтады,
Қақпанға түскен арқардай
Қолтық еті дірілдеп.
Арқанды орап білекке,
Тартып өзіне біртіндеп.
Долданған асау міз бақпай,
Жүгендеді Өтеген,
Төрт аяқтап тұрды тек,
180
190
200
210

138
ТАРИХИ  ЖыРлАР
138
139
«Іздегенді таптым» деп.
Жалынды жүрек арыстан
Іздегенін тапқан соң,
Мініп алды ер ерттеп.
Астына аты тиген соң,
Райымбек досы қасында,
Қордайдың келіп басына,
ұстатып атын досына.
Жаяу барып сыйынды
Үйілген мола тасына.
«Жауыңа мен барам» деп,
Жедел мінді атына.
Алатаудың ар жағы
Қалың жатқан қалмақтар.
Дулатқа көзін алартып,
Тиіпті батыр шетінен.
Күнде шауып мазалар,
Қырандай самғап түлкі алар.
Қасына ерді серік боп
Бір інісі—Тауасар,
Райымбек, Наурызбай,
Басқалары тағы бар.
Жаудың бетін қайырып,
Беттетпеді көп жылдар.
Тыныш жатты бұл кезде
Жалайыр, албан, наймандар.
Қорыққанын көрген соң,
Аттанды солай қалмақтар.
Қарғадай қалың көп екен,
Зеңбірегі тарсылдап,
Қаптады кәпір құрғырлар.
Көрген соң мұны орта жүз
Үйсінге қарай сырлықты.
Екі жүздің баласы
Төмен қарай бір ықты.
Елін қорғап өлімнен,
Жауға қарай қол шықты.
220
230
240
250

138
138
139
ЕР  ӨТЕГЕН
Қолды бастап найза ұстап,
Өтеген батыр ол шықты.
Қалың қазақ жабылып
Жауға қарай оқ атты.
Талай жауды Өтеген
Садақпен атып құлатты.
Жаудың алдын кескестеп,
Көшкен елді ұзатты.
Қойкелді, Сәмен, Наурызбай,
Қасындағы батырлар—
Райымбек, Шінет, Тауасар,
Жасөспірім Малдыбай
Бір жағынан килікті.
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шақшақұлы Жәнібек,
ыстыдан шыққан ер Төлек,
Батырлар қайрат етсе де,
ығыстырды аз қолды,
Қарақұрым жау қаптап.
Сонда да ерлер саспады,
Қорқып ешкім қашпады.
Қарсы шауып Өтеген,
Жауға жолды ашпады.
Қаратаудан өткенде
Жердің бетін шаң басты.
Қамауда қалып Тауасар,
Өтеген сонда бір састы,
Бауырдың ісі қиын-ды.
Қамшы басып атына,
Топты бұзып жол ашты.
Қайтіп жауға тастасын
Жасөспірім ол жасты?!
Қалың топта батырға
Қара күрең ат мінген,
Денесі зор өзгеден
Сыбан-Тайшық кездесті.
260
270
280

140
ТАРИХИ  ЖыРлАР
140
141
Өлтірген бұрын Өтеген
Бірге туған ағасын,
Сондықтан Тайшық егесті.
Ойлағаны бар оның,
Алсам дейді сол кекті.
«Жекпе-жек, батыр, жекпе-жек!»
Келе сала сұранды
Алғашқы ұрыс кезекті.
Қорықсын ба Өтеген
—Жасың үлкен көрінед,—
Алғын,—деді,—кезекті.
Сол ақ екен екі қол
Жекеге шығу ерлерге 
Ежелден бергі ескі жол.
Жұрт көзіне көрініп,
Сондайда қайрат етпесе,
Жауға шабар батыр мол.
Батырлықтың бағасы—
Жекпе-жекте алысып,
Жауды жеңсе, әне, сол!
Орындайтын алдында
Өтегенге міндет зор.
Жасынан жаумен алысты,
Сол парызды біліп ол.
Қара қазан, сары бала,
Артында дулат қалың ел.
Халқы үшін ат мініп,
Найза ұстап, буды бел.
Кез келген оның алдынан
Талай-талай әр жерде
Қиын-қыстау ауыр жол.
Тайшықпенен ұрысу—
Сондайлардың бірі еді ол.
Кезек алып қу Тайшық,
Кейін қарай шегінді.
ұзап барып алысқа,
Қамшы басып күреңге,
290
300
310
320

140
140
141
ЕР  ӨТЕГЕН
Найзасын алып тебінді.
Екпіндетіп тура кеп,
«Жүректің тұсы—осы» деп,
Өтегенге найза ұрды.
Ең алғашқы екпінмен
Қара көк аздап шегінді.
Сауыттан найза өте алмай,
Ортадан «порт» деп бөлінді.
Бойын жазып керілді,
Тұратұғын мезгілмен
Кезегіне бұрылды.
Күшін жинап бойына,
Бабасын алып ойына,
Айқасуға жұмылды.
Жұлдыздай ағып қара көк
Жауға қарай ұмтылды.
Қасқайып тұрған қу Тайшық,
Өкпеден найза тигенде,
ұзынынан жығылды.
Жаныштап жерге аз тұрып,
Найзасын батыр суырды.
Сүйегін оның алуға
Қалың қалмақ жұмылды,
Бір жағынан ат қойып.
Қазақтар да лап қойды,
Батырлар қырып қалмақты,
Қаратауды қан қылды.
Кешке дейін ұрыс боп,
Жаудың бетін қайтарды.
Қоныстан ауған қалың ел
Тоқтамай көшіп жөнелді.
Олай етпей қайтеді?
Қарақұрым қалың жау
Артынан қуып келеді.
Үш күн, үш түн өткенде,
Көш бастаған Қарабек
Сырға әкеліп тіреді.
Сырдың бойы қапырық,
330
340
350
360

142
ТАРИХИ  ЖыРлАР
142
143
Суы лай кір еді.
Маса мен сона ызыңдап,
Малдың тұрған соры еді.
Тоқтай алмай баяндап,
Ары қарай ел өтеді.
Күні ыссы, жері құм,
Енді қайда кетеді?
Соңынан естіп бұл істі,
Өтеген батыр жетеді.
Салалы жері тұрғанда,
Құмды шөлді қыдырып,
Қазақ қайда кетеді?
Жетісу қалса алыста,
Қонысына дулаттың,
Сарысу бойы жетеді.
Тілін алып батырдың,
Халық қайта көшеді.
Басында солай беттесе,
Жүрер жолы төте еді.
Енді, міне, күз жетті,
Қынаптан қылыш суырып,
Жаумен бірге қыс жетті.
Қаңтардың қары басталып,
Қалың қарлы боранда
Судан халық зорға өтті.
Біресе сүйреп сал тартып,
Біресе жауға оқ атып,
Өтеген қайрат көрсетті.
Судан халық өткен соң,
Өтеген қолы шешілді.
Оңына беттеп кеткен соң,
Еркімен шауып қара көк,
Аяғын әбден көсілді.
Бүркіттей самғап тиген соң,
Шыдай алмай торғауыт,
Кейін қарай жосылды.
Қашып келіп Тәшкеннің
Қорғанына бекінді.
370
380
390
400

142
142
143
ЕР  ӨТЕГЕН
Жусаған қойдай қырылып,
Келгеніне өкінді.
Қираған қалың өліктің
Құзғындар көзін шұқыды.
Келген екен көп кәпір
«Көрейін,—деп,—осыны».
Жау қашқан соң жосылып,
Қамалға кірді бекініп.
Кірмек болды Өтеген,
Тар есігін сындырып.
Сұрады келіп батырдан,
«Қойыңыз» деп өтініп.
Райымбек, Наурызбай,
Жолбарыс, Сәмен, Бөгенбай,
Ерсары мен Байсары—
Олар да келіп жиылып.
Сөз сөйледі батырға
Заманында кім жеткен
Бұлбұлдай шешен Төлеге?!
Айтқан сөзі үлгілі,
Әділдігі, ақылы
Жалпыға болған өнеге,
Атағын жайған бар жерге.
Халық үшін іс етіп,
Билігі жүрген үш жүзге.
—Әй, Өтеген, Өтеген,
Батыр едің ержүрек,
Озып туған өзгеден.
Тілін алып үлкеннің,
Залал жоқ сабыр етуден.
Әлі де алда талай бар,
Бармауыңды өтінем.
Елің кетті шұбырып,
Ақ қар, көк мұз суықта
Ақтабан болған алыс жол.
Бұл сапардан сескенем,
Аш-арыққа қараған
410
420
430

144
ТАРИХИ  ЖыРлАР
144
145
Бізге пайда өзгеден.
Атыңның басын кейін бұр,
Күтеді көмек ел сенен.
Сөзін естіп Төленің,
Өтеген кейін бұрылды.
Шұбырған елдің артынан
Батыр енді жөнелді.
Сыр менен таудың арасы
Құлазыған дала еді.
Түйе шалар түгі жоқ,
Жылқы тебер қыртыс жоқ,
Сусын болар суы жоқ,
Бет қаратпас желі бар,
ұшан теңіз сала еді.
Сондықтан халық бұрыннан
«Бетпақ» деп оны атады.
Құдай басқа салған соң,
Қоныстан ауып көп дулат
Ақ қар, көк мұзда
Басқалармен қосылып,
Солай қарай шұбады.
Алыс жолға жүре алмай,
Қара боран суықта
Талайлар жолда құлады.
Орта жолға келгенде
Көл кездесіп кішкене,
Шаршаған халық қуанды.
Айнала көлді жағалап,
Алқа-қотан қонады.
Аз ғана күн аялдап,
Арттағыны жияды.
«Көшеміз ертең» дегенде,
Қатты боран соғады.
Қорғаларға пана жоқ,
Қайда барып бұғады?!
Арық мал мен аш адам
Сол жерде қатып сұлады.
440
450
460
470

144
144
145
ЕР  ӨТЕГЕН
Артынан келген батырлар
Тірілерін жияды.
Басын жинап халықтың
Біраз сабыр қылады.
Осы жерде азғантай
Үш жүзден бүлік шығады.
Орта жүз кетіп Арқаға,
Кіші жүз кетіп Шалқарға,
ұлы жүз ғана қалады.
Көшті бастап Өтеген,
Бораннан алып шығады.
Аман-есен ұлы жүз
Хан тауына келеді.
Өтегеннің бұл ара
Өзінің туған жері еді.
Кейін қалған үйсінді
Төле би құрап жинапты.
Білуші еді Бұлбұлың
Бетіне келер ұятты.
Жолбарысты хан сайлап,
Жұрттың басын құрапты.
Қаратау мен Хантауы
Саласына орнатты.
Дулаттың қолы күшейіп,
Қалмақты қайта айдапты.
Жауды қуып қаладан,
Ташкентті дулат қайта апты.
Қырғыздар оны көре алмай,
Іштері күйіп қайнапты.
Сарт пенен қырғыз бірігіп,
Абайсызда бір күні
Жолбарыс ерді өлтіріп,
Хан көтеріп қалаға,
Қоқым биін сайлапты.
Қатыннан қорқақ Қоқым би
Соғыспай жауға қарапты.
Кейінгі мына Қанайың,
Жанқараш, Бәйтік, Жантайың
10-205*
480
490
500
510

146
ТАРИХИ  ЖыРлАР
146
147
Қоқым биден үлгі апты.
Түсінер өзі ер Шабден
Салыстыра ойланып,
Ар жақ пенен бер жақты,
Біле тұра осыны
Шабден қалай жамандар
Ежелден батыр қазақты.
Сол қазақтың баласы 
Әйгілі аты әлемге
Менің атам—Өтеген!
Жолын қуған қазақтың
Келе жатқан ертеден,
Көрсе де талай азапты,
Қайтпаған батыр сертінен!
Абылаймен екеуі
Жауды қуған жерінен.
Хантауы мен Қаратау,
Адырлы қырқа белінен.
Туып-өскен кең алқап
Жетісудың төрінен.
Ары қарата асыра,
Алатаудың белінен.
Көрген соң мұны ар жақтан
Қытай, шүршіт патшасы,
Қаптатқан қалың көп әскер.
Ашылған соң құс ұшпас
Биік қорған қақпасы.
Шүршіттің қолын көрген соң
Қаулаған қара шыбындай,
Өтеген қарсы шауыпты,
Елден бұрын шыдамай.
Жаудың қарап алдына,
Бас иіп батыр тұра ма,
Бекерден бекер қарап жай.
Кіріскен жаудың бетінен,
Бас-көзіне қарамай,
ығыстыра бір жағын,
Шүршітті қырған аямай.
520
530
540
550

146
146
147
ЕР  ӨТЕГЕН
Абылай қорқып бұл кезде,
Тұрып қапты алыста,
Ілесуге жарамай.
Жалғыздығын көрген соң,
Шүршіттің бәрі жабылған,
Жан-жағынан қамалай.
Келіп серік болмаған
Қол бастаған Абылай.
Шүршіттерге бас иіп,
Бағыныпты кәпірге,
Оқ шығарып ұрыспай.
Көрген соң мұны Өтеген,
Ол жерде енді көп тұрмай,
Қамауды бұзып жол ашып,
Ауыл жаққа бет қойып,
Жүріп кеткен бұрылмай.
Өтеген батыр өкпелеп,
Абылайға келмеді.
Жалынса да өзі кеп,
Қасына да ермеді.
Бір кеткен соң бөлініп,
«Халық иесі—ханым» деп,
Бетін қайтып көрмеді.
Даярланып сапарға,
Іздеуге қоныс беттеді.
Қара қазан, сары бала
Қамын ойлап халықтың,
Ешбір тыным көрмеді.
Анталаған қалың жау
Батырға ұйқы бермеді,
Маңдайы шып-шып терледі.
Ақыл сұрап үлкеннен,
Төле биге келеді.
Келсе жетіп Төле би
Шөгіп қалған кезі еді,
ыза қысып жүректі.
Кәрілігі болмаса,
Аузына үш жүз қараған
560
570
580

148
ТАРИХИ  ЖыРлАР
148
149
Ақылды ердің өзі еді.
Батырдың сөзін есітіп,
Қарт Төленің сондағы
Айтқан сөзі бұл еді.
—О, Өтеген, Өтеген,
Артық еді туысың
Өз қатарың ерлерден.
Шығар болсаң сапарға,
Жолың болсын, қарағым,
Еліңе қоныс іздесең.
Жоғарыда жерлердің
Жазы қысқа, қысы ұзақ.
Теріс болмас сонда да
Көзбен көріп байқасаң.
Төмен барсаң Қап тауы,
Қалай болар жан-жағы.
Ол болмаса, оң жақта
Жиделі Байсын—кең сала.
Істің байқап алды-артын,
Қимыл ет, ерім, ойлана.
Болмаса артық бұл жерден,
Елді орнынан қозғама.
Төленің алып батасын,
Жолға шықты Өтеген.
Асыл туған ер еді,
Артық болды өзгеден.
Айта берсем, таусылмас,
Тоқтайын осы жерден.
Ендігісін айтармын,
Керек болса, тағы ертең.
Білер енді хан Шабден,
Менің атам кім екен!
Ертеңінде  Байсерке  күй  тартыпты.  Қазақ-қырғызда  ол 
кісіден  асқан  домбырашы  жоқ  екен,  бір  күн  тартса  да,  күйі 
таусылмапты. Оның ертеңінде бір кеш өлеңді Майкөт ақын ай-
тыпты. Сөйтіп, қазақ ақындары үш күн өлең айтып, Шабденді 
сөзбен жеңіп қайтыпты.
590
600
610
621

148
148
149
Домбыра екі шекті қолға алайын,
Азырақ әнге салып толғанайын.
Білгенді, естігенді баянды етіп,
Ерлерден ертеде өткен сөз қозғайын.
Ертеде, ерте өткен бұрындағы,
Көз жетпес нысансыз Қырымдағы.
Ақындар талай-талай өлең еткен
Біздерден көп жыл өткен бұрындағы.
Өтіпті Асан қайғы, Бұқар жырау,
Олардың айтқанына кімде дау бар?
Құлмамбет Құланаян, Сүйінбайлар,
Барлығын хатқа тізіп болмас санау.
Солардан мына бізге қалған үлгі,
Ай өтіп ай артынан, қуып жылды.
Басына еш адамның тоқтамастан,
Опасыз өтіп жатыр дүние түлкі.
Дүние өтсе, дүниеден ер де өтеді,
Өткен іс көңіліңді тербетеді.
Әр адам өсіп-өніп, өмір сүріп,
Өзінің заманымен бір кетеді.
Бірақ та заман өтсе, із қалады,
Ер өтіп, ол туралы сөз қалады.
Өмірі ел мен жердің өте ұзақ,
Атағын өткендердің ел жаяды.
Жорықта
10
20

150
ТАРИХИ  ЖыРлАР
150
151
Қарасақ арғы атамыз—үйсін қазақ,
ұштасып таралуы өте ұзақ.
Ескендір Зұлқарнайын заманында
Алатау мекен еткен біздің дулат.
Патша Зұлқарнайын дүние салды,
Аңыз боп ел аузында аты қалды.
Алатау—көгал алқап, сары жазық,
Мекендеп сол араны дулат алды.
Алатау—алқабы кең асқар биік,
Мұз киіп, қар жамылып, бұлт жайылып.
Ар жағын мекендепті қорым қалмақ,
Дулатпен екі араны бөліп киіп.
Қалмақтар қазақпенен жау болыпты,
Арада үзілместей дау болыпты.
Шабысып бір-бірімен қысы-жазы,
Саласы Алатаудың қан болыпты.
Созылған жылдан-жылға соғыс ауып,
Адамдар отырмаған пана тауып.
Ит жығыс кезек-кезек біріменен,
Бірде ол, бірде мұнан қазақ шауып.
Мінгізген ол шабуыл атқа көпті,
Жорықта бастан-аяқ Төле бопты.
Өзі ер, өзі шешен, өзі батыр,
Кісі екен алмас құрыш, асыл текті.
Ерлік пен шешендікке әділдік сай,
Төле би атандырған осы жағдай.
Халыққа айтқан сөзі мақам болып,
Келеді осы күні, әлі тозбай.
Төле би жайшылықта билік еткен,
Соғыста найза ұстап, ерлік еткен.
Жорықта қол басқарып, іс атқарып,
Үйретіп жас ерлерге тәрбие еткен.
30
40
50

150
150
151
ЖОРыҚТА
Болыпты сол жорықта жас Өтеген,
Кезі екен он алтыға жаңа келген.
Тік иық, кең жауырынды, қарулы қол,
Кем емес көрінісі үлкендерден.
Қыр мұрын, қара торы, қабағы тік,
Денесі өз теңінен өткен биік.
Төбеге нысаналы мүйіз бітіп,
Жаралған адам екен өзгеше қып.
Төленің Өтегенге көзі түскен,
«Сынармын,—деген,—өзін алдағы істен».
Кеш болып, қас қарайып, күн батқанда,
Қалт келіп бір сапарда аттан түскен.
Ол жердің қасы ескі қорған екен,
Бұрынғы өлгендерді қойған екен.
Ойылып алқымдары түсіп-түсіп,
Бұзылып көп молалар қалған екен.
Төле би Өтегенді сынамақшы,
Ерлігін, жүректілігін байқамақшы.
Сылтаулап «от жағуға отын тап» деп,
Молаға қараңғыда жұмсамақшы.
Төле би шақыртқан соң келді Өтеген,
Жоқ еді бұдан бұрын алдын көрген.
Бұралған тал шыбықтай бала батыр
Алдына келіп тұрды әдеппенен.
Төле би жайыменен сәлем алып,
Батырға: «Әкел,—деді,—оттық тауып.
Қыдырып, молаларды көрсең барып,
Ағашы құлаған көр болушы еді».
Өтеген қараңғыда кетті жүріп,
Аспанды бұлт басып, тұр түнеріп.
Артынан үш-төрт жігіт жіберіпті:
«Байқа,—деп,—батырлығын көзбен көріп».
60
70
80

152
ТАРИХИ  ЖыРлАР
152
153
Олар да бір жағынан бұғып тұрып,
Бір аман ағашы бар көрге келіп.
Ішіне алқымының отырыпты,
Бытырап әр жеріне бұғып-бұғып.
Өткенде біраз уақыт батыр келіп,
Ол көрдің ағаштарын байқап көріп.
Ішіне шұқырының түсе қалып,
Ағашты көтеріпті жайыменен.
Әлгілер жабысыпты ағашына,
Өтеген үн қатыпты, тоқтап сонда:
—Өлі әруақ!... Тірі әруаққа ас пісірем,
Тыныш жат, жабыспай-ақ орыныңда.
Соны айтып жас Өтеген кеткен жүріп,
Саспаған, қорықпаған үрейленіп.
Төлеге сынаушылар баян етіп,
Разы болған Төле оны естіп.
90
104

152
152
153
Біздің  қазақ  халқы  бұрын  қалмақ,  қырғыз,  өзбек  бо-
лып,  төрт  ұлтқа  бөлініп,  бірін-бірі  әлі  келгенін  шауып  алып, 
білегінің  күші,  найзасының  ұшымен  бірін-бірі  езіп-жаншып 
жүрген  еді.  Содан  қалмақты  жаулап,  қазақ  жерінен  қытай 
жеріне  аударды.  Содан  қазақ  бірбеткей  болып,  қазақ  ішінде 
ұлы жүздің баласы қырғызбен өте жауласып, шабысып, бірін-
бірі  қуғын-сүргінге  салып  жүрді.  Онан  соң  қазақ  халқы  үш 
жүздің баласына бөлініп, ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз болып, 
үш жікке бөлініп жүрді.
Ол  уақыттағы  билеушілер  хандар  болды.  Ақсүйектің 
тұқымынан  хан  көтерді.  Хандардың  қабырғалы  билері  бо-
лып, олар өздерінің білгенін істеп жүрді. Хандардың мақсаты 
әлі  келгенін  шауып  алу,  талау,  қан  төгу  болды.  Содан  біздің 
қазақ  халқы  орысқа  қарамай  тұрып  өздері:  «Орыс  деген  жұрт 
бар. Әліміз келсе, орысқа қараймыз» деп жүрген еді. Сол кезде 
қазақтың ұлы жүз руынан 1730 жылдар шамасында Өтеген де-
ген батыр шыққан. Ол Өтеген ұлы жүз дулат нәсілінен, Сырым-
бет деген атаның тұқымынан шықты.
Өтеген  батыр  есі  кіріп,  ат  жалын  тартып  мінгеннен  кейін 
қоныс қарай бастаған. Ер жетіп, толық адам болғаннан кейін: 
«Түбі  осы  Жетісу  жеріміз  бізге  қонысқа  жарамайды.  Себебі 
бұл  жерді  түбінде  орыс  деген  халық  алады.  Оған  қарсы  тұра 
алмаймыз.  Себебі  біздің  қазақ  халқы  өте  надан,  айласы,  күші 
жоқ. Сондықтан оған еркіміз кетіп қарағанша, бір оңаша жер-
су тауып, әрісі қазақ халқын тегіс қоныстандыру, иә, болмаса, 
тілімді алған қазақты құтқарамын»,—деп жар салған. Тегінде 
«орысқа  бағынбаймыз»  деген  Өтеген  батырдың  басқа  қазаққа 
пікір-санасы қосылмаған. Себебі қазақ халқының бәрін бірдей 
көріп, қазақтың қамын жеген.
Өтеген батыр

154
ТАРИХИ  ЖыРлАР
154
155
«Қамалда  қалдың-ау!»  деп  көп  зарлаған.  Және  өзінің 
кереметі—нақ төбесінде бір қарыстай екі мүйізі болған екен. 
Бірақ  қан  төгуді  қаламаған  кісі.  Жалғыз-ақ  қоныс  іздеуде 
болған.  Содан  өзінің  Аюса  деген  баласымен,  елу  кісімен 
екі  ай ғыр  үйірлі  жылқы  айдап,  қару-жарағын  асынып, 
ел-жұртымен  қош  айтысып,  әуелі  күн  шығысқа  қарай  бет 
алған. Сол жүрген нен жүріп Қытай тарапына барып, күннің 
шығысына жеткен.
Әмударияны  көріп,  одан  төмендеп,  күннің  батысын  көзде-
ген.  Одан  Ақтөбе  беттеп,  бір  Қазан  деген  жерді  басып,  қырық 
күншілік шөлден, қырық күншілік жолдан өтіп, Жиделі Бай-
сын  деген  жерге  барып  қайтқан.  Жеті  қырғыздың  Ала тауын 
тегісінен  аралағанға  ұқсайды.  Оны  толық  ешкім  білмейді. 
Себебі Атбасы, Нарын деген жерлерде Өтегеннің тасқа басыл ған 
мүйізді  суретін  көрген  кісілер  бар.  Ақыры  17  жыл  жер  қа рап 
келген. Сондағы көріп білген ғажайып әңгімесін Жамбыл қарт 
өлеңмен суреттеп айтады.
Жер танабын алғаннан,
Сөзім болмас жалғаннан.
Бұғыдай мүйіз көтерген,
Қасқараудан шыққан Өтеген.
Төрт жақтан жер қараған,
Асыл нұрдан жаралған.
Барып қайтты Өтеген
Күннің шыққан жеріне.
Тегісімен аралап,
Қытай, Бейжін еліне.
Одан қоныс таба алмай,
Орыстың кетті шебіне.
Орысты көріп тұра алмай,
Ішіне оның кіре алмай.
«Мұның жүзі құрысын» деп,
Одан қоныс таба алмай,
Қорқыттың түсті жолына.
Неше жылдай жол жүріп,
Аз ғана емес мол жүріп,
Сырттан жолды таба алмай,
Келіп түсті Өтеген,
10
20

154
154
155
ӨТЕГЕН  БАТыР
Қарсықұзар жолына.
Жылқысы болса айдаулы,
Қымызы болса байлаулы.
Жау-жарағы тегіс сай,
Қылыш болса қайраулы.
Жетіп келді батырлар
Ақтөбенің өзіне.
Үстіне шығып шатырлар,
Жатты біраз сол жерде.
Сондықтан  Өтеген  батыр  жерді  шалып,  біраз  күн  Ақтөбеде 
жатады. Сол жерде бір айдаһарға кез болады. Енді сол айдаһар-
дың әңгімесі сөйленеді.
Өтеген батыр өткен заманында,
Заманның біраз жүріп қамалында.
«Жақсы қоныс жер жүзінен табамын» деп,
Қыдырған жаһан кезіп аманынында.
Жан білмеген Өтегеннің ақылын-ай,
Кез болып замананың тақырына-ай.
Ат жалын тартып мініп ер Өтеген
Өткізді дүниені сапырып-ай.
Өтеген Ақтөбеде жатты дейді,
Ас құйып, түрлі тамақ татты дейді.
Ішіп-жеп болғаннан соң төсек салып,
ұйықтап бейхабарсыз жатты дейді.
Ел көзі тегіс ұйқыға батқан кезде,
Шаршағандар демалып жатқан кезде
Жылқы үркіп, ел ұйықтаған жерге келді,
Тамаша бір іс болды көрер көзге.
Жылқылар үркіп келді қасына енді,
Оянып көтерді олар басын енді.
Бір жаман күлімсі иіс пайда болды,
Азыды қорқып қанды жасын енді.
30
40
50

156
ТАРИХИ  ЖыРлАР
156
157
«Бұл неткен жаман иіс, ой, тоба!» деп,
Шуылдап қалды бәрі сасып енді.
Бұрын мұндай қысылшаң көрмегендер
Сескеніп олар қалды жасып енді.
—Не пәле болды, Өтеген батырым-ай,
Бастан кетті қорыққаннан ақылым-ай.
Қарашы, жан-жаққа көзің салып,
Бір ажал келді білем, япырым-ай!
Өтеген өзі батыр, өзі мерген екен,
Мехнатты осы жерде көрген екен.
—Жолдастар, сабыр қылып, қорықпаңдар,
Бұл жерге бір айдаһар келген екен.
Байқаса бір айдаһар келген екен,
Келгенін Өтегеннің білген екен.
Зиянсыз айдаһардың келгендігін
Ақылмен ер Өтеген білген екен.
—Жолдастар, енді мұнан қорықпаңдар,
Тәуекел, не де болса сақ тұрыңдар.
Егер де зиян қылса қылар еді,
Бұл да бір мұқтажына келген шығар.
Таң атсын не де болса көрелік біз,
Мәнісін таң атқан соң білелік біз.
Құтылсақ аман-есен мақұлықтан,
Жол тартып жөнімізге жүрелік біз.
Бұл жерге бұл айдаһар бекер келмес,
Келгеннің жай-мәнісін білелік біз.
Егер де қастық қылса аямайды,
Сендердің ажарына қарамайды.
Күтелік сабырлықпен істің артын,
Қорықпайық бекер қорқу жарамайды.
Егер де қастық қылса көрген заман,
Ешқандай біздерге бермес аман.
60
70
80

156
156
157
ӨТЕГЕН  БАТыР
Ендігі бізді қоймай жұтар еді,
Мұнымен күресуге келмес шамаң.
Өтеген ақыл айтып, тоқтау салды,
Сонда да аз тоқталып қайғыланды.
Ішінен қатты қорқып жолдастары,
Зар жылап түніменен күйіп-жанды.
Қорқысып бейшаралар жатты сонда, 
Таң бозарып біразда атты сонда.
Қараса бір айдаһар қоршап алған
Жолдасы қатты қорқып састы сонда.
Достары буыны құрып тұра алмады,
Бейшаралар не қыларын біле алмады.
Қараса айдаһардың түсі суық,
Маңына ешкім батып келе алмады.
Қан сиіп жылқылар тұр жерді тарпып,
Жолдастары жылайды қайғы тартып.
«Батыр, енді күніміз не болды?» деп,
Көзінен қанды жасын сорғалатып.
Атына ер Өтеген мінеді енді,
Үстіне қару-жарақ іледі енді.
«Сабыр» деп жолдасына тоқтау айтып,
Аяңдап айдаһарға келеді енді.
Жақындап айдаһарға келді дейді,
Көрдің бе Өтегендей ерді дейді.
Бүктеліп, есіліп, жүз бұралып,
Жарқырап екі көзі жатыр дейді.
Боз шұбар айдаһардың түрі дейді,
Ала теңбіл үстінде түгі дейді.
Дуалдай Өтегенді қоршап алған,
Тыныш жатыр шықпайды үні дейді.
90
100
110

158
ТАРИХИ  ЖыРлАР
158
159


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет