Әскери гигиена оқу құралы Алматы,2013ж


Тақырыбы: Дала жағдайында сумен жабдықтаудағы табельді құралдармен зерттеу. Дала жағдайында суды зерттеу. II. Сабақтың мақсаты



бет88/119
Дата06.09.2023
өлшемі9,83 Mb.
#106287
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   119
Тақырыбы: Дала жағдайында сумен жабдықтаудағы табельді құралдармен зерттеу. Дала жағдайында суды зерттеу.

II. Сабақтың мақсаты:
Далалық және стационарлық жағдайда әскерді сумен жабдықтаудағы алған теориялық білімдерін бекіту.
Далада сумен жабдықтауда табельді құралдармен зерделеу.
Сумен жабдықтау пункттерінде су көздерін тексеруді және оған қортынды шығаруды пайдалана алатын мүмкіндігін ұйымдастыра алатындай болуы керек.
Дала жағдайында су сынамасына бақылау әдісін игеру керек.

III. Сабақтың өзіндік дайындалатын жұмыс тапсырмалары:
Стационарлық және дала жағдайында сумен жабдықтаудағы табельді құралдармен зерттеудегі санитарлық-гигиеналық бақылауды және дала жағдайында ұйымдастыру, су сапасын бақылау әдістерін игеру .
Бақылау сұрақтарына жауап дайындау:

  1. Стационарлық жағдайда әскерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру. Сумен жабдықтау нормасы.Су сапасына қойылатын талаптар.

  2. Дала жағдайында әскерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру.Су көзіне барлау, сумен жабдықтау нормасы.Су сапасына қойылатын талаптар.

  3. Сумен жабдықтау пункттері және су бөлетін пункттер .

  4. Пайдаланатын құдықтар және құрылыстық ережелер.

  5. Судың патогендік микрофлорамен ластануының жанама көрсеткіштері.

  6. Дала жағдайында су сапасын анықтау әдістері.

  7. Дала жағдайында сумен жабдықтаудың табельдік құралдары: су шығаратын құралдар,оның сапасының жақсы болуы,суды тасымалдау.

  8. Стационарлық және дала жағдайында әскерді сумен жабдықтауды бақылаудағы медициналық қызметкерлердің міндеттері.

IV. Жұмыс мазмұны және өткізу реті:
Далада сумен жабдықтауда табельдік құралдармен зерделеу.
Суреттермен, макеттерімен табельдік құралдар құрылысының принциптерін зерделеу. Суды алатын құралдар - ұсақ түтікті құдық (МТК-2); шнекті механикалық құдық (МШК-15); Су сапасын жақсартатын құралдар: маталы көміртекті сүзгіш (ТУФ-200); әскери сүзгілі станция (ВФС – 2,5); модернизацияланған автосүзгішті станция (МАФС -3); жылжымалы су тұщытатын қондырғылар (ПОУ-4); су тұщытатын станция (ОПС).
Суды сақтау және тасымалдау құралдары: су ыдыстары 12; 100;1500; 5000 литрлі (РДВ-12); су автоцистерналары (АВЦ-28,АВЦ-15); тіркемелі цистерна (ЦВ-50).
Құдықты пайдалануына қарай, құрылымын зерттеу және қорытынды беру.
Судың органолептикалық және физико-химиялық қасиетін анықтау (мөлдірлігі,түсі,иісі,дәмі,рН,азотты амиак,азотты нитрит,қышқылдануы, жалпы тұтқырлығы,хлорионы,темірионы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет