Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


Автомобильдік тасмалдауда орта факторының қолайсыздығы



бет79/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   119
Автомобильдік тасмалдауда орта факторының қолайсыздығы
және организм реакциясы 21 кесте

Сыртқы орта факторы

Организмнің мүмкіндік реакциясы



Күн радиациясы

Қызыну,фотофтальмия

Ауаның төменгі температурасы,қар,жауын

Дене суынуы,үсуі,салқын тиіп ауруы

Ауа қозғалысының қарқынды қозғалысы

Коньюнктивит,блефарит,көздің микро жарақаты

Техникадан шыққан газдар

Бас ауруы,бас айналу,құлақтағы шу әлсіздік және қалжырау

Шу

Көңіл күйдің түсуі,жақсы естудің төмендеуі,көңіл аударудың төмендеуі, құлақтағу шу,қажу

Шайқалу

Жеке бұлшық ет топтарының статикалық ауырлануы (тепе-теңдік қажеттілікті сақтаймын деп), қалыпты қан бөлінуінің бұзылуы ( ишемиялық ауру),кеуде клеткасының қысылуы және жеке нерв, ішкі мүшелердің ауысуы

Өзгерген бағыттағы аздаған ауыртпалық

Шайқалу- бас айналу, тұрақтылықтың, тепе-теңдіктің бұзылуы, құсу, лоқсу


Т е х н и к а л ы қ сұйықтардың буынан улану, жиірек улану, сонымен қатар олардың дененің ашық жерлеріне және сілемейлі қабықтарға түскеннен болады. Жанармай буынан жіті улану, ол ұзақ уақыт есінен айырылуына, егер зақымдалған адамға уақытында көмек көрсетілмесе өлімге әкеледі. Жіті уланудың барлық жағдайында жәбірленген адамдарды аймақтан аулақ алып кету керек.
Егер антифриз немесе тежегіштік сұйықтықты жұтып қойған жағдайда адамды құстыруы мүмкін, ондайда жедел түрде медицинадық пунктке жеткізу керек. Иісті газбен улануда жәбірленушіні таза ауаға шығарып нашатырь спиртін иіскету керек, ол кезде құсатын болса, медициналық пунктке жеткізу керек, тұншығып қалмайтындай шаралар қолданылады.
Автоколоннаның жол сапарында, жаппай қырып жоятын қарудан (ЖҚЖҚ) залалданған жерлерге өтіп кетуі мүмкін. Ондай жағдайда 21-кестеде көрсетілгендей, ЖҚЖҚ түріне жататын арнаулы факторлар қосылуы мүмкін.
Жеке құрамның жол сапарында тамақты арнайы бейімділік тәсілді пайдаланып консервілер және концентраттардан дайындайды немесе құрғақ сыбағамен тамақтанады. Әскерилерді автомобильдік жолдармен алып жүргенде тамақтану әскери азық-түлік пункттерінде іске асырылады. Кірісер алдында 1-1.5 сағаттан артық емес уақытта ыстық тамақ беріледі. Маршрутты барлау барысында, қозғалуда маршрутқа, тоқтайтын, аялдайтын, сонымен бірге су көзіне және тұрғындар пункттеріне, солар арқылы автоколонналар өтетіндерге санитарлық-эпидемиологиялық баға беріледі. Сумен жабдықтау және батальонның тамақтану пункті (БТП) қанат жаятын орнын анықтайды.
Маршрутпен жүретін жерлерде залалданған және санитарлық-эпидемиологиялық жаман халдегі аудандарға көзге көрінетін көрсеткіштері қамтылады. Бөлімшелердің пайдалануға арналған су көздерін қорғауға алады берілген жауынгерлік міндетке сай және медициналық қызмет бастығының баяндауымен бөлім командирінің барлаулық мәліметі бойынша және лауазымды қызмет иелері өз бұйрығында немесе қызметтік кеңесте, дайындық кезінде өткізілетін автомобильдермен жүру уақытында профилактикалық іс-шараларды анықтайды.
Жүру режимінің қойылуы: машиналар арасындағы ара қашықтығы 25-30м, жүру ұзақтығы және демалысы көрсетіледі. Жауынгерлік қабілеттілігін анықтап орындайды. Дамылдаудағы шаралар анықталады – ол денені жаттықтыру, жеке бас гигиеналық шараларында аяқтарын жуу, шайыну, суға түсу, киімін шаңнан тазалау.
Әскердің маршты іске асыруында қарсыластың жаппай қырып жою қаруларын қолданудағы ядролық жарылыс аймағында, радиоактивті бұлт іздерін немесе химиялық ошақтарды немесе бактериологиялық залал-дандыруды кесіп өту керек. Радиоактивті заттар (РЗ) улы заттар (УЗ), бактериологиялық заттар (БЗ) мен залалданған жерлерден, әскерде жеке қорғану (ӘЖҚ) құралдарымен – противогазбен, қорғаныстық жамылғымен, қорғаныстық шұлық, қолғаптармен жеңіп шығу керек. Машиналар шаңы аз жерлермен жүріс ара қашықтығында өтуі керек. Ол үшін, мүмкіндігінше жергілікті жердің аз залалданған деңгейін пайдалануы керек. Ондай жерлерді ескертпе белгілермен белгілеп қояды. Дәрігер, химиялық барлау және дозиметрлік бақылауы және дезактивацияның мұқият өтілуін, зарарсыз-дандырылуын, дезинфекциялануын білуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет