Артиллериядағы еңбек гигиенасы
Артиллерияда-қызмет істеудің салыстырмалы тұрғыда алғанда өте жоғары дәрежеде шыныққан, денеге түскен жүктемелікті, әртүрлі ауыртпалықты (артиллерия жүйесіндегі бөлшектерді және т. б.) көтере алатындығымен ерекшеленеді. Бригаданың, батальон артиллериясының қарулық есептерді, өз күшімен қаруды орнынан қозғалту және снарядты алып келуі керек. Мысалы, барлық 82-милиметрлік 20 кг-дық минометтерді бөлімшенің тасмалдауы.
Артиллериялық бөлімге адамдарды іріктеу кезінде медициналық талаптар мынандай: артиллеристің дене бітімі шымыр, кеуделі, өте жақсы көре алатын және жақсы ести алуы керек. Әсіресе дәрігер, есту мүшелерінің қаблеттілігіне көңіл бөлуі керек.
Артиллеристің гигиеналық еңбектегі ерекшелігін жататыны: физикалық ауыртпалықты, марш кезінде қарумен қызмет етуіне байланысты, отты позицияда және артиллерия паркінде; әскердің қозғалысында, бір орынынан екінші жерге жолсыз, жолдың тегіс емес кезіндегі көшуінде шайқалудың организмге әсер етуі, ату уақытындағы жарылыста, ұңғыдан шыққан әсердің есту мүшелеріне, киімнің былғануы және жөндеу, алынып-салынуда майланатын материялдардың жұғуы. Отты позицияда қызмет етуде артиллерист инженерлік –құрылыстың жұмыс кезінде: қарулық пунктте қару-жарақ есептелуіне қарап, бақылауы және команда жасырынатын , паналайтын орын, отты позицияда бүркенуге арналған жарақтандыру жұмыстарын атқарады. «Кәсіптік зияндылық» артиллеристке қарудан оқ атылған кезде есту органына әсерді есептеу ең негізгі маңызды фактор.
Қарудан оқ атуда үш түрлі : оқпаннан шыққан, баллистикалық және снаряд жарылысынан толқын өтеді. Қазіргі заманғы қарулар оқпаннан шыққан дыбысты тежейді, ал ауа толқыны қысымды тежеуден шыққанын жан-жаққа тарата алады. Үлкен калибрлі қарудан атуда инфрадыбыс шығады және оқпаннан шыққан жоғарғы қуатты толқынмен қосылып шығып, құлаққа жарақаттық зақым келтіруі мүмкін.
Артиллериялық атыс кезінде, есту мүшелері реакциясыныда қару есептегіштіктің үш типі болады: механикалық, ауыртатын және акустикалық. Бірінші типті реакция сыртқы жоғарғы қысымнан құлақтың дабыл жарғағын зақымдайды. Үлкен реакция дыбыс жарғағының ұштарына тітіркендіру тудырады. Құлақтағы ызың, акустикалық реакциямен қосылып кортиев мүшесінің зақымдануын тудырады.
Қарудан оқ атылуында құлақтың зақымдануынан сақтануда, әртүрлі шуға қарсы қорғанулар қолдынылады.
Оқпаннан шыққан толқын әсерінен артиллеристі қорғау үшін ауадан атылған, снаряд жарқыншағынан жасырынуда қару-жарақтық қалқан, сол мақсатта қаруға тесік және терезеше жасалынады.
Артиллерия қызметінде медициналық маңызды міндет, күнделікті болатын жөндеу және қаруды бөлшектеп жинау, құрастыру, оқ ату уақытында снарядтарды алып келу, беру т.б. артиллериядағы жарақаттанудың өршімеуінің алғы шарты болып саналады.
Артиллериядағы казематтан (қабырғасы қалың бөлме ) оқтың атылуы (ДОТ,кораблдегі қару жарақ мұнарасы), оқ дәрі газының құрамындағы жартысына жуығы көміртегі оксиді, азот тотығы және күкірттен тұруы,қару жарақтықты есептеуде,ол қаруға ең көп қауіптілік тудырады.Оқ дәрі газының көп бөлігі сол тұрған бөлмеге кіреді, мысалы, зеңбірекке бекітуші оқпан каналынан тезік (затвор) ашылғанда, казематтарға атылған оқ қабы (гильза) түсіп қалады.
Ал күшті жел соққанда, оқ дәрі газы амбразурадан (қорғаныс құрлысының қабырғасынан жасалған арнайы ойық) казематтың ішіне енуі мүмкін.
Улану қауіпсіздікпен күресуде, тез арада атылған гильзаларда жинау арнайы қазылған құдықшаға тез арада апарып тастау (гильза қабылдағыш); қуатты ауа-соратын вентиляция орналастыру, казематта ауа шығаратын тіреуштер жасалынуы керек.
Азот тотығынан дем алса, улану келесі күнде өлімге әкеледі. Одан улану көрінісінен кейін , оның дем алуға ашылу уақыты 12-20 сағаттан соң болатынын тіркеу маңызды. Санитарлық заңдылықта, жұмыс бөлмелеріндегі ауаға азот тотығының рұқсат етілуі 0,005мг/л-ден аспау керек. Ұзақ уақыт азот тотығының аз концентрацияда әсері болса, тыныс жолдарының созылмалы катарактысының дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |