Әскери қызметшілермен және олардың отбасыларымен әлеуметтік жұмыс


-бап. Әскери қызметшілердің құқықтары



бет3/12
Дата28.04.2023
өлшемі43,79 Kb.
#87865
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
10 дәріс жеке максатты

6-бап. Әскери қызметшілердің құқықтары
1. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңнамасында көзделген барлық құқықтар мен бостандықтарды Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған шектеулерді ескере отырып пайдаланады.
Әскери қызметшілердің:
1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде уəкілетті органдардың бірінші басшылары көздеген тəртіппен мемлекет есебінен ақшалай ризықпен қамтамасыз етілуге;
2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша мемлекет есебінен заттай және басқа да мүлік түрлерімен қамтамасыз етілуге.
3) біліктілігін, қабілетін, өз лауазымдық міндеттерін адал орындауын ескере отырып, қызметі бойынша жоғарылатылуға;
3-1) өздерiне қатысты қабылданған шешiмдер мен әрекеттерге (әрекетсіздікке) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сондай-ақ сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен, уəкілетті лауазымды адаммен келісу бойынша əскери оқу орындарына түсуге, курстық даярлаудан, кəсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан жəне біліктілігін арттырудан өтуге, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына əскери емес мамандықтар бойынша түсуге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, курсанттар мен кадеттерден басқа);
5) денсаулығын сақтауға және қауіпсіздік техникасы мен гигиена талаптарына сай келетін қызмет жағдайларына;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен әскери қызмет міндеттерін орындаған кезде өмірі мен денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген зиянның өтелуіне;
7) осы Заңға сәйкес әскери қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үймен қамтамасыз етілуге;
8) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет