Болымсыздық есімдігі
Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңс, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктін бо- лымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айт- қан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. т.)
Бұлардың ішінен заттық (субстанциялық) ұғым білдіретіндері - ешкім, ештеме (ештеңе), ешқайсы дегендер, Ешбір, ешқандай дегендер - аттрибутивік ұғымдағы сөздер. Болымсыз есімдіктер жіктік жалғауын қабылдамайды, көптік жалғауы тәуелдік жалғауларымен қоса-қабат ештемелері, дәнеңелері деген сияқты түрде ғана жалғанады.
Сол сияқты, болымсыздық есімдіктерінің тәуелденуі мен септелу жүйелері де біркелкі болып келмейді. Болымсыз есімдіктер бастауыш та, септелген түрлерінде толықтауыш та болады; ешбір, ешқандай дегендер негізінде анықтауыш болып қызмет аткарады. Мысалы; Төзе алмай ешкім қарсы тілсіз жауға, Қырылды қаза тауып мал да, жан да.
Белгісіздік есімдігі. Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады. Мысалы: Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін. (А). Адамның кейбір кездері Көнілде алаң басылса (А). Бұл сөйлемдердегі біреу есімдігі белгісіз бір адам деген мағынада, кейбір есімдігі нақ мезгілді атамай белгісіз бір кездер мәнінде қолданылған.
Белгісіздік есімдігіне біреу, кейбіреу, бірдеме, әрне, әлдекім, әлдене, әркім, кімде-кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан дегендер жатады.
Белгісіздік есімдіктерінің мынадай ерекшеліктері бар.
Жалпылау есімдігі
Жалпылау, жинактау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі жалпылау есімдігі деп аталады. Жалпылау есімдігіне бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, тугел, тегіс деген сөздер жатады. Мысалы: Бар ойы — өлең айтып, ән салалық. (А.). Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би (мақал).
Берілген мысалдан көрінетіндей, жалпылау есімдігі көбіне-көп анықтауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ жалпылау есімдігі көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Мысалы: Енді нені істейміз, Бәрінен де бос қалдық? (А). Біліпті дерттің барлығын (А).
Әдетте жалпылау есімдіктері тәуелденіп барып септеледі.
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |