55-бап. Өтпелi ережелер 1. Осы Заң, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 44-баптың 2, 4 және 7-тармақтарын және 45-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заң қолданысқа енгiзілгенге дейiн әскери атақтар берілген әскери қызметшілердің осы әскери атақтардағы еңбек сіңірген мерзімдері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған заңнамаға сәйкес есептеледі.
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өздеріне берілген "старшина", "аға кеме старшинасы", "прапорщик", "мичман", "аға прапорщик", "аға мичман" әскери атақтары бар, запаста тұрған немесе отставкадағы әскери қызметшілердің, сондай-ақ азаматтардың аталған әскери атақтары сақталады.
3. Осы Заңда әскери қызметте болудың шектi жасы өзгертiлген әскери қызметшiлер мынадай шектi жасқа:
1) подполковникті (екінші дәрежелі капитанды) қоса алғанда – қырық бес жасқа;
2) полковниктер (бiрiншi дәрежелi капитандар) – елу үш жасқа;
3) әскери атақ 2005 жылғы 21 шілдеге дейін берілген полковниктер (бiрiншi дәрежелi капитандар) – елу жасқа;
4) әскери атақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген генерал-майорлар (контр-адмиралдар) және генерал-лейтенанттар (вице-адмиралдар) – елу сегіз жасқа;
5) әскери атақ 2005 жылғы 21 шілдеге дейін берілген генерал-майорлар (контр-адмиралдар) және генерал-лейтенанттар (вице-адмиралдар) – елу бес жасқа;
6) әскери атақ осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген генерал-полковниктер (адмиралдар) – алпыс жасқа толғаннан кейін жұмыстан шығуға немесе отставкаға шығуға құқылы.
Егер мұндай əскери қызметшілерге осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін кезекті əскери атақтар берілсе, онда əскери қызметте болудың шекті жастары осы Заңның 25-бабына сəйкес белгіленеді.
3-1. Әскери қызметті "старшина", "аға кеме старшинасы", "прапорщик", "мичман", "аға прапорщик", "аға мичман" атақтарында өткерген әскери қызметшілер әскери қызметін Әскери қызметті өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен өткереді. Әскери қызметшілердің аталған санаты үшін осы Заңның 25-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жас әскери қызметте болудың шектi жасы болып табылады.
3-2. "Подполковник" əскери атағы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жəне 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген əскери қызметшілер шекті жасқа – қырық жеті жасқа толғаннан кейін қызметтен шығуға немесе отставкаға кетуге құқылы.
4. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасаған әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт, өз қолданысын осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылатын заңнамаға сәйкес мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатады.
Əскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейінгі мерзімге осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған əскери қызмет өткеру туралы келісімшарттардың күші əскери қызметшілер осы Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген шекті жастарға толғанға дейін қолданылады.
5. Тұрғын үй төлемдері тұрғынжайға мұқтаж келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда) олардың баянаты бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілеріне (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
6. Әскери қызметте күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған және жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
6-1. Әскери қызметте күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл, бірақ жиырма жылдан аз болған және жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 96-бабында белгіленген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлармен алмасу тәртібі қолданылады.
7. Әскери қызметте күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған, қызметтен шығару кезінде қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген және тұрғынжайды жекешелендіру құқығын бұрын іске асырмаған, әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде әскери қызметтен шығарылған адамдардың Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
8. Əскери қызмет мерзімі 2013 жылдың 1 қаңтарында он жəне одан көп жыл болған келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге əскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде:
еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік 10 жылдан 15 жылға дейін болғандарға – төрт айлық ақшалай жабдықталым;
15 жылдан 20 жылға дейінгілерге – бес айлық ақшалай қаражат;
20 жылдан 25 жылға дейінгілерге – алты айлық ақшалай қаражат;
25 жылдан 30 жылға дейінгілерге – жеті айлық ақшалай қаражат;
30 жылдан астамдарға – сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде шығу жәрдемақысы төленеді.
Келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу жəрдемақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу жəрдемақысы бұрын қызметтен шығу кезінде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу жəрдемақысы ескеріле отырып айқындалады.
Әскери қызмет өткеру кезеңінде орденмен (ордендермен) наградталған әскери қызметшілерге шығу жәрдемақысының мөлшері ақшалай қаражатының екі айлықақысына арттырылады.
9. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш рет кіретін азаматтарға жасасатын келісімшарт мерзіміне байланысты мынадай мөлшерде біржолғы ақшалай сыйақы төленеді:
3 жылға – 1 лауазымдық айлықақы мөлшерінде;
5 жылға – 10 лауазымдық айлықақы мөлшерінде;
10 жылға – 20 лауазымдық айлықақы мөлшерінде.
Көрсетілген ақшалай сыйақыларды төлеу келісімшарт жасаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Алынған біржолғы ақшалай сыйақы:
1) осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайларда келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін әскери қызметтен шығарылған кезде;
2) егер әскери қызметті одан әрі өткерумен сыйыспайтын жаралануы, контузиясы, жарақаты, мертігуі немесе ауруы әскери қызметші заңға қарсы іс-қимыл жасаған немесе алкогольдік, есірткілік, уытты масаңдануы немесе өзіне қандай да бір дене жарақатын (дене мүшесіне зақым келтіру) немесе әскери қызметтен жалтару мақсатында өз денсаулығына өзге де зиян келтіруі себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, қайтаруға жатады.
Төленген біржолғы ақшалай сыйақыны қайтару әскери қызметші әскери қызмет өткерген мемлекеттік органға әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізіледі.
Әскери қызметші әскери қызмет өткерген кезеңде қаза тапқан (қайтыс болған), әскери қызметті одан әрі өткерумен сыйыспайтын жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған жағдайда біржолғы ақшалай сыйақыны қайтару жүргізілмейді.
10. Осы Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап:
1) "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2003 ж., № 15, 135-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 2-3, 8-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 16, 129-құжат);
2) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 17, 136-құжат; 2011 жылғы 15, 16 қарашада "Егемен Қазақстан" және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.