3 0-сурет.Су тазалайтын пункттегі техникалық күтім қондырғысы.
1-эстекада (көпірлік құрылыс); 2-су ағатын арықша; 3-лай тосқауылы; 4-лай сору қосалқы станция; 5-суқұбыры; 6-резервуар (су сақтайтын орын); 7-мұнай өнімдерін тұтатын құдық; 8-тонған суды соратын түтік өткізгіш.
Жеке құрамның тынығу күндерінде әртүрлі жөндеу жұмыстары, оның барысында, бірқатар қолайсыз факторлар әсері - белсенді дене жүктемесі, тыныстың жеке ауыр детальдарын көбеюіне байланысты түсетін бірнеше килограммдық салмақ; әр түрлі химиялық заттар (бояу, лак, еріткіштер, жанар, жағар май материалдары, қышқыл, қозғағыштан (двигатель) шығатын газ, антифриз және т.б.техникалық сұйықтықтар); бір қатар физикалық факторлар (дәнекерлеуіш доғаның сәулеленуі , электр тогы, ауаның төменгі температурасы, шу т.б.)
Сондықтан санитарлық техникалық қауіпсіздік ерекшеліктердің бұзылуы әртүрлі жарақаттыққа, улануға, қысты күндері – үсіп кетуге әкеледі.
Қозғағышты (двигателді) жабық жұмыс орнында бақылау ретінде оталдырудан шығатын газдардан ауаның газдануы, уланудың созылмалығына әкелетіндіктен, онда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Қозғағышты (двигательды) тек ашық ауада ғана қосу керек.
Судың және топырақ ағынының ластануын ескерте отырып (автомаши-наны, танкті жуу т.б.) , парктегі ағындық тазарту жүйесі мен сумен жабдықталады (30-сурет), оны техникалық мақсаттағы суды бірнеше рет пайдалануы үшін қамтылуы керек. Тазалау жүйелерінде, ағын суларға мұнай-қалдықтарын, ірі ластық бөлшектерді ұстайтын тоспа (илообстойник) болуы керек.
Парктік күндерде арнайы медициналық қызметкерлері бөлінеді, олар санитарлық және техникалық қауіпсіздік ережелердің сақталуын, жеке құрамның арнаулы киімдері, ішетін суы, қол жуатын су мен тазалағыш заттары, санитарлық техникалық құралдарымен: вентиляция, жылыту, душтық кабина, тосқауылды құрал ,тазалау жүйесіндегі ауыр жұмыстарды механикаландыруды қадағалауы керек және олардың техникалық қызметін, әскери бөлімде болатын ерекшелігін жақсы білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |