ЕСІМІ
ЕСКЕРІЛІП,
ЕҢБЕГІ
ЕЛЕНСЕ
ЕКЕН...
(балалар ақыны Жақан Смақов хақында)
Ұсыныс
Ақындарға тағдыр қырынан
қарап, қабағын түйетіні бесенеден
белгілі ғой. Қырықтың үстінде қыр-
шын кеткен осындай таланттың бірі
- Жақан Смақов. Ақынның өз қолы-
мен үшінші жақтан жазған шағын
ғұмырнамасы мынадай:
Қарағанды облысы Жаңаарқа
ауданының Ынталы ауылында 1932
жылы дүниеге келеді. Сол жерде ба-
лалық шағын өткізіп, он жылдық
мектепті бітірген. Әрі қарай Алматы-
дағы Қазақ мемлекеттік университе-
тінің журналистика бөліміне оқуға
түседі. Алғашқы өлеңдері сол уни-
верситет қабырғасында жүргенде
жарыққа шығыпты. Соғыстан кейінгі
мезгіл, тың жерді игеру жылдары
өлеңдерінің тақырыбына айналған.
Бір ерекшелігі - Жақан жас күнінен
балалар ақыны болып қалыптасты.
Бүлдіршіндерге арналған: «Сый-
лық», «Сәбилерге сәлемдеме», «Қаз-
қазбас», «Біздің тақпақ, жұмбақтар»,
«Күлдірген», «Сылдырмақ» сияқты
бірнеше өлеңдер жинағы басылып
шықты. Тайыр Жароков, Жақан Сыз-
дықов, Өтебай Тұрманжанов, Мұза-
фар Әлімбаев секілді ірі ақындардың
әрі қимас шәкірті, әрі сыйлас інісі
ретінде ере білді.
1955 жылы университетті бітір-
геннен кейін Талдықорған облыстық
«Советтік Жетісу» газетінде еңбек
жолын бастап, әрі қарай «Қазақстан
пионері», «Коммунизм таңы» басы-
лымдарында қызмет қылады.
1958 жылы Алматыда телевиде-
ние студиясында балалар хабары
редакциясында редактор болған.
Сол жылдары Москвадағы Қазақ
әдебиеті мен өнерінің он күндігі қар-
саңында «Бүгінгі күн» деген жинақта
орыс тілінде өлеңдері жарияланып,
«Сылдырмақ» атты өз жинағы орыс
тілінде шыққан.
Бұл - ақынның өзі айтқан қысқа
ғана өмірбаяны.
Иә, балалар ақыны болу оңай
шаруа емес. Өлеңдерін бүлдіршін
болмысына, періште көңіліне, бала
мінезіне лайықтап жазу қиынның
қиыны. Сәбимен сырласу үшін ақын-
ның өзі сол балғын шаққа саяхат
жасау керек. Талантты суреткердің
қаламынан тақпақ, өлең, мазақтама,
ертегі, өтірік өлең, антоним өлең,
жұмбақ, ойын өлең, санамақ, ұйқа-
сын тап, осындай әртүрлі форма-
дағы жанр үлгілері туды. Оның
өлеңдері - жауқазын жастың өмірді
бастар әліппесі сияқты. Жансызға
жан бітіреді, жан-жануарлармен,
қоршаған ортамен таныстырады,
жақсы әрі үлгілі бала мен тәртіпсіз
әрі жаман баланы қатар алып, тара-
зының екі жағына салады.
Ақын өлеңдері шілдехана мен
бесік жырынан бастап, балаларды
жетектеп кәмелет жасқа алып
келетіндей. Ал осынау мөлдір кезең-
де жұпар жаңбырша жауған өлең-
жырдың өзегінде тек қана шындық
жатыр. Өйткені сәбилердің бәрі -
періште! Оларды алдау, өтірік айту
азаматтық арыңа сын.
Жақан Смақовтың өлеңдерінде
әзіл-қалжың да өзіндік орын алады.
Мәселен, «Қаз бен ит», «Қаймақ-
бай», «Шатақ», «Керемет тышқан»
дейтін туындыларында әдемі әзіл,
жеңіл юмор шеберлікпен қиюласқан.
Балалар әдебиетіндегі поэма-
ертегі жанрына да сүбелі үлес қос-
қаны байқалады. Атап айтсақ,
«Опай-топай», «Тамшы», «Бұршақ
туралы ертегі», «Кім күшті, кім мық-
ты?», «Ұзын аяқ», «Аю қалай адас-
ты?» секілді шығармалары жас оқыр-
мандардың жақсы олжасы.
Ақынның артына қалдырған мұ-
ралары мол. Солардың қатарында:
«Ақтауық», «Бақ-бақ», «Қарақат»,
«Тамшы», «Менің бөпем» сияқты су-
ретті кітапшалар да бар.
Жақанның нағыз балалар ақыны
екендігін танытатын «Жаңғырық» атты
таңдамалы өлеңдер жинағы және
«Талапай» деген кітаптары өз кезінде
үлкен жаңалық болып қабылданды.
Бұларға қоса, ақын бірнеше ән мәтін-
дерінің, құсбегі жөніндегі телефильм-
нің авторы. Журналист ретінде де
еңбегі айтарлықтай. Көптеген теле-
бағдарламалар, балаларға арналған
телехабарлар жасаған. «Белқараған»
дейтін әні қазақ радиосынан әлі күнге
дейін айтылып жүр.
Найзағайдай жарқ етіп, ағып
түскен ақынның бергенінен беретіні
көп еді. Тағдырға амал бар ма? Де-
генмен артына қалдырып кеткен
мұраларының қадіріне жетсек те жа-
ман болмас еді. Өнер адамы қашан-
да елінің еркесі, мақтан тұтар мар-
қасы ғой. Еліне еңбегі сіңген азамат-
ты ұмытуға ешкімнің хақысы жоқ.
Ақын Жақан еліне, оның ішінде ең
керегі - елінің болашағына қызмет
етті. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге болды.
Ендеше, қамал алар қырықта
ғайып болған аяулы ақынға елінде
ескерткіш орнатып, өзі оқыған мек-
тепке атын берсе нұр үстіне нұр бо-
лар еді. Осы арада айта кетер ыңғай-
сыз жайт, бұл мәселе бұрындары да
қозғалған. Ақын туған ауылға, яғни
«Ынталы» орта мектебіне ақын есімі
беріледі. Бірақ бұл сөз жүзінде ғана
қалған. Солай келісіп шешім шығар-
ғанымен, әлі күнге дейін әлгі мектеп
«Ынталы» атымен аталады. Сөз
жүзінде айтылғанымен, іс жүзінде
жоқ.
Сонда қалай, бұл - арманда кет-
кен ақынды, нақты айтқанда, аруақ-
ты алдау ма?
Сөз соңында, ел басшыларына
айтар халық атынан бір өтініш-
тілегіміз: осы мәселені қолға алып,
еліне еңбегі сіңген аяулы азаматқа
лайықты құрмет көрсетсе екен
дегіміз келеді.
Ырысқали РАҚЫМОВ,
«Ынталы» орта мектебінің
директоры.
ЖАҢААРҚА ауданы.
Орталық Қазақстан. - 2005. - 16 маусым. - 16 б.