Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


Тұрған орындағы зерттеулер



бет77/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   119
Байланысты:
ӘГ.11.09.13

Тұрған орындағы зерттеулер

І-саты

Ақпарат жинау

Жергілікті және объекті қарау

Индикациялау

Қорытынды жасау

Соңғы

Алдын-ала

Жойылатындар

Үлестік рұқсат

Арнаулы тексеруге баратын

Лабораториялы тексеруге баратын



Сынамаларды іріктеу



Лабораториялық зерттеу



Экспертиза қорытындысы

Соңғысы

Алдын-ала

Әскердің санитарлық-эпидемиологиялық мекемесі
(майданның)

Соңғысы

ІІ-саты

ІІІ-саты

IV-саты

Саппен Жаяу жүру жжжжүру

Климаттық және геог- рафиялық жағдаймен

Әскердің жылжымалы қозғалысы



Х/ш-дағы көлік құралдарын


немесе ҚМ-нің арнайы
көліктерімен әскер
қозғалысына пайдалану
Жәй марш жаяу әскердің машинемен
Адымдық марш бронетранспортермен
Жеделдік марш автомобильдік
танктік марш



Шабуылдық
қорғаныстық
өзенмен,теңізбен
Өзенмен, теңізбен

Күндізгі марш Ұшақпен
Түнгі марш
ұшақ,тік ұшақ

таулы марш
қысқы марш
шөлдегі марш

32- сурет. Әскердің жылжымалы қозғалыс түрлері

Әскердің теміржол, су және авиациялық көлікпен тасымалдануы

С у м е н және ерекше т е м і р ж о л к ө л і к т е р і м е н тыл аудандарда ең кең таралған тасымалданудың түрі.


Әскерді теміржолмен және су арқылы тасымалдауда эшелонды қалыптастырады.
Әскери эшолонмен тасымалдауды ұйымдастырып, бір поезбен немесе әскери бөлімді немесе бөлімшені бір кемемен тасмалдауды айтады. Әскердің теміржолдық эшелонында жеке құрам үшін изолятор, ас үйі, азық-түлік вагондары болады (жаз болса изоляторлық вагон) санитарлық жағынан вагондар дайын, таза қоқыстардан тазартылған, ыстық сумен жуылған және дезинфекцияланған, алмалы - салмалы қару жарақтар үшін жабдықталғаны жөнінде теміржол ұсынады. Қажет болса дозиметриялық және дезакти-вациялық бақылау жасалады. Дайындалған вагондар комиссиямен қабылданады және сорғышталады. Комиссия құрамына дәрігер кіреді.
Әскери жабдықталған алмалы теміржолдың вагондары жеке құрамды тасымалдауға арналғандықтан тақтайлары,(нар құрастыруға) шамдары, шелегі, баспалдағы, терезе рамасы, сыпырғышы, ал жылытылатын уақытта – қажетті жарақталған жылыту пештері болады.
Медициналық міндеттерге тұрақты жеке құрамды қарау, тексеру байқау жолымен және кез келген жағдайда тасымалдауға мүмкіндік жасау, қолай-сыздық туғанда көмек бере алатындай, сардарлардың, сарбаздардың денсаулығына, жауынгерлік қабілетіне ыңғайсыздық туғызбай алдын ала шаралар қолданып жою.
Гигиеналық қамтылуда теміржолдық тасымалдауда медициналық қызметтің бөлім бастығы медициналық іс-шараларды жоспарлайды, алдымен жағдайды бағалайды және бұйрық береді. Қосымша қажеттілікті мәлметке лауазымды қызметкерлерден және мамандығы бойынша бастықтардан сұратады. Оған қоса жетіспейтін күштер мен құралдарға тапсырыс береді.
Медициналық қызметтің бастығы іс-шараларды жоспарлағанда 3 топқа бөледі: дайындық іс-шаралар кезеңі, темір жолмен эшелонның жылжу кезеңі, түсірілетін аудандағы іс-шаралар кезеңі.
Эшелонды медициналық қамтылу кезеңіне шешім қабылдауды медициналық қызмет бастығы дәрігерді (фельдшер) бөледі, оның аалдына міндет қояды.
Эшелонның гигиеналық қамтылуына эшелон бастығы, оның орын-басарына, саяси, жабдықтау бөлім орынбасары, эшелон дәрігері, бөлімше командирлері, химиялық қорғаныстық команда бастығына және вагонның аға қызметкерлеріне жауапкершілікті жүктейді. Бұл жоғарғы қарулы күштердің ішкі қызметі жарғысының мазмұны міндетті лауазымды қызметкерлерге міндеттеледі.
Вагонның аға жауапты қызметкерлері сарбаздарды, азық-түлік , су алуға және басқада аспаздық жұмыстарға бөледі: сарбаздардың ауырып қалғандары болса эшелон командиріне дереу хабар береді, одан соң вагондағы заттарды түсіру-вагонды жинастыру (тиелген бөлімдерден) тапсырылады.
Эшелон дәрігері дайындық кезеңде тасымалдануға түсірілетін аудандағы медициналық, химиялық, эпидемиологиялық және марш сапарларының жағдайын анықтап, тексеріп, жеке құрамның жуынып шайынуын және медициналық тексерілуін, сапар барысында берілетін тамақтың сапалығын және жеке құраммен кеңестік әңгіме өткізуі керек. Профилактикалық іс-шараларға қажетті құралдарды, бөлімшенің медициналық қызмет бастығынан алады.
Медициналық қызметкерлер жол жүру барысында, вагондарды күнделікті санитарлық жағдайын тексеріп, жеке бас гигиенасының сақталуын бақылайды; азық-түліктің сақталуын және сапалығын, берілетін үлестерін, тамақтың дайындалуын, бөлініп берілуін, ыстық сумен қамтылуын тексереді; жеке құрамның санитарлық өңдеуден өтуіне басшылық жасайды; бактериологиялық барлау ,химиялық қорғауды команда бастығымен бірге, егер эшелонда бактериологиялық заттардың залалдануы болса сынама алып, оны анализге жақын орналасқан санитарлық-бақылау пунктіне жібереді, жеке құрамда санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастырады.
Жол сапарында эшелонды суық , ыстық сумен қамтылуын теміржол әкімшілігімен бірге, бір адамға 6-10 л тәуліктік есеппен іске асырады. Эшелонда ішетін су , басы артық су қоры - қазанда, бактарда, флягаларда болуы керек.
Тәулігіне 2 рет ыстық су дайындалады. Егер эшелонда ас үй болмаса,тәулігіне бір рет тамақтандыру әскери азықтық пункттен , әскерлер тәулік нормалық тамақтың 50% - н алу керек , қалғаны өздеріне тиісті үлесті құрғақ сыбаға ретінде нормалық үлесте алады. Сарбаздардың тамақтарын сақтау мүмкіндігі болмағандықтан нанды және қантты, бөлімшеге ыстық тағамдармен қосып береді.
Әскери азықтық тамақтар 30-40 минутта, эшелон келгенше, дайын болуы керек . Ыстық тамақтарды, суды жеке құрам өз қазандықтары мен алады. Осы жағдайда жеке ыдыстары ыстық сумен жуылған таза, котелок, кружка және қасықтары болуы керек . Барлық жеке құрамды эшелонға отырғызар алдында олар моншада жуынуы , қажет болса іш киімдері дезинфекцияланған болуы, киімдерімен жеке заттары таза болуымен қамтылуы керек. Жуынып, шайыну (санитарлық өңдеуден өткен соң) жол сапар алдында, 7-8 тәулік аралығында стационарлық санитарлық өткізгіш орын (санпропуск) поездарда кір жуатын , горнизон моншасы, ал егер керек болса, душевойдан өтуі керек.
С у м е н тасымалдаудағы ерекшеліктер мынандай: кемеде әскери контингенттің көп бөлігі орналаса алатындықтан , әскери бөлімше коман-дованиясы және жеке құрамды пароход шарауашылығы (пароходства) өкілдері, берілетін тасымалдау көліктерінің бейімді етілуіне жоспар жасайды. Оған қажетті кеменің барлық құрал- саймандарын пароходства жабдықтайды.
Әскерлерді су көліктерімен тасымалдаудың, мынандай гигиеналық ерекшелігі бар : кемеде, өзен көліктерінде жеке құрам бір ғана бөлмеде орналаасады; көптеген адамдар кеме шайқалуына душар болады; қажеттілікке сай көп мөлшерде су қорымен қамтуы және дератизация іс шаралары өткізуі керек.
Үлкен топты орналастыруда, ілесетін эпидемиялық аурудың таралу қаупі, микроклиматтың төмендеуі, адамның тіршілік әрекетінің өнімдерімен ауаның ластануы болады. Вентиляция көлемінің төмендігі, әсіресе түнгі мезгілде, тоқтайтын уақытта , шторм және суық ауа райы мезгілінде, люк (есік) пен иллюминаторлардың ашылып - жабылып қалуында болады. Сондықтан,кемеге бейімделіп тасымалдануды жоспарлағанда, медициналық қызметтегі әскер қызметкерлерінің көңіл аударатындары командованияға қажетті қосымша вентиляциялық жабдықталуы керек (виндзейли желдеткіщ) саңлаулы- қақпақ , алып жүретін вентилятор, пайдаланылатын жарық және люкте тұратын бөлмені желдететін электрлі шахты мен түтін өткізетін қаптамалар ескерілуі керек.
Кемеде шайқалудың ( немесе «теңіздік ауру») көп адамдарғада қатынасы бар.Сондай профилактикалық іс-шаралардың бірі ,теңіз суларын пайдалануда жеке құрамның активті ұйымдық әрекеті. Сумен тасымалдауда, бөлімшелерді тұщы сумен қамтамасыз етуде, бір адамға 10 л есебінде ,бүкіл жол сапарларының барлық уақытында дайындайды. Теңізкөліктерінде ішетін су қоры көптеп жасалынады, ұзақ уақыт ішінде дұрыс сақталуын талап етеді. Ол жағдайда су тазарту дайындығын өткізуде, балласталық (шпалмен бекітілген ) цистерналарды дезинфекциялайды, цементтейді, оны сапалы таза су мен және хлоры бар препараттармен немесе иондалған күмісті,арнаулы қондырғымен ионизациялайды, ол қазіргі ірі кемелерде жасалады.
Ішуге, тек залалсыздандырылған су пайдаланылады. Кеменің бортының сыртындағы су техникалық мақсатқа , шаруашылыққа пайдаланылады. Су сапасына қатаң санитарлық қадағалау жасайды. Ыстық суды кеменің камбузында және бөлімшелердің алып жүретін ас үйлерінде дайындалады. Кемедегі әскерлерді тасымалдауда дератизация міндетті дайындалған шаралар, оларды пароходство орындайды.
Әскери бөлімді тез арада аудару және жаралыларды алыс жолдарға эвакуациялау ( қоныс аудару) авиациялар арқылы тасымалданады. Ол винто-моторлы және реактивті ұшақтар, тік ұшақтар пайдаланылады. Әскери бөлімді , авиациялық көлікпен жол сапарына қажеттілікпен қамтамасыз ету, өздеріне сәйкес авиациялық және авиадромдары бөлімнің командирлерінің міндеті. Оларда болатын, жеке құрамды бекітуге арналған белдікпен, жүкті сенімді бекіткішпен, борттағы тыныс алатын оттегілік ауа аппаратымен (ТОА-ҚДА) қамтамасыз етеді, ол авиацияның әскери көлік өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Авиациялық тасымалдаудағы гигиеналық қамтамасыз етудің ерекшелігі, әскери қызметкерлер организміне төменгі оттектік атмосфералық қысымының төмендігі, ол аурушаңдық – аэросинусит, аэроотит, биіктік метеоризмі, гипоксияға әкелуі мүмкін. Өзгеріс бағытының аздаған жүктемелік әсерінен болуы, жеке құрамның 1-2%-ң кемедегі шайқалуы байқалады («ауалық ауру»).
Авиациялық тасымалдауда қолайсыз факторлар әсерінің негізгі іс- шараларын ескеруі , медициналық тексеріс, жеке құрамның ұшу алдында жататын медициналық тексерісі , борт аппараттарын зерттеу, отыру мен ұшу мезгілінің максималды қысқаруы, ұшуға дайындықта , тамақ ішу 2 сағат уақыт-тан кем болмау және қонарда тоятын ыстық тамақпен , сапалы сумен,күтіп отыру уақытында және ұшу барысында қамтамасыз етуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет