Есімдікті оқыту әдістемесі



бет1/3
Дата14.09.2023
өлшемі13,48 Kb.
#107643
  1   2   3
Байланысты:
Есімдікті оқыту әдістемесі-melimde.com


Есімдікті оқыту әдістемесі

Есімдікті оқыту әдістемесі
Есімдікті оқыту- басқа сөз таптарын оқытудан гөрі күрделірек.Өйткені есімдіктердің мағынасы өзге сөздермен сөзтаптарының мағынасына қарағанда тым жалпы, абстракты болып келеді.
Есімдік затты, белгіні, санды атамай олардың орнына жүріп,көрсету үшін қолданылатын сөз табы.Есімдіктен жан-жақты терең білім беруде жаттығу жұмыстарына мынадай методикалық талаптар ескеріледі. Жаттығу материалдарын жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге қарай беру, оқушылардың жас ерекшелігіне олардың ойлау қабілетін, ой-өрісін жетілдіру, тілін байытаттындай дәрежеде,тәрбиелік мәні бар жаттығуларды көбірек талдау,оқушылардың өздігінен жұмыс істеп, зерттеу жұмыстарына бағыт беретіндей мақсатта алынуы керек.
1. Жіктеу есімдігін оқытуда слайд арқылы түсіндіру тиімді.
1.Мен, сен, біздер- сөйлеушінің өзін білдіреді.
2.Сен, сіз, сендер, сіздер- тыңдаушыны білдіреді.
3. Ол, олар- бөгде адамды білдіреді.
Сұрау есімдігін түсіндіру барысында «Диалог» ойынын ойнау өте әсерлі болады.Ойын екі немесе бірнеше оқушының оқыған кітаптарынан, көрген киноларынан,кездескен оқиғалары жөнінендиалогты әңгіме құрастырады да,соның ішінен сұрау есімдігін іздейді.Сұрау есімдігі құралған әңгімеде көп болса, сол оқушы жеңіп шығады. Бұндай жарысқа сыныптағы барлық оқушылар қатысады.
Сонымен қатар, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» әңгімесінен диалогты сөйлемдерді жазып, сұрау есімдігін және оның жалғауда тұрғанын жазып келу арқылы оқушылардың зерттеп үйренуге қабілеті артады.
Сілтеу есімдігін түсіндіру барысында бұл, сол, ол есімдіктеріне көптік жалғауы жалғанғанда түбір соңындағы дыбыстың түсіп қалатыны (бұл, бұ-лар, сол, со-лар,ол, о-лар) ескертіледі.Түбір соңында келетін сілтеу есімдіктері бұл, сол,ол түбірімен жазылатыны, ауызекі тілде бұ, со, о түрінде қолданылатыны айтылады.
«Есімдік ішінде есімдік »ойынын белгісіздік есімдігін оқытқанда ойналады.Жаңа сабақты меңгергеннен кейін , емле ережесіне жаттықтыру үшін, ойынның маңызы зор.Тақтаға кей, қайсы, әр,әлде, бір деген сөздер жазылып қойылады.Мысалы, кей-деген есімдіктен кім есімдік жасай алады?Оқушылар;-кейбір дейді.
Кей - Кейбір
Әр-Әркім
Қайсы- Қайсыбір
Әлде- Әлдебіреу
Бір–Бірнеше


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет