Әскери қызметшілермен және олардың отбасыларымен әлеуметтік жұмыс


Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы



бет2/12
Дата28.04.2023
өлшемі43,79 Kb.
#87865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
10 дәріс жеке максатты

Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
16) əскери қызмет – егемендікті, аумақтық тұтастықты жəне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғаумен байланысты əскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар əскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі;

20) əскери қызметшілер – Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда əскери қызметте болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;

2-бап. Қарулы Күштердегі әскери қызметтің құқықтық негізі
1. Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы әскери қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заңда көзделген ерекшеліктерімен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.

3-бап. Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесінің қағидаттары
Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесінің қағидаттары:
1) заңдылық;
2) әскери қызметшілердің алдына қойылған міндеттерді орындау үшін әскери қызмет өткеру шарттарын ескере отырып, оларды толық, жеткілікті және уақтылы қамтамасыз ету;
3) әскери қызметшінің құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтан қорғау, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде оған қол сұғылмаушылық;
4) дара басшылық және дәреже сатысы;
5) саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктер қызметіне тәуелді болмау болып табылады.


5-бап. Әскери қызметшінің мәртебесі
1. Әскери қызметшінің мәртебесі заңдарда белгіленген алып тастауларымен және шектеулерімен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде әскери қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, жауаптылығын қамтиды.

Әскери қызметші мәртебесіне мына азаматтар:
әскери қызметке (жиындарға) шақырылғандар – жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет (жиындарды) өткеру орнына кету туралы тиісті бастықтың бұйрығы шыққан күннен бастап;
келісімшарт бойынша әскери қызметке түскендер – әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бөлім жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;
техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі жəне жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түскендер, егер бұған дейін олар əскери қызметшілер болып табылмаса – əскери оқу орындары үшін, ұландарды қоспағанда, оқу құрамының тізімдеріне қабылдау туралы əскери оқу орны бастығының бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетелдік əскери оқу орнына түскен кезде – уəкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;
негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарында оқудың екінші курсын аяқтаған ұландар əскери оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа ауыстыру жəне ауыспалы құрамның кадеті əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап ие болады.
Азамат əскери қызметтен шығарылуға (əскери жиындардың аяқталуына) байланысты əскери бөлімнің тізімдерінен алып тасталған күннен бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарына ауыстырылған жағдайда əскери қызметші мəртебесін жоғалтады.
2. Әскери қызметшілер әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мемлекеттің қорғауында болады. Олар жалпы әскери жарғыларға сәйкес олар үшін бастықтар болып табылатын адамдарға ғана бағынады және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа ешкім де олардың қызметтік істеріне араласуға құқылы емес.
3. Әскери қызметші:
1) лауазымдық міндеттерін орындаған;
2) жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, төтенше немесе соғыс жағдайында, сондай-ақ қарулы жанжалдар жағдайларында міндеттер орындаған;
3) бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларына қатысқан;
4) террорға қарсы операцияларға қатысқан;
5) төтенше жағдайларды жоюға қатысқан;
6) далалық шығуда (теңізге шығуда) болған оқу-жаттығуларға немесе корабльдердің жорықтарына қатысқан;
7) күн тәртібімен белгіленген қызмет уақыты ішінде немесе қызметтік қажеттіліктен туындаған басқа да уақытта әскери бөлімнің аумағында болған;
8) қызметтік іссапарда болған;
9) қызмет орнына барған және кері қайтқан;
10) емделуде болған, емделу орнына барған және кері қайтқан;
11) әскери жиындардан өткен;
12) тұтқында, кепілде немесе еркінен айырылу жағдайында болған;
13) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті күзету және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарына көмек көрсеткен;
14) қолданыстағы резервте болған;
15) біліктілігін арттыруда, қайта даярлауда, қайта мамандандыруда, оқуда, әскери тағылымдамада болған;
16) зерттеулер жүргізген, әскери және басқа сынақтарда болған жағдайларда әскери қызмет міндеттерін орындауда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет