ӘСКЕРИГИГИЕНА 1 - Тарау Соғыс уақытындағы санитарлық- гигиеналық шаралардың ұйымдастырылу негізі Әскери гигиена- әскери медицинаның негізгі профилактикалық пәні Әскери гигиена – гигиена ғылымы мен әскери медицинаның өзіндік саласы, негізгі міндеттері - әскери қызметшілер денсаулығына және еңбекке қабілеттілігіне қоршаған ортаның, түрлі факторлардың әсер ықпалын зерттеу; әскердің қандай жағдай да (соғыс) болсын олардың қаблеттілігіне, орта факторларының жағымсыз әсеріне қарсы күресу шараларын табу; медициналық қызметті қамтамасыз ету бөлігі болып табылатын ғылыми негізделген нормалар, ережелер мен санитарлық талаптарды талдап белгілеу.
Әртүрлі жағдайда туатын өзгерістерді ескере отырып қызметкерлердің еңбекке қабілеттілігін зерттеу және олардың қажуы, әскери ынталылығының төмендеуіне мүмкіндік бермеу,соған қарсы тұру,күресуді қамту әскери еңбек гигиенасының міндеті.Әскери гигиенадан әскери техникалық құрылғылар негізінде гигиеналық нормативті жасау,жеке құрамның қорғану факторларын қарастыру,адам организміне әскери оқу-жаттығу кезінде,әскери жауынгерлік әрекетінде зиян келтірмеу. Жеке құрамның қорғану факторларын қарастыруда еңбек гигиенасының міндетіне кіреді.
Ал еңбек гигиенасының міндеті - туатын қиындықтарды немесе әскери кәсіби аурушаңдықты барынша төмендету.Әскери істерде,ғылыми техникалық үрдістің дамуына қарай,әскери еңбек гигиенасының сипаты өзгерді,әскери техниканың тиімді пайдалануына байланысты адам рөлі жоғарылады,әскери әрекеттер күрделенді.
Армияның,Флоттың қазіргі кездегі техниканы игеруі,мазмұны жағынан өзгерді, қарулы күштер мен әскери флот күрделі еңбек жағдайына көшті.Жоғарғы дәрежелі мамандықты игеру, дене шынықтыру мен нервтік психикалық жүктемеліктің күрделенуі жағдайына икемделу, әскери қызметкер еңбегінің жай еңбек түрінен күрделі түріне ауысты.
Жай тұрғындарға қарағанда әскерилердің еңбегі шын мәнінде ерекшеленді:
Еңбек белсенділігінің қарқыны ,уақыттың тығыздығына қарай жауынгерлік міндет күрделенді;
Әскери міндетті орындауда еңбек жүктемелігінің ұзақтығы мен көлемі қатаң шектелді;
Әскери техниканы басқару,тез сезімдік қимылдық реакция және дәлдік, үйлесімділік, қимылдатқыштық (локомоторлық) акті үлесі жоғарылады;
Ойлау әрекетінің шығармашылық (творчестволық) үлесі жоғарылады, өмірдегі қарапайым туатын қауіп қатерліктер (су астында жұмыс істеу,су астында танкті басқару,мина қою оны жасыру,парашютпен секіру,тау аймағында әскери әрекеттерді жүргізу) байқалды;
Климат жағдайының аяқ астынан өзгеруі (сыртқы орта температурасының төмендеуі);